Серіктестігі


ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
18
Сондықтан да ғаламдық міндет өркениеттер серіктестігі 
жағдайларында ғаламдық қоғамдастықтың технологиялық 
деңгейін жалпы көтеруді іске асырудан, XXI ғ. технологиялық 
революциясының жемісін тек «алтын миллиардтың» азын-
аулақ  елдері  ғана  емес,  біздің  ғаламшарымыздың  барлық 
өркениеттері  мен  елдері  пайдаға  асыра  алатындай  оның 
түбегейлі инновациялық жаңаруын іске асырудан тұрады. 
Өркениеттер серіктестігінің тиімді тетіктерін құра отырып, 
қазіргі заманғы және келелі технологиялардың авангардтық 
елдерден артта қалған елдерге кеңінен аударылуын реттеп 
алу қажет. 
Қазіргі  заманғы  технологиялық  революцияның  негізгі 
бағыттарының бірі қарудың жаңа буындарын, дәлдігі жоғары 
қару-жарақтың түрлерін жасау болғаны тарихи қалыптасып 
кеткен. бұл XX жүзжылдықта көптеген елдерде көрініс тапқан 
қару-жарақты  жаппай  шығарудың  жаңа  айналымы  үшін 
маңызды фактор болды. 
осы тектес әскери-техникалық революция, сөзсіз, жаппай 
жоюды  көздейтін  қару-жарақтың  түпкілікті  жаңа  түрлерін 
жасау  мен  қолданудың  нәтижесінде  адамзаттың  қырылу 
қаупін тудырады. Сондықтан технологиялық сая сатты ең үздік 
зияткерлік жетістіктер мен қорларды жою және өзін-өзі жою 
қару-жарағын жасау үшін емес, XXI ғ. әлемді жайлап алған 
технологиялық дағдарысты жеңу үшін бұру маңызды міндет 
болып табылады. 
бұл  жүйелік  ауысу  әртүрлі  елдердің  ғалымдарымен, 
саясаткерлерімен,  қоғамдық  және  мемлекет  қайраткер-
лерімен әзірленуі мүмкін. ол XXI ғ. жаңа міндеттер мен қауіп-
қатерлерге  төтеп  беру  үшін  мемлекеттер  мен  өркениеттер 
серіктестігі қағидаларының негізінде құрылуы тиіс. Ғаламдық 
қоғамдастықтың  барлық  жақтарына  қажетті  түбегейлі 
жаңартуды іске асыру, оны жаңа тарихи дәуірдің болмысына 
сәйкестендіру үшін жеткілікті уақыт мүмкіншілігі болуы қажет.

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
19
1.3. ҒАЛАМДЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Біріншіден, бұл стратегия XXI ғ. бірінші жартысындағы 
ғылыми-техникалық революцияның өзегін құрайтын дәуірлік 
және базистік инновацияларды жүзеге асыруға бағдарлануы 
тиіс.  ол  үшін  әртүрлі  елдер  мен  өркениеттердің  күшін  жұ-
мылдыру қажет. 
мен  экономика  бойынша  Нобель  лауреаты  Саймон 
кузнец  айтып  кеткен  және  Ресей  ғалымы  Юрий  Яковец-
пен  толықтырылған  технологиялардың  жаңа  буындарын 
құрайтын жақсартылып жатқан инновациялардың зор саны 
мен  салыстырмалы  аз  базистік  инновациялар  санымен 
қатар, дәуірлік инновациялар  бар болады деген пікірлерге 
қосыламын. олар әр онжылдық сайын пайда бола бермейді 
және жаңа технологиялық құрылыстың негізін құрайды. 
Дәуірлік  маңызы  бар  инновациялар  өндірістің  жаңа 
технологиялық  тәсілдерінің  орнығу  кезіндегі  ауыспалы  ке-
зеңдерінде іске асырылады.  мемлекеттердің қолдауын, ал 
ғаламдық инновациялық серпілістің тұрғысынан – ғаламдық 
қоғамдастық пен халықаралық ұйымдардың қолдауын талап 
ететін  базистік  және  дәуірлік  инновациялардың  клас терін 
қалыптастыру мен жүзеге асыру уақыты тап қазір келіп тұр. 
осындай  инновациялардың  біріне  мен  өндіріс  са-
ласындағы инновациялардың игерілуіне септігін тигізуі тиіс 
қазіргі  заманғы  валюталық-қаржылық  жүйені  түбегейлі 
жаңарту қажеттілігін жатқызамын. бұл проблеманы жуырда 
құрылған өркениеттер серіктестігінің құралы — «үлкен жиырма 
тобы» («G-20») шешіп жатыр. бірақ бҰҰ мен басқалары да, 
соның ішінде ірі аймақтық бірлестіктер де шешуге міндетті 
(бұл жайында анағұрлым толығырақ осы кітаптың төртінші 
тарауында сөз болады). 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
20
XXI  ғ.  бірінші  жартысындағы  ғылыми-технологиялық 
революцияның,  өндірістің  постиндустриялық  технология-
лық  тәсілінің  бірінші  сатысы  ретіндегі  VI  технологиялық 
құрылыстың  орнатылуы  мен  таралуының  өзегін  құрайтын 
базистік  және  дәуірлік  инновациялардың  кластерін  иге-
руді  қолдау  бҰҰ,  бҰҰ  Даму  бағдарламасы  мен  басқа  да 
халықаралық  ұйымдар  қызметінің  маңызды  бағытына  ай-
налуы  тиіс.  мемлекеттер  мен  халықаралық  ұйымдардың 
қолдауынсыз  ғаламдық  технологиялық  серпіліс  мүмкін 
емес, оның жүзеге асырылуы ұзақ кезеңге созылып кетеді, 
елдер мен өркениеттер арасындағы технологиялық қарама-
қарсылықтың күшеюімен сүйемелденетін болады. 
VI  технологиялық  құрылыстың  дайындамалары  аван-
гардтық елдерде ірі қаражаттар бөлінетін нано технология-
лардың  жылдамдатылған  дамуынан  көрініс  тауып  жатыр, 
ол  материалдардың  анағұрлым  тиімді  буындарын  жасау 
үшін ғана емес, адамзаттың өмірі мен іс-әрекетінің көптеген 
салаларындағы жаңа қыруар проблемалардың шешілуі үшін 
де жаңа мүмкіндіктерге дәмелендіреді. бұл құрылыстың бел-
гілеріне сондай-ақ балама және жаңартылатын энергияның 
жаңа түрлерін зерттеу және әзірлеу жатады. 
Қоғамның технологиялық базисін өзгертуге, еңбек өнім-
ділігінің  өсу  қарқынын  жеделдетуге  және  экономикалық 
өсудің  жоғары  қарқыны  үшін  жағдай  туғызуға  мүмкіндік 
беретін технологиялық революцияның басқа да сипаттары 
мен бағыттарын атауға болады. 
VI технологиялық құрылыстың базистік инновацияларын 
игеруге үкімет шеңберіндегілер де, авангардтық елдердегі ірі 
корпорациялар да бағдар ұстап отыр. олар түпкілікті жаңа 
технологияларды  игеруге  ірі  қорлардың  бөлінуі  өнімнің 
әлемдік нарықта жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз 
етуге  мүмкіндік  беретініне,  экономикалық  және  өзге  дағ-
дарыстарды жеңуге көмегін тигізетініне сенім артады. 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
21
Екіншіден, ғаламдық инновациялық серпіліс гуманистік 
сипатта болуы, әлеуметтік бағдарда және ең алдымен адам 
әлеуетінің сапасын көтеруге бағытталуы шарт. Инновациялық 
серпілісті  жүзеге  асыратын,  жаңалықтар  ашатын  және  ірі 
өнер табыстарды қалыптастыратын, шаруашылық өмірдің тә-
жірибесінде оларды жүзеге асыратын адамдардың нақ өзі. 
Йозеф  Шумпетер  кәсіпкердің  жаңашыл  әрі  өндірістің 
тиімділігін көтеретін жаңа ғылыми ойларды тәжірибе жүзінде 
іске асырудың бастамашысы ретіндегі маңызын әділ көрсеткен 
болатын. бірақ инновациялық серпіліс стратегиясын әзірлеп 
шығаратын  және  іске  асыратын  ұлттық  және  халықаралық 
деңгейдегі мемлекеттік қайраткерлер де сол тәрізді жаңалық 
табушыларға айналуы тиіс. 
технологиялық  үрдісті  ізгілендіру  ең  алдымен  білім  
беру жүйесінің инновациялық бағытталуын, белсенді жаңа-
лық  табушылардың  айтарлықтай  санын,  мектеп  қабыр-
ғасынан және студенттік кезден бастап, өндірістік іс-әрекетті, 
мемлекеттік қызметтерді және т.б. қоса алғанда, даярлауды 
қалыптастыруды көздейді. 
медицина  мен  денсаулық  сақтау  салаларында  мың-
жылдық  мақсаттарына  қол  жеткізуге  мүмкіндік  беретін 
ірі  инновациялық  жобаларды  ізгілендіру  зор  маңызға  ие. 
олардың  негізгі  мәні  —  эпидемиялардың  таралуына  жол 
бермеу, оларды түбірімен жоюға қол жеткізу, денсаулықты 
жақсарту  және  халықтың  (сәбиліктен  бастап)  өлім-жітімін 
азайту, белсенді, сау, ұзақ өмір сүру үшін жағдайлар туғызу. 
барлық  елдер  мен  өркениеттер  халқының  құрылымын- 
дағы  егде  адамдар  үлесінің  ұлғаюына  байланысты  бұның 
маңызы артып келеді. 
Сонымен қатар базистік және дәуірлік инновациялар жер 
шарындағы  миллиондаған  халықты  ауыр  дене  еңбегі  мен 
бірқалыпты ой еңбегінен босата отырып, өмірі мен еңбегінің 
жағдайларын жақсартатын және адамның шығармашылық 
белсендігі үшін жағдайлар туғызатын болуы қажет. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
22
Инновациялық серпілісті жүзеге асырудағы білім берудің 
рөлін көтеру міндеттері 2006 ж. шілдеде Санкт-Петербургте 
«сегіздік тобының» («G-8») саммитінде тұжырымдалды. 
Үшіншіден,  ғаламдық  инновациялық  серпілістің  негізгі 
сипаттары  технологиялық  үдерісті  экологияландыру  мен  
ноосфераландыру болып табылады. 
Ғылым мен техника үдерісі сипатының өзгеруі, бір жа-
ғынан,  табиғат  қорларын  анағұрлым  толық  және  тиімді 
пайдалануға,  қоршаған  ортаға  зиянды  шығарындыларды 
күрт азайта отырып, олардың қалдықсыз және аз қалдықты 
технологиялар негізінде кешенді қайта өңделуіне бағытталуы 
тиіс. 
басқа жағынан алғанда, табиғат қорларын энергияның 
балама  көздерімен  және  материалдарымен  барған  сайын 
айтарлықтай алмастыру өндіріске орны толмайтын табиғат 
қорларын  тарту  дәрежесін  азайтуға  және  қоғам  қажет-
тіліктерін  балама  көздердің  есебінен  қанағаттандыруға 
мүмкіндік береді. 
бұл шаралар тек қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың да 
мүдделерін анағұрлым толық ескеруге, олар үшін орны толмас 
минералдық  қорларды,  орман  байлықтарын,  су  көздерін, 
құнарлы жерлерді сақтап қалуға мүмкіндік береді. 
Төртіншіден,  ғылыми-технологиялық  үдерістің  ғалам-
дануы  қазіргі  заманғы  инновациялық-технологиялық 
революцияға тән сипат болып табылады. істің мәні мынада: 
технологиялық  өзгерістердің  өрісі,  тереңдігі  мен  ауқымы 
кең болғанымен, әлемнің ешбір елі, тіпті ең мықты болса да, 
ешбір өркениет технологиялық алға жарып шығудың барлық 
бағыттары бойынша бірінші орынға ие бола алмайды. 
Өзара  байланысты  технологиялық  тізбектер  негізінде 
үдеріске жету үшін әртүрлі елдер мен өркениеттер арасында 
инновациялық  серпілісті  жүзеге  асыру  бойынша  функция-
ларды үлестіру және жалпы технологиялық үдерісті, жалпы 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
23
технологиялық  деңгейдің  көтерілуін,  тиімді  инновациялық 
бірлесуді және ғалами ауқымдағы интеграцияны қамтама- 
сыз  ететін,  бірін-бірі  өзара  толықтыратын  жүйелерді  құру 
қажет. 
Сондықтан  да  VI  технологиялық  құрылысты  ғалам дық 
ауқымда игеруді тездету үшін мемлекеттер мен өркениеттердің 
қазіргі заманғы инновациялық іс-әрекетіндегі еңбек бөлінісін 
қамтамасыз ету қажет. 
Бесіншіден,  инновациялық-технологиялық  серпіліс 
пен  XXI  ғ.  бірінші  жартысында  оны  жүзеге  асырудың  ға-
ламдық  стратегиясының  маңызды  сипаттары  әртүрлі  ел-
дер  мен  өркениеттердің  технологиялық  даму  деңгейлерін 
жақындастыру,  ғаламдық  қоғамдастықтағы  авангардтық 
елдер  мен  артта  қалған  елдер  арасында  қалыптасқан 
алшақтықты жою болып табылады.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
24
1.4. ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ 
САЛАДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК
Серіктестік қағидалары өркениеттердің тіршілік әре кетінің 
маңызды салаларына — ғылымға, білім беруге, мәдениетке, 
діни  аспектілерге  тарайтын  болуы  тиіс. білімге  негізделген 
қоғамға өтуді, инновациялық жаңару мен өндірістің жемісіне 
барлық өркениеттер қол жеткізе алатындай технологиялық 
ілгері жарып өтудің тиімділігін көтеру үшін сенімді негіз жа-
сауды мақсат еткен ғылым саласындағы серіктестікті дамыту 
басымды маңыздылыққа ие. 
еуразиялық өркениеттің өзегін құрайтын тмД елдері — 
Ресей, Қазақстан, Украина, беларусь — орасан зор ғылыми 
әлеуетке  ие.  оны  анағұрлым  белсендірек  пайдалану,  бұл 
іс-әрекетке ірі мамандарды, сарапшыларды, сондай-ақ да-
рынды жас ғалымдарды тартуға ықпалдасу қажет. Ғаламдану 
жағдайларындағы қоғамдық үдерісті жүзеге асырудың осы 
маңызды саласындағы серіктестікті дамыту қажет. 
бұл салада жоғарыда аталып кеткен Франсуа Гизо мен 
томас бокль, Николай Данилевский мен освальд Шпенглер, 
Арнольд  тойнби  мен  Питирим  Сорокин  сияқты  көптеген 
елдердегі ғалымдардың жетістіктері әйгілі. 
Алайда ғалымдардың, зияткерлік элитаның басты мін-
деті теорияны әзірлеп, өркениеттер тарихын зерттеуден ғана 
емес, болашақтың сценарийлерін болжаудан да тұрады. бҰҰ, 
ЮНеСко  және  т.б.  сияқты  жетекші  халықаралық  ұйымдар 
тұлғасындағы  әлемдік  қоғамдастық  өркениеттер  сұхбаты 
мен  серіктестігі  негізінде  жасалған  дәлелді,  ұзақ  мерзімді 
стратегияға, соның ішінде XXI ғ. ортасына дейінгі кезеңге — 
«Өркениеттер болашағы» болжамының әзірленіміне ие болуы 
мүмкін еді. 
осы тұрғыда бҰҰ-ның «2050 ж. дейінгі қоғамның энерго-
экологиялық стратегиясы» ғаламдық болжауын дайындаудың 
маңызы арта түседі (2-тарауды қараңыз. –Авт.). 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
25
Адам әлеуетінің сапасын, еңбектің жемістілігі мен тиім-
ділігін анықтайтын білім беру саласындағы серіктестіктің рөлі 
орасан зор. табысы төмен елдерде әсіресе әйелдер арасында 
сауатсыздардың үлесі айтарлықтай көп, қазіргі заманғы техно-
логияларды игеру үшін кадрлар тапшылығы бар, бұл өз алды-
на технологиялық және экономикалық артта қалушылықтың 
ең басты себептерінің бірі болып табылады. 
Әлемде 15 жас пен одан үлкен тұрғындар арасындағы 
сауатсыздар саны жүздеген миллионға жетеді. бұл мәселе  
2006 ж. шілдеде Санкт-Петербургте өткен «үлкен сегіздік» 
(«G-8»)  көшбасшыларының  кездесуінде  талқылануы 
кездейсоқ емес, сол кезде «білім беру – ғылым – иннова-
циялар»  триадасының  дамуы,  білім  беру  үрдісін  қайта 
құру, оған инновациялық сипат беру, артта қалған елдерде 
сауатсыздықты  жою  бойынша  негізгі  бағыттар  белгіленген 
«XXI ғасырдың инновациялық қоғамдары үшін білім беру» 
құжаты қабылданған болатын [2]. 
бүгінгі таңда кімді даярлау қажет екенін білу үшін білім 
беру саласындағы өркениеттер серіктестігінің маңызды мәні 
ғаламдық болжамдар негізінде бастауыш, орта және жоғары 
білім беру стандарттарын әзірлеу болып табылады деп са-
наймын. 
ЮНеСко 2015 ж. дейін көзделген және білім беру са-
ласында  бҰҰ  мақсаттарына  жетуге  бағытталған  «баршаға 
білім  беру»  халықаралық  бағдарламасын  іске  асырады. 
бұл бағдарламаны іске асыруға білім беруде едәуір әлеуеті 
бар  елдер  белсенді  қатыса  алады.  Сондай-ақ  білім  беру 
бағдарламалары  мен  Интернет  сайттары  XXI  ғ.  сай  болуы 
үшін олардың қазіргі заманға сәйкес мазмұнын қамтамасыз 
ету маңызды. осы міндеттерді шешуге ЮНеСко септігін тигізсе 
жөн болар еді. 
біздің елімізде ұлттық саясатты жүзеге асыру қазақ тілі мен 
мәдениетін дамыту міндеттерін шешпей мүмкін емес деген 
сеніміме берікпін. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
26
Өткен  жылдар  ішінде  қазақ  тілі  мен  мәдениетінің  рө-
лін  қазақстандық  қоғамда  шыдамдылық  пен  халықтар 
арасындағы достық саясатының іргетасы ретінде саналы түрде 
түсіну орын алғаны мен үшін аса маңызды. 
Сонымен бірге біз еліміздің ғаламдық әлемге бірігудің 
маңызды  шарты  ретінде  орыс  тілін  қолдау  саясатын  бұ-
рынғыша жүргізе бермекшіміз. 
Сондай-ақ қазіргі заманға сай болу үшін бізден ағыл шын 
және  басқа  да  шет  тілдерін  білу  талап  етілетінін  тү сінуіміз 
қажет. Жаңа ұрпақ өркениеттер тарихы, олардың арасындағы 
сұхбат пен серіктестік туралы дәйекті әрі толық білім алғаны 
маңызды. оны біздің тарихи және мәдени мұрамыздың сим-
волы  болып  табылатын  қазақ  халқының  даңқты  ұлы  және 
мысыр мен Сирияның XIII ғ. көрнекті басқарушысы — аты 
аңызға айналған мұсылман басқарушысы әз-Захир бейбарыс 
Сұлтанның мысалынан байқауға болады. ол моңғолдардың 
мұсылмандық Шығысқа және христиандық батысқа шапқын-
шылығын  тоқтатып,  таяу  Шығыстағы  кресшілердің  күл-
талқанын  шығарды.  бейбарыс  Сұлтанның  жетістіктерінің 
ішінен оның ғылым мен білім беруге, өнер мен сәулет өнерін 
дамытуға айрықша назар аударып, жақтаушылық танытқанын 
ерекше көрсетуге болады. 
Өркениеттер  тарихында  көптеп  кездесетін  осы  тектес 
фактілер  қазіргі  заман  саясаткерлері,  қоғамдық  және  діни 
қайраткерлері үшін рухтандырушы мысалға айналуы тиіс. 
мәдениет саласында да шешуді талап ететін міндеттер -
дің күрделілігі еш кем түспейді. бұл — мәдени алуан түрлілікті, 
бүкіләлемдік  және  ұлттық  мұраны  сақтау,  мәдениеттер 
арасындағы сұхбатты және өзара байытуды дамыту. ЮНеСко-
ның бас конференциясы 2005 ж. қарашада мәдени алуан 
түрлілік  туралы  жалпыға  ортақ  декларацияны  қабылдады. 
онда мәдениет қоғамға немесе әлеуметтік топқа тән руха-
ни және материалдық, зияткерлік және эмоциялық ерекше 

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
27
белгілердің  жиынтығы  ретінде  кең  тұрғыдан  қарастыры- 
лады [3]. 
Өнер  мен  әдебиеттен  бөлек  мәдениет  сондай-ақ  өмір 
кейпін,  құндылықтар  жүйесін,  бірге  өмір  сүру  қабілетін, 
дәстүрлер мен нанымдарды қамтиды. Декларацияда мәдени 
алуан  түрлілікті  құрметтеу,  шыдамдылық,  тілдесу  мен 
ынтымақтастық, сенім мен өзара түсінушілік бейбітшілік пен 
халықаралық қауіпсіздіктің ең жақсы кепілі болып табыла-
тыны ерекше аталып көрсетіледі. Сонымен ақпараттық және 
коммуникациялық технологиялардың жылдам өсуімен си-
патталатын ғаламдану үрдісі мәдени алуан түрлілік үшін қиын 
міндет болып табылады, бірақ сонымен қатар мәдениеттер 
мен өркениеттер арасындағы жаңа сұхбат үшін жағдайлар 
туғызады. 
Әлемдегі  Интернет  пен  телекоммуникациялық  торап-
тардың шапшаң таралуымен байланысты жаңа мүм кіндіктер 
мен жаңа қайшылықтарды атап кеткен жөн. 
бір жағынан, ол жүздеген миллион адамдар үшін және 
ең алдымен жастар үшін қажетті ақпаратқа тез әрі таңдаулы 
қол  жеткізу  мүмкіндігін  береді.  екінші  жағынан,  Интернет 
арқылы  келетін  ақпараттың  қазіргі  мазмұны  бүкіл  дүние 
жүзіне  батыстың  құндылықтар  жүйесін  таратуды  көздеп 
отыр,  зорлық-зомбылық  көріністеріне  толы,  ұлттық  және 
өркениеттік  төл  ерекшеліктерінің  ұмыт  болуына  ықпалын 
тигізеді.
Қазақстан бай көпұлттық мәдениетке ие, мәдени алуан 
түрлілікті сақтау мен мәдениеттер арасындағы сұх батты да-
мыту үшін шаралар қабылдайды. 
екі  бағдарламадан  тұратын  цикл  осы  шараларды  іске 
асырудың  бір  түріне  айналды:  «мәдени  мұра»  —  алғашқы 
мемлекеттік бағдарлама 2004–2006 жж. жүзеге асырылды, 
екінші 2007–2009 жж. арналған салалық бағдарлама қазіргі 
күнде жүзеге асырылуда. бағдарламалардың нәтижелері еу-
ропа мен Азия мәдениеттерінің ортақтығын растады. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
28
бағдарламалардың оң тәжірибесін ескере отырып, менің 
тапсырмам  бойынша  2009–2011  жж.  арналған  «мә дени 
мұра» стратегиялық ұлттық жобаның концепциясы әзірленді. 
егер алғашқы бағдарламалар Азия мен еуропаның орасан 
зор мәдени мұрасын іздеп табу, иелену, жинақтау, зерттеу-
мен сипатталатын болса, ұлттық жобаның міндеттері оларды 
қоғамның игілігіне айналдыруда жатыр. 
Әлеуметтік-мәдени  құндылықтар  жүйесінің  маңызды  
құрам бөлшектерінің бірі дін болып табылады. Діни көзқа-
растар дінге сенген адамдардың мұраты мен ұмты лыстарын 
білдіреді, жүріс-тұрыс нормаларына себепші болады. Әлемдік 
діндердің  негізінде  өнегелілік  нормалары,  атап  айтқанда, 
шыдамдылық пен өзара түсінісушілік, отбасы босағасының 
беріктігі, зорлықсыздық, дінге шыдамдылық жатыр. 
Сонымен  бір  мезгілде  діни  төзімсіздік,  фанатизм  мен 
экстремизм  өркениетаралық  қақтығыстардың,  қантөгісті 
соғыстардың, өзге дінді ұстанушыларды қудалаудың, ксено-
фобияның себебіне жиі айналады. 
Соңғы онжылдықтарда рухани өмірдің бұл саласында, 
әлемдік діндердің қайта өркендеуінің және олардың ұлттық 
және халықаралық өмірдегі рөлінің күшеюі үстінде екі қарама-
қарсы беталыс байқалады. 
олардың біреуі діндер арасындағы өзара түсіністік пен 
сұхбатқа ұмтылыстан, негізгі әлемдік проблемалар бойын-
ша  олардың  ұстанымдарын  жақындастырудан,  өзге  дінге 
сенушілер  мен  дінге  сенбейтіндерді  құрметтеуден  тұрады. 
басқасы  —  дінге  сенушілердің  ішінде  діни  фанатизм  мен 
экстремизмді  күшейтуден,  «дінге  сенбейтіндерге»  қарсы 
күрестің  туы  астында  халықаралық  лаңкестікті  қолдаудан, 
дінге  негізделген  мемлекеттер  құруға  талпынудан  тұрады. 
екінші  беталыс  аса  қауіпті  және  әлемдік  қауымдастық- 
тың, саяси және зияткерлік элитаның қарсыластығын туды-
рады.

Т
ҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРУ МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПІШІНДЕРІ
29
Қазақстан зайырлы көпұлтты мемлекет болып табылады. 
мемлекеттің  конституциялық  негізі  —  ар-ұждан  еркіндігі, 
барлық діндерді, нанымдарды құрметтеу, қандай діннің атын 
жамылып жүрсе де экстремистік көзқарастарды жою.
біздің  діндер  арасындағы  сұхбатты  дамыту  үшін  жұм-
сайтын күшіміз аз емес. осы күнге дейін Әлемдік және дәстүрлі 
діндер көшбасшыларының үш съезі, мұсылман және батыс 
елдерінің сыртқы істер министрлерінің «ортақ дүние: алуан 
түрлілік арқылы үдеріс» форумы өткізілді. Қазақстан бҰҰ-ға 
2010 ж. мәдениеттер мен діндерді жа қындастыру жылы деп 
жариялау ұсынысын жасады. 
бҰҰ бас Ассамблеясының 60-шы сессиясында екі қарар 
қабылданды: «бейбітшілік мақсатындағы дінаралық сұхбат 
пен ынтымақтастықты ынталандыру» және «Діни және мә-
дени өзара түсінушілікті, үйлесімділік пен ын тымақтастықты 
мадақтау». бұл құжаттарда адамдардың діни алуан түрлілі-
гіне  қарамастан  олардың  арасындағы  өзара  түсінушілік, 
шыдамдылық пен достықтың наным дары, мәдениеттері мен 
тілдерінің маңыздылығы айрықша көрсетіледі. мәдени және 
тілдік,  этникалық  және  діни  алуан  түрліліктің  көріністеріне 
шыдамдылық  таныту,  сондай-ақ  өркениеттер  арасындағы 
тілдесу бейбітшіліктің, өзара түсі нушіліктің және елдер мен 
халықтар  арасындағы  достықтың  қажетті  шарттары  болып 
табылатыны айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет