Семинар сабақтың тақырыбы: Есімдік «Есімдік»



бет1/4
Дата20.10.2022
өлшемі23,52 Kb.
#44457
түріСеминар
  1   2   3   4

7- семинар сабақтың тақырыбы: Есімдік
«Есімдік» тақырыбы бойынша оның жеке сөз табы ретіндегі қалыптасу белгісіне орай, сөйлемде орынбасар сөздің қызметін атқаратын мәніне байланысты солай түрленетін ерекшеліктері мен сөйлемдегі қызметін ғылыми-практикалық тұрғыда меңгеруге берілетін сұрақтар:

  1. Есімдіктің семантикалық сипаты, орынбасарлық қасиеті

Есімдіктер – мағынасы тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке –дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде қолданылғанымен өзіне қатысты басқа сөздер және оқиғалардан бөлек алғанда, мағыналары қашан да дәл нақтылы болып келмей, өте жалпылама қалыпта кездесіп отырады. Мысалы: мен, сен, сол, кім?, не?, өзі, бәрі, біреу, ештеңе т.б. есімдік сөздердің мағынасына көңіл бөлейік. Бұл сөздерде дәл осылай жеке –дара тұрғанда ешбір мағыналық дәлдік, мағыналық нақтылық жоқ. Мен деген есімдік түптеп келгенде –«1 –жақ –сөйлеуші», сен деген есімдік «2 жақ –тыңдаушы», кім?, біреу –дегендер әйтеуір «адам», ештеңе –әйтеуір бір «зат» т.б. сияқты жалпылама берілетін ұғымдарды ғана көрсете алады. Бұлардың түп негізінде «сөйлеуші», «тыңдаушы», «адам», «зат» т.б. сияқты заттық ұғымдар аңғарылғанымен, олар нақтылы түрде айқын, анық болып берілмейді, өте жалпылама қалыпта ұғынылатын мағыналар есебінде беріледі.

  1. Есімдіктің сөз табы ретінде грамматикалық категорияларға түрленуі

Есімдік – лексика-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде оны орынбасар сөз табы деп те атайды. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашкы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған. Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздөр деп те атайды.Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет