Серіктестігі


ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ



жүктеу 5.95 Mb.
Pdf просмотр
бет7/12
Дата28.12.2016
өлшемі5.95 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
84
бұл стратегия үш ғаламдық күрес мәселесін — экология-
лық,  энергетикалық  және  азық-түлік  дағдарыстарын  бір-
тұтас етіп байланыстырады. бұдан тұрақты даму бойынша 
бүкіләлемдік  саммитте  тұрақты  дамудың  ғаламдық  стра-
тегиясын  дамыту  және  нақтылай  түсу  қажеттілігі  туралы 
қисынды қорытынды келіп шығады. 
2012  ж.  бүкіләлемдік  тұрақты  даму  бойынша  саммит-
те  талқылау  үшін  Ғаламдық  энергоэкологиялық  страте-
гияны  әзірлеу  қажеттілігі  туралы  ұсынысты  мен  2007  ж. 
қыркүйектегі бҰҰ бас Ассамблеясының мәжілісінде жасаған 
болатынмын. ондай саммит, менің пікірімше, бҰҰ-ның ұзақ 
мерзімді энергоэкологиялық стратегияны әзірлеп шығаруы 
үшін түрткі мен бастама негізі бола алады. 
2. Ғаламдық стратегияның шегі жеткілікті түрде ұзақ болуы 
тиіс — XXI ғ. ортасына дейін, оның үстіне, бұл уақыт шегіне 
болжамдар жасалып қойған. Әлбетте, әрбір онжылдық сайын 
бүкіләлемдік саммиттерде жасалған жұмысты қорытып, жаңа 
белестер белгілеп, нақтылау енгізіп отыру талап етіледі. 
3.  Энергетикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  үшін 
технологиялық  бұзып  өтудің  негізгі  рөлі,  балама  энергия 
көздерін  іздестіру  мен  ендіру,  энергия  сақтау  және  энер- 
гия  тиімділігі,  анағұрлым  таза  және  қайта  жаңартылатын 
энергия  көздері  үшін  инвестициялық  қаржы  салу  мен  
ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі айрықша көрсетіледі. 
4.  2008 ж. «G-8» саммитінің құжаттарында экологиялық 
қауіпсіздік мәселелеріне зор назар аударылды. климаттың 
өзгеруі  бойынша  Негіздемелік  конвенция  құрамындағы 
ғаламдық келісімге жету негізі ретіндегі балиде қабылданған 
шешімдер қолдау тапты. 
5.  «G-8» басшылары бүкіләлемдік банктің басқаруымен 
оған 6 млрд АҚШ долларын құю уәдесін ала отырып, таза 
технологиялар  қоры  мен  Стретегиялық  климаттық  қордан 
тұратын  климаттық  өзгерістер  қорын  құру  бастамасын 
қолдады. 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
85
6. 2008 ж. «G-8» құжатында, сондай-ақ дамушы елдер-
дегі ормандардың нашарлауын азайту, ормандардың пай-
далануына (және айта кеткенім жөн – жыл сайын қоршаған 
ортаға үдемелі зиян келтіретін орман өрт теріне де) бақылау 
жасау жөніндегі халықаралық торап құру, ормандарды заң-
сыз кесу, биоалуантүрлілікті сақтау мен ұтымды пайдалану 
бойынша шаралар қа растырылды. 
7. 2009 ж. копенгагендегі климат өзгерістері бойынша 
конференцияда экология саласындағы шараларды талқылау 
белгілеп қойылған. 
Сонымен,  бҰҰ  мен  «G-8»  ғаламдық  энергетикалық, 
экологиялық  және  азық-түлік  стратегияны  қалыптастыру  
бойынша өз іс-әрекеттерін белсендетіп келеді. Алайда қазір 
төніп  тұрған  қауіп-қатердің  ауқымдарына  сай  келмейтін 
алғашқы қадамдар ғана жасалды. 
бұл  салалардың  даму  сценарийлерінің  алыстағысын 
көру  негізінде  ғылыми  негізделген  ұзақ  мерзімді  энерго-
экологиялық  стратегияны  әзірлеп  шығару  қажет  және  оны 
мемлекеттер мен өркениеттер серіктестігінің қағидаларынан, 
механизмдері мен институттарынан шығара отырып, біріз-
ділікпен жүзеге асыру қажет. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
86
Ғ
АЛАМДЫҚ
 
ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ
 
СТРАТЕГИЯНЫ
 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
 
МЕН
 
ЖҮЗЕГЕ
 
АСЫРУ
 
КЕЗЕҢДЕРІ
 
МЕН
 
МЕХАНИЗМДЕРІ
Стратегияны қалыптастыру кезеңдері кестелік түрде бы-
лай көрсетілуі мүмкін (5­сур.): 
1.  Қазақстан  мен  Ресей  ғалымдары  басқа  елдер дің 
зерттеушілерінің  қатысуымен  өркениеттердің  энер го-
экологиялық  болашағының  болжамын  және  ғаламдық 
энергоэкологиялық  стратегияға  ұсыныстар  әзірлеп  жатыр. 
бұл материалдар 2008 ж. 18–19 қыркүйекте Астанада өткен 
II  Өркениеттік  форумда  талқыланды  және  толықтырылған  
соң бҰҰ-ға ұсынылатын болады. 
2.  2009  ж.  қырқүйегінде  Қазақстан  мен  Ресей  үкімет-
терінің қарастыруына ұсыныстар енгізіледі. 
3. Стратегияға қатысты болжамдар мен ұсыныстар Ре-
сей мен Қазақстан тарапынан бҰҰ-ға шақырылған энергия 
қауіпсіздігі  мен  климат  өзгерісі  бойынша  конференцияда 
баяндалады. 
4. бҰҰ бас Ассамблеясының қарары негізінде Ресей мен 
Қазақстанның енгізген жобасына бҰҰ бас хатшысы осы страте-
гия жобасын қолдау үшін беделді мемлекет және саяси қай-
раткерлер, ғалымдар, бизнес пен экологиялық қозғалыстардың 
өкілдері қатарынан жұмыс тобын құрайды. комиссия жұмысын 
ЮНЭП үйлестіретін және қамтамасыз ететін болады. 
5. Жұмыс тобы ғаламдық стратегия жобасын әзірлейді, 
оны  халықаралық  конференциялар  мен  кездесулерде 
талқылайды,  жарыққа  шығарады,  Интернетте  орналасты-
рады және 2010 ж. бҰҰ бас Ассамблеясының қарастыруына 
ұсынады. 
6.  бас  Ассамблея  2012  ж.  өткізілетін  бүкіләлемдік 
саммиттің  «РИо-20»  тұрақты  дамуы  бойынша  жобасын 
қарастыруын енгізу туралы шешім қабылдайды. 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
87
5­сур. Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияны 
қалыптастыру кезеңдері 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
88
XXI  ғасырдың  қиындықтарына  жауап  ретінде  өр-
 кениеттер  серіктестігінің  стратегиялық  бағыттары  бойын-
ша  құжаттарды  және  стратегиялық  жобаларды  талқылау 
жұмыстарымен қатар, 2012 ж. бүкіләлемдік саммиттің өткі-
зілуін ұйымдастыру және дайындау іске асырылып жатыр. 
Саммитті  Астанада  —  еуразия  орталығында  өткізген 
дұрыс (алдыңғы саммиттер латын Америкасында және Аф-
рикада өткізілді). Дағдарыстың шиеленісуін ескере отырып, 
бүкіләлемдік  саммит  ертерек,  мысалы,  2011  ж.  өткізілуі 
мүмкін. 
7. бүкіләлемдік саммитте талқыланатын құжаттар мем- 
лекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктермен (еуропалық 
одақ,  тмД,  еурАзЭҚ,  Африкалық  одақ,  Шанхай  ынты-
мақтастық ұйымы, НАФтА және басқаларымен) қабылданған 
энергоэкологиялық  стратегияларда  нақтыланады. бұл  жұ-
мыстың  қорытындылары  ноосфера  туралы  ілімнің  негізін 
қалаушы  В.И.  Вернадскийдің  туғанына  150  жыл  толуына 
арналған  2013  ж.  Халықаралық  ғылыми  конференцияда 
шығарылады және талқыланады. 
стратегияның жүзеге асырылу кезеңдері алдын ала 
тәртіпте келесіден тұруы мүмкін: 
2013–2014  жж.  —  стратегияны  жүзеге  асыру  теті гін, 
ұлттық  және  мемлекетаралық  стратегияларды,  энерго-
экологиялық серпіннің жеке бағыттары бойынша ғаламдық 
бағдарламаларды әзірлеу. 
2015–2020 жж. — стратегияның бірінші кезеңін орын-
дау, қорытынды шығару,  бҰҰ-да және 2020–бүкіләлемдік 
саммитте талқылау, стратегияға түзетулер енгізу. 
2021–2030 жж. — стратегияның екінші кезеңін орындау, 
болжамды  әзірлеу  және  стратегияны  2070  жылға  дейінгі 
мерзімге ұзарту, «РИо-40» саммитінде талқылау. 
2031–2040 жж. — стратегияның үшінші кезеңін орын-
дау,  болжамды  әзірлеу  және  стратегияны  2080  жылға 

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
89
дейінгі мерзімге ұзарту, бҰҰ-да және «РИо-50» бүкіләлемдік 
саммитінде талқылау. 
2041–2050  жж.  —  стратегияның  келесі  кезеңін  орын-
дау, болжамды және стратегияның 2100 ж. дейінгі мерзімге 
жаңа нұсқасын әзірлеу, «РИо-60» бүкіләлемдік саммитінде 
талқылауға дайындалу. 
стратегияны жүзеге асыру тетіктері келесі негізгі эле-
менттерден тұрады: 
ұзақ мерзімді энергоэкологиялық болжамдарды әзірлеу, 
 •
нақтылау,  ұзарту  (10  жылдық  мерзіммен).  бұл  жұмыс 
Ұзақ мерзімді болжам бойынша Халықаралық ғылыми 
кеңесті  құратын  ЮНеСко-ның  үйлестіруімен  әртүрлі 
өркениеттер мен елдердің ғалымдар ұжымымен орын-
далады; 
әрбір 10 жыл сайын нақтыланып, ұзартылып отыратын 
 •
ұзақ  мерзімді  энергоэкологиялық  стратегияны  әзірлеу, 
бҰҰ-да және бүкіләлемдік тұрақты даму жөніндегі сам-
митте  талқылау.  Ғаламдық  стратегияның  нақтылануы 
мемлекеттер мен мемлекетаралық бірлестіктердің ұзақ 
мерзімді стратегияларында көрініс табады; 
стратегияның аса маңызды бағыттарын — энергетикалық 
 •
(Халықаралық  энергетикалық  агенттіктің  (ХЭА)  не-
месе арнайы құрылған бҰҰ органының үйлестіруімен), 
экологиялық  (ЮНеП  үйлестіруімен)  –  бағдарлама  бо-
йынша ғаламдық жобалар жиынтығымен жүзеге асыру 
бойынша ғаламдық бағдарламаларды әзірлеу. 
бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға қатыс-
қан  мүдделі  елдер  мен  трансұлттық  корпорациялар  бҰҰ 
Экономикалық және әлеуметтік кеңесі мен бҰҰ бас Хатшысы 
тарапынан жалпы үйлестірілетін бағдарламалар мен жоба-
лар бойынша іс-әрекетті үйлестіріп отыратын халықаралық 
стратегиялық альянстар қалыптастырады; 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
90
ғаламдық бағдарламалар мен жобалардың қаржылан-
 •
дырылуы  олардың  қатысушыларының  қаражаттары 
есебінен де, арнайы ғаламдық қорлардың: қазіргі күні 
әрекет  ететін  Экологиялық  қордың,  жаңадан  құрылып 
жатқан  Энергетикалық  және  Азық-түлік  қорларының 
есебінен  де,  тиісті  бҰҰ  органдарының  басшылығымен 
іске асырылады. 
Энергетикалық  бағдарламаның  жүзеге  асырылуын 
үйлестіру  мақсатында  бҰҰ-ның  ФАо  немесе  ЮНеП  тәрізді 
арнайы органын құру талап етілуі мүмкін. көрсетіліп кеткен 
қорларды тек мемлекеттің жарналары есебінен ғана емес, тҰк 
ренттік табыстарына салық салу мен экологиялық төлемдер 
есебінен де қалыптастыру мақсатқа қонымды болады. 
келешектегі  анағұрлым  күрделі  және  маңызды  мәселе 
–  төмен  көміртекті  экономикаға  өту  үшін  мемлекеттер 
мен  компанияларды  атмосфераға  көшетхана  газдарының 
шығарындыларын  азайтуға  итермелейтін  ұлттық  және 
халықаралық  деңгейлердегі  экономикалық  тетікті  әзірлеп 
шығару және енгізу болып табылады. 
киото хаттамасымен (әрекет мерзімі 2012 ж. дейін) және 
кейбір  елдердің  үкіметтерімен  белгіленіп  қойған  квоталар 
саудасы немесе көшетхана газдарының эмиссиясы бойын-
ша шаралар, шығарындыларды қатаң шектеу нормативтері 
әлі күнге дейін ауыз толтырып айтарлық нәтижелер берген 
жоқ. мемлекеттік және мемлекетаралық реттеуді нарықтық 
стимулдармен және салық салумен байланыстыратын жаңа 
тәсілдер қажет. 
Ғаламдық энергоэкологиялық стратегияны орындау үшін 
халықаралық  серіктестіктің  тетігін  кеңейтіп,  нақтыландыра 
түсу  талап  етіледі.  Ғаламдық  бағдарламалар  мен  жоба-
ларды  әзірлеу  және  жүзеге  асыруда  тек  өркениеттер  мен 
мемлекеттердің  серіктестігі  ғана  емес,  трансұлттық  корпо-

Ө
РКЕНИЕТТЕРДІҢ ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫ 
91
рациялар,  бейүкіметтік  экологиялық  және  өзге  ұйымдар, 
Интернет  және  бАҚ-тың  өзге  де  құралдары,  сондай-ақ 
бүкіл әлемдегі азаматтық қоғамның басқа да институттары 
қатыстырылуы тиіс. 
Сірә, бұл стратегия өркениет дамуының инновациялық 
сценарийіне  негізделетін  болады.  бұл  сценарийді  бүгінгі 
күні  және  болашақта  нақтылау  үшін  өркениеттердің  ин но-
вациялық-технологиялық серпінін білу талап етіледі.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
92

ИННОВАЦИЯЛЫҚ-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ 
СЕРПІЛІС 
СТРАТЕГИЯСЫ
 
3-тарау

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
95
Өркениеттің теңдестірілген әрі 
орнықты дамуы, оған қол жеткізу, жалпы 
алғанда, қоршаған ортаның жағдайымен 
және адамның сол ортада қолайлы даму 
шарттарымен бағаланатын адами даму 
үшін жағдайлар мен алғышарттар жасауды 
жорамалдайды. 
осының алдындағы тарауда 
энергоэкологиялық стратегияның түрлі 
аспектілері және энергоэкологиялық 
проблемаларды шешуге жәрдемдесетін 
факторлар қарастырылды. Ғалами 
өркениеттің бүкіл тарихының барысында 
оның дамуының негізгі факторы серпілістік 
технологияларды игеру және жаңа, 
анағұрлым тиімді технологияларға көшу, 
соның арқасында адамның өзіне тірлік үшін 
қолайлы жағдайлар жасап келгені әрі жасап 
отырғаны болып табылады. 
осы тарауда бүгіннің өзінде-ақ 
жергілікті және ғалами инновациялық-
технологиялық серпіліс тұрғысынан озық 
стратегиялар әзірлеуге және іске асыруға 
мүмкіндік беретін технологиялардың 
болашақта даму серпінін ашып көрсетуге 
талпыныс жасалады.

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
96
3.1. ДӘУІРЛІК ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӨН-ЖОСЫҚТАР
Жаңа технологиялардың қоғамды әлеуметтік-экономи-
калық дамытудағы рөлінің орнын көрсету үшін осы ұғымға 
нақты айқындама беру қажет. 
Айқындамалардың  бірі  —  жаңа  технологиялар  неме­
се  технологиялық  инновация  —  ғылыми  және  ғылыми-
техникалық  қызметтің  нәтижесі,  интеллектуалдық  меншік 
нысаны,  оны  өндірістің  және  қоғамды  басқарудың  түрлі  
салаларына  енгізу  экономикалық  тиімді  және  (немесе) 
әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. 
басқа да көптеген айқындамалар бар, бірақ жаңа тех-
нологиялардың  барлық  түрлерінің  ортақ  белгісі  олардың 
еңбек өнімділігін арттыруға, табыстарды ұлғайтуға және ке-
дейшілік деңгейін төмендетуге қабілетті болып саналады. 
XXI  ғасырдың  алғашқы  жартысында  әлем  технология- 
лық  революцияның  табалдырығында  тұр.  келіп  жеткен 
ғасырдың басында әлемнің технологиялық дамуының басты 
ерекшелігі қалыптасып келе жатқан жаңа постиндустриалдық 
тех нологиялық өндіріс тәсілінің, кезекті өркениеттік бір ғасыр-
лық инновациялық-технологиялық циклдің негізінде дәуірлік 
инновацияларды іске асыру болмақ. Жаңа талап тарға абы-
ройлы жауап беру үшін постиндустриалдық технологиялық 
өндіріс тәсілі бірқатар жаңа сипаттарға ие болуы тиіс. 
Біріншіден, жаңа технологиялық өндіріс тәсіліне техноло-
гиялардың гуманизациясы тән болуы керек. бұл үрдістің үш 
бағытта жүруі ықтимал, олар: 
өндірісті автоматтандыру, роботтандыру және ақпарат-
 •
тандыру,  бұл  адамды  ауыр  қара  жұмыстан  және  бір 
сарынды  ақыл-ой  жұмысынан  босатып,  оның  еншісіне 
машиналар  мен  технологиялардың  жүйелерін  әзірлеу, 
жобалау  және  жасау  мен  олардың  жұмысын  бақылау 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
97
функцияларын  қалдырады.  бұл  өндіріс  үрдісінің  си-
паты  мен  адамның  ондағы  орнын  өзгертетін  базистік 
инновациялардың кластерлерін жорамалдайды; 
жеке тұтынудың жоғары сапалы тауарлары мен қызмет-
 •
терінің  өндірісін  кеңейтуге,  тікелей  адамның  үнемі  өсу 
үстіндегі  материалдық  және  рухани  қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға бағытталған инновациялардың үлесін 
ұлғайту; 
индустриалдық қоғамда басым орын алған қару-жа рақ 
 •
өндірісінің  және  оны  жетілдіруге  бағытталған  иннова-
циялардың үлесін біршама, ал кейін мүлдем қысқарту. 
Екіншіден,  Қазақстан  мен  Ресейдің  ғалымдары  дәлел-
дегендей және 2050 жылға дейінгі кезеңге өркениеттердің 
энергоэкологиялық  болжамында  көрінісін  тапқандай, 
постиндустриалдық  технологиялар  мен  инновациялардың 
айрықша  белгісі  –  олардың  экологизациясы  табиғат  пен 
қоғамның оңтайлы эволюциясына, ноосфераның оң нұсқасын 
қалыптастыруға бағдарлануы болмақ. 
Адам  ойы  жетістіктерінің  және  іске  асырушы  инно-
вациялық-технологиялық қызметтің биосфераға әсер ету күші 
биосферадағы табиғи жүйелер өздігінен өніп, экологиялық 
инновацияларсыз  сақтала  алмайтындай,  ал  адамның 
қоршаған  ортаға  килігуі  кейбір  жағдайларда  экологиялық 
апатқа әкеліп соғатындай деңгейге жетті. Адамның сақталып 
қалуына кепілдік ретінде табиғи және әлеуметтік жүйелердің 
тепе-теңдігін қалпына келтіру және өзара толықтыру өсіп келе 
жатқан үш технологиялық инновациялардан көрініс табады:
өндірісте қамтылған табиғи қорларды кешенді пайдала-
 •
нуды, оларды қалдықсыз өндіру, қайта өңдеу, тасымал-
дау,  тұтыну  технологияларының  таралуын  қамтамасыз 
ететін; 
қоршаған табиғи ортаны ластауды азайтуға, атмосфе-
 •
раға,  су  ортасына  зиянды  төгінділерді  қысқартуға 
бағытталған; 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
98
қуат  пен  та
 •
биғи  шикізаттың  жаңғыртылатын  түрлеріне 
көшу  табиғи-шикізат  базасының  ұдайы  өндірісін  қам-
тамасыз  ететін  үш  технологиялық  инновациядан  өз 
көрінісін табады (геологиялық барлау жұмыстары, ор-
ман және су шаруашылығы, жерлерді суару мен қайта 
құнарландыру және т.б.). 
Үшіншіден,  технологиялық  инновацияларды  ғалам-
дандыру, яғни оларды жасау және тарату ауқымдарын ұлт тық 
шекаралардың шектерінен тысқары ауқымын кеңейту. 
Жоғары  технологиялық  тауарлар  мен  қызметтердің 
ғалами  нарықтарын  қалыптастыру  дәуірлік  және  базистік 
инновацияларды жасау және тарату үрдісін елеулі үдетуге, 
оларды  іске  асыру  үшін  әртүрлі  елдердің  қорларын  бірік-
тіруге, дүниежүзілік технологиялық рентаның ауқымдарын 
ұлғайтуға мүмкіндік береді. 
Төртіншіден, техниканың (технологиялардың) және тех-
нологиялық жосықтардың өмір циклінің ұзақтығын қысқарту, 
машиналар мен технологиялардың жаңа жүйелерін әзірлеу, 
игеру  және  тарату  мерзімдерін  қысқартудың  нәтижесінде 
өндірісті инновациялық жаңартудың қарқынын үдету. 
Ғалымдардың  болжамдары  бойынша,  кондратьевтік 
және оларға баламалы технологиялық циклдардың ұзақ тығы 
постиндустриялық дәуірде 50-60 жылдан 40-45 жылға дейін 
қысқармақ. 
Ғылыми жаңалықты немесе ірі өнертабысты іске асыра-
тын техника мен технология буындарының ауысуы (немесе 
түбегейлі  жаңа  техникаға  жол  ашатын  жаңа  өнертабыстар 
кластері) жетекші салаларда шамамен он жылда бір дүркін 
жүреді және біршама озып дамитын, ұзақтығы тап сондай 
ғылыми, өнертапқыштық және инновациялық циклдермен 
біте қайнасады. 
техниканың  жаңа  буыны  бірден  кемелденген  және 
кеңінен тараған күйде келмейді. оның алдында ұзақ инку-
бация, жемісті технологиялық идея әзірлеу кезеңі тұрады, ол 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
99
өнертабыстарды патенттеумен, бұйымдардың, технологиялық 
қондырғылардың тәжірибелік үлгілерін немесе тәжірибелік-
өнеркәсіптік партияларын жасап шығарумен, келелі нарық 
тауашаларын  айқындау  үшін  маркетингтік  зерттеулер 
жүргізумен аяқталады. 
тек  содан  кейін  ғана  базистік  инновациялар  жүзеге 
асырылады,  олар  алдымен  алдыңғы  қатарлы  салалар  мен 
өндірістердің  біршама  тар  ауқымын  қамтиды,  содан  кейін 
түбегейлі жаңа техника мен технологияны олар қолданылуға 
тиіс  түрлі  салалардың  талаптарына  бейімдеп  өзгертетін 
жетілдіруші  инновациялар  көшкінінің  негізінде  жылдам  
тарала бастайды, бұл нарықтың ауқымдары мен алынатын 
пайда көлемінің ұлғаюына алып келеді. 
Бесіншіден,  постиндустриалдық  технологиялық  өн-
діріс  тәсілінің  аса  маңызды  белгісі  салалардың,  елдер 
мен  өркениеттердің  инновациялық-технологиялық  даму 
қарқындары мен деңгейлерінің жақындасуы болуы тиіс. 
Қазіргі  таңда  өркениеттердің  технологиялық  тұрғыдан 
теңсіздігі  орын  алуда,  демек,  технологиялық  дамыту  стра-
тегиясын  іске  асырудың  қорытындысы  инновацияларды 
ғаламшарда жасау және тарату болуы тиіс. 
базистік  инновациялар  толқындарының  құрамы  және 
нәтижелері технологиялық жосықтардың ауысымынан көрініс 
табады. технологиялық жөн-жосық күрделі ішкі құрылымға 
ие, оны қысқаша төмендегідей түрде көрсетуге болады: 
жеткізуші  салалар  мен  тұтынушы  салалардағы  шектес 
 •
технологиялық  үрдістермен  біріктірілген  өнім  жасап 
шығарудың  технологиялық  үрдісінің  дербес  тізбегі 
технологиялық  шектескен  өндірістердің  жиынтығы  – 
технологиялық жиынтықты құрайды, оның элементте-рінің 
ілінісуі, олардың техникалық біркелкілігін көздейді; 
өндірістік  кооперациямен  байланысқан,  бір-біріне 
 •
технологиялық  бейімделген  және  біршама  теңдес 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
100
технологиялық  деңгейге  ие,  олар  шектескен  техноло-
гиялық  жиынтықтар  кешені  –  технологиялық  жөн-
жосықты құрайды;
базистік технологиялық жиынтықтар технологиялық жөн-
 •
жосықтың өзегін түзеді; 
технологиялық жөн-жосықтың өзегін құруға қатысатын 
 •
технологиялық жаңашылдықтар «негізгі фактор» атауына 
ие  болады;  негізгі  факторды  құрайтын  тех нологиялық 
жаңашылдықтар  қозғаушы  салаларда  пайда  болады. 
Қозғаушы салалардың өркендеуі аталған технологиялық 
жаңашылдықтардың  негізгі  факторды  қарқынды 
тұтынатын және оны пайдалануға анағұрлым жақсы түр-
де  бейімделген  салалар  жататын  өнеркәсіптің  жетекші 
салаларының таралуына байланысты. 
Әрбір  жөн-жосық  бойынша  технологиялық  жөн-
жосықтың  үстемдік  кезеңін,  технологиялық  көшбасшы-
ларын,  өзегін,  оның  алдындағылармен  салыстырғандағы 
ар тықшылықтарын,  негізгі  экономикалық  институттарды, 
көшбасшы  елдерде  инновациялық  белсенділікті  ұйым-
дастыруды айқындауға болады. 
кез  келген  ел  экономикасының  типтік  құбылысы  – 
көпжосықтық,  яғни  экономиканың  әртүрлі  салаларында 
қатарынан бірнеше технологиялық жөн-жосық орын алады 
және өзара әрекеттеседі, олар: 
үстем технологиялық жөн-жосық, онымен өнімнің және 
 •
технологияның қол жеткен бәсекелестікке жарамдылық 
және тиімділік деңгейі айқындалады; 
оның орнын басуға келетін, инновациялық игеру фаза-
 •
сында тұрған жөн-жосық
ығыстырылып  шығарылатын,  бірақ  экономика  сек-
 •
торларының бірқатарында өзінің күшін сақтап отырған 
жөн-жосық; 
ескіден қалған жөн-жосықтар.
 •
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет