Семинар Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытудың және тәрбиелеудің жас және жекелік ерекшеліктері Жеке тұлғаның дамуында жеке ерекшеліктерді есепке алу мәселесі



бет1/4
Дата31.10.2022
өлшемі34,81 Kb.
#46382
түріСеминар
  1   2   3   4

3 семинар
Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытудың және тәрбиелеудің жас және жекелік
ерекшеліктері

  1. Жеке тұлғаның дамуында жеке ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.

  2. Жеке тұлғаның дамуында жас ерекшеліктерді есепке алу мәселесі.

  3. Мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері.

Жеке тұлғаның дамуы өте күрделі диалектикалық заңдылыққа негізделген процесс. Бұл көптеген


себептермен және ішкі заңдылықтармен байланысты. Жеке тұлғаның дамуы үнемі жетіліп отыратын
заңды процесс болғандықтан, оның әрбір саласы белгілі жағдайларға, іс-әрекетке, айнала қоршаған
өмірге, адамдармен қарым-қатынасқа тікелей байланысты болады.
Адамның дамуы заңды процесс, ол:
А) іс-әрекет сферасында;
Б) санасы сыртқы дүниені қабылдауы, білуі сферасында;
В) қоршаған ортамен және алдамдармен қатынас жасау сферасында іске асады. Адам туғаннан
ержету кезеңіне дейін негізінен тәрбие арқылы өзгеріске ұшырайды. Себебі тәрбиеші балалармен
жастардың көзқарасына, іс-әрекеттеріне, әдеттеріне мақсатты түрде әсер етеді.
Сонымен тәрбие мен дамудың қорытындысы ретінде әлеуметтік объектілері. Адамның жетілуі
оның өмір процесінің өзгеруі, адамның қалыптасуы, даму процесі алынады. Жеке тұлғаның жетілуі
туралы түрлі теориялар бар. Педагогика ғылымы қалыптасқанға дейін бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт
болған.
1. Тұлғаның дамуы алдын ала табиғаттан тумысынан белгіленген, демек нәсілге байланысты
дейді. Ерте дүниедегі құл иеленушілік қоғамның идеологтары (Платон, Аристотель) өздерінің
философиялық трактаттарында табиғат адамдардың белгілі типтерін құрайды, олардың қоғамдағы
орны, дәрежесін белгілейді деген. XIV ғасыр философиясындағы ерекше бағыт реформизм шығып, бұл
бағыт . XVІІІ ғасырда үстем болған. Көптеген ғалымдар тұқым қуалаушылық факторын жеке тұлға
дамуында жетекші роль атқарады деп таниды.
2. Классикалық түрдегі екінші бағытты ағылшын философы Джон Локк (XVІІ ғасыр),
француз материалисі Д.Дидро (XVІІІ ғасыр) негіздеді. Олар қоғамдағы адам дамуының шешуші
факторы, күші-орта анықтап алғанда, адамның өмір жағдайы тәрбие деп дәлелдеді.
Джон Локтың таратқан нақыл сөзі дүниеге келген нәрестенің жаны (сезім пікірлері) ақ тақта
сияқты таза, тек өмір жағдайлары мен тәрбие ғана адам қасиеттерінің көзі, бұлағы. Бұл философтардың
өздері де орта мен тәрбиені адам табиғанына қарсы қоя отырып, қоғам мен адамды қайткенде қайта
құруға және өзгертуге болатындығын түсінбеді, сондықтан оны дәлелдей алмады.
Имбернализм дәуірінде бұржуазиялық педагогикада көптеген бағыттар орын алды. Солардың
бірі - бихевиоризм (ағылшын тілінде мінез-құлық деген мағынаны білдіреді). Бихевиоризм бағытының
ірі өкілі американ психологы Э.Торндайк болды.
Америка құрама Штаттарында ХІХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, кең тараған
бұржуазиялық ағымдардың қатарында прагматизм (грекше-әрекет практика мағынасына жатады). Оның
негізгі идеяларын дәлелдеген белгілі философ – педагог Джон Дьюй (1859-1952) болды.
Экзитенциализм (лат сөзі тіршілік, күн көру философиясы деген мағынаны білдіреді) батыстағы
ең көп тараған идеялистік ағымдардың бірі.
Неотолизм – діни сипаттағы объективтік идеализмнің бір саласы.
Неотомистер материализмге, атеизмге және басқа саяси-әлеуметтік идеяларға қарсы күресу
мақсатын ұстайды. Олар: Ж.Маритен (АҚШ), М.Козатт, М.Степанина (Италия) баланың дамуын дін
мен мистикаға апарып тірейді. Бұлардың барлығы да даму факторлараның бір-бірімен өзара
байланыстарын түсіндіре алмады. Сонымен баланың даму проблемасын шешуде педагогика ғылымы
адамның қоғамдық қарым-қатынастардың жемісі екендігі жөніндегі ілімге сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет