Семинар тақырыбы: Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі


Оқушылардың жұмысын зерттеу



бет9/12
Дата20.02.2022
өлшемі49,3 Kb.
#25963
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасалған заттар зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Осы жұмыстар оқушылардың, дербес қабілетін оқуға және еңбекке көзқарасы меи қатынасын, олардың теориялық және дайындықтарын, осыған орай, мұғалімдердің де іс-әрекеттерін зерттеп анықтауға болады.

Эксперимент. Эксперимент деп нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті зерттейтін ғылыми тәжірибені айтады. Педагогикалық эксперименттерге сүйеніп, зерттеуші оқытудың және тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Экспериментті зерттеулердің нәтижелері әдеттегі жағдайда жүргізілетін педагогикалық жұмыспен салыстырылады. Сондықтан эксперимент мәліметтерін салыстыру үшін екі объекті алынады. Олардың бірі — эксперинтті, екіншісі — бақылау объектісі деп аталады.

Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жазба ұсынбасы бойынша екінші бір адам жүргізсе енжарлы эксперимент деп атайды.

Тұтас педагогикалық процестін мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құруүшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Мұны жасампаз эксперименті деп атайды.

Экспериментті жасанды жағдайда да жүргізуге болады. Кейде жете бақылау мен тексерулің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымына бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Экспериметтің мұндай түрін лабораториялық эксперимент деп атайды.

Ғыдыми-педагогикалық зерттеу әдістері тек қана ғылымдаардың төл ісі болмай, барлық мұғалімдердің игілігіне айналуы қажет. Мұғалім өз жұмысында зерттеу әдістерін ғылыми негізде меңгеріп, социология және психология ғылымдарының әдістерімен ұштастырыып жүргізе білгенде ғана өзінің және басқа мұғалімдердің тәжірибелерін жан-жақты зерттей алатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет