Сергіту сәтін ұйымдастыру, маңызы



Дата21.09.2022
өлшемі23,05 Kb.
#39733

Сергіту сәтін ұйымдастыру, маңызы
Балаларды біліммен қаруландырумен қатар олардың дені сау, дене бітімінің көз тоярлықтай болып барлық күшін, шығармашылық қабілетін сарқа жұмсауы керек. Бүгін алдымызда отырған кішкентай бүлдіршін-ертең еліміздің экономикалық қуатын, мәдени және рухани байлығын молайтатын еңбекқор. Сондықтан еліміздің азаматтарын жан-жақты тәрбиелеуге тәрбиеші мен мұғалімдердің атқарар еңбегі зор.
Баланың сапалы білім алуына дұрыс ұйымдастырылған сергіту сәттерінің де әсері мол. Сергіту сәті балалардың шаршағандығы байқалған, эмоциялық көңіл-күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады. Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы баланың көңіл-күйін көтеріп ,іс – әрекетке белсенділігін арттырады.
Сергіту сәті – балалардың дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру,мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б, экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.
Сергіту сәттері балалардың танымдық және тәжірибелік белсенділігін арттырудың аса маңызды құралы болып табылады. Сергіту сәттері баланың сабаққа қызығушылығын оятады, зейінін тұрақтандырады, есте сақтау, сөйлеу, ойлау процесін дамытады, көңіл-күйін көтереді, тіл байлығының дамуына да зор әсер етеді.
Сергіту сәттерінің маңыздылығы
Сергіту сәттері баланың жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы жаттаған тақпақ баланың ойында тез
жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.
Сергіту сәттерінің басты міндеттері:
– дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру;
– саналы түрде қимыл-қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарын үйрету;
– тыныс жаттығуларды күрделеніп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту;
– дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптырып, қимыл-қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.
– дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптастыру.
Үнемі қимыл қозғалыста болу әсерінен сүйек, сіңір мен тамыр мықты болып, арқанның, қол-аяқтың бұлшық еттері шынығып, табиғи бұлшық ет пайда болады. Сонымен қатар оқу процесінде оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, мәнерлеп оқу, ой-өрісін дамыту, байқағыштыққа тәрбиелеу, әр дыбысты толықтай меңгеруге үйрету, пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін сергіту жаттығуларының мәні зор.
Мектептегі балалардың дендерінің саулығын сақтаудың бір түрі, бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткізілетін сергіту сәттері физиолог-ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті мен қабілеттілігі 10-15-20 минут аралығында сақталады. Бұдан әрі балалар шаршап, көңілі басқа жаққа ауа бастайды. Баланың көп уақыт қозғалыссыз отыруы, дененің төменгі жақ бөлігіне, ішкі құрлыс, бел, аяққа зиянын тигізеді. Бұл балалардың есте, сақтау қаблетін нашарлатады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде есту, көру мүшелеріне, дене бұлшық еттеріне, арқаға қол шыбықтарына көп ауырлық түcеді. Шаршап шалдығудың алдың алу үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сергіту сәттерін өткізу қажет. Олар дене мүшелеріне және қол шыбықтарына түсетін статистикалық жүктемені азайтып, жақсы көңіл-күй туғызады .Сергіту сәттері жетекшілігімен орындалады және әуенмен жасалса тіпті жақсы.
Сегіту сәттерін өткізу әдістемесі әртүлі. Соңғы уақытта ырғақ гимнастикасы ретінде өткізу кеңінен қолданып жүр. Жаттығуларды орындау 1-2 минут. Сонымен қатар ойын түрінде өткізілетін сергіту сәттеріде қызықты өтеді. Ойын түрінде балалар сөздің ырғағын, дәлдігін жақсы меңгереді. Қозғалыстар тақпақтың мазмұнына байланысты жасалады.Тақпақтарды алдын ала жаттатудың қажеті жоқ өйткені оларды жаттығу барысында тез жаттап алады
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтысы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін тәжірибелерінде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтері мен сергітулерді пайдаланудың маңызы өте зор.
Сабақ және сабақтан тыс шаралары бір сарынды, қызықсыз болса, әрі дем алып бойларын жазуға уақыт, қолдарына бір мезгіл тыным берілмесе бала тез шаршап, жаңа материалды тиісінше меңгере алмайды.
Уақытымен бойларын жазып, миларын дем алдырса ғана берілген материал жақсы естерінде қалады.
Сергіту сәттерінде жасалған жаттығулар баланың есте сақтау қабілеттерін және танымдық қызығушылықтарын арта түседі. Сөздік қорлары молайады.
Мұнымен қатар сергіту сәттерін өткізу оқушылардың оқып отырған материалға қызығушылығын арттырады оған белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуне мүмкіндік туғызады.
Мектептегі балалардың дендерінің саулығын сақтаудың бір түрі, бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде өткізілетін сергіту сәттері физиолог-ғалымдардың зерттеуі бойынша мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті мен қабілеттілігі 10-15-20 минут аралығында сақталады. Бұдан әрі балалар шаршап, көңілі басқа жаққа ауа бастайды. Баланың көп уақыт қозғалыссыз отыруы, дененің төменгі жақ бөлігіне, ішкі құрлыс, бел, аяққа зиянын тигізеді. Бұл балалардың есте, сақтау қаблетін нашарлатады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде есту, көру мүшелеріне, дене бұлшық еттеріне, арқаға қол шыбықтарына көп ауырлық түcеді. Шаршап шалдығудың алдың алу үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде сергіту сәттерін өткізу қажет. Олар дене мүшелеріне және қол шыбықтарына түсетін статистикалық жүктемені азайтып, жақсы көңіл-күй туғызады .Сергіту сәттері жетекшілігімен орындалады және әуенмен жасалса тіпті жақсы.
Сегіту сәттерін өткізу әдістемесі әртүлі. Соңғы уақытта ырғақ гимнастикасы ретінде өткізу кеңінен қолданып жүр. Жаттығуларды орындау 1-2 минут. Сонымен қатар ойын түрінде өткізілетін сергіту сәттеріде қызықты өтеді. Ойын түрінде балалар сөздің ырғағын, дәлдігін жақсы меңгереді. Қозғалыстар тақпақтың мазмұнына байланысты жасалады.Тақпақтарды алдын ала жаттатудың қажеті жоқ өйткені оларды жаттығу барысында тез жаттап алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет