Семинар X xvii ғ. Ресейде қандай діни мектептер жұмыс істеді? Олардың бір-бірінен ерекшеліктері қандай? X xvii ғ. Ресейде діни мектептердің 3 түрі болды



Дата13.05.2022
өлшемі15,76 Kb.
#34289
түріСеминар

3-семинар

1.X – XVII ғ. Ресейде қандай діни мектептер жұмыс істеді? Олардың бір-бірінен ерекшеліктері қандай?

X – XVII ғ. Ресейде діни мектептердің 3 түрі болды:

1.Шіркеулер мектебі- діни уағыздарды жаттауды, сызуды, жазуды үйретті.

2. Жоғары дәрежелі діни мектептер - шежіре жазуды, аударма жасауды, кітап көшіруді және қолөнер түрлерін үйретті.

3. Жоғары дәрежелі діни мектептер – ерлер және әйелдер тобына бөлінді. Оқуды, жазуды, ән айтуды, киім тігуді үйретті

2.XVI - XVII ғасырларда Белоруссия мен Украинадағы туысқандық мектептер туралы не білесіз? Неге ол «туысқандық мектептер» деп аталған?

Туысқандық мектептер 1615 ж. ашылды. Мектептерде барлық сословиенің (бай, кедей, панасыз т.б.) балалары оқыды. Мектепте оқытылған пәндер: – грек, латын тілдері, грамматика, риторика, диалектика, арифметика, геометрия, астрономия, музыка. Мектептің басымды жағы: 1.Мектеп демократиялық сипатта болды. 2.Балалар мектепке көп тартылды. 3.Балалардың сабақ үлгерімі, сабаққа қатысуы қадағаланды. 4.Ана тілін оқытуға нақты бөлінді т.б.

“Туысқандық” – бұл орын, украин және белорусь халықтарының поляк католиктік езгісіне қарсы күресте бірігу орталықтарының ролін атқаратын ерекше бірлестіктер.

3.Москвада ашылған славян-грек-латын акдемиясының өзіндік ерекшелігі немен шектеледі? Қандай мақсатта ашылған?

Славян-грек-латын академиясында грамматика, риторика, диалектика , арифметика ,геометрия, астрономия , музыка үйретілді.Академияның ерекшеліктерінің бірі М.В.Ломоносов ,Антиох Дм.Кантемир , Василий Иванович Баженов сияқты қайраткерлер бітірген. 1755 жылдары академия дінбасылар академиясына айналды



4.Москва университетінің ашылуы, дамуы туралы не білесіз? Оның бүгінгі әлемдік білім беру жүйесінде алатын орны қандай?

Москва университеті 1755 ж ашылды. 1930 – 50 жылы КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдай, өкімет тарапынан жасалған идеология және әкімшілік қысым шығармашылық еркіндікке жол бермей, университеттің дамуына зиянын тигізді. Бүгінде университеттің қарамағында 600 -ден астам ғимараттар мен құрылыстар бар, оның ішінде Воробьевый горы қаласындағы бас ғимарат.



5.М.Ломоносов ғылымның қандай бағыттарында жаңалықтар ашқан? Олар бүгінгі таңда қай ғылым салаларында қолданылып жүр. Москва университетіне М.Ломоносовтың аты қашан берілді?

Ол орыс тіліндегі алғашқы грамматика, шешендікке басшылық, тау ғылымының негізін калайтын т.б. оқулықтар жазған. Оның зерт- теулері математика, физика, химия, Жер туралы ілім, астрономия салаларына жатады. Бұл зерттеулердің нәтижелері қазіргі заманғы жаратылыстанудың негізін салды. 1940 жылы университетке Л.В.Ломоносов есімі берілді.



6.XVIII ғ. Петр 1-ші қандай мектеп түрлерінің ашылуына себепші болды? Мектептердің мақсаты, өзіндік ерекшеліктері немен шектеледі?

Оның кезінде зайырлы мектептер пайда болып, шіркеудің білім берудегі үстемдігі жойылды. 1699 жылы пушкарлар мектебі, 1701 жылы математика-навигация ғылымдары мектебі, медицина-хирургия мектебі, 1715 жылы Теңіз академиясы, 1719 жылы инжинерия және артиллерияшылар мектебі ашылды.



7.К.Д.Ушинский ұсынған халықтық принциптің білім беру жүйесіндегі мәні қандай? Халықтық принцип дегенді сіз қалай түсінесіз?

Халықтық деп Ушинский оның тарихи дамуымен, жағырафиялық, табиғи жағдайларымен қалыптасқан әрбір халықтың өзіндік ерекшелігі деп түсінді. Әрбір халық, Ушинский айтқандай, басқа халықтардан өзінің мінез-құлқының, тілінің және басқа да өзіндік тарихи қалыптасқан әрбір халықтың ерекшеліктері, бейімдіктері, қажеттіліктері оның халықтық деп аталынатын мәнін құрайды. Ушинский халықтық әруақытта тиімді ұйымдасқан тәрбие арқа сүйеуге қажетті бастаманы көре білді. Осыған байланысты барлық елдер мен халықтар үшін тәрбие жүйесін бірдей етіп көрсетудің кез-келген әрекетіне ол негізсіз және зиянды деп қарсы болды.Халықтың бастамаға негізделген тәрбие ғана, Ушинскийдің айтуынша, "халықтық дамудың тарихи үрдісінде тірі орган болып табылады. Сонымен қатар Ушинский баланы жазалап оқытуды айыптады. Оқытудың сыныптық жүйесін қуаттады. Білім беру ісі мен тәрбие ісін қатар жүргізу керектігіне, оқытуың көрнектілігіне, білімнің тәжірибемен байланысына ерекше мән берді.



8.К.Д.Ушинскийдің «Педагогикалық антропология» деген еңбегімен таныссыз ба? Онда қандай мәселе жайлы баяндалады?

Антропологиялық педагогика - адам табиғатының біртекті құрылысымен салыстыра отырып, тәрбие құрылысын түсінуге болатын философиялық тәрбиенің негізіАдамды өз табиғатының барлық тәрбие өнеріне арнайы қосымшамен көрініс арқылы зерттеу А.П. тәрбие адамзат болмысының агрибуты ретінде анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет