Сенбі, 2 тамыз, 2014 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



жүктеу 7.34 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата15.03.2017
өлшемі7.34 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Сенбі,  2 тамыз,  2014 жыл            Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады

№31 

(5951)

6-бет


7-бет

12-бет


5-бет

ЮНЕСКО-ның 

НАЗАРЫ — 

ҰЛЫТАУДА


ТҰҒЫРЛЫ 

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ 

БЕДЕРЛІ  БЕТТЕРІ

ОҚЫРМАНДАР 

САЙЫСЫ  

ӨТТІ


Бұл үлкен сауапты іс. Мұның өзі 

еліміздің егемендік алып, тәуелсіз 

мемлекет болуының, Қазақстан 

Республикасының тұңғыш Прези-

денті–Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың дана басшылығы 

мен салиқалы саясатының арқасы. 

Кешегі Қызыл империяның тұсында 

аудан, ауыл басшыларын былай 

қойғанда, қарапайым халықтың 

өзі Ораза ұстап, ашық ауызашар 

бере алған жоқ. Кеңес Үкіметі «Дін–

адамның басын айналдыратын 

апиын» деп дінге қасарысып қарсы 

болды. Олар діннің тәрбие құралы 

екенін, адамды адалдыққа, әділ-

дікке, бауырмалдыққа, тазалыққа 

тәрбиелейтініне көңіл де бөлген жоқ.

Аллаға шүкір, қазір елімізде ұлттық 

құндылықтарымызды ұлықтауға, 

құрметтеуге кең жол ашылды. Ауы- 

зашарға жиналған жәмиғаттың 

атынан Ұлытау ауданының Құрмет-

ті азаматы, еңбек ардагері Жақия 

Садықов ұлттық салт-дәстүр, 

әдет-ғұрыптарымызға сәйкес Рама-

зан айында Ораза ұстаған жандарға 

құрмет көрсетіп, ауызашар беріп оты-

рған аудан әкімі Хамит Нұрланұлына 

ақсақалдар мен ауызашарға жи-

налғандардың атынан ризашылық 

білдіріп, алғыс айтып, өзіне, отбасы-

на, елге жақсылық тіледі.

ҰЛЫТАУ селосы.



Комиссия 

отырысы өтті

Шілде  айының  15  жұлдызында  кәмелет-

ке  толмағандардың  істері  және  олардың 

құқықтарын  қорғау  жөніндегі  кезекті  ко-

миссия  отырысы  өтті.  Айына  екі  мәрте  өт-

кізіліп отыратын отырыстың мақсаты–аудан 

көлеміндегі  кәсіптік-техникалық  лицей,  кол-

ледждеріндегі  жасөспірімдер  құқықтарын 

қорғау, кәмелет жасқа толмағандар арасын-

дағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жұ-

мыстарын одан әрі күшейтіп, жасөспірімдер 

арасында құқықбұзушылықты болдырмау.

Қарсақбай  кенті  әкімі  аппаратының  ма-

маны  Г.Қазыбекова,  жастармен  жұмыс 

жасау  орталығының  басшысы  Т.Тәліпова, 

ішкі  істер  бөлімі  басшысының  орынбасары 

Ғ.Дәуітбаев қатысты.

Комиссия отырысын аудан әкімінің орын-

басары,  комиссия  төрағасы  Б.Ақышбеков 

ашты.  Қарсақбай  кенті  әкімі  аппаратының 

маманы  Г.Қазыбекованың  кәсіптік-техника-

лық лицей, колледждеріндегі жасөспірімдер 

құқықтарын  қорғау  жөніндегі  хабарламасы 

тыңдалды.  Отырысқа  қатысқан  комиссия 

мүшелерінің  тарапынан  жасөспірімдерге 

арналған кездесулерді кент, селолық округ-

тердегі  мектептерде  арнайы  комиссия  мү-

шелерінің қатысуымен өткізу туралы ұсыны-

стар айтылды.

А.ҚАЙырБЕК,

комиссия хатшысы.

м.мАШАЙыҚҰЛы

26  шілде,  2014  жыл.  Қасиетті  Рамазан  айындағы  оразаның 

аяқталуына санаулы-ақ күн қалғанда аудан әкімі Хамит Омаров 

аудан орталығындағы ауыз бекіткен жандарды жинап, «Нұрдәу-

лет» дәмханасында ауызашар берді. 

Жанат Төленұлы 

Жақсымбетовтің 

түрлі  жүк  көлік-

терін тізгіндегені-

не биыл 40 жыл то-

лып  отыр.  Еңбек 

көрігін  қыздырған 

осы  жылдар  ішін-

де  сан  мәрте  наг- 

радалар  мен  сый-

лықтар 

иелерін, 

ұжым 

ортасын-

да  өзгелерге  үлгі 

болған азамат.

Ж.Жақсымбетов 2000 

жылдардан бері еңбек 

өтілін Жезді кентінің шығы-

сындағы «Шайтантас» 

карьерінде жалғастырып, 

бункирге тас тасымалдау- 

мен айналысып жүрген 

алып «БелАЗ» автокөлі-

гінің жүргізушісі. Оның 

тасымалдаған тастары 

диірменде майдаланып, 

Қазақстанның жер-жер-

лерінде құрылыс салу 

салаларына толассыз 

жөнелтіліп жатыр.

Бұл күндері баршаға 

әйгілі Жезқазған-Бейнеу 

теміржол құрылысының 

пайдаланып жатқан тастар-

да Жанат пен қатар оның 

әріптестерінің де қосып 

жатқан үлестері мол.

Алып «БелАЗ» техника-

сын тізгіндеген Ж.Жақсым-

бетов пен оның әріптес- 

теріне табыс тілей отырып, 

кәсіби мерекелеріңіз құтты 

болсын, мерейлеріңіз үстем 

болсын! — дейміз.



Суретте: 

Ж . Ж а қ с ы м б е т о в  

жұмыс үстінде.

Суретті түсірген



 м.ДӘУітоВ.

БІРТУАР 


ТҰЛҒА

3 ТАМЫЗ — КӨЛІК  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  КҮНІ



2

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

Жуырда Қазақстан Респу-

бликасы тұтынушылардың 

құқықтарын қорғау агенттігінің 

Қарағанды облысы бойынша 

тұтынушылардың құқықтарын 

қорғау департаментінің бастығы 

Бауыржан Әділханұлы Асайы-

нов Ұлытау ауданында болып, 

халықпен кездесіп, тұтынушы-

лардың құқықтарын қорғау–бү-

гінгі таңда басты назарда екенін, 

бұл бағыттағы жұмыс Елба-

сымыздың халыққа Жолдауын 

жүзеге асыруға, тапсырмасын 

орындауға сәйкес жүйелі жүргізу 

керектігін айта келіп, жан-жақты 

түсініктер берді.

Б.Ә.Асайынов тұтынушы-

лардың қойған сұрақтарына 

нақтылы  жауап берді. Кездесу 

жиналысына аудан әкімінің 

орынбасары Б.Ақышбеков, ме-

кеме, бөлім басшылары, аудан-

дық тұтынушылар құқықтарын 

қорғау басқармасының бастығы 

А.Аманбеков қатысты.



Өз тілшіміз.

М.МАШАЙЫҚҰЛЫ

29  шілде,  2014  жыл.  Аудан  әкімі  Х.Омаровтың 

төрағалық етуімен кеңейтілген аппарат мәжілісі 

өтті.  Оған  аудандық  мәслихаттың  хатшысы 

Т.Сейтжанов қатысты.

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ

Келген туристерге бір киіз 

үйді құрып жіберіп, балдай 

қымыз сапырып, бауырсақ 

пен қазы-қарта ұсынып, май 

шайқау, күбі ыстау, қымыз 

пісу сынды дала дәстүрінің 

дара салтын көрсететін кере-

мет мастер-кластар өткізуге 

болар еді. Туристер қымыз, 

шұбат, айран, сүт секілді 

қазақтың ұлттық сусында-

рын ішіп, құрт, ірімшік, жент, 

сары май секілді ұлттық 

тағамдарын жейтін болады. 

Саяхатшылардың көз ал-

дында қазанға ет асылып, 

бауырсақ пісіріледі. Жергілікті 

тұрғындар бие сауып, қымыз 

ашытады. Бұл істің барлығы-

на туристердің өздері де 

араласуға болады. Бір айта 

кететін жайт,  мұндағы барлық 

тағамдар санитарлық-эпи-

демиологиялық қадағалау 

мекемесінің сараптауынан 

өтеді. Оған атбегілік өнерді 

қосса, қазақтың домбыра-

сын күмбірлетіп, қоңыр әнін 

№8 Аманкелді сайлау 

окру


гінің депутаты жеке 

шаруашылық иесі Балғабек 

Қаражорғин өзінің сөзінде 

бірқатар маңызды мәселе-

лерді көтерді.

–Ауданның ауылшару-

ашылығы экономиканың 

негізгі саласы екені белгілі. 

Елбасымыз өзінің жыл сай-

ынғы дәстүрлі Жолдауында 

ауылды дамытуға, оны гүл-

дендіруде, ауыл халқына 

жағдай жасауды айрық-

ша атап көрсетіп келеді. 

Ауылшаруашылығының 

дамуы қашанда экономи-

калық және қоғамдық-са-

яси тұрақтылықты анықтайтын 

басты фактор.

Егемендік алған алғашқы 

жылдары ауылшаруашылығы-

ның жағдайы мүлдем ауырлап 

кеткені белгілі. ҚР Тұңғыш 

Президенті, алысты болжай-

тын көреген Елбасы 2003-2005 

жылдарды «Ауыл жылы» деп 

жариялап, ауылды көтеруге 

шұғыл бетбұрыс жасады. Соның 

нәтижесінде ауылшаруашылығы 

қарқынды дамып, ауыл халқы-

ның жағдайы жақсарды. Фер-

мерлерге, жалпы кәсіпкерлерге 

қажетті жағдайлар жасалып, 

шаруашылығын, кәсібін дамы-

туға үлкен мүмкіндік болды.

Мен Аманкелді атындағы 

ауылда жеке шаруа қожа-

лығының иесімін. Сол ша-

руашылығымды дамытудың 

арқасында, ауданның әлеу-

меттік-экономикалық дамуына 

өзімнің лайықты үлесімді қосып 

жүрмін. Аудандық, ауылдық дең-

гейде өтетін іс-шараларға мүм-

кіндігімше демеушілік көрсетіп 

отырамын. Жағдайымыз жақсы. 

Алайда, ауыл фермерлері мал 

өнімдерін өткізетін жер бол-

мағандықтан қиналып жүргені де 

рас. Малдың жүнін, терісін, сүтін 

өткізетін жер жоқ. Сондықтан 

аудандық ауылшаруашылығы 

және кәсіпкерлік бөлімдер 

ауданнан ет, сүт, жүн, тері, т.б. 

да өнімдерді қабылдап, өңдейтін 

орындар ашуды қолға алу керек. 

Бұл өнімді ұқсатуға, халықты жұ-

мыспен қамтуға жасалған үлкен, 

тиімді жағдай болар еді.

Алдағы уақытта мұны қолға 

алу басты міндет болуға тиісті–

деді. Әрине, депутат Б.Қара-

жорғин өзекті мәселені көтеріп 

отыр. Бұл мәселе ескерусіз 

қалмауға тиіс.

М.МАШАЙЫҚҰЛЫ

Жуырда  өткен  аудандық  мәслихаттың  ХХІ  сессия-

сында бірқатар көкейтесті мәселелер қаралды. Соның 

бірі «Ұлытау ауданының ауылшаруашылығы және вете-

ринария  бөлімінің  аумағында  ауылшаруашылығын  да-

мытуды қолдау және жүзеге асыру жөніндегі атқарған 

жұмыстардың  барысы  туралы»  осы  бөлімнің  басшы-

сының есебі тыңдалды. Берілген есепте біршама атқа-

рылған  жұмыстар  айтылды.  Алайда  шығып  сөйлеген 

депутаттар  әлі  де  атқарылуға  тиісті  ауқымды  мін-

деттердің күтіп тұрғанын айтты.

Аппарат мәжілісінің 

күн тәртібінде бірінші 

мәселе «Ұлытау аудан-

дық жастармен жұмыс 

жасау орталығының 

2014 жылдың алғашқы 

жартыжылдықта 

атқарған жұмысы тура-

лы» осы орталықтың 

директоры Т.Тәліпова, 

екінші мәселе «Ұлытау 

ауданы әкімі аппара-

тының құжаттамалық 

қамтамасыз ету, ақпа-

раттық технологиялар-

ды дамыту бөлімінің 

үстіміздегі жылдың 7 айында 

атқарған жұмыстары тура-

лы» осы бөлімнің басшысы 

Д.Жәутіков есеп берді. 

Есептерді тыңдағаннан 

кейін аудан әкімі жастармен 

жұмысты жандандыруда 

нақтылы тапсырмалар берді. 

Кент, селолық округтің жаста-

рымен жүйелі жұмыс жүр-

гізу, ауыл, кент әкімдерінің 

мамандарының функцио-

ТҰТЫнуШЫЛАр 

ҚҰҚЫҚТАрЫ — 

бАсТЫ нАзАрдА

ЖАсТАРмен ЖҰмЫсТЫ 

ЖАндАндЫРУ 

бАсТЫ мІндеТ

нальдық міндеттеріне жастар 

ісін жүргізу, қосу «Жасыл ел» 

бағдарламасына жергілікті 

бюджеттен қаржы бөлуге 

аудандық мәслихаттың 

сессиясына сұраныс беру, 

мемлекеттік жастар саяса-

ты бағдарламасына ауыл, 

кент жастарына түсіндіру 

жұмысын жүргізу мақсатын-

да «кеңес орталығын» құру 

бағытында жұмыстар жүргізу, 

барлық саланың көкейтесті 

кезегін күтіп тұрған мәселе-

лерін көтеріп, газетке мақа-

лалар беріп тұруды тапсыр-

ды.

Аудан әкімі аппаратының 



құжаттамалық қамтамасыз 

ету, ақпараттық технология-

ларды дамыту бөліміне апта 

сайын аппарат мәжілісіне 

орындалу мерзімі өткен 

жеке және заңды тұлғалар-

дың өтініштерін 

шығарып отыру, 

облыс әкімінің 

тапсырмаларының 

орындалуын қатаң 

бақылауға алып, 

мерзімінде орын-

дамаған мекеме, 

бөлім басшыла-

рына, сондай-ақ, 

бақылауда тұрған 

хаттардың орын-

далу сапасы 

төмен бөлімдерге 

қатаң бақылау 

жасап, ұсыныс 

беруді, т.б. да 

тапсырмалар берді. Әртүрлі 

мәселелер бойынша аудан 

әкімінің орынбасарларын 

тыңдап, оларға тиісті тапсыр-

малар берді.

Халықты 

жұмыспен 

қамту жолдары

әуелетіп арнайы бағдарлама-

лар ұйымдастырып, шетелдік 

туристердің экзотикаға деген 

отандық туристердің қызықты 

демалысқа деген үлкен сұра-

нысын қанағаттандыратын 

турөнімді жасап шығаруға 

кең көлемді мүмкіндік бар. 

Бұл көп қаражатты да талап 

етпейді. Ауылдың қарабайыр 

күйбең тірлігінде күнделікті 

жүріп жатқан тыныс-тіршілік 

әрекетін әдемі етіп, әсерлі 

етіп ұсыну ғана. Ал, экзоти-

каға, жаңалыққа әуес турис- 

тер бұған аса құштар және 

оған көп қаржы жұмсауға дай-

ын. Осы орайда, агротуризм 

пайда табудың негізгі көзі 

ғана емес, сонымен қатар, 

ол қосымша жұмыс орында-

рын қалыптастыратын тиімді 

үрдіс ретінде танылып отыр. 

Сондықтан да ол бүгінгі күні 

барлық жағынан тиімді жаңа 

беталыс ретінде әлемнің көп-

теген мемлекеттерінде үлкен 

қолдауға ие болып отыр.

Ауылға жан бітіріп, шығын-

ды көп талап етпейтін, әр 

ауылдың экономикалық ахуа-

лын түзейтін тиімділігі жоғары 

туризм түрін дамыту тиімді де 

уақыт талабына сай бетбұрыс 

болар еді.



Е.ОМАрОВ,

«Ұлытау» қорық-мұра-

жайының туризм бөлімінің 

меңгерушісі.

МӘДЕНИ МҰРА

ҰЛЫТАУДА 

АГРОТУРИЗМДІ 

ДАМЫТУ  ҚАЖЕТ

Ұлытаудың  тарихи-мәдени  ескерткіштерін 

және табиғатын тамашаулауға 2013 жылы 29731 

адам  келген  екен.  Бұл  өткен  жылдарға  қараған-

да  екі  есеге  көбейген.  Осы  мүмкіндікті  пайдала-

на  отырып,  Ұлытауға  жақын  жерде  орналасқан 

ауылдардағы жас кәсіпкерлерге агротуризмді ұй-

ымдастыру қажет. Себебі, агротуризм бұл ауыл-

дарды дамытуға септігін тигізіп, оның әлеумет-

тік-экономикалық ахуалын жақсартуға бірден-бір 

үлес  қосады.  Өңірге  деген  шетелдік  әрі  отандық 

туристердің  мәдени-тарихи,  экзотикалық  қы-

зығушылығын  ояту  мен  арттыру,  өңірдің  ту-

ристік  имиджін  қалыптастыру  сынды  бірқатар 

өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолы.


3

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ



(Соңы. Басы өткен нөмірде).

– Ғаламтор кеңістігі де назар дан тыс 

қалып отырмаған болар?

–  Иә,  діни-экстремистік  және  лаңкестік 

топтардың ақпараттық кеңістігіне шектеу қою 

бағытында  да  нақты  жұмыстар  жүргізілуде. 

Агенттік  тарапынан  5000-ға  жуық  ға ламтор 

ресурсына  монито ринг  жүргізілді,  176  мате-

риалға дін  тану сараптамасының теріс қоры-

тын дысы  берілді.  Оның  45-інің  Қазақстан 

аума ғында таратылуына тосқауыл қою жөнін-

дегі сот шешімдері шықты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бой-

ынша ағартушылық бағыттағы «E-islam» пор-

талы  жасақ талып,  іске  қосылды.  Соны мен 

қатар, танымал әлеу меттік желі лерде Агент-

тіктің  ресми  па рақ   тары  ашылды.  Агенттіктің 

рес ми сай ты үздіксіз әрі сапалы түрде жұ мыс 

жүр гізуде. Дін саласындағы бас ты оқи ғалар, 

қабылданған  нормативтік-құ қық тық  актілер, 

жаңа  құрылымдар  мен  ха лық аралық  шара-

лар  сайтта  жедел  көрініс  та бады.  Агенттік 

сайтын пайдаланушылар қатарында еліміздің 

ғана  емес,  Ресей  мен  АҚШ-тың,  басқа  да 

алыс-жақын шет ел дердің өкілдері көптеп са-

налады.  Пайдаланушыларды  қызықтыратын 

бар лық  сауалдарға  жауап  берілетін  арнайы 

блогтар да сайтты тартымды ете түсуде.



– Агенттік құрылған кезеңнен бас тап 

қолға  алған  шаралардың  бірі  ақпарат-

тық-насихат  жұмыс тары  болғанынан 

көзі қарақты оқырман хабардар. Бұл са-

ладағы  жұмыстар  да  жалғасын  тапқан 

болар?

– Әрине, жалғасуда. Орасан зор күш-жігер 

дін  саласындағы  ақпараттық-ағартушылық 

жұ мыс тарға  жұмсалып  келеді.  Ақпа рат тық-

насихат  топтары  мен  бұ қа ралық  ақпарат 

құралдары  ар қы лы  тұрғын  халыққа  үздіксіз 

түсіндіру  жұмыстары  жүргізілуде.  Жасөс-

пірімдер,  жастар  және  әйелдер  аудитори-

ясына  арналған  мақсатты  жобалар  жүзеге 

асырылуда.  Осы  бағытта  жүргізілетін  жұмы-

стардың елеулі бөлігі радикалды және теріс 

пиғылды  діни  ағымдар  идео логия сының 

алдын  алу  шараларына  арналса,  ендігі  бір 

бөлігі  осындай  ағымдар  ықпалына  түскен 

тұлғаларға  тікелей  бағытталған.  Ақпарат-

тық-насихат  топтарына  қажетті  жүздеген 

ақпараттық-әдістемелік  материалдар  дай-

ындалып, жарық көрді, тұрғын халыққа және 

мақсатты аудиторияларға таратылды.

Айтылғандардан  басқа,  Агент тік тің  үй-

лестіруімен  Діни  бір лес  тіктермен  байла-

ныстар  жө нін дегі  кеңес,  Үкіметтік  емес 

ұйым дармен 

жұмыс 


жөніндегі 

кеңес, 


Консультативтік-сарап та ма лық 

кеңес, 


БАҚ-тарда  діни  тақырыптарды  жариялау 

жөнін дегі  әдістемелік  кеңес  секілді  құ ры-

лымдар  дін  саласындағы  сая сатты  сауат-

ты  да  байсалды  түрде  жүргізу  мақсатына 

жұмыл дырылуда.  Теріс  пиғылды  діни  ағым-

дардан зардап шеккендерге көмек көрсететін 

25 ұйым еліміздің бар лық аймақ тарында қыз-

мет атқаруда.



– Мемлекет басшысы Нұр сұлтан На-

зарбаев  «Қазақ стан-2050»  Стратегиясы 

–  қа лып тасқан  мемлекет тің  жаңа  сая -

си  бағыты»  атты  Қазақ стан  хал қына 

Жолдауында 

қазақ стан дықтардың 

діни  санасын  елдің  салт-дәстүрлері 

мен  мә дени  нормаларына  сәйкес  қа-

лыптастыру  міндетін  атап  көр сеткен 

болатын.  Бұл  бағытта  Агенттік  қандай 

жұмыстар жүргізуде?

–  Біздің  қазақстандық  қоғамның  жағ-

дайында қазір дін және дәстүрлі құн ды лықтар 

үнқатысуы  маңызды  орын  ала ды.  Теріс 

пиғылды  діни  ағымдар  идео л огиясының  ең 

жа ғымсыз  ықпалы  дәс түрлі  рухани-діни  құн-

дылықтарды  ыды рату  арқылы  діни  сананы 

өзгерту үде  рісі болып отыр. Өйткені, кез кел-

ген  жат  ағым  қоғамда  қалып тасқан  құн ды-

лықтарды күйрету арқылы өзін ор нық тыруға 

жол  ашады.  Ал  бұл  өз  кезе гінде  дәс  түрлі 

құндылықтармен  бір ге,  ішкі  тұрақтылықтың 

әлсіреуіне алып келеді. Сондықтан ұлтты қа-

лып тас тыр ған  құндылықтарды  қор ғау  елдің 

ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бү-

тін дігін қор ғау болып табылатыны сөзсіз.



–  Дәстүрлі  құндылықтар  демекші, 

қазір қазақтың мұсыл мандығына күмән-

мен  әрі  сынмен  қарайтындар  саны  кө-

бейген  секілді.  Бір  байқалатыны,  он-

дайлар  қазақтың  өз  арасынан  шығып 

отыр… Сіз не дейсіз?

–  Қазақ  –  мың  жылдан  бері  мұсылман 

халық.  Оның  дәстүрі  мен  дүниетанымы  ис-

ламмен  балталаса  бұзылмастай  болып  та-

мырласқан.  Біз  кімнің  алдағанына  арбалып, 

өткенімізді  өнегесіз,  тарихымызды  тұлдыр 

демекпіз?

Біздің дініміз – біздің рухымыз. Ол – біздің 

өткеніміз, бүгініміз, болашағымыз. Оны зерт-

теп-зерделеуге  әркімнің  құқығы  бар.  Бірақ 

тер геп-тексеруге,  айыптап,  қа  ра  лау ға,  күзеу 

мен бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Қазақ исламға бүгін келген жоқ. Мың жыл 

бойы  Мұхаммед  пайғамбар  (с.ғ.с.)  салған 

жолмен жүрген ұлт тың ұлы ғұламалары қал-

дырған ата дініміз – ислам. Сондықтан бүгінгі 

дін атын жамылып, саясатқа суарылған жат-

жұрттық  ілімдердің  мақсатын  үйрету  емес, 

күйрету деп бағалаған жөн…

–  Сөзіңіз  аузыңызда,  еліміздегі 

мешіт  жамағаттарының  ара сынан  жік 

шығып,  екіге  жарылу  көрініс  беруде. 

Ислам ның  бөлінуді  емес,  бірігуді  наси-

хаттайтындығына  қара мас тан,  оның 

ішінде  алауыз  ағымдар  пайда  болды. 

Дін саласындағы уәкілетті органның бұл 

мәселедегі ұстанымы қандай?

–  Еліміздің  тарихымен,  мәдениетімен, 

рухани  құнды лық тарымен  қабыспайтын  жат 

діни  көзқарастарды  насихат тап  жүрген  кез 

келген ағым қазақстандық қоғам ның дәс түр-

лі  ұстанымдарына,  ішкі  тұ рақ тылығына  нұқ-

сан келтіреді. Мұн дай шетін құбылыстармен 

күресу – Агент тіктің де, басқа мемлекеттік ор-

гандар  мен  тиісті  құрылымдардың  да  басты 

міндеті.


Ислам  атымен  әрекет  етіп  жүр ген  жат 

көзқарастағы ағым дарға келсек, ел аумағын-

да өз ұстанымдарын насихаттайтын мұндай 

топтардың бар екені жасырын емес. Рухани 

тамырынан,  дәстүрлі  құндылықтарынан  қол 

үзіп  қалған  бүгінгі  буынның  бірқатар  өкіл-

дері  осындай  шетін  идеологияға  алданып, 

өз  ұлты ның  салт-санасына,  дәстүрлі  құнды-

лықтарына қарсы шығуда. Агенттік жүргізетін 

ақпараттық-насихат  жұмыстарының  пәрмен-

ді  бөлігі  осындай  адасқан  азаматтарымызға 

түсіндіру және қайта бейімдеуге бағытталуда.

Осы  тұста  атап  өтуге  тиіс  бір  жайт  бар. 

Бас  мүфти  Ержан  Мал ға жыұлы  бас та ған 

имамдар тарапынан мешітке келе тін халыққа 

бөлінбей, бір жамағат бо лып бірігіп, ынтымақ 

құрып,  бір-бірі не  түсіністікпен  қарап,  туын-

даған  мәсе лелерді  үнқатысу  және  түсіндіру 

арқылы  шешу  ба ғытында  жасалып  жатқан 

жұ мыс т ар зор. Қолға алынған игі істердің нә-

ти жесінде еліміздің мешіттерінде мұн дай ке-

леңсіз жағдайлар азайып келе жатыр.



–  Халықтың  санасын  сан  тарапқа 

тартқылап  жүрген  теріс  пиғылды  сек-

талардың  әрекетіне  қатысты  не  айтар 



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет