Семинар-тренинг тәжірибені арттырады Жуырда күрделі уақытта бағыт-бағдар, қиындықтан шығуды



жүктеу 9.4 Mb.
Pdf просмотр
бет3/3
Дата24.03.2017
өлшемі9.4 Mb.
түріСеминар
1   2   3

Гүлжан БЕКТҰРҒАНОВА

ҚазМемҚызПУ жанындағы 

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-

зерттеулер институтының ғалым хатшысы

ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

БАСҚАРУ ДӘРІСІ 

ҚазМемҚызПУ әлеуметтік-гумани-

тарлық факультетінің студенттеріне 

Латвия елінің Рига техникалық 

уни  верси тетінің  инженерлік-экономи-

калық басқару факультетінің «Кәсіп-

орын инновациясы және басқару» 

кафедрасының профессоры, эконо-

мика ғылымдарының докторы Ирина 

Сергеевна Воронова академиялық 

ұтқырлық аясында дәріс оқыды.

Қ а з і р г і   к е з д е   б а р л ы қ   е л д е р д е 

бірың ғай білім беру кеңістігін айқын­

дайтын стандарттарды сәйкестендіру 

қалыптастырылуда. Ашық білім беру 

кеңістігі студенттердің академиялық 

ұт қырлықтарын арттырады, уни ­

верситет түлектерінің өз таңдаған 

мамандықтарының шыңына жетуіне, 

еңбекке орналасу жүйесінің жақсаруына 

көмегін тигізеді.

Жоғары білім берудің Еуропалық 

кеңістігін құраушы дамыған алдыңғы 

қатарлы елдердің басты ұстанымы – 

Болон декларациясының қағидаларын 

басшылыққа алу болып табылады. Бұл 

қағидаларға азаматтардың өмір бойы 

білім алуына оңтайлы жағдай жасау, 

бакалавриат­магистратура­докто­

рантура сатыларынан тұратын өзара 

сабақтас академиялық білім беру жүйесін 

қалыптастыру, оқыту үдерісін кредиттік 

технологияның негізінде ұйымдастыру, 

білім алушылардың академиялық 

ұтқырлығын қалыптастыруға қол жеткізу 

жатады. Бұл қағидалардың барлығы бір­

бірімен өзара байланыста жүзеге асыры­

луы тиіс.



Ш.ЗАМАНБЕКОВ,

«Экономика және бизнес» 

кафедрасының меңгерушісі

(Басы 1-бетте) 

Сондай­ақ, Айымкүл Көпжасар қызы­

ның сіңлісі, ақын, Қазақстан Жазушылар 

Одағының мүшесі Айша Көпжасарова, 

көзін көрген әріп тестері мен шәкірттері

баласы мен неме релері және туысқандары 

қатысты.

ҚазМемҚызПУ Бірінші проректоры 

Б.А.Әлиев: «Бiлiм беру және ғылым саласы­

30 қазан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті жанындағы Әлеуметтік және 

гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Кітапханашы  

феминдік кәсіп пе?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында кітапхана 

қызметкерлерінің жұмысы, ҚР кітапхана жағдайы мен білім саласындағы 

әйелдердің рөлі қарастырылды. 


7

7

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



№13 (120)

18 қараша

2014 жыл

Р У Х А Н И Я Т



Ес дәптер

Алда жүрген жақсы, алға жүргенде, 

алды­артыңды барлап жүрген одан да 

жақсы. 


***

Сөзі түзудің – өзі түзу, өзі түзудің – 

Құдайға көзі түзу. 

***


Қазақ – қазақпен ғана бәсекелес, 

бақталас, тақталас.

***

Жақындарың жаныңа жалау болсын 



десең, ақыл айта бергеннен гөрі, сенім 

артып, сынап байқа. Ақылың – ереже, 

сенімің – дәреже. 

***


Тегіңді сақтау үшін әуелі өзіңді сақта. 

***


Байлығы тоналғанда, орманын өрт 

шалғанда, көлі суалғанда, дәстүрін 

жоғалтқанда есін жиған жұрт – есі 

жиылмаған жұрт. 

***

Төрт түлігіміздің қадірін асырсақ, 



бөтеннің бермесіне беделімізді сатып, 

сатынып, телініп, телмірмес едік. 

***

Нағыз әйел бола білу – ғалым 



атаулының анасы. 

***


Жақсы әулетке түскен келін – шұрайлы 

жерге себілген дәнмен тең. Келген 

жерінен кен тапқан әйелдің ұлдары 

текті, қыздары ізетті, дастарқаны 

берекелі, берекесі мерекелі! 

***


Белгілі болу үшін белгің ерекшеленіп 

тұруы керек. 

 ***

Ұлтын ойлаған – жұртын ойлайды, 



Ұртын ойлаған – мұртын майлайды. 

***


Жақсыға сүйсініп сұқтан, жаманнан 

тіксініп сақтан. 

***

Өнеріңді өнегеңмен өсіре біл.



***

Өзінікін өзімдікі дей алмаған жұртта 

ешқашан өзінікі болмайды.

***


Сұрағаннан құраған дәулет болмайды, 

тегі бөлекті телігеннен әулет болмайды.



Ғалия Қайдауылқызының 

«1001 түйін» кітабынан

2013 жыл, 19-21 сәуір – ҚР ЖОО 

с т у   д е н т т е р і   а р а с ы н д а ғ ы   V I I   Ж а з ғ ы 

Универсиаданың Атырау қаласында таэквон­

додан өткен жарысында, қыздар арасында 53 

кг салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен 

университеттің 1­курс студенті Нұрмаш 

Маржан 13 командадан алға шығып, күміс 

медальды иеленді.



2013 жыл, 26-27 сәуір – екі күндік 

«Қазақстанның кластерлі­инновациялық 

д а м у   ж а ғ д а й ы н д а ғ ы   т у р и с т і к   ж ә н е 

географиялық өлкетану» атты халықаралық 

ғылыми­тәжірибелік конференция өтті. Сло­

вениядан Т.Михалич, Парламент Мәжілісінің 

депутаты, Қазақстан туристік одағының 

президенті Е.Тарасенко, ҚР Туризм инду­

стриясы комитетінің төрағасы Қ.Танысбаев, 

ҚР Спорт және дене тәрбиесі ісі агенттігі 

«Казспортинвест» АҚ­ның вице­президенті 

Е.Никитинский т.б. қатысты. 

 2013 жыл, 29 сәуір – Бүкіләлемдік би 

күніне орай, ҚР Халық әртісі, профес­

сор, ұлттық сахналық би өнерінің негізін 

салушылардың бірі, қазақ халқының тұңғыш 

кәсіби балетмейстері Дәурен Тастанбекұлы 

Әбіровтың 90 жылдық мерейтойының 

құрметіне арналған еске алу концерті болып 

өтті. 


2013 жыл, 3 мамыр – «Базалық негізгі 

және екінші шетел тілдері» ұйымдастыруымен 

Ү н д і с т а н   м е м л е к е т т і к   Л а к х н а у   у н и ­

верситетінің профессоры, ағылшын­парсы 

тілдері бөлімінің бастығы Ариф Аюбий 

мырза іскерлік байланыс, тәжірибе алмасу 

мақсатында «Аударма теориясының негіздері» 

атты дәріс оқып, шеберлік сыныбын өткізді.



2013 жыл, 7 мамыр – Түркияның 

Ыстамбұл қ. Топқапы Түркі дүниясы 

мәдениет үйінде, «Сана» интеллектуалды 

клубының ұйымдастыруымен түркі тілдес 

елдердің ұйымдарының жетекшілері мен 

мамандары, студенттері қатысқан концертте 

ҚазМемҚызПУмузыка бөлімінің магистрант­

тары өнер көрсетті. 



2013 жыл, 18 мамыр – Халықаралық 

музейлер күніне орай, «Ақтұмар» тарихи­

этнографиялық музейі Ашық есік күнін 

өткізді. Шараға этнолог ғалымдар, мектеп 

оқушылары мен Алматы тұрғындары қатысты. 

Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш этнолог­

ғалым З.Жәкіш «Халық саз аспаптар» музейі 

туралы баяндап, тарихынан сыр шертетін 

слайд­шоуды ұсынды. 

2013 жыл, 20 мамыр – «Кәсіби білім 

беру жүйесіндегі көркемөнердің мәдени­

интеллектуалдық мүмкіндіктері» тақырыбында 

халықаралық ғылыми­тәжірибелік конфе­

ренция өтті. Шет елдерден ғалымдар мен 

оқытушылар қатысып, «Ғажайып өнер әлемі» 

атты көрме ұйымдастырылды.

2013 жыл, 21 мамыр – «Ы.Алтынсарин – 

2013» пәндік олимпиадасының «Дарынды жас­

тар – болашақ кепілі» атты салтанатты жабылу 

рәсімінде университет ректоры Д.Ж.Нөкетаева 

мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес 

білім беру ұйымының басқарушы директоры 

Н.Ш.Манапов ҚР білім беру саласын дамытуға 

ықпал ету мақсатында өзара ынтымақтастық 

жөнінде меморандумға қол қойды. 21 оқушы 

«Ы.Алтынсарин» олимпиадасының жүлдегері 

атанды.

2013 жыл, 20 маусым – кітапханатану 

және библиография кафедрасының доценті 

К.Ғ.Нұрахметованың құрметіне «Ғылымға 

салған сара жол» атты дөңгелек үстел 

ұйымдастырылды. 

2013 жыл, 10 шілде – Қазан қаласындағы 

XXVII Бүкіләлемдік жазғы Универсиадасында 

Қазақстан қоржыны 3 алтын,11 күміс және 

16 қола медальмен толығып, университеттің 

студенті Карина Горичева күміс жүлдеге қол 

жеткізді. 



2013 жыл, 28 тамыз – «Әйелдердің сая­

си көшбасшылығы: қоғамның тұрақты 

даму құралы» тақырыбында дөңгелек 

үстел болып өтті. Қазақстан Іскер әйелдер 

қауымдастығының төрайымы Р.Сәрсембаева 

гендерлік теңдік стратегиясы бойынша 

елімізде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде 

баяндама жасады.



2013 жыл, қыркүйек – Қазақстан тари­

хы кафедрасы қайтадан ашылып, «Тәуелсіз 

Қазақстан тарихы» пәні оқытыла бастады.

2013 жыл, 9-20 қыркүйек – АҚШ­тың 

Монтана штаты университетінің профессоры 

И.А.Щепеткин университеттің химия кафе­

драсында дәріс оқыды. 



2013 жыл, 12 қыркүйек – Отбасы күні 

мерекесіне орай, «Отан – отбасынан баста­

лады» деген тақырыпта тағылымы мол шара 

өтіп, оған ҚР Парламенті мәжілісінің депу­

таты Оразкүл Асанғазы, Ахмет Жұбановтың 

қызы, Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары 

академиясының академигі, биология 

ғылымдарының докторы, профессор Ажар 

Жұбанова, Мұхтар Әуезовтың немересі – эко­

номист Бақтияр Сүтжанов қатысты.



2013 жыл, 21 қыркүйек – Қазақстан­

Франция арасындағы ынтымақтастыққа 

сәйкес, университет пен Франция мемлекеттік 

«Campus France» агенттігінің бас директоры 

Антуан Грассэн бастаған Франция делегация­

сымен екіжақты ынтымақтастық мәселелері 

талқыланды. 

2013 жыл, 22 қыркүйек – қазақ тілі 

апталығында ақын, М.Мақатаев атындағы 

сыйлықтың иегері Оразақын Асқар мен 

қоғам қайраткері, Дүниежүзі қазақтары 

қауымдастығының төраға орынбасары 

Сұлтанәлі Балғабаев қонаққа келді. 



(Жалғасы бар)

Болған ИЛЕБАЕВА, 

«Ақтұмар» тарихи-этнографиялық 

музейінің аға ғылыми қызметкері

БІЗДІҢ ТАРИХ

Сағи Жиенбаевтың жары Уәзипа Әсем­

байқызы өз сөзінде: «Сағи шығар маларын 

жұмыстан тыс бос уақытында, сенбі­

жексенбі күндері, түнделетіп жазатын. 

Біздің тауда саяжайымыз болатын, сонда 

барған кездерімізде өндіртіп жазған еді. 

Расул Ғамзатовты көп аударды. Күніне 

жүз бет аударатын, мен «аз­аздан – 50 

беттен аударсаңшы» деуші едім. Өйткені, 

қатты шаршап қалатын», – деп ақын 

шығармашылығынан естеліктер өрбітті.

С.Жиенбаевтың қазақ әдебиетіне 

қосқан үлесі өлшеусіз. Ол «Сыйлық», 

«Қыр гүлі», «Сырлы теңіз», «Қайырлы 

таң», «Ақ толқын», «Сол бір көктем 

есімде», «Алтын қалам», «Жадымдасың, 

жас күнім», «Әлия», «Оймауыт», «Көктем 

самалы» сынды еңбектің авторы. Сондай­

ақ, өлеңдеріне ән жазылған. А.С.Пушкин, 

М.Ю.Лермонтовтың, Р.Ғамзатовтың 

өлеңдерін тәржімалаған. Әр ақынның 

өзіндік болмыс бітімі болады. Ал, Сағи 

да сыршылдық, шынайылық, пәктік, 

отансүйгіштік қасиеттер мен мұндалап 

тұрады. Әсіресе, соғыс жылдарында 

жазылған өлеңдері көзіңе сол кездегі 

шақты елестетеді. Ол туралы ғұлама 

жазушы М.Әуезов айтпақшы, «бетке 

ыстық дем сезіліп кеткендей көрінетін 

шыншылдықтың еліктіріп сүйсіндіреді, 

тебірентіп толғандырып әкетеді». Бұдан 

асқан баға болмас.

Қ а з а қ   ә д е б и е т і   к а ф е  д р а с ы н ы ң 

«Назқоңыр» үйір ме сінің өнерлі қыздары 

жалынды жырларын оқумен басталған 

сырлы да, сазды кеште Сағи ақынға 

арналған слайд көрсетіліп тұрды. Сахнаға 

солдат киімін киген студенттер «Әлия» 

поэмасынан көрініс көрсетті. Универ­

ситет ұстазы Т.Дәуітұлы «Қарттарым, 

аман­сау жүрші» әнін домбырамен 

күмбірлете шырқаса, әнші Әділ мен Дана 

«Қасымдасың сен» әнін шарықтата орын­

дады.

Кеш соңында Қазақ әдебиеті ка­



федрасының меңгеруішісі С.Ержанова 

барша қонақтарға, ақынның жырын сүйіп 

тыңдаған көрермендерге алғысын айтып, 

университет басшылығы атынан қазақы 

салтпен Уәзипа Жиенбаеваға камзол 

жапты.


Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ

Сағынышқа айналған 

САҒИ АҚЫН 

31 қазан күні Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Сағи Жиенбаевтың 

80 жылдық мерейтойына арналған «Сағынышқа айналған Сағи ақын» атты кеш өтті. Кешке 

Қазақстан Жазушылар Одағының басқармасының хатшысы, сыншы Бақыт Сарбалаев, жастар 

жазушысы Сәбит Дүйсенбиев, ақынның жары Уәзипа Жиенбаева, тәжірибелі ұстаз, Уәзипа 

апайдың әріптес досы Дәмелі Даниярова сынды қонақтар арнайы келіп, ақынның өмір жолы, 

шығармалары төңірегінде әңгіме өрбітті.

С О Ң Ғ Ы   Б Е Т

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

8

№13 (120)



18 қараша

2014 жыл


Карина есесін жібермеді

Қыздар университетінің 1 курс студенті 

Айдынгүл Әбдуәлі жуырда Астанада 

өткен халықаралық өнер фестивалінен 

жүлделі орынмен оралды. Өнер до-

дасында ол жыршы-термешілер сайысы 

бойынша 2 орынды жеңіп алды. Қытай 

елінің тумасы Айдынгүл қазіргі таңда 

Өнер және мәдениет факультетінің 

«Дәстүрлі ән» мамандығы бойынша 

білім алуда.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің 

ұйымдастыруымен атажұрттан жырақта 

жүрген өнерлі жастардың басын қосу, тілі 

мен ділін ұмытпай, ата дәстүр мен ұлттық 

өнерді ұлықтаған жастардың мерейін өсіру 

мақсатында өткен шет мемлекеттерде 

тұратын отандастарымыздың халықаралық 

өнер фестиваліне 20­ға жуық елден 80­

нен астам жастар қатысты. Олар ақындар 

мүшәйрасы, жыршы­термешілер сайысы 

және суретшілер көрмесі аталымдары бой­

ынша сайысқа түсті.

Өнерпаздардың шеберлігін ҚР Еңбек 

сіңірген қайраткері, әнші А.Балажанова, 

ҚР Тұңғыш Президент қоры сыйлығының 

иегері, халықаралық кон курстардың лау­

реаты, әнші Е.Рысқали, ҚР Еңбек сіңірген 

қайраткері, Өнертану ғылымының канди­

даты, әнші Е.Жанабергенова, ҚР Еңбек 

сіңірген қайраткері, әнші К.Төленбаева 

сынды өнер қайраткерлері бағалады.

Жеңімпаздар дипломдармен және 

ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

Фестивальдің салтанатты ашылуында 

Халықаралық фестивальға қатысушыларға 

арнап ҚР Мәдениет және спорт вице­

м и н и с т р і   М . Ә з і л х а н о в ,   ф и л о л о ­

гия ғылымдарының докторы, профес­

сор М.Жолдасбеков, ҚР Парламенті 

Мәжілісінің депутаты О.Асанғазы, Еуропа 

қазақтары қауымдастығының төрағасы 

Каюм Кеседжи және т.б. өз құттықтауларын 

жеткізді. Отандық өнерсүйер қауым мен 

шет елдік қазақ диаспораларының өкілдері 

қатысты. 



Назира ЕЛЕУХАН

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 

3 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, Қытай мен 

Солтүстік Кореяға есе жіберіп, 3 орынға 

тұрақтады. Қоржындағы 2 күмістің біреуін 

Карина Горичева еншіледі. Жастар мен 

жасөспірімдер арасында болған жарыстарда 

әлеуеті зор, тәжірибесі мол спортшы ретінде 

танылып келген Карина ересектер арасында 

өткен Әлем чемпионатында болашағынан көп 

үміт күттіретін зілтемірші екендігін дәлелдеді. 

Жұлқа көтеруде 113 кг салмақты еркін көтерсе, 

серпе көтеруде 133 кг зілтемірді бағындырды. 

Қос сайыстың нәтижесінде 146 кг көрсеткішпен 

кіші күмісті иеленді. 

Қайсар, намысты қолдан бермейтін Ка­

рина Рио­де­Жанейрода өтетін Олимпиадаға 

қатысуға бел буып отыр. «Тек жеңісті қалаймын. 

Жеңіс тұғырында еліміздің байрағын көтеріп, 

әнұранымыздың шырқалғанын қалаймын. 

Оған тыңғылықты дайындаламын!» – деп сөз 

берген К.Горичева Қазақстанның абыройын 

асқақтатып, жеңіс жолында көк байрағымызды 

желбіретініне сенім мол.

Инчхонда өткен Азия ойындарын­

да топ жарған Маргарита Елисеева Әлем 

біріншілігінің алғашқы күндері жарыс жолына 

шығып, бақ сынады. Бұл жолы туған жердегі 

толғаныстан үздік нәтиже көрсете алмаған 

Қ а з а қ   м е м л е к е т т і к   қ ы з д а р 

педагогикалық университетінде 

айтулы үлкен шара өтті. Бұл – 

сағыныштың белгісі сияқты болып

құпия сырға толы қоңыр күзде ұзақ 

күткен Қыздар университетіндегі 

«Күз ханшайымы – 2014» байқауы­

ның жүлдегерін анықтайтын сәт еді.  

Осы жаңа оқу жылының басы­

нан бері жатақханалар арасында 

өзара жарыстар өткізіліп, ішінен 

жеті қыз ақтық сайысқа өткен бо­

латын. Ақылына көркі сай сол 

аруларымызды атап өтер болсақ, 

Студенттер үйінің Жатақхана 

Аруы – Меруерт Құрақбай, №7 

жатақхана Аруы – Анелья Мельс, 



Бағасы келiсiм бойынша. 

Таралымы – 1000 дана. 

Тапсырыс №1159

 Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция ның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «Қыздар университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

ҚҰРЫЛТАЙШЫ

:

Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогикалық 

университеті

«Қыздар 

университеті» медиа 

орталығы

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

К.САРТБАЕВ – 

Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы

Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы

А.ҰЙҚАСБАЕВА – 

Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі

Тілшілер:

 Н.ЖҰМАҚҰЛОВА, 

 

Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА

 А.КЕМЕЛБЕКОВА

Беттеуші: 

 Н.МӘДЕЛІ

Фототiлшi: 

Д.АБДИЛЬДИНОВ

Жетекші-Бас редактор – 

Д.СМАЙЫЛ

МЕКЕН-ЖАЙЫ:

050000, Алматы қаласы, 

Әйтеке би көшесі, 99-үй 

Байланыс телефоны:

8 (727) 279-38-05 

Газет «Қыздар университеті» газеті 

редакцияның компьютерлік орта­

лығында терiлiп, беттелдi.

«Бизнес Информ» баспаханасында 

(Төле би көшесі, 108) басылды. 

Тел.: 8 (727) 293­09­09

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 

16.03.2012 ж. қайта тiркелiп, №12345­Г куәлiк берiлген. 

ӨНЕРЛІНІҢ 

өрісі кең 

зілтемірші М.Елисеева жарыс жолынан шығып 

қалды. Бапкерлері «тәжірибенің аздығынан 

психологиялық қателіктерге бой алдырды» 

деп түсіндіріп,  ересектер арасындағы сайысқа 

алғаш шыққан Маргаританың болашағынан да 

көп үміт күтіп отырғандықтарын жеткізді.

Бұл өткен Әлем біріншілігі 69 келі салмақ 

дәрежесінде сынға түскен М.Манеза үшін 

Лондон олимпиадасынан кейінгі ұзақ үзілістен 

соң жарыстың рухын сезініп, қайта күш алу­

ына, құлшынысын арттыруына себеп болды. 

Серпе көтеруде еш жаңылмаған Майяны жұлқа 

көтеруге келгенде 132 мен 133 кг салмақтар 

ырқына көнбей, сүріндірді. Ол жалпы есепте 8 

орынға тұрақтады.

Қыздар университеті спортшыларының 

жарыс жолындағы әрбір қадамы, жеңісі 

мен жарыстық ойындары оқу орнындағы 

жанкүйерлері үшін де өте маңызды. Әлем 

ч е м п и о н а т ы н д а   Қ ы з д а р   у н и в е р с и т е т і 

Спорт клубының басшысы С.Шыңғысбаев 

п е н   Д е н е   т ә р б и е с і   ж ә н е   в а л е о л о г и я 

кафедрасының оқытушылар құрамы мен 

студенттер  сынға түскен  3 спортшыға және 

Қазақстан құрамасындағы сайысқа шыққан 

отандастарымызға қызу қолдау білдіріп, 

Жанкүйерлер арасында үлкен белсенділік та­

нытты.

Қ.ТЕЛЬМАН

Қарашаның 8-16 күндері Алматы 

әлемнің 78 елінен 683 ауыр атлеттерін 

қабылдап, әлем біріншілігін өткізді. 

Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы, 

оның ішінде Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университетінің 3 

бірдей тәлімгері – Майя Манеза, 

Маргарита Елисеева, Карина Горичева 

қатысты.  

Студенттер үйінің Аруы – Бикежан 

Юсупова, №2 жатақхана Аруы – 

Нұрсәуле Жұмағали, №3 жатақхана 

Аруы – Амангелді Гауһар, №5 

жатақхана Аруы – Кәмшат Нұрлан, 

№1 жатақхана Аруы – Тұрғанай 

Ибадуллақызы. 

« К ү з   х а н ш а й ы м ы   –   2 0 1 4 » 

байқауы «Таныстыру», «Өнерлінің 

өрісі кең», «Сұрақ – жауап», «Мен 

қазақ қыздарына қайран қалам!», «Би 

жарыс» сынды бес кезеңді қамтыды.

Байқауды Тәрбие және әлеуметтік 

мәселелер департаментінің дирек­

торы Ә.Несіпбаев ашты. Әуелі, 

сайыстың шарты бойынша, таныс­

тыру болды. Одан кейін «Өнерлінің 

өрісі кең» кезеңінде – бірі моно­

лог оқып берсе, екіншісі гитарасын 

қолына алып, әуелете ән шырқады. 

Үкілі домбырамен күмбірлете күй 

шертті, актерлік шеберлігін сынап 

түрлі көріністер көрсетті.

Интеллектуалды байқау, сән 

үлгісі, би жарыстарынан сүрінбей 

өткен арулар көрермендер үшін 

әсерлі кеш сыйлады. Жүзіктің көзінен 

өткендай арулардың арасынан үздігін 

анықтау әділқазыларға да оңайға 

Жатақхана Аруы, Педагогика­психо­

логия факультетінің 1­курс студенті  

Кәмшат Нұрлан атанды. Ал, III 

орынды №3 жатақхана Аруы, Фи­

зика­математика факультетінің 

2­курс студенті Амангелді Гауһар, II 

орынды №1 Жатақхана Аруы, Жа­

ратылыстану факультетінің 1­курс 

студенті  Ибадуллақызы Тұрғанай 

иеленді. I орынды №2 Жатақхана 

Аруы, Қазақ филологиясы және әлем 

тілдері факультетінің 1­курс студенті 

Жұмағали Нұрсәуле қанжығасына 

байлады. Бас жүлде иегері, «Күз 

ханшайымы – 2014» байқауының 

жеңімпазына Студенттер үйі Аруы 

байқауының қатысушысы, Өнер 

және мәдениет факультетінің 1­курс 

студенті Құрақбай Меруерт лайық 

деп танылды. Сондай­ақ, Жастар 

саясаты қорының директоры Со­

вет Саутұлы өзінің арнайы жүлдесін 

Студенттер үйінің Аруы, «Қылықты 

қыз» номинациясының иегері Бике­

жан Юсуповаға Алматы қаласында 

дәстүрлі түрде өтетін қалалық 

«University Lady – 2014» байқауына 

ешқандай іріктеусіз өтітіндігі 

жөніндегі жолдамасын салтанатты 

түрде тапсырды. 

Жүлдегер қыздарға университет 

логотипі салынған естелік сыйлықтар 

мен «Avon» және «Сіеl» компаниясы 

демеушілері өз сыйлықтарын тарту 

етті. 

Арай ӨТЕЕВА

соқпады. Өнерлі өнерпаздарға уни­

верситеттің Тәрбие және әлеу меттік 

мәселелер департамен тінің директо­

ры Ә.С.Несіпбаев, Алматы қаласы, 

Жастар саясаты қорының директоры 

Совет Саутұлы, жас актер Тәуекел 

Мүслім, 2011 жылғы «Қазақ Аруы» 

байқауының финалисті, «Жас Отан» 

Аруы, әнші Айгерім Қалмұратова, 

тележүргізуші, жас актер Бауыржан 

Сатов сынды азаматтар төрелік етті.

Сұлуларға «Avon» parfum ком­

паниясы, «Сіеl parfum» компаниясы 

және университетіміздің басшылығы 

қолдау көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойын­

ша «Өнерлі қыз» – №7 жатақхана 

Аруы, Қазақ филологиясы және әлем 

тілдері факультетінің 1­курс студенті 

Анелья Мельс, «Қылықты қыз» – 

Студенттер үйінің Аруы, Әлеуметтік­

гуманитарлық факультетінің 1­курс 

студенті – Бикежан Юсупова, 



«Көрермендер көзайымы» – №5 

Кезекші редактор – Нәзира ЖҰМАҒҰЛОВА

Каталог: images -> news -> KARLYGA -> pdf -> 2014
2014 -> Семинар өткізілді 2-бетте 6-бетте 7-бетте Ғаламшар болашағы өз қолымызда
2014 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады
2014 -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады «Атыңнан айналайын, Қазақ қызы!» Филология феномені атындағы
pdf -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
2014 -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
2014 -> Әз-наурыз, ТӨрлет төріме! 3-бетте 8-бет 9-бетте Шеберлік шыңына шығар жол


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет