Сәуірдің 18 күні «шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі263,48 Kb.
#6094

2014 жыл  №4 (69) Сәуір

4

Студент



әлемі

Жәнібек әнДеРі ШЫРҚАЛДЫ



Сәуірдің 18 күні «шәкәрімтану» 

ғылыми-зерттеу 

орталығы 

және  филология  факультетінің 

ұйымдастыруымен  белгілі  әнші, 

өнер зерттеушісі, жазушы Жәнібек 

Кәрменовтің 65 жылдығына орай 

«алаштан ән оздырған» әдеби- саз 

кеші болып өтті.

Кешті Семей қаласының Шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университетінің  ректоры,  саяси 

ғылымдарының  докторы  Әмірбеков  Шәріпбек  Ағабайұлы 

бастап, әнші шығармашылығына тоқталды.

Салтанатта  профессорлар  А.С.Еспенбетов,  А.Ә.Рамазан, 

жазушы  Д.Сейсенұлы,  әншілер  Б.Сағымбаева,  Г.Еруова, 

Жәнібектің  апайы  Р.Кәрменова  тағы  басқалар  естелік  айтып, 

Жәнібектің әндерін шырқады.

Университет  студенттерінің  өнерлеріне  де  жиналғандар 

қошемет көрсетіп қол соқты.

Сахнаға  көтерілген  белгілі  композитор  Арғымбек 

Ахметжанов  Шәкәрім  әндерін  алғаш 

халыққа  таратушылардың  бірі  Жәнібек 

Кәрменовтің  ұлттық  мәдениетімізге 

қосқан 


еңбегін 

саралай 


келіп, 

Шәкәрімұлы  Ахаттың  айтуымен  әжесі 

Мәуеннің  соққан  кездік  үлгісімен 

дайындалған көне жәдігерді мұражайға 

тарту етті.

Университет  кітапханасы  ғылыми 

анықтама  бөлімінің  меңгерушісі  Г.Майшекинаның 

басшылығымен  Жәнібек  Карменов  шығармашылығына 

арналған көрме ұйымдастырылды.

Жиналғандар  жан-жақты  өнер  шебері,  халқымыздың 

біртуар ардақтысы Жәнібек Кәрменов шығармашылығына 

қатысты  осындай  кештер  студенттер  арасында  жүйелі 

ұйымдастырылып тұрса деген тілекпен тарасты.

м.Жарылғасынұлы,

«шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу 

орталығының маманы 

Семей 

қаласының 

шәкәрім 

атындағы  мемлекеттік  университеті  

іргесінде  23  сәуір  күні  Педагогика 

жоғары  мектебі  және      инновациялық 

білім беру технологиялар орталығының 

ұйымдастыруымен  «Педагогикалық 

шеберлік  керуені»  іі  -  облыстық 

педагогикалық континуумы  өтті.  

Шараның 


мақсаты 

педагог 


мамандардың  шығармашылық  және 

инновациялық іс-әрекетін қолдау, олардың 

кәсіби  жетілуін  ынталандыру,  сондай-ақ, 

бүгінгі  педагогикалық  технологияларды 

қолданудағы  іс-тәжірибені  таратудың 

жаңашылдық 

кеңістігін 

құруға 


бағытталып, 

Шәкәрім 


университеті 

мен  ШҚО  білім  беру  ошақтарының 

арасындағы  тығыз  әріптестік  байланыс 

орнатуды міндет етеді. 

Шеберлік  керуеніне  қала  және  ауыл 

мектептерінен  жиыны  60-қа  жуық 

педагог  мамандар  қатысты.  Жиын 

барысында  олар  баяндама  жасап,  іс-

тәжірибелерімен  бөлісті.  Солардың  бірі 

-  Сергиополь  ЖББОМ  жоғарғы  санатты 

тарих  пәнінің  мұғалімі  Баймоллаев 

Әділбек  Құрманғалиұлы.    Аядай  ғана 

Аягөз  жерінен  келген  педагог  жиында 

сөз  алып,  «Бозай  жеріндегі  қола  дәуір 

ескерткіштері» 

тақырыбында 

өз 

баяндамасын көпшілік назарына ұсынды.  



Ал,  Қайнар  ауылынан  ат  арытып  келген 

Бегалин  атындағы  мектеп    ұстазы 

Қуатбаева  Маржан  Төкенқызы  «Шығыс 

Қазақстан  өңірінің  Батыс  Еуропа  және 

орыс  саяхатшылары  мен  ғалымдарының 

еңбектерінде  көрініс  табуы»  туралы 

баяндама жасады. Жоғарыда аты аталған 

екі  бірдей  педагогқа    ғылыми      кеңес 

беріп,  жол  сілтеген  «Қазақстан  тарихы» 

кафедрасының 

профессоры, 

тарих 


ғылымдарының  кандидаты  Кәрімов 

Мұхтарбек Қарпықұлы.  

Айта кетейік, педагогикалық  шеберлік 

керуені  континуумы  3  кезең  бойынша 

өткізілді.  Бірінші  кезең,  яғни  2013 

жылдың  қараша  айынан  бастап  2014 

жылдың  қаңтарына  дейін  жоғары 

педагогикалық мектебінің профессорлық-

оқытушылар  құрамы  арнайы  семинар-

тренингтер 

өткізіп, 

педагогтарды 

мәліметтер 

қорында 


тіркеді. 

Ал, 


ағымдағы 

жылдың 


ақпан-наурыз 

айлары  аралығында  өткен  екінші  кезең 

барысында  жеке  ғылыми-зерттеушілік 

тақырыптар 

аясында 

континуумға 

қатысушыларға  ғылыми  кеңес  берілген 

еді.  Күні  кеше  өткен  континуумның 

3-ші  кезеңінде  қатысушылар  ғылыми 

баяндамаларын  қорғады.  Континуум 

жұмысы қорытындыланды. 

Педагогикалық  шеберлік  керуенінде 

жеңімпаз  деп  танылған  педагогтар 

Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы 

мемлекеттік 

университеті 

ректоры 

Әмірбеков  Шәріпбек  Ағабайұлының 

марапатына  ие  болып,  оларға    жоғары 

педагогикалық  мектеп  директорының 

орынбасары 

Төлеуғалиева 

Сәуле 

Серікқызы 



«Жоғары 

ғылыми-


зерттеу  деңгейі»,  «Жоғары  ғылыми-

әдістемелік  деңгей»,  «Қазіргі  білім  беру 

технологияларының  сәтті  енгізілуі», 

«Креативтілік  және  шығармашылық» 

сынды 

номинациялар 



бойынша 

дипломдар табыстады.   

Сонымен 

қатар, 


«Педагогикалық 

шеберлік 

керуені» 

континуумы 

шеңберінде 2014 жылдың 10 наурызында 

бастау 


алған 

«Педагогикалық 

технологиялар  аукционы»  байқауы  да 

мәреге  жетті.  Семей  өңірінің  мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемелері,  орта 

білім  беретін  оқу  ошақтары,  колледж 

және ЖОО ұстаздарына арналған байқау 

педагогтардың 

шығармашылықтарын 

қолдай  отырып,  мектептерде  оқыту 

процесінде 

қолданылатын 

тиімді 

педагогикалық 



технологияларды 

анықтауды көздейді. 

«Педагогикалық 

түсінікте 

«Педагогикалық 

технологиялар 

аукционы» педагогтардың өз тәжірибесін 

көпшілік 

алдында 

жариялау 

деп 

түсіндіріледі.    Біз  аукцион  арқылы 



педагогтарға  білім  беру  жүйесіне 

педагогикалық 

технологияларды 

енгізудегі  тәжірибелерін  көрсетулеріне 

жол аштық», - дейді ұйымдастырушылар. 

Аукционда  мектеп  оқытушыларының 

байқауда 

ұсынған 


материалдары 

талданып, 

жиналғандар 

тарапынан 

ұсыныс-пікірлер  айтылды.  Нәтижесінде 

үздіктер  қатарынан  көрінген  педагог 

мамандар  түрлі  номинациялар  бойынша 

алғыс 


хаттармен, 

дипломдармен 



марапатталды. 

Баспасөз қызметі.

«ПедагогиКалық шеБерліК Керуені» 

іі - оБлыСтық ПедагогиКалық Континуумы

Әдеби-саз кеші


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет