Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Күрделі жӛндеу ұйымдастыру мен жұмыстарды жүргізудің және технологиялық



Pdf көрінісі
бет14/31
Дата28.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#53286
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31
  
Күрделі жӛндеу ұйымдастыру мен жұмыстарды жүргізудің және технологиялық 
карталардың әзірленген жобаларының сапасын бақылау жӛніндегі ұсынымдар. 
1. Жұмыс ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау сапасы жұмысты 
орындаушылар мен жұмыстың орындалу сапасын бақылайтын тұлғалардың құрылыс 
жүргізу технологиясын, құрылыс ұйымдастыруға қойылатын нормативтік 
талаптарды, сондай-ақ құрылыстың жобалау құжаттамалары жүйесінің (ҚЖҚЖ) 
және 
Конструкторлық 
құжаттамалардың 
бірыңғай 
жүйесінің 
(КҚБЖ) 
стандарттарымен белгіленген құрылыстық жұмыс құжаттамаларын орындау 
ережелерін білулерімен толық байланысты. 
2. Күрделі жӛндеу ұйымдастыру және жұмыс жүргізу жобалары мен 
технологиялық карталар жобалау сатысында Тапсырыс берушіге танысу үшін, 
тікелей жұмыс жүргізу үшін тек қана Жұмыс құжаттамасы берілуі мүмкін. 
3. Әзірленген ұйымдастыру-технологиялық құжаттамалардың сапасы келесі 
реттілікпен бақыланады: 
-құжаттаманың сыртқы түрі; 
- түсіндірме жазбаның рәсімделуі; 
- графикалық бӛлігінің рәсімделуі; 
- түсіндірме жазбаныі құрамы мен мазмұны; 
- графикалық бӛлігінің құрамы мен мазмұны. 
4. Түсіндірме жазба мен оның графикалық бӛлігі МЕСТ 2.301-68 «ЕСКД. 
Форматтарына» сәйкес парақтарда орындалуы тиіс, бұл ретте МЕСТ 21.101-97 
«ҚЖҚС. Жобалау және жұмыс құжаттамаларына қойылатын негізгі талаптарда» 
белгіленген жиектеме мен мӛртабан болуы тиіс. 
5. Түсіндірме жазба мен оның графикалық бӛлігінің парақтары МЕСТ 21.101-97 
ҚЖҚС. Жобалау және жұмыс құжаттамаларына қойылатын негізгі талаптарында» 
кӛзделген тәртіпте нӛмірленуі және кітапша түрінде болуы тиіс.
6. Түсіндірме жазбаның рәсімделуі МЕСТ 2.105-95 «Мәтіндік құжаттарға 
қойылатын жалпы талаптарға» сәйкес болуы тиіс. 
7. Бӛлімдерде барлық құжат шегінде араб сандырымен белгіленген, нүктесіз 
және абзацтың қызыл жолынан басталып жазылған реттік нӛмірлері бар. 
Бӛлімшелердің әрбір бӛлім шегінде нӛмірленуі болуы тиіс. Бӛлімшенің нӛмірі нүкте 
арқылы бӛлінген бӛлім мен бӛлімшенің нӛмірлерінен тұрады. Бӛлімше нӛмірінің 
соңында нүкте қойылмайды. Бӛлімдер де бӛлімшелер сияқты бір немесе бірнеше 
тармақтардан тұруы мүмкін. 
8. Түсіндірме жазбаның мәтініндегі таблицаларда, схемаларда, суреттерде де 
барлық құжат бойынша реттік нӛмірлері болуы тиіс. 
9. Мәтінннің мазмұндалуы тиісті стандарттармен белгіленген техникалық 
терминдерді, белгіленулер мен анықтамаларды қолданумен, ал олар болмағанда –
ғылыми-техникалық әдебиетте жалпыға бірдей қабылданғандарды қолданумен 
орындалуы 
тиіс, 
ауызша 
сӛйлеу 
тілінің 
айналымдарын, 
техницизмдерді, профессионализмдерді қолдануға жол берілмеуі тиіс. 


10. Графикалық бӛлігінің рәсімделуі ҚҚЖЖ және КҚБЖ стандарттары 
талаптарына сәйкес болуы тиіс. 
11. Графикалық бӛлігінің сызбалары МЕСТ 2.302-68 «КҚБЖ. Масштабтарында» 
белгіленген, олардың күрделілігі мен ақпараттық толықтығын ескере отырып, 
орнықты масштабтарда орындалуы тиіс. 
12. Типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер (бекіту үшін бағытталған) 
қайталап пайдаланылатын жұмыс құжаттамалары құрылыстың нақты алаңына 
бекітілуге жатады. Бекітілетін құжаттың әр парағында МЕСТ 21.101-97 «ҚЖҚС. 
Жобалау және жұмыс құжаттамаларына қойылатын негізгі талаптардың» М-
қосымшасына сәйкес мӛртабан болуы тиіс. 
13. Жұмыс жүргізу жобаларының және технологиялық карталарының 
ұйымдастыру-технологиялық шешімдерінің мазмұны күрделі жұмыс жүргізу 
жобасында қабылданған шешімдерге сәйкес болуы тиіс. Ұйымдастыру-
технологиялық шешімдер қабылданбаған жағдайда, күрделі жұмыс ұйымдастыру 
жобасында жұмыс жүргізу жобасы күрделі жұмыс ұйымдастыру жобасын 
әзірлеушімен келісілуі тиіс.
14. Жұмыстың құрамы мен жұмыс жүргізудің ұйымдастыру-технологиялық 
реттілігі жұмыстың орындалуының нақты талаптарына және күрделі жӛндеудің 
нақты әрбір объектісіне арналған жұмыс құжаттамасына сәйкес келуі тиіс. 
16. Жұмыс ұйымдастыру, жүргізу жобалары мен технологиялық карталарда 
жұмыс ұйымдастыру әдістері мен құрылыс ұйымдастыру туралы барлық қажетті 
технологиялық ақпарат толық кӛлемде берілуі тиіс. 
17. Технологиядан ауытқу және жұмыс жүргізу талаптарының сәйкестігі 
болғанда, жобаны әзірлеуші – ұйым міндетті түрде қайта пысықтады немесе қайта 
жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет