Сәрсенбекованың басшылығымен Қ



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі2,87 Mb.
#7314

Университет жастары ақиық ақын Мұқағалидің қойылымында 

 

Университеттің      Тәрбие  жұмысы  жөніндегі  проректоры  Г.Ә. 

Сәрсенбекованың  басшылығымен  Қ.  Тұрысов  атындағы  Мұнай  және  газ  ісі 

институтының   мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары 

кафедрасының  эдвайзері    Тоғыз    Досмырзаұлының  ұйымдастыруымен  топ 

студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар 

мен  жасөспірімдер  театрында  болып,  "Мен  ұмытылмаймын!"  атты  қазақтың 

ақиық  ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың  поэзиясымен  өрілген  лирикалық 

драманың тұсаукесерін тамашалады.  

Спектакльдің  қоюшы  режиссері  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  артисі, 

«Құрмет»  орденінің  иегері  Балтабай  Сейітмамытұлы.  Туындыда  ақиық 

ақынның  соңғы  бір  күні  көрсетіліп,  өткен  күндердің  елестері  де  тыс 

қалмайды.  Ақын  Музамен  сырласады.  Ол  "Мен  бүгінге  дейін  не  істедім?" 

дегенге  жауап  іздейді.  Режиссердің  айтуынша,  қойылымның  мақсаты  – 

Мұқағали  рухын  қайта  жандандыру,  халқымен  қауыштыру,  сөйлету, 

үндестіру екен. 

Бұл  қойылымда  жастардың  шыққаны  жақсы  әсер  қалдырды.  Жастарға 

қарап  отырсаңыз,  өмірді  Мұқағалисіз  елестете  алмайтын  тәрізді.  Әр  айтқан 

өлеңі,  жай  оқып  отырса  да,  көрерменге  ой  тастап  отырады.    Кештің  қазақ 

елінің  жастары  үшін  берер  тәрбиелік  мәні  өте  зор.  Ал  соңғы  көріністегі 

"Бүгін менің туған күнім" өлеңі көңілді бір толқытып тастады.  

Еліміздің классикалық қойылымдарының қатары тағы бір құнды 



дүниемен толыққанына өте қуаныштымыз!   

ТЖД 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет