Семинар тапсырмалары 1 Семинар. «Мәдени мұра»



Дата07.01.2022
өлшемі14,01 Kb.
#20964
түріСеминар

«Түркілік тарихи атаулардың этимологиясы» пәнінен семинар

тапсырмалары


1 Семинар. «Мәдени мұра» бағдарламасының тарихи-мәдени мәні- мұраларды зерттеп зерделеуде. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша жарық көрген еңбектерге шолу жасау. Еліміздің археологиялық және этнографиялық салаларда қол жеткізген табыстарын талдау. Ойқорытындысын жасау, өздерінің қосар үлесін болжау.
2 Семинар. Тарихи лексикологияның ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан зерттеулер. Тарихи лексикологияның салаларын, қарастыратын мәселлерін анықтай отырып, әр бағыттағы зерттеу еңбектерін жүйелеу. Этнолингвистика ғылымына қатысты академик Ә.Қайдардың еңбегіне тақырыптық-мазмұндық талдау жасау.
3 Семинар. Диалектологиялық зерттеудегі тарихи сөздер құрамы. Қазақ тілі біліміндегі диалектологиялық зерттеу еңбектерін оқып, халық тілінің және көне түркі тілінінің сарқыншақтары саналатын тарихи сөздерді табу.

Атаулар мағынасына этимологиялық талдаулар жасау, қолданылатын орындарын анықтау.


4 Семинар. Эндонимдерге ғылыми түсінік беру. Эндонимдердің ел және жер тарихындағы мәнін анықтау. Эндоним сөздердің картасына талдау жасау. Қазақ жеріндегі бұрмаланып айтылып жүрген тарихи атаулардың катологын жасау. Әрі қарай тарихи атауларды қалпына келтіруде не істеуге болатынын болжамдау. Реферат дайындау.
5 Семинар. Топонимдерді зерттеген ғалымдардың еңбектеріне шолу. Қазақ топономикасы зерттеулерінің катологын дайындау. Соңғы жылдары зерттелген еңбектерге тақырыптық –мазмұндық талдау жасау. Өздері оқып білген атаулардың этимологиясын ашып, баяндама әзірлеу.
6-7 Семинар. Көне жазба мұралардың ел тарихындағы орны. Елді мекендердің және жер –су, этнос атауларының көне жазба мұраларда көріну жағдайларына мысалдар жинау. Сол тарихи сөздердің этимологиясын зерттеу еңбектері негізінде талдап, Эссе жазу.
8-9 Семинар. Тарихи атаулардың қалыптасуындағы сөзжасамдық дәстүр. Дәріс материалдарына сүйеніп, тарихи атаулардың қалыптасуындағы дәстүрлі сөзжасамдық әдіс – тәсілдермен жасалған тарихи атауларды топтастырып, мағынасында сақталған халықтық дүниетанымды талдау. Баяндама жасап, ойқорытындысын шығару.
10-11 Семинар. Гидронимдік атаулардың дыбыстық құрамы және тарихилық сипаты. Силлабуста көрсетілген әдебиеттерді пайдаланып, қазақ жеріндегі гидронимдік атаулардың катологын дайындау. Этимологиялық зерттеулерде анықталған мағыналарына талдау жасап, ұлттық дүниетанымды ашып көрсету.
12 Семинар. М.Қашқари еңбегіндегі тарихи атаулар және олардың жасалу жолдары. М.Қашқаридің «Диуани- луғат-ит түрк» еңбегін толықтай оқып, кітаптағы тарихи атауларды жіктеп топтастыру. М.Қашқари жасаған картаға шолу жасау. Еңбектегі тарихи атаулардың бүгінгі тілдегі қолданысын талдау. Реферат дайындау.
13-14 Семинар. Ә.Қайдардың «Қаңлы» еңбегінің елтанудағы рөлі. Тақырыпты ашу үшін Ә.Қайдардың аталған еңбегіне тақырыптық –мазмұндық шолу жасау. Еңбектегі қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалардың таралу аймағын көрсетіп, презентация жасау. Ру-тайпалардың түркілік сипатын ашып, қалыптасу тарихы туралы Баяндама жасау.
15-Семинар. Таңбаның символдық мәні. Ш.Бекмағанбетовтің «Тіл генетикасы» еңбегі мен О.Сүлейменовтің «Сөз коды» еңбегін топтық жұмыс негізде презентациялық талдау. Тіл тарихына қатысты жаңаша көзқарастарға тоқталып, түйін жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет