Сенбі, 2 тамыз, 2014 жыл Газет 1940 жылғы 1 қарашадан бастап шығады



жүктеу 7.34 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі7.34 Mb.
1   2   3   4   5   6

(Жалғасы бар).

Белгілі жазушы, ақын, драматург, Қазақстан 

Жазушылар  одағының  мүшесі,  жерлесіміз 

Кенжебай  Ахметов  «Албасты  аралаған  ауыл» 

атты  повесть  жазып  бітірді.  Жазушының  жаңа 

шығармасын  «Ұлытау  өңірінің»  оқырмандары-

на ұсынып отырмыз.

(повесть)



5

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ



Шоқан қажы ОСПАНБЕКОВ

Мұхамедияр Жанысов Қарағанды 

облыстық Ауылшаруашылығы 

басқармасының жолдамасымен 

1958 жылы февраль айында Ұлытау 

ауданының Аманкелді атындағы совхозға 

директор болып келген. Мұнда  екі 

жылдай қызмет істеп, 1960 жылдың 

сентябрь айында Сарыкеңгір совхозына 

директор болып ауыстырылған. 

1962 жылдың тамыз айында мен Са-

рыкеңгір орта мектебіне директор болып 

бекіп барғанымда Мұқаңды бірінші рет 

сонда көрдім. 

Малшыбай селосы бұрынғы Сталин 

атындағы колхоздың, одан кейін 

Сарыкеңгір совхозының орталығы деген 

аты болмаса, көріксіз ауылдардың бірі 

екені көзге ұрып тұрады. Ертеректегі, 

колхоз құрылысы кезінде жеке 

адамдардың шымнан, тастан, шикі 

кірпіштерден қалай салған үйлері 

болатын. Шатырсыз, жалпақ үйлер. 

Мал қоралары адам тұратын үйлердің 

қабырғасын созып салынған. Көше жоқ. 

Үйлердің арасында қаптаған жылқылар, 

көлеңкелерде үйездеп тұратын. 

Тұрғындар суды өзеннен инағашпен 

әкеліп ішеді екен. Өзеннен өтетін көпір 

жоқ, машиналар өзеннің орта кезіне 

жүріп  барып тұрып қалатындығын көрдік. 

Бұрынғы пайдаланылып келген мектеп 

үйі шикі кірпіштен, қабырғасы қаланған 

ұзын барақ. Жаңа оқу жылына жөндеу 

жұмысы жүргізілмеген. Есіктері құлап 

жатыр, терезелері сынған, әйнектері 

шашылып, рамалары сынған. 

Сарыкеңгір мен Алғабас совхозы 

бір совхозы болған, өткен жылы екіге 

бөлініпті. Жазда мал жаятын бұлақтар, 

қарасулар үшін келісе алмай ауыр-

ауыр сөздерге барып, ренішіп қалатын 

(директорлардың) кездері де болып 

тұрады екен. Сарыкеңгір совхозының 

бір фермасы жиырма төрт мыңдай қойы, 

ірі қарасы, жылқысы бар ұзақ жылдар 

бойы Жетіқоңыр құмын жаз жайлап, қыс 

қыстап келген. Совхозда мәдениет үйі 

болмаған, мектепке өте ескі барақты 

пайдаланылған. Монша жоқтың қасы. 

1962 жылы күзде қазандығы атылып, 

төбесінен, қабырғаларынан ештеңе 

қалмай қираған. Кітапхана совхоз 

кеңсесінің үлкендеу бір бөлмесінде 

орналасқан. 

Жанысов директор болып келгеннен 

кейін совхоздың партия, кеңес, кәсіподақ, 

комсомол ұйымдарымен келісе отырып 

совхоз экономикасын көтеру, мәдени-

тұрмыстық жағдайларын жақсарту 

жөнінде іс-шаралар жасап аудандық 

партия, кеңес ұйымдарына ұсынады. 

Қаракеңгір өзенінің «Бақай» 

қыстағының жанынан адам өтетін, 

мал жүретін, машиналар өтетін көпір 

салдырады. Совхоз орталығындағы 

совхоздың және жекеменшік үйлердің 

үйіліп жатқан күл-қоқыстарды 

жинатып, сыртқа тасытады. Барлық 

малшылардың үйлерін сылатып, іші-

сыртын ақтатады. Қоралардың өткен 

қыстан қалған күл-қоқыстарын, қиларын 

алдырып, бүлінген жерлерін жөндетеді. 

Дезинфекциядан үй-қораларды 

түгелдей өткіздіртеді. Орталыққа көше 

бойымен шатырлы үйлер салғызады. 

Жекеменшік, тұқыл, үйлердің жанына 

құрылыс материалдарын түсіртіп, бір 

жерінен бастап шатырларды бүлінген, 

құлаған жерлерін жөндетіп, жүргізген 

жұмысқа, пайдаланылған құрылыс 

материалдарының құнын (ақшалай) сол 

үйден жұмыс, (қызмет) істейтін адамның 

есебіне жаздырып, алдағы айлықтарынан 

ұстатады. Көшелерді, үйлердің алдынан 

жүргізіп, екі жағынан трубамен су ағызып 

қойды. 

1961 жылы көктемде жаңа типтегі 



орта мектептерін, ауданда жоқ, тамаша 

мәдениет үйін салдырып, оны («Мал-

шылардың мәдениет сарайы»–деп 

атады). Құрылысын бастатып, мектеп 

үйі 50 балалық интернат үйімен қоса 

1962 жылы октябрь айының соңында 

аяқталады. Мектептің, интернаттың, 

жеке жылу қазандығын салғызды. 

Сабақ жаңа мектепке өткізіліп, 

малшылардың 45 баласы жаңадан 

салынған интернат үйіне жатқызылды. 

Жұртшылықтың қуанышында шек 

болған жоқ. Осы жұмыстардан кейін 

директор М.Жанысовты мақтап, мадақтау 

басталған еді. Мәдениет үйін салу кезінде 

көптеген қиыншылықтар кездеседі. 

Бұл құрылыстардың бәрін Жезқазған 

тау-кен өндірістік комбинаты мен 

«Жезмедьстрой» құрылыс мекемесімен 

келісіп, сол мекемелердің мамандарының 

қатысуымен салынған. Құрылыста 

адамдар көп болды. Кейде 500, кейде 

400, кейде 300-ге дейін адамдар үшке 

бөлініп,  жұмыс істеп жүрді. 

Сол жылдары тың және тыңайған 

жерлерді игеру жөніндегі «ұранға» сәйкес 

Одақтың үлкен қалаларынан, одақтас 

республикалардан Қазақстанға вагон-

вагонымен адамдардың келіп жатқан 

кезі болатын. Солардың бірі Жезқазғанға 

вагондардан түскен беттерінде машинаға 

тиеп Сарыкеңгір совхозына әкеліп 

түсіріпті. Олардың ішінде орыстар, 

украиндар, беларустар және біздер 

білмейтін, тіпті естімеген бірнеше 

ұлттардан адамдар болған: ортасына 

кіріп кетсең біреуінің сөздерін біреулері 

түсінбей аудармашы іздеп жүретін 

кездерін көретінбіз.

Жазғы жиын күндері барлық 

құрылысшыларды ұжымдылығына қарай 

бірнеше шатыр тігіп, өзен жағасына 

орналастырды. Түнде сонда жатады. 

Өздеріне бөлек-бөлек асханалар 

ұйымдастырылған. Аспаздары өз 

іштерінен. Құрылысшылардың талабына 

қарай пісіретін. Өздерінің іштерінде 

дәрігерлері болған. Денсаулықтарын 

тексеріп тұрады. Әр топтағы бригадирлері 

жұмыстары сапалы істеулеріне 

басшылық жасап жүрді. Қыздар мен 

әйелдер де көп болды. Олар қаланған 

қабырғаларды сылайды, сырлайды, кез-

келген жұмысты атқара береді.  Алайда, 

анда-санда құрылысшылардың арасынан 

айқай-шу естіліп қалатын. Соңында бір-

бірімен ерегісіп жұмысқа шықпайтындары 

да кездесетін. 

Совхоз директоры М.Жанысовтың сөзі:

–Августың соңғы күндерінің бірінде 

кешке қарай «Қарабұлақ» фермасынан 

келе жатып қабырғалары қаланып біткен, 

төбесін жауып жатқан мәдениет үйінің 

айналасында қаптаған адамдар жүр. 

Жерден бірдеңелерді көтеріп алып бір-

біріне лақтырады. Таяп келгенде айқай-

шуды естідім. Бір қатарда құрылыс салып 

жатқан басқа ұлт адамдары оларға қарсы 

тұрғандар өзіміздің қазақтар. Ішінде 

ауыл адамдары да бар. Совхоздың бас 

прорабы М.И.Григорьян ұлты армян, 

мастері Егінбай Қарабеков, Мырзахмет 

Аяшевтар бастарында киімдері жоқ, 

шаштары ұйпа-тұйпа болып жүгіріп жүр. 

Ауылдағы адамдар үлкен-кішісі келіп 

құрылысшылармен төбелеске араласқан 

сияқты. Жастар жағы екі иықтарынан дем 

алып, құрылысшыларға қарсы ұмтылып-

ұмтылып қояды. Екі жақтағы адамдардың 

қолдарында ағаштан, темірден 

дайындалған құрылыс материалдары. 

Кеңседе қызмет атқаратын бас экономист 

Әбілжан Сүлейменов, бас бухгалтердің 

орынбасары Іргебай Накупов, автокөлік 

жүргізушісі Есім Базаров бастаған 

топ салынып жатқан мәдениет үйінің 

алдына иіріліп тұр. Іштерінде кеңседе, 

медпунктте, кітапханада, балалар 

бақшасында, қоймаларда қызмет істейтін 

Хисан, Зағила, Мақта, Жібек, т.б. қы-

здар мен келіншектер жүргенін көрдім. 

Орыстар да көп, қазақтар да көп топ-

топ болып, бір-біріне қарсы ұмтылады. 

Жақындағандарын қолдарындағы 

қаруларымен (темір шыбық-арматура, 

ағаш тақтайлар т.б.) салып жібереді. 

Соғыс деуге болмас, нағыз төбелестің 

өзі екені көрініп тұр. Жігіттердің үсті-

бастары шаң-топырақ. Бірнешеуінің 

беттері қанаған, бастары жарылған. Сырт 

киімдері жыртылған. Бұл кезде мәдениет 

үйінің қабырғалары қаланып біткен. 

Төбесі жабылып жатқан. Едені төселіп, 

трибунасының тақтайлары шегеленген 

еді. Бірақ көрермендерге қарсы беті 

ашық болатын. Бұл құрылысты жүргізіп 

жатқандар Жезқазған қаласынан жинап 

әкелген адамдар («Жабайы бригада» деп 

атайтынбыз). 

Комбинат пен «Казмедьстройдан» 

келген заңды бригадирлерді салынып 

жатқан орта мектеп үйі мен интернатты,  

оқу жылы басталғанға дейін бітірген 

соң жібергенбіз. Адамның көңіліне аяқ 

астынан нешетүрлі ой келеді ғой деп 

жалғастырды сөзін совхоз директоры 

М. Жанысов. Адамдарды көріп, қорқып 

кеттім. Бұлардың ішінен біреуі немесе 

бірнешеуі өлген шығар деген ой сап ете 

қалды. 


Мен машинадан түсе бергенімде 

қаптап тұрған орыстар жағы кейін шегініп, 

ыдырай бастады. Машинадан түсіп: «Эй, 

строители! Куда идете, стойте на месте!» 

- деп айқай салдым. Тоқтады. Ешкім 

қимылдаған жоқ. 

–Не болды, мыналарың не? – деп 

қазақтардан сұрадым. 

Сүлейменов Әбілжан: –Бұлар 

түстіктерін ішерде айқай шығарған 

«тамақтарың сапасыз, беретіндерің «суп, 

каша, хлеб и все» – деп аспаздарға 

тиіскен. Құрылыс мастері Қарабеков 

Егінбай келсе, оны боқтаған. Ұрмақшы 

болған. Прораб Григорьян Михаил 

Борисовичті Сергей деген қасқабас 

жақтан тартып жіберген. Сергейді 

құрылысшылардың өзі денесінің жуан, 

бойының аласа, басының қасқа бас 

болуына қарай «Хрущев»-деп атайды. 

Сол «Хрущев» бастап барып, қасында 

Мюцель Иван деген бар. Бірнеше 

адамдары жүр. Контордың ішінің ойран-

ботқасын шығарды. Боқтады, кейбірімізді 

ұрды. Кассаға барып ақшаны тартып 

алмақшы болды. Кадр бөлімінің бастығы 

Бекжанов Абзал, кассир Қожахметов 

Сұлтанбек, бас  бухгалтердің орынбасары 

Нақыпов Іргебай, бухгалтерлер Искаков 

Зейнур, Зәуреш, Нұрғалилар таяқ  жеді. 

Бұған біздер де тірі жанбыз ғой деп 

қарсылық көрсеттік. Төбелестік. Қазақша 

айтқанда ұрысқа кірістік. Айқасып 

жатқанымызда сырттан бірнеше адамдар 

келді. Бас зоотехник Базарбек, бас мал 

дәрігері Қарабай Ақмырзаев, бас агроном 

Гальман (Нұрмағанбетов Қайырбекті 

студент кезде қатарлары осылай атаған), 

ауылға келгеннен кейін менің атым 

«Гальман» деп елге жайған өзі екен.

Контордың ішінде біраз төбелес 

болды. Қазақтар жағы басым түсті. 

Бас жарылды. Кимі жыртылды. Бет 

тырналды. Бірақ көз шыққан жоқ. 

Орындықтар сынды, столдар төңкерілді. 

Сырттан құрылысшылар, ауыл адамдары 

кіріп екі жақты төбелес біразға созылды. 

Мюцель бастап айқайлап контордан 

шыға жөнелді. Орыстардың (онда 

басқа ұлттар да бар. Оларды бөлмей 

«орыстар» деп айту сол заманда әдетке 

айналған) барлығы мәдениет үйіне қарай 

қашып барды. Қазақтар тайлы-тұяғымыз 

қалмай қуып бардық. Мәдениет үйінің 

алдына келіп бұлар тоқтап қалды. Біздер 

де қарсы келіп тұрдық. «Хрущев» пен 

Мюцель ішке кіріп кетті. Біраз күттік, 

шықпады. Оларды алып шығуға Гальман 

бастаған 15 шақты адам ішке кірді. Қазір 

алып шығатын болар деп күтіп тұрмыз –

деді бас экономист Әбілжан Сүлейменов. 

Олар шыға қоймады. Ентелеп ішке 

қарай ұмтылдым. Есік алдынан үлкен 

«бұқаны» сүйреп келе жатқандай бір 

топ адамдар кездесті. Екі қолтығынан 

екі адамнан төрт адам, екі аяғынан екі 

адамнан төрт адам сүйрелеп тартып 

келеді. Орыстың мойнында арқанның 

бір ұшымен бұғалық салыпты. Екінші 

ұшымен екі қолын қайырып артына 

байлапты. Мәдениет үйінің есігіне таяй 

бергенде артымнан бір адам жүгіріп 

келіп: «Мұқа, басылыңыз, ашуды ақылға 

жеңгізіңіз. Мұның арты қалай боларын 

кім біледі» деді, артыма қарасам 

«Сарықамыс» қыстағында қыстайтын 

ұзын мұртты сиыршы Сламбек екенін 

көрдім. 


«Осы ұрғандарың да жетеді»–

деді көпшіліктің шет жағында тұрған 

совхоздың партия комитетінің хатшысы 

Дүйсебек Дүйсенбаев. –Біріншіден, ол 

да адам баласы ғой. Қанша жексұрын 

болғанымен аяушылық жасағанымыз 

орынды болар. Екіншіден, ертеңгі әңгіме 

қалай боларын ойлауымыз керек. 

Осы төбелеске байланысты кінәнің екі 

жақтан бірдей болуы мүмкін екенін естен 

шығармағанымыз керек. 

(Жалғасы бар).


6

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

Ұлы даланың бесігі – бү-

гінгі Ұлытау мен Кішітау және 

Арғанаты тауларының өңірін 

жайлаған жұрттың соңғы дәуірде 

бастан кешкен үш кезеңіндегі 

қатал тағдыры мен тыныс-тір-

шілігінен ой толғайтын осынау 

кітаптардың тарихына шөлдеген 

ойлы оқырмандар үшін баға жет-

пес рухани байлық екендігін зор 

мақтанышпен айтқан жөн.

«Әлемде кітап көп. Оның 

ішінде оқылатыны да бар,оқыл-

майтыны да бар. Кей кітап 

қолдан қолға көшеді, мұқабасы 

тозып, тез көнереді. Бұған, 

әрине қуанамыз, демек кітап 

жұрт көңілінен шықты деген сөз. 

Кей кітап су жаңа, шеті қайырыл-

маған,сөйлем асты сызылмаған, 

саусақ ізі түспеген күйі сөреде 

бір орнынан тапжылмай тұрады. 

Бұған қынжыласың. Мен Тоған-

бай қажының осынау кітаптарын 

сол алғашқы оқылатындар 

тобына жатқызар едім, – деген 

екен Қазақстан Гуманитарлық 

ғылымдар Академиясының 

Президенті, академик Файзолла 

Оразай кітаптың алғы сөзінде.

Елбасымыз Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың: «Бүгінгі 

күнді түсініп-түйсіну үшін де, 

болашақтың дидарын көзге еле-

стету үшін де кешегі кезеңге көз 

жіберуіміз керек», – деген сөзі 

бүгінгі жиынның ажарын аша 

түсері анық. Тоғанбай қажы өз 

шығармашылық еңбегімен өткен 

мен бүгіннің арасын жақындата 

түскендей. Бұрын таныс көрінген 

дүниелер мен деректерді талдап 

қараған тұста өзге қырынан 

танығандай боласыз.Тоғанбай 

қажы Құлманұлының еңбегі 

сонысымен де құнды.

Кеншілер қаласында өт-

кен осынау айшықты шара екі 

бөлімнен тұрды. Оның алғашқы-

сы  «Мәңгілік Ел: «Ертағы, 

Кертағыны жайлаған жұрт» кітап 

және сурет көрмесіне болды. 

Аталмыш іс-шара негізінен 

Ұлытау ауданының 75 жылдығы 

мен Жезқазған қаласының 60 

жылдық мерейтойларына ар-

налды. Көрменің басты мақсаты: 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың «Мәңгілік ел» 

идеясын насихаттау, туған 

тарихымызды саралау, жас 

ұрпаққа тағылым беру болып 

табылады.

Көрмеге Тоғанбай қажының 

кітаптары мен оның шығар-

машылығына қатысты матери-

алдар және жерлестеріміз:ака-

демик, суретші-ғалым Сейтқали 

Аманжоловтың, КСРО Сурет-

шілер одағының мүшесі, марқұм 

Жанділда Майлиннің, ғалым-су-

ретші Төлеутай Қазанғаптың, 

тағы да басқа суретшілердің 

өнер туындылары қойылды. 

«Мәңгілік Ел: «Ертағы, Кер-

тағыны жайлаған жұрт» сурет 

және кітап көрмесін Сәтбаев қа-

ласы әкімінің орынбасары Серік 

Имамбай сөз сөйлеп ашты. Ол 

қаламгер жерлесімізді жаңа 

еңбектерінің жарық көруімен 

құттықтай келіп, мына өткізіліп 

отырған кітап және сурет көр-

месінің де тәрбиелік тағылымы 

зор екенін айтты. 

Тарих тереңіне жол тартқан 

көрменің мәні, мазмұны жай-

лы Қазақстан Республикасы 

Гуманитарлық және қоғамдық 

ғылымдар Академиясының 

академигі, тарих ғылымдарының 

кандидаты, заңгер Жамаладен 

Ибрагимұлы, Қазақ технология 

ТҰСАУКЕСЕР



Ізтай БелгІБайұлы

«Ертағы, Кертағыны жайлаған жұрт» және «Ұлы даладағы Кішітаудың қы-

рандары» кітаптарының тұсауы кесілді.

Үстіміздегі жылы жерлесіміз, КСРО және Қазақстан Журналистер одағының 

мүшесі,  белгілі  ғалым  Тоғанбай  қажы  Құлманұлының  «Ертағы,  Кертағыны 

жайлаған жұрт» және «Ұлы даладағы Кішітаудың қырандары» кітаптары жа-

рыққа шыққанынан кітапсүйер қауым құлағдар болса керек-ті. Жуырда, Сәт-

баев қаласындағы №16 мектептің мәжіліс залында өлке тарихының өзегі бо-

лар  осы  өрлі  дүниелердің,  жалпы  елдің,  жердің  тарихына  тамшыдай  болып 

қосылған  айшықты  дүниелер  жазылған  тамаша  кітаптардың    тұсаукесері 

болып өтті. Оған Сәтбаев қаласының әкімі Әнуар Омар мұрындық болды.

және бизнес университетінің ка-

федра меңгерушісі, суретші-ди-

зайнер, педагогика ғылымда-

рының кандидаты, доцент  

Төлеутай Қазанғап, Мәскеуден 

ат терлетіп жеткен қадірлі қо-

нағымыз, Ресей федерациясы 

және Қазақстан Республикасы 

педагогика ғылымдарының 

докторы, профессор, Қазақстан 

Республикасы және Ресей 

Суретшілер одағының мүшесі 

Сейтқали Аманжолов, Сәкен 

Сейфуллин атындағы Қазақ 

Агротехникалық университеті, 

физика-математика кафедрасы-

ның меңгерушісі, доцент, физи-

ка-математика ғылымдарының 

кандидаты Ербол Ақжігітов сөз 

алып, келелі ой қозғады.

Айшықты шараның екін-

ші бөлімі жерлесіміз, КСРО 

және Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі,белгілі ғалым 

Тоғанбай қажы Құлманұлының 

«Ертағы, Кертағыны жайлаған 

жұрт» және «Ұлы даладағы 

Кішітаудың қырандары» кітапта-

рының тұсаукесеріне арналды.

– Ұлытау, Кішітау өңірінде 

ғылым назарын аударатын көп-

теген түйткіл тұстар баршылық. 

Солардың бірі – Алашахан 

мен Шыңғысханды шатыстыру, 

Теректі әулиеге қатысты тар 

шеңбердегі түсініктердің орын 

алуы, Жошыхан мен Шыңғысхан 

ара қатынасын теріске баға-

лау, Кетбұғы баба жайлы теріс 

пікірлер қалыптастыру, «Ақсақ 

құлан» күйін насихаттаудың әр 

қилылығы, Құтан әулие, Құт-

тымбет, Қожабай ақын бастаған 

ақын-күйші, т.б. бабалардың 

өмір жолының күңгірт тартуы 

маған еріксіз қалам тартқызды, – 

дейді Тоғанбай қажы тұсаукесер 

кештің әлхиссасында.

Тұсаукесер кеште тұғыр-

лы тарихымыздың бедерлі 

беттері жайлы ой толғауға 

алыс, жақыннан бір топ қадір-

лі қонақтар келді. Салтанатта 

көрнекті ақын, Халықаралық 

«Алаш» сыйлығының лауреаты, 

Қазақстан Жазушылар одағы-

ның басқарма мүшесі Ибра-

гим Иса, Ресей федерациясы 

және Қазақстан Республикасы 

педагогика ғылымдарының 

докторы, профессор, Қазақстан 

Республикасы және Ресей 

Суретшілер одағының мүшесі 

Сейтқали Аманжолов, Қазақстан 

Республикасы Гуманитарлық 

және қоғамдық ғылымдар 

Академиясының академигі, 

тарих ғылымдарының докторы, 

профессор, Қазақстан Респуб- 

ликасы Білім және Ғылым 

министрлігі, Мемлекет тарихы 

институты директорының 

орынбасары Аманкелді Қашқым-

баев, Қазақстан Республикасы 

Дін агенттігі, Мәдениеттер мен 

Діндердің халықаралық Орта-

лығының бас сарапшысы Рым-

бек қажы Қорабаев, «Құрмет» 

орденді майталман журналист, 

Қазақстан Республикасының Мә-

дениет қайраткері, «Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 20 

жылдығы» мерекелік медалінің 

иегері, «Жезқазған қаласы-

ның Құрметті азаматы» Сәбит 

Байдалы кітап авторын тамаша 

туындыларымен құттықтап, 

кітаптың құндылықтары жайлы 

көсіле сөз қозғады.

Өлке тарихынан сыр шерткен 

өркенді дүниелердің тұсау-

кесерінде Жезқазған қаласы 

әкімінің орынбасары Бейбіт 

Аханов, Сәтбаев қаласы әкімінің 

орынбасары Серік Имамбай, 

Ұлытау ауданы әкімінің орынба-

сары Берік Ақышбеков сөз сөй-

леп, аймақ тұрғындары атынан 

құтты болсын айтып, қала және 

аудан әкімдері атынан Құттықтау 

хаттар тапсырып, иығына шапан 

жапты. 

– Ұлытау – ұлт ұясы екенін 



бүгінгі кешке жиналған жұрт-

шылық та, осы тарихи тағылымы 

мол кітаптар қолына тиген қалың 

оқырман да тағы бір рет көз жет-

кізді. Аталмыш екі кітап та кешегі 

бірлік пен елдікті аңсаған баба-

ларымыздың ісін жалғаған тағы 

бір ұрпақтың ауыр да азапты 

жылдардағы істері мен өнегелері 

тамаша баяндалған. Ұлы дала-

ның Ұлытауы мен Кішітауын ме-

кен еткен абыз аталарымыздың 

өсиеттері бізге ұран болып жетіп 

отыр. Осы кітаптың тұсаукесері 

сол ұлт ұясы атанған Ұлытауда 

өтіп жатса тіптен тамаша болар 

еді, – деді аудан әкімінің ақжар-

ма тілегі мен аудан халқының 

алғыс сезімін жеткізген Ұлытау 

ауданы әкімінің орынбасары 

Берік Ақышбеков сөзінде.

Салтанатта сондай-ақ, Сәтба-

ев қаласының Құрметті азаматы, 

ақын Мұса Тілеуов құтты болсын 

айтып, Арнау өлеңін оқыса, 

Тоғанбай қажы Құлманұлының 

шәкірттері де өздерінің жүрек-

жарды лебіздерін жеткізіп, 

сый-сияпаттарын жасады.

Айшықты шаралар соңы 

«Мұрагер» дәмханасында 

болған ауызашармен түйінделді.

Суреттерді түсірген 

автор.


7

2 тамыз, 2014 жыл 

№31 (5951)

ҰЛЫТАУ ӨҢІРІ

Іс-шараның бақылаушылары 

ретінде ЮНЕСКО-ның 

халықаралық серіктестік 

ұйымдары  – АЛЕКСО, ОАЗХИ, 

ТҮРІКСОЙ өкілдері қатысты.

ЮНЕСКО Хатшылығы 

тарапынан сегіз өкілдерден 

тұратын делегациясының



 

Сыртқы байланыстар мен 

қоғамдық ақпарат жөніндегі 

ЮНЕСКО Бас директорының 

орынбасары Э. Фальт 

басқарды.

Сондай-ақ, іс-шараға 

ҚР ЮНЕСКО және 

ИСЕСКО істері жөніндегі 

ҚР Ұлттық Комиссиясының 

мүшелері, соның ішінде, 

еліміздің министрліктері 

мен ведомстволарының 

басшылары, сондай-ақ, 

еліміздің белгілі ғалымдары, 

мәдениет және өнер 

қайраткерлері, Астана қаласы-

ның әкімі, Мәдениет министрі, 

Мемлекеттік хатшы қатысты.

Кеңес аясында сегіз 

қазақстандық объектілердің 

(Алматы облысындағы Қаялық,  

Қарамерген, Талғар және 

Жамбыл облыстарындағы 

Ақтөбе, Степнинское, 

Ақыртас, Құлан, Қостөбе, 

Өрнек ) Қырғызстан және 

Қытай тараптарымен бірге 

дайындалған «Ұлы Жібек 

жолы: Жібек жолының 

бастапқы бөлігі, Тянь- 

Шань дәлізі бағыттарының 

жүйесі» жөніндегі 

сериялық трансшекаралық 

номинациясының ЮНЕСКО 

Бүкіләлемдік мұра тізіміне 

еңгізілуіне, сонымен қатар, 

екі қазақстандық табиғи паркі 

мен «Ақжайық» биосфералық 

аумағының ЮНЕСКО 

Бүкіләлемдік биосфералық 

резерваттар жүйесіне 

енгізілуіне байланысты арнайы 

сертификаттарды табыстау 

салтанаты өтті.

Жиналыстың мәдени 

бағдарламасы шеңберінде 

екі көрме, халық 

шығармашылығының концерті, 

экскурсиялар мен «Астана 

аясындағы мыңжылдық» 

Көшпенділер өркениетінің 

фестивалі тамашалады. 

«Ұлы жібек жолы» және 

«Ұлытау» ұлттық тарихи-

Гүлзағираның жұбайы 

марқұм Манарбек Сұл-

танбекұлы Қожахметов 

аласармайтын асқар 

таудай азамат еді. Ол 

ауданда жоғары қызмет-

тер атқарған, ауданның 

әлеуметтік-экономикалық 

дамуына лайықты үлесін 

қосқан, терең білімді, іскер 

азамат еді. Сұм ажал 

жақсы-жаманыңа, шен-

шекпеніңе қарамай, оны 

арамыздан алып кеткені-

не бір жылға жуық уақыт 

болды. Марқұмның жаны 

жәннатта болсын.

Қазір отбасының ауы-

ртпалығы Гүлзағираның 

басына түскенмен бо-

латтай берік, қиындыққа 

мойымайтын, сабырлы, 

ұстамды қалпынан өз-

гермей, үйдің ұйытқысы, 

балаларының ақылшысы 

болып отыр. Гүлзағира 4 

баланың ардақты анасы, 8 

немеренің абзал әжесі.

Гүлзағира Самар-

ханқызы жоғары білімді. 

Қарағанды мемлекеттік 

университетінің филоло-

гия факультетін бітірген. 

Ол осы оқу орнын бітір-

геннен кейін 1982-1986 

жылдар аралығында 

Жетіқоңыр орта мектебін-

де тәрбиеші болып еңбек 

жолын бастаған. Одан 

кейін Жезді аудандық 

балалар кітапханасын-

да кітапханашы болып, 

төрт жыл қызмет істейді. 

Сондай-ақ, Байқоңыр орта 

мектебінде мұғалімлып 

қызмет істеген. Қайда 

қандай қызмет атқарса 

да өзінің іскерлігімен, 

қарымды қабілетімен, 

ұқыптылығымен, тамаша 

талантымен көзге түсіп, 

алғыс-абыройға бөленді.

Гүлзағира 2000-2001 

жылдары аудандық «Ұлы-

тау өңірі» газетінің ауыл 

шаруашылығы және 

әлеуметтік сала бөлімінің 

меңгерушісі қызметтерінде 

болғанда, ол өзін жаңа қы-

рынан көрсетті. Көпшілік 

сүйіп оқитын құнды мате-

риалдар жазды.

Г.Бірмұханова 2001 

жылдан осы уақытқа дейін 

аудандық мәслихаттың 

бас маманы қызметін 

жемісті атқарып келеді. 

«Жақсының жақсылығын 

айт, нұры тасысын...» де-

ген бүгін біз Гүлзағираның 

ел алдындағы еңбегін, 

халыққа еткен қалтқы-

сыз қызметін айтуды жөн 

көрдік. Біз алдағы уақыт-

тағы еңбегіне де табыс 

тілейміз.

ҰЛыТАу селосы.

мәдени және табиғи қорық-

мұражайының «Ұлытау-ұлт 

ұясы» көрмесі көрсетілді.  

Қонақтар қазба жұмысы 

барысында  және қайта жөндеу 

жұмыстарында табылған 

көне жәдігерлерді қызықтап, 

Ұлытаудың ескерткіштерімен 

танысты. Әсіресе, Жошыхан 

мазарына қатысты құбаны 

қызықтады. Бұл қыш 

құба 1973 жылы мазарды 

жөндеу жұмыстарын жүргізу 

барысында табылып,  көп 

жылдар «Қазқайтажаңғырту» 

мекемесінде сақталған 

болатын. 2012 жылы қо-

рық мұражай қызметкер-

лерінің әрекетімен Ұлытауға 

қайтарылды. Құба Жошы 

мазары күмбезінің төбесіне 

қойылған. Жалпы төрт бөліктен 

тұрған: қыш табақша, екі 

қыш құмыра және үшеуін 

байланыстыратын ағаш.

«Ұлытау» қорық 

мұражайының биылғы жылғы 

ұйымдастырған «Терісаққан 

көктемі» атты этнофестиваліне  

ЮНЕСКО-ның назары ауып, 

өз өкілдерін жіберген болатын. 

Қазіргі кезде ЮНЕСКО-ның 

«Материалдық емес халықтың 

қазынасы» номинациясына 

енгізуге жұмыс жасалып 

жатыр. Ал Ұлытаудың тарихи 

ландшафты ЮНЕСКО-ның 

қорғауына кіруге алдыңғы 

кезекте тұр.                                  




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет