Сәулелердің қайсысының жиілігі ең аз? А γ сәулелері. В көрінетін жарық



Дата14.10.2023
өлшемі48 Kb.
#114161
Байланысты:
Тест жұмысы "Жарық заңдары". Физика 11 сынып.


Нұсқа 1.

  1. Сәулелердің қайсысының жиілігі ең аз?

А) γ – сәулелері. В) Көрінетін жарық.
С) Ультракүлгін сәулелері. Д) Рентген сәулелері.



  1. Жарық дисперсиясы дегеніміз не?

А) Жарықтың денелерді орап өтуі.
В) Жарықтың шашырау және шағылу құбылысы.
С) Жарықтың ортада жұтылуы.
Д) Жарықтың сыну көрсеткішінің жиілікке тәуелділігі.



  1. Периоды 3 мкм дифракциялық торға толқын ұзындығы 650 нм монохромат жарық түседі. Дифракциялық максимумның ең үлкен рет саны қандай болады?

А) 1. В) 2. С) 3. Д) 4.



  1. Жарықтың табиғатын қарастыратын физиканың бөлімі

А. Геометриялық оптика. В. Акустика. С. Оптика. Д. Статика



  1. Жарық толық шағылу үшін сыну бұрышы қанша градустан кем болмауы керек?

А. 300 В. 450 С. 600 Д. 900



  1. Жарық жылдамдығын астрономиялық жолмен анықтаған ғалым...

А. Ремер. В. Физо. С. Майкельсон. Д. Герц



  1. Радиостанция ұзындығы 400 м толқын шығарады. Станцияның жұмыс жасау жиілігі (с = 3·108 м/с)

A) 340 кГц. B) 400 МГц. C) 0,75 МГц. Д. 750 МГц



  1. Біртекті оптикалық ортадағы жарық

A) сынады B) түзу бойымен таралады
С) таралмайды E) шағылады

  1. Айналық бетке жарық сәулесінің түсу бұрышы 200 . Шағылған сәулемен айна жазықтығы арасындағы бұрыш:

A) 900 B) 400 C) 700 D) 200



  1. Жарық сәулесінің түсу бұрышын 200 - қа арттырғанда түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

A) 400-қа артады
B) 200-қа артады
C) 100-қа артады
D) Өзгермейді

Нұсқа 2.


  1. Сәулелердің қайсысының толқын ұзындығы ең қысқа

А) Радиотолқындар. В) Көрінетін жарық.
С) Инфрақызыл жарық. Д) Рентген сәулелері.



  1. Дифракциялық тордың 1мм ұзындығында 100 штрих бар. Дифракциялық тордың периоды қандай?

А) d = 100мм. В) d = 10-5м. С) d = 1м Д) d = 10-3м.

  1. Интерференцияның анықтамасын көрсетіңіз.

А) Когерентті екі толқын бір-бірімен қосылғандағы кеңістік нүктелеріндегі толқынның күшеюі және жойылуы.
В) Жарық толқынының алдындағы бөгетті айналып өтуі.
С) Тербеліс жиілігінің сыну көрсеткішіне байланыстылығы.
Д) Толқынның электрлік векторының белгілі бір бағытын жарық толқынынан бөлуді айтады.



  1. Көлеңкенің пайда болуын дәлелдейтін заң

A) жарықтың түзу сызық бойымен таралуы B) жарықтың сынуы
C) жарықтың шағылуы D) жарықтың сынуы жєне шағылуы



  1. Шағылған сәуле түскен сәулемен 400 бұрыш жасау үшін сәуленің түсу бұрышы

A) 200 B) 250 C) 400 D) 500



  1. Сәуленің түсу бұрышы 100 -қа азайғанда түскен сәуле мен шағылған сәуленің арасындағы бұрыш

A) 150-қа азаяды. B) 100-қа азаяды. C) 50-қа азаяды. D) 200-қа азаяды



  1. Ақ жарық призмадан өткенде жеті түске жіктеледі. Бұл құбылыс қалай аталады?

А. Интерференция. В. Дифракция. С. Дисперсия. Д. Поляризация



  1. Алғашқы түстерді қосқанда қандай түс алуға болады?

А. Ақ. В. Қара. С. Сары. Д. Қызыл.



  1. Жарықты поляризациялау үшін қандай кристалл қолданылады?

А. Графит. В. Турмалин. С. Ас тұзы. Д. Алмаз



  1. Алғашқы түстер қатарын анықтаңыз.

А. Қызыл, сары, жасыл. В. Қызыл, жасыл, көк. С. Қызыл, жасыл, сары. Д. Ақ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет