Серіктестігі



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата28.12.2016
өлшемі5,95 Mb.
#637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

71
береді. АҚШ-та энергияның қайта жаңартылатын көздерінің 
өндірісін 2020 ж. қарай 5 есе ұлғайту белгіленген. 
күн сәулесі сарқылмайтын дерлік энергия көзін береді. 
біздің  ғаламшарымыз  қабылдайтын  күн  радиациясының 
жалпы  қуаттылығы  1.7-1014  кВт  құрайды,  ол  қазіргі  за-
манғы  әлемдік  энергия  тұтынудан  14000-нан  аса  көп.  бұл 
зор қуаттылық Рим клубының бағалауы бойынша, 3-1011 
кВт құрауы мүмкіндігі шектен тыс және де қол жеткізерлігі 
екіталай  адамзат  өркениетінің  қажеттіліктерінен  шамамен 
500 есе асады. 
егер бір жыл ішінде біздің ғаламшарымыз алатын бүкіл 
күн энергиясын бағалайтын болсақ, онда ол 1018 кВт-сағ. 
жетеді,  ол  болса  барлық  барланған  және  болжамды  қаз- 
балы отынның, соның ішінде ыдырағыш заттектердің энергия-
сынан 10 есе көп. 
Жерге  түсетін  жалпы  күн  радиациясы  мөлшерінің  ша-
мамен  алғанда  30%-ы  дереу  ғарышқа  қысқа  толқынды 
сәулелену  түрінде  шағылысатынын  және  адамдар  эколо-
гия салдарынсыз пайдаланылуы мүмкін екенін атап кеткен 
маңызды. 
егер мысал ретінде Нью-Йорк сияқты өте энергия сіңі-
рімді қаланы алатын болсақ, онда оның аумағына түсетін күн 
энергиясының мөлшері сол қаланың бүгінгі күндегі пайдала-
натын энергиясынан 20 есе артық. 
Ал қазіргі бүкіл әлемдік энергия тұтынуды қамтамасыз ету 
үшін шамамен 600x600 км аудандық күн батареясын жинау 
қажет, бұны іске асыру әбден мүмкін. 
біздің  ғаламшарымызға  күнмен  жеткізілетін  энергия 
адамзаттың  2050  ж.  қарай  энергетикалық  қажеттілігінен  
10 мың есе артық. Қайта жаңартылатын энергияның осындай 
келешегін ескере отырып, бүгінгі күні 50-ден астам ел арнайы 
мемлекеттік бағдарламаларды қабылдады. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
72
3­сур. Әлемдік энергиямен қамтамасыз етудің даму болжамы [9]
Қайта жаңартылатын энергетиканың қызығушылық ту-
дыратыны бірнеше жағдаймен байланысты:
ол энергетикалық тәуелсіздік тұрғысынан алып қа рағанда, 
 •
ғаламшарымыздың әрбір нүктесіне қолжетімді, барлық 
елге жағымды; 
бұл  өспелі  ауқымда  пайдалануға  болатын,  қоршаған 
 •
ортаға еш кері әсері жоқ экологиялық таза энергия көзі;
бұл  миллион  жылдан  кейін  де  қолжетімді  болып  қала 
 •
беретін сарқылмас дерлік энергия көзі. 
Дәстүрлі  энергетикаға  қарағанда  қайта  жаңартылатын 
энергетика тау-кен, мұнай немесе газ өндіретін салалардағы 
қуатты кен орындарының болуын және энергия тасушылар-
ды үнемі сатып алуды талап етпейді. Сарқылмайтын табиғи 
қорлардың  бірі:  су  қорлары,  биомасса,  жел  бел демдері, 
қарқынды күн сәулесі, геотермалдық көздер және басқалары 
бар болған жерде оның мүмкіндігі зор. 
бұл  энергетикалық  көздер  энергия  тасушылардың 
әлемдік  бағасынан  тәуелсіз  экологиялық  таза  энергияны 
жинақтап шығарудың негізін қалайды және экономиканың 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
73
тұрақты дамуына, ең алдымен, бүкіл әлем халқының 80%-ы  
тұрып  жатқан,  бірақ  Жердегі  өндірілетін  энергияның  тек 
30%-ын ғана тұтынатын дамушы елдер үшін зор келешекке 
жол ашады. міне, осы елдерге көмек көрсету үшін де қайта 
жаңартылатын  энергетика  технологияларын  трансферттеу 
бойынша өркениеттер серіктестігі қажет етіледі. 
осыны  ескере  отырып,  мадагаскардан  кейінгі  екін-
ші  орында  кремний  шикізатының  қорларына  ие  болатын 
Қазақстанда  отандық  және  ең  үздік  шетелдік  технология-
лардың  негізінде  шикізаттан  бастап  күн  сәулелік  жә не 
жіңішке үлдірлік элементтердің тауарлық түрлерін шығаруға 
дейінгі толық кремнийлік цикл барысында күн энергиясының 
өндірістік кластерін құру бойынша жұмыстар өрістетіліп келеді. 
Э
НЕРГИЯНЫҢ
 
БАЛАМА
 
КӨЗДЕРІ
 
Энергияның  балама  көздеріне  мен  атомдық,  термо-
ядролық және сутектік энергетиканы жатқызамын. олардың 
минералды шикізатты жағудың дәстүрлі энергиялық техно-
логияларына  баламалығы  —  оларда  атмосфераға  зиянды 
заттектердің көптеп шығарылуымен сипатталатын жану үрдісі 
болып табылмайтынында.
Ал олардың баламалығының екінші аспектісі минерал дық 
шикізаттың сарқылған жағдайында, оған да жету алыс емес, 
олар өркениетті энергияның қажетті мөлшерімен қамтамасыз 
ете алатынында жатыр. Сондай-ақ атомдық энергетика оны 
бүгінгі күннің өзінде-ақ, ал термоядролық энергетика келе-
шекте жасай алады. Атомдық электр станцияларын пайдалану 
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, термоядролық энергетиканың 
техникалық  мәселелерін  шешу  бойынша  зерттеу  мен 
тәжірибелік жұмыстарды бір мезгілде және үздіксіз жүргізу 
қажеттілігі басқа әңгімеге жатады. ең алдымен атомдық энер-
гетика келешегін қа растырайық. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
74
Сарапшылардың бағалауы бойынша, екі онжылдықтан 
кейін-ақ  әлемде  энергия  өндіру  үшін  әртүрлі  көмірсутекті 
отынның алуан түрлерінің жетіспеушілігі қатты сезілетін бо-
лады. осы кезеңде тек атомдық энергетика ғана адамзаттың 
ұдайы  өсіп  жатқан  ғаламдық  қажеттіліктерін,  ғаламшар 
климатына  ғаламдық  әсер  тигізетін  отынның  көмірсутектік 
түрлеріне  тән  көшет  газдарының  шығарындыларынсыз, 
мыңжылдықтарға қанағаттандыруға қабілетті. 
Атомдық энергетиканың дамуы — бәрі үшін болмаса да, 
әлемнің көптеген елдері үшін келешекте болмай қоймайтын 
үрдіс. басқа сұрақ: қандай да болмасын ел өзінің атомдық 
энергетикасын  қашан,  қандай  қарқынмен  және  қандай 
ауқымдарда дамытуы тиіс? Өткен уақыт ішінде ядролық энер-
гетика жоғары техникалық және экономикалық көрсеткіштерге 
жетті.  Қазіргі  уақытта  әлемде  АЭС-тың  442  энергетикалық 
блогы пайдаланылуда, тағы да 30 энергетикалық блоктың 
құрылысы жүріп жатыр. көрсетілген барлық энергетикалық 
блоктардың  белгіленген  қуаттылығы  —  шамамен  370  ГВт. 
Сондағы эксплуатациялық тәжірибе 12 мың реакторлық жыл-
ды құрайды. Қазіргі уақытта әле ми АЭС-тарда бүкіл әлемдік 
электр энергиясының 17% шығарылады. 16 елде ядролық 
энергетиканың үлесі 25%-дан асады. Францияда ол шамамен 
80% құрайды. 
мАГАтЭ  сарапшылық  бағалаулары  2020  ж.  қарай 
жиынтық қуаттылығы 430 ГВт және жылдық электр энергия- 
сының шығарылымы 3032 млрд кВт-сағ. дейінгі энергетика-
лық  блоктардың  құрылысы  салынады  деп  болжайды,  ол 
әлемдік энергия балансының 30%-ға дейінін құрайды. 
Ядролық  электр  энергиясын  өндірудегі  әлемдік  көш-
басшылар: АҚШ (788,6 млрд кВт-сағ./жыл), Франция (426,8 
млрд  кВт-сағ./жыл),  Жапония  (273,8  млрд  кВт-сағ./жыл), 
Алмания (158,4 млрд кВт-сағ./жыл) және Ресей (154,7 млрд 
кВтсағ./жыл). 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
75
4-суреттен көріп отырғанымыздай, «Үш миль аралын-
дағы» АЭС апатынан (АҚШ, 1979 ж.) және 1986 ж. сәуірдегі 
Чернобыль  АЭС  апатынан  кейін  жаңа  АЭС  құрылыстары 
тоқтатылды десе де болады. 
мораторий кезеңі 2005 ж. дейін жалғасты, бірақ энерго-
экологиялық  дағдарыстың  қысымымен  әлемнің  көптеген 
елдері бүгінгі таңда атомдық энергетикаға қатысты саясат-
тарын  қайта  қарастырып  жатыр  және  дүниеде  «атом дық 
Ренессанс» байқалуда. 
Әлемдік энергетика дамуының беталыстарына жасалған 
талдау атомдық энергетикадағы тоқыраушылық кезең аяқ-
талғанын және оның келешекте шу шығарарлық жаңа үдерісі 
басталғанын  көрсетеді.  Қазақстан  оған  дайын,  өйткені 
урандық шикізаттың қажетті қорлары мен АЭС құрылысын 
салу және оны іске қосу үшін қажетті мамандары бар. 
бірақ  атомдық  энергетиканың  мәселесі  күңгіртсіз 
емес. «Қос мақсаттылық» мәселесі қалып отыр, сондай-ақ 
оны  бейбіт  пайдалану  үшін  бірлескен  шаралар  қажет.  бұл 
тұрғыдан  алғанда  оң  тәжірибе  бар,  мысалы,  Қазақстан 
мен әлемдік қоғамдастық Семейдегі ядролық полигонның 
жабылуының 20 жылдығын өтті. 
Әлемнің көптеген елдерінде, әсіресе  еуропада, радио-
активті қалдықтар мен пайдалану қауіпсіздігімен байланысты 
әлі күнге дейін оған қатысты жағымсыз көзқарас сақталады. 
бұл жағымсыз көзқарастан тек өркениеттер мен мемле-
кеттер серіктестігінің негізінде арылуға болады. бұл тұрғыда, 
менің  пікірім  бойынша,  серіктестік  қалдықтарды  көмудің 
бүкіләлемдік қоғамдастық үшін өзара тиімді технологияла-
рын іздеуге, сондай-ақ пайдалану қауіпсіздігіне және мүмкін 
апаттардың  салдарын  жедел  жоюға  кепілдік  беретін  АЭС 
қауіпсіздігін бағалау критерийлерін шығаруға бағытталуы 
тиіс. 
Жеке-жеке бұл мәселелерді шешу бірде-бір мемлекеттің, 
бірде-бір өркениеттің қолынан келмейді.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
76
4­сур. Ғаламдық ядролық энергетиканың даму тарихы: 
а) барлық АЭС­тердің жалпы қуаттылығы; 
б) әрекеттегі АЭС­тердің жалпы саны [9] 
Ж
АҢА
 
ЭНЕРГИЯ
 
КӨЗДЕРІНІНІҢ
 
ТҮПКІЛІКТІ
 
ҚАЖЕТТІЛІГІ
 
Энергоэкологиялық мәселенің оңтайлы шешімін іздеуде  
өркениет тұтынуды оңтайландыру мен энергия сақтау тиімді-
лігін  арттырудан  бастап,  энергияның  қайта  жаңартылатын  
және  балама  көздерін  инновациялық  дамытуда  қазіргі 
күні біздің әлі де хабарымыз жеткіліксіз, бірақ оларға жол 
салуымызға тура келетін, түпкілікті жаңа энергия технология-
ларын құруға дейінгі барлық тәсілдердің қолданылуы тиіс. 
түпкілікті жаңа энергия технологияларын әзірлеу қажет-
тілігі мына жағдайлардан келіп шығады: 
1.  табиғат қорларын ұтымды пайдаланудың және энер-
гия сақтаудың жоғарыда қарастырылған нұсқалары энерго-
экологиялық  мәселенің  қабынуын  басады,  бірақ  энерго-

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
77
экологиялық мәселенің шешілетініне 100%-дық сенімділік 
бермейді. 
2.  Қайта  жаңартылатын  энергия  көздерінің  —  жел 
энергетикасының, күн энергетикасы мен гидроэнергетиканың 
экологиялылығы минералдық шикізат негізіндегі энергетикаға 
қарағанда едәуір жақсырақ. Алайда энергияны өндіру, оны 
түрлендіру  мен  тұтынушыға  тасымалдау  дәстүрлі  энергия 
көздерін пайдаланудағыдан гөрі біршама көп шығындарды 
талап етеді. Яғни қайта жаңартылатын энергетика бүгінгі күні 
бизнес үшін қажет емес. Ал бұл көп нәрсені, атап айтқанда, 
оған мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігін білдіреді. 
3. балама энергетика — атомдық, термоядролық және 
сутектік  энергетика  —  қауіпсіздік  пен  қалдықтарды  кәдеге 
жарату мәселелерімен де қиындатыла түседі. тек 1 т урандық 
отынның өзі 2154 т радиоактивті қалдықтарды түзеді. 
Жалпы  қорытынды:  энергия  сақтаушы  технологиялар-
ды  инновациялық  дамытудың,  қайта  жаңартылатын  және 
балама  энергия  көздерін  дамытудың  энергоэкологиялық 
мәселесінің асқынуын басуға мүмкіндігі бар, бірақ олардың 
айқын өнеркәсіптік шешімі жоқ. 
Энергоэкологиялық  мәселенің  болашақтағы  өнер-
кәсіптік шешімі мүдделі елдер экономикаларының бәсекеге 
қабілеттілігін, бизнес үшін тартымдылығын көтеру арнасында 
жатуы шарт. 
бұл ойды әрі қарай дамыта отырып, бизнесті — адамдар-
ға қажетті және қолжетімді тауарлардың тауарлық өндірісі 
деп  айтуға  болады.  Және  де  қоғам  алдында  пайда  бола- 
тын  мәселелердің  ең  тиімді  шешімдерінің  барлығы  дерлік 
мәселені адамдарға қажетті және қолжетімді тауарларға ай- 
налдыратын технологияларды жасау арқылы іске асырылады. 
ежелгі уақытта жүру кезінде аяқты зақымданудан қорғау 
үшін аяқ киім мәселесі тап осылай шешілген болатын. киім-
кешек,  тұрғын  үй,  қару-жарақ  және  басқа  мәселелер  де 
осылай шешілді. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
78
Қазіргі күні байланыс мәселелері ұялы телефондардың 
тауарлық  түрлерін  жасап  шығару  арқылы,  ал  көліктік 
мәселелер  жеке  автомобильдерді  жасап  шығару  арқылы 
шешіледі. 
Энергоэкологиялық мәселе де осы сияқты шешілуі мүмкін 
— болашақта ол экологиялық таза жеке энергия көздеріне ай-
налдырылуы тиіс, бұндағы шарт: олардың жекелігі телефон-
ның,  автомобильдер  мен  компьютерлердің  жеке-даралы- 
ғынан кем болмауы тиіс. 
Энергияның жеке көздері пайдаланушылар үшін барын-
ша ыңғайлы және әрдайым қол жетімді болуы қажет. 
Әлемде бұл бағытта не істеліп жатыр? бүгінгі күні ғалым-
дардың  көптеген  ұжымдары  энергия  көздерінің  жекелік 
дәрежесін  арттыру  бойынша  жұмыс  істеуде.  мысалы,  күн 
батареяларынан  жасалған  «кремнийлік  қоршама»,  акку-
муляторлардың  сыйымдылығын  көтеру,  шағын  атом  стан-
цияларын жасап шығару, суық термоядролық синтез, жеке 
бөлмелер  мен  үйлерді  жылыту  үшін  автономдық  сутектік 
құрылғылар және т.б. 
Алайда  бұл  әзірлемелердің  бизнесті  айтарлықтай 
қызықтыру үшін жекелік дәрежесі әлі де өте төмен. Сондай 
әзірлемелерді  ғаламдық  қоғамдастықтың  мемлекеттік- 
жеке  серіктестік  негізінде  бизнеспен  бірлескен  қаржы-
ландыруы жағынан едәуір көмегі қажет. 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
79
2.3. ҒАЛАМДЫҚ ЭнЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
СТРАТЕГИЯнЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
 
Ғ
АЛАМДЫҚ
 
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
 
СТРАТЕГИЯНЫ
 
ӘЗІРЛЕУ
 
ҚАЖЕТТІЛІГІ
 
«Өркениет СтРАтеГИЯСы пайда болғаны, — деп жазады 
Н. моисеев, — өте маңызды және де ол қажетті түрде табиғат 
Стратегиясымен келісілген болуы шарт. бұл адамзат тарихына 
оның құдіретінің өсуімен бірге келетін сапалы түрде жаңа 
нәрсе. бізді тек экологиялық қана емес, өркениеттік дағдарыс 
та күтіп тұр» [4].
бұндай  Стратегияның  қажеттілігі  келесі  факторлар 
күшімен туындайды. 
Біріншіден,  XXI  ғ.  басынан  бастап  ғаламдық  энерго-
экологиялық дағдарыстың белгілері үдеп келеді: 
қазбалы  отынның  ең  жақсы  кен  орындарының  сарқы-
 •
луына байланысты келешекте қанағаттандырыла алмай-
тын энергияға деген сұраныс жоғары қарқынмен өсуде; 
отынға  кететін  шығындар,  әлемдік  және  ішкі  бағалар 
 •
бірнеше есе өсті, ол болса экономиканы қазіргі жағдайға 
қарай өзгерту мен халықтың өмір деңгейін көтеру мүм-
кіндіктерін  шектейді,  әсіресе  жан  басына  шаққандағы 
табысы төмен елдер мен өркениеттерде
этанол өндірісін өсімдік шикізаты есебінен ұлғайту тал-
 •
пыныстары,  көптеген  зерттеушілердің  пікірі  бойынша, 
әлемдік  азық-түлік  дағдарысы  себептерінің  біріне  ай-
налды; 
атмосфераны  көшетхана  газдарымен  ластау  күшейіп 
 •
келеді, әсіресе қытай және үнді өркениеттерінің ұлғайып 
жатқан  экономикалары  тарапынан,  ол  қолайсыз  кли-
маттық  өзгерістерге,  экологиялық  апаттардың  қауіп-
қатеріне алып келеді;

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
80
геоса
 •
яси  экономикалық  бақталастық  пен  энергия  қор-
ларына қол жеткізу үшін күрес өршуде. 
Қалыптасқан  жағымсыз  беталыстар  жуықтағы  екі  он-
жылдықта өсе беріп, елдер мен өркениеттердің тұрақты даму 
негіздерін бұзатын болады. 
Екіншіден, ұзақ мерзімді ғаламдық энергоэкологиялық 
дағдарыстан  шығу  жолы  тек  өркениеттер  серіктестігінің 
негізінде  ғана  табылуы  мүмкін,  өйткені  оны  жеңіп  шығу 
үшін  біздің  бәрімізге  бірігіп,  негізгі  сипаттамалары  төмен-
дегідей  болатын  өндіріс  пен  тұтынудың  ноосфералық 
энергоэкологиялық тәсілін жасап шығаруымыз керек: 
өндірісте, көлікте, тұрғын үй-коммуналдық және үй ша-
 •
руашылығында энергия сақтаушы технологияларға кең 
көлемде ауысу; 
қазбалы  отынның  жаңартылмайтын  қорларын  келер 
 •
ұрпақ үшін үнемдеу, кешенді қайта өндіру және сақтау
қазбалы  отынды  энергияның  балама  және  қайта  жа-
 •
ңартылатын экологиялық таза көздерімен кең көлемде 
алмастыру; 
экомониторинг арқылы ғаламшарлық шараларды іске 
 •
асыру,  атмосфераға  тарайтын  көшетхана  газдарының 
шығарындыларын едәуір азайту, жаһандық жылыну мен 
климаттың жағымсыз өзгерістері бойынша ғаламшарлық 
шараларды жүзеге асыру. 
Үшіншіден,  VI  технологиялық  жөн-жосықтың  қор  сақ-
таушы технологияларын игеру мен тарату бойынша базистік 
инновациялар кластерін жасау өндіріс салаларын, энергия 
беру мен тұтыну жүйелерін қазіргі заманға сай өзгерту мен 
экологияландыруға  ірі  қаржы  құюды,  барлық  елдер  мен 
өркениеттер  серіктестігінің  басында,  ғаламдық  азаматтық 
қоғам  институттарымен  олардың  қызметтерін  қадағалай 
отырып, күш біріктіруді талап етеді. 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
81
бұндай  міндеттерді  жалғыз  шешу  бірде-бір  жеке 
алынған елдің, бірде-бір аймақтық экономикалық бірлес-
тіктің қолынан келмейді. олар тек барлық өркениеттер мен 
мемлекеттердің серіктестігі негізінде ғана шешіледі. 
бұл бҰҰ-ның, оның ұйымдары – бҰҰДб, ЮНеП-тің рө лін 
және XXI ғ. екінші тоқсанында ғаламдық тұрақты даму ірге- 
тасы ретіндегі өндіріс пен тұтынудың ноосфералық энерго-
экологиялық тәсіліне ғаламшар ауқымында ауысуды қамта-
масыз ететін ұзақ мерзімді ғаламдық стратегияның әзірле- 
нуі мен жүзеге асырылуы үшін жауапкершілігін бірден арт-
тырады. 
Энергетикалық және экологиялық дағдарыстарды жеңіп 
шығу бойынша шаралар жүйесін әзірлеу мен бҰҰ шақыратын 
арнайы конференцияларда талқылау қажеттілігі Жапонияда 
2008 жылға шілдеде өткен «G-8» саммитінің құжаттарында 
айрықша көрсетілген.
Қазақстандық  және  ресейлік  ғалымдармен  әзірленіп 
жатқан «2050 жылға дейінгі өркениеттер болашағы» атты 
ғаламдық болжам да талқылауға негіз бола алады. 
«G-8» 
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
 
СТРАТЕГИЯСЫ
 
Ғаламдық  ұзақ  мерзімді  стратегияны  әзірлейтін  жә-
не  жүзеге  асыратын  басты  мемлекетаралық  органдар 
біріккен  Ұлттар  Ұйымы  мен  әлемдік  жетекші  державалар 
көшбасшыларының тобы – «G8» тобы болып табылады. 
бҰҰ  және  оның  органы  —  ЮНеП  экология  мен  адам-
заттың  тұрақты  дамуы  саласында  экологиялық  болжам 
жасаумен  және  ғаламдық  стратегиямен  айналысады.  
1972  ж.  қоршаған  орта  бойынша  Стокгольм  конферен-
циясынан  кейін,  әсіресе  1992  ж.  Рио-де-Жанейрода  өткен 
тұрақты даму барысындағы бүкіләлемдік саммиттен кейін 
ғаламдық  экологиялық  апатқа  алып  келетін  қоршаған 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
82
ортаның ластануын азайту бойынша шаралар бағдарламасы 
әзірленген  болатын.  олардың  материалдары  бойынша  
2002 ж. Йоханнесбургтегі тұрақты даму стратегиясы бүкіл-
әлемдік  саммитте  нығайтылып,  дамытыла  түскен  тұрақты 
дамудың ұзақ мерзімді стратегиясы әзірленді, ол жерде бұл 
стратегия  энергетикамен  анағұрлым  тығыз  байланысты-
рылды. 
Алайда  бұл  саммитте  Халықаралық  энергетикалық 
агенттік  энергетикалық  дағдарыс  адамзатқа  қауіп-қатер 
төндірмейді деп сендірген болатын, ал назардың бәрі киото 
хаттамасын (былайша айтқанда, еш алға баспаған) жүзеге 
асыру мәселелеріне және ғаламшардағы тұщы су жағдайына 
аударылды. бҰҰ бұрынғыша климатты өзгерту мен балийлік 
әрекет жоспары туралы бҰҰ Негіздемелік конвенциясының 
негізіндегі  ғаламдық  экологиялық  мәселелерге  бар  күшін 
шоғырландырып отыр. 
2008 ж. азық-түлік дағдарысы бҰҰ-ны оған жедел жауап 
қайтаруға,  Римде  азық-түлік  қауіпсіздігі  бойынша  жоғары 
деңгейде конференция өткізуге мәжбүр етті. ол әрекеттер 
жоспарын  әзірлеу  үшін  ғаламдық  азық-түлік  дағдарысы  
бойынша Жоғары деңгейлік мақсаттық топ құруды ұсынды. 
Сонымен бірге ғаламдық болжам жасау мен стратегия-
лық жоспарлау саласында  бҰҰ қызметі соңғы онжылдық- 
тарда әлсірегенін айта кеткен жөн. бҰҰ құрылымында ұзақ 
мер зімді болжамдармен айналысқан, 2000 ж. дейінгі әлем 
экономикасының даму болжамын дайындаған В.В. леонтьев 
басшылық еткен бөлімше жойылды. 
бҰҰ бөлімшелерімен 2050 ж. дейінгі шегі бар ұзақ мер-
зімді демографиялық, экологиялық және азық-түлік болжам-
дары әзірленіп жатыр, алайда олардың негізінде келісілген 
стратегиялық жоспарлар әзірленбейді. Негізінде әлеуметтік 
мәселелерге назарын шоғырландыратын бҰҰ мыңжылдық 
мақсаттарының нақтылы орындалу тетіктері жоқ.

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
83
Қазіргі уақытта әлемдік қоғамдастықта энергетикалық, 
экологиялық және азық-түлік дағдарыстарды жеңу страте-
гиясын әзірлеу мен жүзеге асырудағы күш түсіру орталығы 
барған  сайын  «G-8»-ге  қарай  жылжып  келеді.  2006  ж. 
шілдесінде Санкт-Петербургтегі «G-8» саммитінде «Ғаламдық 
энергетикалық  қауіпсіздік  туралы»  құжат  қабылданған 
болатын, онда ғаламдық энергетикалық дағдарысты жеңу 
бойынша ұзақ мерзімді шаралар көзделген. 2007 жылдың 
маусымында  Алманиядағы  саммитте  негізінен  экология- 
лық дағдарыс мәселелеріне, қолайсыз климаттық өзгеріс-
терге  жол  бермеуге,  атмосфераға  көшетхана  газдарының 
шы ғарындыларын азайтуға назар аударылды. 
Ғаламдық энергетикалық, экологиялық және азық-түлік 
қауіпсіздігі мәселесі 2008 ж. 7–9 шілдеде Хоккайдо аралын-
да өткен «G-8» саммитінің құжаттарында анағұрлым толық 
баяндалған. оның негізгі қорытынды құжаттары — «Жетекші 
экономикалар көшбасшыларының энергетикалық қауіпсіздік 
пен климаттың өзгеру мәселелері бойынша кездесулер де-
кларациясы» және «Ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігі». істің 
мәні бойынша тап солардың ішінде XXI ғ. басындағы күрестер 
мен дағдарыстарға жауап ретінде қазіргі заманғы ғаламдық 
энергетикалық, экологиялық және азық-түлік стратегиясының 
негіздері тұжырымдалған. 
Сол  стратегияның  негізгі  баптарын,  оның  артықшы-
лықтары мен кемшіліктерін қарастырып көрейік: 
1. «G-8» елдерінің өкілдері климаттың өзгерістерін қазіргі 
заманғы  ғаламдық  күрестердің  бірі  болып  табылатынын  
мойындай отырып, климаттың өзгеруіне және энергетика-
лық, азық-түлік қауіпсіздігі мен адамдардың денсаулығын 
қоса алғандағы тұрақты даму саласындағы шиеленістерге 
қарсы тұруға міндет алды. олар климатты өзгерту бойынша 
бҰҰ Негіздемелік конвенциясы негізінде өз үлестерін қосуға 
дайындығын растады, сөйтіп Рио-де-Жанейрода қабылдан-
ған тұрақты даму стратегиясын қолдайтынын растады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет