Семинар. Саяси модернизация саяси даму Саяси модернизация теориялары мен түрлері



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі21,94 Kb.
#19195
түріСеминар
  1   2   3

14 семинар. САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ

  1. Саяси даму

  2. Саяси модернизация теориялары мен түрлері

Саяси модернизация қазіргі саяси институттарды, практикалардың, сонымен қатар қазіргі саяси құрылымның қалыптасуы, дамуы және тарауы ретінде анықтауға болады. Қазіргі саяси институт пен практиканы – демократиясы дамыған елдердің, саяси институттың көшірмесі деп емес, өзгеруші шарттарға саяси жүйенің қабілеттілігі мен бара – бар әсерін қамтамасыз етуге қабілетті институттар мен практикалар деп түсіну қажет.

Бірақ, батыстық саясаттануда саяси модернизация процесінің қозғаушы күшіне қатысты біріккен пікірлер жоқ. Г.Алмондтың және Л.Пайдың еңбектері қабылданған. Олардың еңбектері бойынша саяси модернизация барлық әлеуметтік ағзалардың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін, саяси жүйені орындайтын функцияны әрдайым жүзеге асыратын процеске келіп тіреледі. Олар осы функционалды тәсілге сүйене отырып, саяси институттардың функциясы мен сапа жүйесінің өзгеруі үш процестен тұрады: а) саяси жүйедегі институттардың құрылымдық дифференсациясы мен олардың функцияларын арнайыландыру; б) саяси жүйелердің модернизациялануы мен өмір сүруге қабілеттіліктерінің өсуі (Л.Пай); в) тең құқықтыққа деген тенденция. Тең құқықтық тенденциясы әртүрлі әлеуметтік топтардың саяси қатысуының барлығына қойылған шектеулерді алып тастауда, барлық азаматтарға мемлекеттік орындарға ие болуына мүмкіндік беруде көрінеді[3].

Саяси модернизацияға ықпал ететін факторлар қатарына мыналар жатады:

● географиялық фактор;

геосаяси жағдай, тұрғындардың тығыздығы, тұрғындардың ұлттық құрамы, демографиялық көрсеткіштер;

ресурстар көлемі, құрылысты жұмылдыруға және институттандыруға жұмылдыратын;

● өтпелі кезеңінің құрылымдық және арнаулы ахуалдары және экономикалық факторлар;

● тарихи, мәдени дәстүрлер. Дәстүрлі әлеуметтік саяси құрылымдар, саяси мәдениет;

● потенциал және ұлттық элитаның мүмкіндігі. Билікке талпынушының, ресми емес топтың барлығының ықпал ету деңгейі.

Саяси модернизация теориясында осы күнге дейін социолистік және социолистік дәуірден кейінгі елдердің трансформациялануының теориялық негіздері жоқ. Әлемдегі модернизациялаудың тәжірбиесі мынадай болған. Мысалы, Италия фашистік тәртіптен, Германия нацистік тәртіптен кейін трансформациялануға ұшыраған. Бұл туралы Ресей ғалымы Бутенко былай деп жазды: «Батыс және отандық саясаттануда коммунистік өңі бар тоталитаризмнің күйреуін алдын ала көре алмауы 80 – жылдың соңы мен 90 – жылдың басындағы оқиғаларды анық пайымдай білмеуі тоталитарлық тәптіптің демократияға өту кезеңінде оның жолдары мен әдістері жайлы пайдалы кеңес бере алмауы кейін өз зардаптарын шеккізді».

Белгілі социолог Р.Дарендорф демократияға төнетін екі қауіпті атап өтті: біріншіден, жаңа жас демократиялық елдер өз даму жолдарын осыған дейін жауыздық жасағандарды жауапқа тартудан бастады. Екіншіден, сот билігі саяси күштердің жетімтігіне айналады.

Латын Америкасындағы сайлау арқылы билік басына келген үкімет осы екі қатені де қайталады, яғни заң билігін орнатудағы дәрменсіздік, көптеген демократиялық құрылымның әлсіздігін көрсетті.

Орыс ғалымы А.Демидов пікірі бойынша модернизацияның мынадай бағыттары бар:

● қоғамның және оның технологиялық жүйесінің индустризациялануы мен ақпараттандарылуы;

● экологиялық қоғамның қалыптсауы;

● демократияландыру тұрғындардың қоғамдық істерді басқарудың кеңеюі. Саяси биліктің бақылауда болуы, биліктің қоғам алдындағы жауаптылығы;

● әлеуметтік сала параметрлерінің радикалды өзгеруі. Тұрғындардың басым көпшілігінің әл – ауқатының артуы, байлар мен кедейлер араларында айырмашылықтың азаюы;

● билікті алуына барынша мүмкіндіктердің жасалуы, олардың сипатының жоғары болуы;

● адам бостандығының кеңеюі, таңдау мүмкіндігінің артуы[4].

Саясаттану ғылымында модернизацияның бірнеше теориялары қалыптасқан. Соның ішіндегі консервативті бағыт – саяси құрылымдардың мазмұны мен түрлеріне қарамастан, олардың өзгеріссіз тұрақты және орнықты саяси құрылымдар ретінде қабылдауын ұсынады. Саяси модельдердің консервативті теорияларының жағымды жағы: тәртіп, ұлттық бірлік және нарыққа өте алатын саяси тәртіптің қажеттілігін мойындауы.

Саяси модернизация теориалырында саяси институттың бекемдігі мен тұрақтылығы идеясын С.Хантингтон ұсынған болатын. Оның пікірі бойынша «Халықтың тым саяси белсенділігі жаңартуларды баяулатуы мүмкін. Сол себепті зиялы қауым мұндай белсенділікке қаншалықты дәрежеде рұқсат беруді шешуі керек» деп санайды.

Консервативтік бағытты жақтаушылар бірінші кезекте орталықтанған институттың көмегімен саяси тәртіпті қамтамасыз етуге көңіл бөлді.

Либералдық бағыттың өкілдері – теңдікке бейімделген саяси жүйені ұсына отырып, ол халықтың әрқашан өзгеріп тұратын әлеуметтік және саяси талаптарына жауап беретін жүйенің қалыптасқандығын айқындауға тырысты[5].

Посттоталитарлық кеңістікте демократиялау процесі әлі аяқталған жоқ. Ресей ғалымы А. Кулик атап өткендей «билік жүйесінің өзі әлі де демократияның жалпы қабылданған белгілеріне сай келмейді. Оның ішіндегі маңыздылығы биліктің жариялығы және оның қоғам алдындағы жауапкершілігі. Билікке тегеурінді қоғамдық бағыттың орнатылуы». Ғалым оны азаматтық қоғамның әлсіздігі арқасында қалыптаса алмаған мемлекетің орнына келген тәртіп жүйесі ретінде сипатталады. Мұндай тәртіптің белгілеріне атқарушы билік өкілеттілігінің өте жоғары болуы. Саяси және экономикалық зиялалардың біріктірілуі, зиялылардың қолында экономикалық және ақпараттық билік шоғырландырылған





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет