Семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі



бет11/12
Дата20.02.2022
өлшемі49.3 Kb.
#25963
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Педагогиканың салалары.

Педагогика өзінің даму кезедінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы — дидактика т. б. жатады.

Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени-ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды.

Педагогика тарихы – педагогиканың өз бетінше жеке бір саласы. Педагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан біздің заманымыздағы педагогикалық теория мен практиканы дамыту үшін өткен кезеңдерден педагогикалық бай мұраларды терең зерттеп, шығармашылықпен қолданудың маңызы өте зор. Міне, осы жағдайда болашақ ұстаздар оқыту мен тәрбие мәселелерін озат педагогтардың мұраларымен байланыстыра шешетін болады.

Дефектология – педагогика ғылымының арнаулы сайысы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл – ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау және керең балаларға, тифлопедагогика – соқыр балаларға, олигофренопедагогика – ақыл – ой кеміс балаларға, логопедия – тілінің кемісі бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді.

Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол «нені оқыту керек», «қалай оқыту керек», «не үшін оқыту керек», деген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері – бұл оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұны анықтауу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасын қалыптастыру, оларды өмір практикасын дайындау проблемаларын зерттеп шешу.

Педагогикалық ғылымдар жүйесінде пайда болған жоғары оқу орындарының педагогикасы. Жоғары мектептерде жастарды оқыту және тәрбиелеу проблемасы жайында ғылыми енбектер, оқу құралдары шыға бастады. 1969 жылы аспиранттар және жоғары мектеп оқытушылары үшін «Педагогика высшей жолы» кітабы (лекциялар циклі), ал 1972 жылы «Основы вувской педагогика» оқу құралы баспадан шықты.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыстыра дамиды. Өйткені, адамды жан – жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олардың бірі – философия ғылымы.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейд», өмір шындығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшіті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.

Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Мысалы, құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттелгенде, педагогика, этика мен эстетикаға, ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттегенде таным теориясына сүйенеді.

Педагогика мен психология ғылымдарынын зерттейтін объектісі — адам. Бірақ, зерттеу екі бағытта жүргізіледі де, бір нәтижені көздейді. Мысалы, психология адамның мінез-құлқындағы түрлі ерекшеліктерінің механизмін ашуды қарастырса, ал педагогика адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді. Педагогика ғылымы басты пробдлемаларды психологияның көмегімен шешеді.

Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын зерттейді. Археология — өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрпын, мәдениетін зерттейді. Әрбір қоғамдық-экономикалық формация оқу мен тәрбиенің мақсатын, міндеттерін және мазмұнын анықтау үшін педагогика сол формациядағы халықтардың мол ниеті, дәстүрі мен экономикасы жайындағы белгілі ғылыми еңбектер мен құжаттарды басшылыққа алады.

Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктері де пайдалана бастады. Кибернетика — грек сөзі, бұл басқар өнері деген мағына береді. Кибернетика жас ғылым, ол XX ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика — күрделі машиналардағы, тірі организмдегі және қоғамдағы процестердің жалпы заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым. Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы, бағдарламалау теориясы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет