Серіктестігі



жүктеу 5.95 Mb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата28.12.2016
өлшемі5.95 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

101
Қазіргі  таңда  мамандар  АҚШ,  Жапония,  Германия, 
Швеция,  ео,  оңтүстік  корея,  канада  мен  Австралияның 
технологиялық  көшбасшылығы  жағдайында  V  техноло-
гиялық жөн-жосықтың үстемдігі туралы айтады. V техноло-
гиялық жөн-жосықтың өзегі — электроника, есептеуіш және 
оптоэлектрондық техника, бағдарламалық жасақтама, теле-
коммуникациялар,  роботтар  жасау,  газ  өндіру  және  қайта 
өңдеу, ақпараттық қызметтер. 
VI технологиялық жөн-жосықтың өзегі жаңғыртылатын 
энергетика,  наноэлектроника  және  фотоника,  алдымен 
жануарлардың, ал содан кейін адамның гендік инженериясы 
және биотехнологиясы бұрын болуы ықтимал деп жорамал-
дануда. Ғалами деңгейдегі мазмұнды ақпараттық жүйелер: 
ғылыми,  экологиялық,  білім  беру,  әлеуметтік-мәдени 
және басқа жүйелер дамытылады. Жаңа жөн-жосықтарды 
қалыптастыру  кезінде,  әдетте,  жаңа  технологиялық  жөн-
жосықтың көшбасшысы елдерінің құрамы өзгереді және бұл 
XXI ғасырдың бірінші жартысында орын алмақ. 
VI  технологиялық  жөн-жосықтың  құрылымы  мен 
эпицентрінің  болжамын  бергенде,  мамандар  онда  пост-
индустриалдық өндіріс тәсілінің негізгі сипаттары, гуманистік 
ноосфералық  постиндустриалдық  өркениеттің  талаптары 
толық көлемде көрініс табады деп пайымдайды. 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
102
3.2. ӨРКЕнИЕТТЕРДІҢ ТЕХнОЛОГИЯЛЫҚ 
СЕРПІнІнІҢ БЕТАЛЫСТАРЫ ЖӘнЕ КЕЛЕШЕГІ
 
Өркениеттердің  инновациялық-технологиялық  серпі-
ніндегі соңғы онжылдықтардың жаңа беталыстары: 
авангардты және артта қалған өркениеттер мен елдердің 
 •
арасындағы технологиялық алшақтықтың күшеюі; 
дүниежүзілік нарықтағы бәсекелестік күрестің өршуі; 
 •
демографиялық және энергоэкологиялық дамуда туын-
 •
дайтын жаңа талаптар
инновациялық-технологиялық саладағы ғаламдандыру 
 •
қарама-қайшылықтары. 
Аталған  беталыстар  техниканың  және  технологиялар  
модификациялары буындарының ауысуы жалғасып жатқа-
нына,  бірақ  оның  барған  сайын  аз  инновациялық  пайда 
әкелетініне себеп болуда. 
Ғалами  технологиялық  дамудың  бірінші  беталысы 
постиндустриалдық технологиялық өндіріс тәсілінің, VI тех- 
нологиялық жөн-жосықтың қалыптасуы дүниежүзілік өнді-
рістік  капиталды  түбегейлі  инновациялық  жаңартуды,  ба-
зистік инновацияларға үдетілген қаржы салымдарын талап 
ететінінен көрінді. оның үстіне, мұның барлығы технологиялық 
машина  анағұрлым  ірі  әрі  көлемді  болса,  оның  соғұрлым 
үлкен инерцияға ие болатынын ескере отырып, ғаламшардың 
ауқымында ұдайы өндірістің тиімділігінің өсу қарқындары-
ның төмендеу шарттарында жүзеге асатын болады. 
технологиялық  жөн-жосық  параметрлері  анағұрлым 
жоғары  модификацияланған  түрде  ұдайы  өндіріске  ұмты-
лады.  Өзінің  тарихи  мерзімін  өткерген  технологиялардың 
ескіру  барысына  қарай,  оларды  жақсарту  бойынша  инно-
вациялардың  саны  да  ұлғаяды.  технологиялардың  осын-
дай баяу жетілдірілуі жаңа технологияларды қолдану үшін 
инвестициялар жұмсау тұрғысынан және оларды енгізу мен 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
103
көбейту мерзімдері және ауқымдары бойынша пісіп-жеткен 
жаңа технологиялық жөн-жосықты жүзеге асыруға кедергі 
жасайды. 
Ғалами  технологиялық  дамудағы  қалыптасқан  сыни 
жағдаят еңбек өнімділігі өсу қарқындарының төмендеуінен 
көрінеді.
ол жағдаяттың шешімі экономиканы ғылыми-техни калық 
жаңартуға  инвестициялардың  жалпы  көлемі  мен  олардың 
ЖіӨ үлесін өсірудің, қаражаттарды жаңа VI технологиялық 
жөн-жосықтың  түбегейлі  жаңа  инновацияларын  әзірлеуге 
және іске асыруға қайта бөлудің негізінде мүмкін болмақ. 
Экологиялық және гуманитарлық мақсаттарға қаржы са-
лымдарының қазіргі бар өсімі және олардың көлемі, әсіресе 
табыстар деңгейі төмен елдерде гуманистік-ноосфералық, 
постиндустриалдық  қоғамды  қалыптастырудың  ірі  мәсе-
лелерін шешу үшін мүлдем жеткіліксіз. 
Ғаламдық  технологиялық  дамудың  екінші  беталысы 
индустриалдық қоғамның басым бағыттарына (милитаризм, 
табиғатты үдете іске пайдалану) бағдар алуымен сипатталады 
және гуманистік-ноосфералық постиндустриалдық қоғамды 
қалыптастырудың және артта қалған елдердің қажеттіліктеріне 
жауап бере алмайды. 
бүгінде  қалыптасқан  жөн-жосықта  көп  дүркін  өскен 
дүниежүзілік  технологиялық  шаруашылық  және  оның 
инновациялық-инвестициялық  секторы  индустриалдық 
саланың  және  табиғи  қорларды  игерудің  басым  бағытта- 
рына бағдарланған. 
бұл  беталысты  капиталдандырудың  үдей  өсуі  және  
әлемдегі  экономикалық  құрылысқа  көбіне  дамыған  ел- 
дерде  орналасқан  ұлтаралық  компаниялардың  ықпалы 
тереңдете түседі. 
бұл  беталысты  дүниежүзілік  экономиканың  иннова-
циялық-инвестициялық  секторының  құрылымын  қайта 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
104
құру,  оның  ЖіӨ  үлесін  арттыру  және  қор  үнемдеуші  тех-
нологиялардың  негізінде  адами  капиталды  инновациялық 
дамытуға бағдарлану арқылы өзгертуге болады. 
Өркениеттердің  технологиялық  серпінінің  үшінші  бе­
талысы озық және артта қалған елдер мен өркениеттердің 
арасындағы үнемі ұлғайып келе жатқан алшақтықпен сипатта-
лады. бұл артта қалып отырған өркениеттер өнім дерінің төмен 
бәсекелестікке  жарамдылығын,  ғалами  қоғамдастықтағы 
байлық пен жарлылықтың арасындағы тереңдеп бара жатқан 
шыңырауды туғызады. 
бүгінгі  және  оның  алдындағы  технологиялық  жөн-жо-
сықтар  дамыған  және  артта  қалып  келе  жатқан  елдердің 
арасындағы алшақтықты ұлғайтады, өйткені соңғыларында  
VI технологиялық жөн-жосықты игеру үшін ең аз деген ғы лыми, 
кадрлық және инвестициялық қажетті төл әлеует жоқ.
мұндай  сыни  жағдаят  Дүниежүзілік  банктің  жоғары 
технологиялы өнімдер экспорты, оны жасауға – ҒЗткЖ және 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларға  кететін 
шығындар туралы деректерімен дәлелденеді (кесте).
жоғары технологиялар 
экспорты
ҒЗтКж 
шығыны,
іжө%
аКт шығындары
млн долл.
Әлемге %
іжө%
бір адам 
басына, 
долл.
жалпы әлем
1243114
100
2,28
6,8
538
табысы төмен 
елдер
0,73
5,9
41
табысы 
орташа елдер
332483(1)
26.7( 1)
0,85
5,4
149
табысы 
жоғары елдер 11567114(1)
92,8(1)
2,45
7,2
2466
Дүниежүзілік банктің жоғары технологиялар 
экспорты туралы деректері [10]

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
105
одан  шығатын  жол  —  дамыған  және  артта  қалған 
өркениеттердің  ғаламшардың  барлық  елдері  үшін  озық 
жетістіктерге  қол  жеткізу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ету  мен 
олардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерін 
жақындастыру жолындағы серіктестігінде. 
Өркениеттердің  технологиялық  серпінінің  төртінші  
беталысы  технологиялық  жөн-жосықтың  барлық  деңгей-
леріндегі  кадрлардың  ұлғайып  келе  жатқан  тапшылығы 
болып  табылады:  жаңа  технологиялар  әзірлеуге,  игеруге, 
өнді руге  және  іске  пайдалануға  қабілетті  ғалымдардың, 
конструкторлардың,  инженерлердің,  техниктердің,  бі-
лікті  жұмысшылардың,  менеджерлердің,  мемлекеттік 
қызметшілердің тапшылығы сезіледі. 
Индустриалдық  технологияларды  жақсартуға  бағдар-
ланған парадигма аяқталуға жақындайды. Нашарлап келе 
жатқан ұдайы өндіріс шарттары, XXI ғасырдың жаңа талап-
тары постиндустриалдық — VI технологиялық жөн-жосықтың 
базистік  инновациялар  кластерін  ірі  ауқыммен,  бастама 
капиталының жоғары деңгейімен игеруді талап етеді. 
Ал  ондай  инновациялық  серпіліс  оған  бағдарланған 
инноваторларсыз,  мемлекеттің,  бизнестің,  ғылым  мен 
білімнің  серіктестігінсіз  мүмкін  емес.  осындай  серіктестікті 
барлық  өркениеттерде  қалыптастыру  —  жақын  алдағы 
онжылдықтардың  күрежолдық  міндеті,  өнеркәсіптік 
революцияға  қарағанда,  ғаламшар  бойынша  анағұрлым 
біркелкі  таралған  ғалами  технологиялық  революцияның 
қажетті  шарты.  бұл  алдағы  онжылдықтардағы  өркениет 
серіктестігінің  кіндік  бағыттарының  бірі,  өйткені  жаңа 
технологиялық  жөн-жосық  инновациялық  серпіліс  сце-
нарийіне негізделуге тиіс. 
Ғалами  технологиялық  революция  үшін  ғаламшардың 
ауқымында  ең  алдымен  инновациялық  дамыту  әлеуеті 
бар  салаларда  және  соның  ішінде  өмірді  қамсыздандыру  

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
106
секторларында — азық-түлік, энергия, ақпараттық-коммуни-
кациялық  технологиялар  секторларында,  білім  беруде, 
мәдениетте және денсаулық сақтауда VI технологиялық жөн-
жосықтың технологияларын қалыптастыру және үдете игеру 
үшін іргелі ғылыми бастама жасау қажет. 
Ұзақ мерзімді болжамдар мен оларға негізделген өрке-
ниеттердің серпінін айқындайтын стратегияларды іске асыру 
үшін, сыни технологияларды және қоғамды дамыту базасын 
құруға жаңа жолдар ашатын ғылыми жаңа шылдықтар мен 
ірі  өнертабыстарға  ғалами  тапсырыс  қалыптастырылуға 
тиіс. ондай тапсырыс, егер тіпті негізінен, дамыған елдерде  
орындалатын  болса  да,  оның  нәтижелері  бүкіл  дүние  жүзі 
бойынша таратылуға тиіс. 
технологиялық серпіліс үшін негізгі ғылыми-техникалық 
әлеует табыстар деңгейі жоғары үш өркениетте шоғырланған 
болуы тиіс. олар: Солтүстік американдық өркениет — АҚШ – 
1 млн тұрғынға 4605 зерттеуші, резиденттерден патенттерге 
өтінімдер 21,2%, патенттер сатудан түскен табыстар 7,1%; 
батысеуропалық өркениет (тиісінше 2607, 8,4% және 7,6%) 
және жапон өркениеті (5287, 41,4% және 14,3%). 
Азияның  өркениеттері  (Жапония,  Солтүстік  корея  мен 
Қытайдан басқа) мардымсыз ғылыми-техникалық әлеуетке 
ие және негізінен ғылыми-техникалық жетістіктердің алыс-
берісіне бағдарланған. 
Ресей айтарлықтай ғылыми әлеуетке ие (1 млн тұрғынға 
3319 зерттеуші), бірақ оның тәжірибеде іске асуы мардымсыз: 
резиденттерден патенттерге өтінімдер — 2,6%, роялти мен 
лицензиялық көрсеткіштерден түскен табыстар — 0,21%. 
Алайда авангардты өркениеттердің ғылыми-техникалық 
саладағы  басымдығының  осал  тұстары  бар,  өйткені    зерт-
теушілердің  негізгі  бөлігі  V  технологиялық  жөн-жосықты 
жақсартатын инновацияларға бағдар ұстайды. 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
107
Өркениеттер  мен  елдердің  көпшілігі  инновациялық 
серпіліс  үшін  өздерінің  төл  ғылыми-техникалық  базасына 
сүйене  алмайды,  олар  ғылыми-техникалық  жетістіктерді 
импорттауға  мәжбүр  болады.  Сондықтан  инновациялық-
технологиялық  серіктестік  стратегиясының  базасы  аван-
гардты  өркениеттер  мен  елдерден  артта  қалып  отырған 
елдерге  өзара  пайдалы  негізде  технологиялардың  қуатты 
трансферті  болуы  тиіс.  оның  үстіне,  бұған  екі  тарап  та 
мүдделі  болуы  қажет.  Алайда  серпілісті  технологиялар-
ды  тиімді  қабылдау  және  бейімдендіру  үшін  артта  қалған  
елдерде ғылыми-технологиялық әлеуеттің трансфертін тиімді 
пайдалану үшін жеткілікті төл әлеуеті болуы тиіс. 
еуразиялық  өркениет  үдерісті  технологиялардың  осы 
ағынында  ерекше  орын  алады.  ол  тек  технологиялардың 
алыс-берісімен ғана шектеліп қалмай, сонымен қатар тех-
нологиялық  серпілістің  жекелеген  бағыттары  бойынша 
көшбасшылардың қатарында болу үшін жетерліктей жоға-
ры  ғылыми  базаға  және  жұмыскерлердің  білім  деңгейіне 
ие.  бірақ  ол  үшін  инновациялық  серпіліске  жарияланған 
курсты табанды іске асыру, мемлекеттің және әсіресе жеке 
бизнестің  инновациялық  серпіліске  арналған  отандық 
ғылыми-техникалық базаны дамытуға жұмсалымдарын көп 
есе ұлғайту қажет. 
Қазақстан  сынды  ел  осыған  қатысты  тек  кейбір  басым 
бағыттарға ғана назарын шоғырландыруға тиіс. 
Сонымен қатар, инновациялардың жаңа толқыны инвес-
тициялардың құрылымын қайта құруды, VI тех нологиялық 
жөн-жосықтың  озық  технологияларын  әзір леуге,  игеруге 
және таратуға өте ірі қаржы салымдарын жасауды, инвести-
цияларды жоғары технологиялы, жылдам дамып келе жатқан 
салаларға қайта бөлуді талап етеді. бірақ ол инвестициялар 
алғашқыда жоғары тәуекелдігімен және ұзақ ақталу мерзі- 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
108
мімен ерекшеленетін болады. Сондықтан VI технологиялық 
жөн-жосық техникасының жаңа буындары мен ғылыми-тех-
никалық  бағыттарын  игерудің  бастапқы  кезеңінде  мемле- 
кеттің анағұрлым қомақты жұмсалымдары қажет болады. 
оның үстіне, бұл тек іштегі отандық инвестицияларға ғана 
емес, сонымен қатар жоғары технологиялардың трансфертіне 
ықпалдасуға тиіс төте шетелдік инвестицияларға да қатысты.
бұл  орайда  ұлттық  инновациялық  жүйелерді  қалып-
тастыруға мүмкіндік беретін технологиялар басымдыққа ие 
болуы тиіс. 
көріп  отырғанымыздай,  ғалами  дамыту  өркениеттер 
мен мемлекеттердің азық-түлік, энергетика және экология, 
қауіпті аурулармен және індеттермен күрес салаларындағы, 
білім  беру  саласындағы  сыни  жағдайларды  шешу  үшін  VI 
технологиялық жөн-жосықты үдете игеруді және ғаламшарға 
таратуды мақсат тұтқан инновациялық серіктестігінің тетігін 
әзірлеуді талап етеді. 
бұл тетікті іске асыру үшін ең алдымен өркениеттер мен 
елдер тұрғысында ұзақ мерзімді және орта мерзімді ғалами 
инновациялық болжам жасау қажет. 
Қазір  халықаралық  ұйымдармен  демография,  эколо-
гия, азық-түлік саласында 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді 
болжамдар әзірленген. Rand Corporation 2020 жылға дейінгі 
ғалами технологиялық революцияның болжамын әзірледі. 
Экономикалық  стратегиялар  институты  мен  Питирим  Со-
рокин  —  Николай  кондратьевтің  Халықаралық  институты 
өркениеттердің энергоэкологиялық және әлеу меттік-мәдени 
серпінінің  беталыстарын  ескере  отырып,  Ресейдің  2050 
жылғы  кезеңге  инновациялық  даму  болжа мын  әзірледі 
және  жариялады.  мұндай  болжамдарды  жаңа  талаптар  
мен  мүмкіндіктерді  ескере  отырып,  мезгіл-мезгіл  жаңғыр-
тып  және  түзетіп  отыру  керек.  Сондықтан  халықаралық 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
109
беталыстардың негізінде біздің елде де ғалами технология-
лық болжамның жекелеген элементтері жасалған. 
Дүниежүзілік технологиялық болжамды ескере отырып, 
өркениеттердің  серіктестігі  технологиялық  дамытудың 
негізгі басым бағыттары (энерго-экологиялық, нано- және 
биотехнологиялар,  жаңа  перспективті  материалдар  мен 
көлік,  ақпарат  саласында  және  т.б.)  бойынша  ин нова-
циялық  жаңартудың  ұзақ  мерзімді  ғалами  стратегиясын 
әзірлеуде қажет болмақ.  ондай стратегияны ұзақ мерзімді 
инновациялық болжамдардың негізінде әзірлеуге және бҰҰ 
бас Ассамблеясы мен орнықты дамыту жөніндегі Дүниежүзілік 
саммитің талқылауына ұсынуға болады. 
Сондай-ақ жалпы дүниежүзілік ғылыми-технологиялық 
дамыту  бойынша,  соның  ішінде  кадрлар  даярлау  бойын-
ша  жағдайлар  жасау  үшін  авангардты  және  артта  қалған 
өркениеттер мен елдердің серіктестігін қамтамасыз ету қажет.
Ғылыми  парадигмалар  мен  технологиялық  жөн-жо-
сықтардың ауысуы, оның үстіне білімге негізделген қоғамның 
қалыптасу  жағдайларында,  инфрақұрылымдық  әртарап-
тандыруды  және  жұмыскерлер  буындарының  ауысуын, 
зерттеушілер,  конструкторлар,  инженерлер,  технологтар, 
менеджерлер, жұмысшылар құрылымындағы және олардың 
біліктілік  деңгейіндегі  түпкілікті  өзгерістерді  көздейді.  бұл 
мәселе  сауатсыздық  деңгейі  жоғары  және  жоғары  білімді 
адамдар шеңбері өте тар, артта қалған өркениеттерде ерекше 
өршіп тұр. 
VI  жөн-жосықтың  жоғары  технологиялы  екенін  ескер-
сек, артта қалған елдер мен өркениеттердің технологиялық 
серпілістерді өз күштерімен қамтамасыз етуге дәрменсіздігі 
түсінікті болады — оларға авангардты өркениеттердің ірі кө-
лемдегі  көмегі  керек.  бұл  бағдарламаға  қойылатын  негізгі 
талаптар 2006 жылғы 16 шілдеде Санкт-Петербургте өткен 

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
110
«G-8» саммитінің «XXI ғасырдың инновациялық қоғамдары 
үшін білім беру» құжатында тұжырымдалған. Құжатта, атап 
айтқанда, былай делінген: «Инновациялық қоғам азаматта-
рын тез өзгерістер жағдайларында өмір сүруге да йындайды. 
біз  «білімнің  үш  тұғырының»  үш  элементінің  барлығын  
(білім  беру,  зерттеулер,  инновациялар)  дамыту  және 
біріктіру, адами қорларға ірі көлемді инвестициялау, кәсіптік 
машықтар мен ғылыми зерттеулерді дамыту арқылы ғалами 
инновациялық  қоғамды  қалыптастыруға,  сондай-ақ  білім 
беру жүйелерін, олар білімге негізделген ғаламдық экономи-
ка қажеттіліктеріне сәйкес келетіндей, заманға сай өзгертуді 
қолдау жолдарын дамытуға ықпалдасатын боламыз... 
Ғылым, техника және экономиканы ғаламдандыру ба-
рысына қарай ғаламдық талаптарға жауап беру үшін жоғары 
білікті кадрлар даярлау мен білім жинақтаудағы халықаралық 
ынтымақтастық қажет» [3]. 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
111
3.3. ҒАЛАМДЫҚ ИннОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХнОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС 
СТРАТЕГИЯСЫнЫҢ ҒЫЛЫМИ нЕГІЗІ
 
И
ННОВАЦИЯЛЫҚ
-
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
 
БОЛЖАМНЫҢ
 
РӨЛІ
 
Соңғы  уақытта  компаниялардың,  елдердің,  өркениет- 
тер мен жалпы әлемнің даму келешегін болжаудың барған 
сайын  түсінілу  деңгейі  өсіп,  маңызы  жоғарылап,  өткізу 
қажеттілігі артып келеді.
елдердің  барлығы  дерлік  өз  болашағының  көрінісін 
айқындаумен шұғылдануда, ғалами және аймақтық құры- 
лымдар  өз  болжамдарында  2050  жылға  және  одан  да 
әрі  жететін  әлемнің  көріністерін  суреттейді.  бірақ  аталған 
болжамдардың  нақтылығына,  олардың  орындалу  мүм-
кіндігіне қатысты проблема бар сияқты. 
бүгін  бүкіл  әлем  аса  ауыр  дағдарыстың  жағдайларын 
әбден сезінді, оның негізгі және анағұрлым келеңсіз көрініс-
тері соңғы үш жылда қаржы, экология, энерге тика, азық-түлік, 
яғни адами дамуға тікелей ықпал ететін салалар болды. осы 
келеңсіз  факторлардың  бар лығын  әлем  халқының  басым  
бөлігі басынан өткерді. Алайда мемлекетаралық бірлестік-
тердің  бүкіл  қуаты,  әлемдегі  көшбасшы  державалардың 
барлық қорлары дағдарыстардың алдын алуға жетпеді және 
қазір  де  үйлестірілген  шаралар  қабылдау  үшін  жеткіліксіз 
болып отыр. 
мемлекеттер  мен  мемлекетаралық  бірлестіктердің 
ұлттық және ғалами мүдделерге сүйене отырып берген бол-
жамдарының  мақсаттық  белгіленімдері  ұлтаралық  компа-
ниялардың  мақсаттары  мен  әрекеттерінен  айтарлықтай 
ерекшеленетін  секілді.  Ал  шындыққа  келсек,  қаржылық 
тұрақтылық  та,  экологиялық  қауіпсіздік  те,  ғылыми-техно-

ҒАЛАМДЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЖАҢАРТУ СТРАТЕГИЯСЫ ЖӘ
н
Е ӨРКЕ
н
ИЕТТЕР СЕРІКТЕСТІГІ
112
логиялық дамыту да және нәтижесінде — жалпы адам заттың 
дамуы да тап соларға қарап тұр. 
баршамызға  да  мемлекеттердің  инновациялық-техно-
логиялық  серпілістегі  рөлін  қайта  қарап,  мемлекеттер  мен 
мемлекетаралық бірлестіктердің өздері жасайтын болжам-
дары мен стратегияларына ықпал ету тетіктерінің тиімділігін 
арттыру қажет. 
Дүниежүзілік  технологиялық  даму  болжамдарының 
негізгі мазмұны неде? 
осы  мәселені  қарастырғанда  әлемде  әлеуметтік-эко-
номикалық  дамуға  материалдық  мүмкіндікті  қамтамасыз 
ететін  технологиялық  даму  болып  табылатынын  ұмытпау 
қажет. 
бұрын  инновациялық  даму  және  жаңа  технологиялар 
қолдану үрдістеріне қатысуға немесе басқа елдердің қолы 
жеткен ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін сіңіріп 
алуға  мүмкіндіктері  болмаған  елдер  қазіргі  таңда  адами 
әлеует  деңгейінің  жеткіліксіздігімен  сипатталатыны  белгілі. 
бұл олардың орнын технологиялық және әлеуметтік дамы- 
ған  елдерге  келеңсіз  ықпал  ету  көзі  (миграция,  аурулар, 
лаңкестік, діни төзімсіздік және т. б.) ретінде көрсетеді.
Әлемнің жетекші елдері ғылыми-технологиялық бола-
шақтың ұзақ мерзімді стратегиясын жасаған кезде не нәрсеге 
басымдық береді? 
Соңғы  онжылдықтың  ішінде  ғаламшардың  техноло-
гиялық болашағының әзірленген көрінісі өзгермеді, тек өткен 
ғасырдың соңында жасалған түбегейлі жаңашылдықтарды 
жаңадан  қолдану  жолдарының  пайда  болуы  есебінен 
пысықталып, нақтылана түсті деп мойындасақ, қателік бол-
майды. Және әлем ғалымдарының жалпы түсінігі бойынша, 
әлемнің жетекші дамыған елдерінің қазіргі таңда басым жөн-
жосығының орнын басатын VI технологиялық жөн-жосықтың 
негізін төмендегі салалар құрайды: 

И
ННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕРПІЛІС СТРАТЕГИЯСЫ 
113
нанотехнологиялар мен наноматериалдар
 •
биотехнологиялар; 
 •
ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект 
 •
жүйелері; 
ғарыштық технологиялар; 
 •
жаңғыртылатын энергетика. 
 •
тиісінше, келе жатқан жөн-жосықтың аталған салаларын 
технологиялық дамытудың ғылыми негізін жаңғыртылатын 
энергия  көздері,  нанотехнологиялар,  заттектерді  өзгерту  
және  жаңа  материалдық  нысандар  құрастыру  бойынша, 
сондай-ақ жанды ағзалардың жасушалық өзгерістері, соның 
ішінде  гендік  инженерия  әдістері  бойынша  іргелі  және 
қолданбалы зерттеулер құрайды. 
Өнеркәсіптің аталған салаларының және ғылыми зерт-
теулердің  тиімділігі  мен  келешектігін  қанша  түсінсек  те, 
оларды  ғалами  дамыту  үрдісінде  бірқатар  маңызды  «гәп» 
бар екенін байқаймыз. 
Жоғарыда  айтылғандай,  жаңа  технологиялық  жөн-
жосыққа көшу негізін соңғы бірнеше ондаған жылдың ірге-
лі  жаңашылдықтары  құрайды.  Ғылыми  қызметтің  жалпы 
дүниежүзілік  тәжірибесі  бойынша,  іргелі  зерттеулер  бүкіл 
әлемнің  дәулеті  болып  табылады,  олар  әлдекімге  болсын, 
тиесілі  емес  және  тиісінше,  ғалымды,  компанияны  немесе 
мемлекетті  ондай  білімді  өзінің  қолданбалы  зерттеулерін 
жүргізу  және  өз  экономикасын  дамыту  үшін  қолдануды 
қамтамасыз етуде ешкім де шектемейді. тап осы тұста бәрі-
нен бұрын қандай да болмасын іргелі білімді әртүрлі елдерде 
қолдану мүмкіндігі жағынан қиындықтар туындайды. 
іргелі  зерттеулерді  қолданбалы  әзірленімдер  мен 
анағұрлым  жетілген  өнімдер  немесе  өндіріс  құралдарын  
өндіру  технологияларына  аударудың  даусыз  көшбасшы- 
лары Солтүстік Америка, батыс еуропа елдері, Жапония бо-
лып  табылады.  Қалған  елдер  объективті  және  субъективті 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет