Сәулет, қала құрылысы және құрылыс



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата28.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#53286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
3.6 Құрылыстың бас жоспары: учаске құрылысының (жӛндеуінің) жоспарында 
салынып жатқан ғимараттың немесе имараттың орналасуы кӛрсетіледі, жолдар мен 
жүйелердің, қойма орындары мен алаңдарының, кран асты жолдарының, дайындау 
және негізгі кезеңдерде уақытша тұрғызылған ғимараттар мен имараттардың 
орналасуы нақтыланады. Құрылыстың бас жоспары дайындау кезеңіндегі жұмыстар 
жобасының және негізгі кезеңдегі жұмыстар кешені құрамында әзірленеді. 
3.7 Кондоминиум объектісін басқару органы: кондоминиум объектісіне 
бақылау жасау жӛніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. 
4 Жалпы ережелер
4.1 Тұрғын ғимараттардың күрделі жӛнделуі – жобаға (жұмыс жобасына), 
күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасына және жүргізу жобаларына - ұйымдастыру-
технологиялық жобалау құжаттамаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
4.2 Күрделі жӛндеу жүргізілгенде жӛндеу-құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру 
барлық ұйымдастыру, техникалық, жобалау-конструкторлық және технологиялық 
шешімдердің келісімділігін, объектіні талап етілген сапамен материалдық және 
энергетикалық ресурстардың үнемділігін қамтамасыз етумен белгіленген 
мерзімдерде, уақытында пайдалануға берілуін қамтамасыз етуі тиіс.
Күрделі 
жӛндеу 
ұйымдастыру 
және 
жүргізу 
жұмыстары 
жобаларының шешімдері күрделі жӛндеу объектілеріндегі жұмыскерлердің 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. 
Жӛндеу-құрылыс және құрылыс жұмыстарын ӛткізуге арналған ұйымдастыру-
технологиялық құжаттамаларды әзірлеу саласындағы негізгі ережелер[1-13]. 
еңбектерінде 
мазмұндалған. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі библиографияда кӛрсетілген. 


4.3 Объектіні жӛндеу жағдайында құрылыс жүргізуді ұйымдастыру ҚР ҚН 1.03-
00 сәйкес іске асырылуға тиіс. 
4.4 
Күрделі 
жӛндеу 
жұмыстарын 
ұйымдастыру 
және 
жұмыстар 
жүргізу жобаларында осы құжаттарды әзірлейтін, бекітетін және келісетін 
ұйымдарда қолданылатын ережелерге сәйкес рәсімделген, келісілген және бекітілген 
күрделі жӛндеу ұйымдастыру мен жұмыстар жүргізу технологиясы жӛніндегі 
шешімдер болуы тиіс. 
4.5 Күрделі жӛндеу жүргізгенде күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасы мен 
жұмыстар жүргізу жобасы бекітілмеген жағдайда, жӛндеу-құрылыс жұмыстарын 
жүргізуге тыйым салынады. 
Күрделі жұмыс ұйымдастыру жобаларының және жұмыс жүргізу жобаларының 
шешімдерінен оларды әзірлейтін және бекітетін ұйымдардың келісімісіз шегінуге 
жол берілмейді. 
4.6. Күрделі жұмыс ұйымдастыру жобасы мен жұмыс жүргізу жобасы: 
күрделі жұмыс жүргізу жағдайында құрылыс объектісінің уақытында 
тапсырылуын қамтамасыз ету мақсатында жӛндеу-құрылыс жұмыстарын 
ұйымдастырудың, жүргізудің және басқарудың заманауи әдістерін қолдануды; 
жӛндеу-құрылыс жұмыстары сапасының қойылған дәрежесін қамтамасыз ететін 
технологиялық процестерді қолдануды
жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуде диспетчерлік байланыстың және 
автоматтандырылған басқару жүйелерінің заманауи техникалық құралдарын 
пайдалануды; 
ауысымға (секцияға, ярусқа, қабатқа және с.с.) арналған есеппен 
конструкцияларды, бұйымдар мен материалдарды объектіге жиынтықтап жеткізуді; 
жұмыс 
кӛлемін 
барынша 
пайдалану, 
жӛндеу-құрылыс 
процестерін 
үздіксіздікпен және ағындылықпен қамтамасыз ете отырып қатар қолдану, ресурстар 
мен ӛндірістік қуаттарды біркелкі пайдалануды; 
инновациялық құрылыс конструкцияларын, бұйымдар мен материалдарды 
қолдануды; 
екі-үш ауысымға ӛндірістік машиналарды барынша пайдаланғанда жұмыстарды 
механикаландыруды; 
кӛлік құралдарынан тікелей құрылыс конструкцияларын монтаждауды; 
технологиялық жабдықтарды ірілендірілген блоктармен жеткізу мен 
монтаждауды; 
Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік және табиғатты қорғау 
талаптарының сақталуын ескерумен әзірленуі тиіс. 
4.7 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасын және жұмыс жүргізу жобасын 
әзірлегенде құрылыс ауданының табиғи-климаттық ерекшеліктерінің ескерілгені 
дұрыс болады. 
4.8 Күрделі конструктивтік шешімдерді және арнайы кӛмекші тетіктер мен құрылғыларды 
қолданумен орындалған жұмыс жүргізу талаптары бар ғимараттарды күрделі жӛндеу үшін 
объектіні жобалауды жүзеге асыратын жобалаушы ұйымдар осы құрылғылар мен 
қондырғылардың жұмыс сызбасын әзірлеуі тиіс. Жеке алғанда, оларға мыналар жатады:
топырақты кірігу, топырақтандыру, силикаттандыру және термиялық тәсілдер арқылы 
бекіту;
тоғыспаларды, тұрбаларды және с.с. құрастыру үшін тұрғызылған ағаш 
конструкциялары;


бар ғимараттардың іргетасына жақын үзілетін қазанщұңқырлар мен орлардың шпунт 
дуалдары;
жӛнделетін ғимаратта орналасқан ауыстырып тиейтін алаңдардың конструкциясы;
қабырғаларды зарядтық компенсациялау әдісімен құрғатуға арналған құрылғы;
салмақ түсетін қабырғаларды қайта қалағанда және ойық орындардың монтажын 
орындағанда конструкцияларды ӛлшеп тексеруге арналған құрылғыларды - жанасып жатқан 
ғимараттарды қорғауға арналған конструкциялар;
еркін тұрған қабырғалардың орнықтылығын қамтамасыз ететін тетіктер;
топырақты жаншу әдісімен жерасты құбырларын жүргізуге арналған жабдықтау және 
арнайы құрылғылар;
күрделі типтік емес уақытша имараттар мен жүйелер (түйісу және жарықтандыру 
жүйесін және с.с.сумен қамтамасыз ету, жылумен жабдықтау, кәріз, энергиямен 
қамсыздандыру).
4.9 Жеке технологиялық карталардың, сызбаларының, қондырғылардың, жабдықтар мен 
тетіктердің жұмыс жүргізу жобасының құрамында әзірленуіне жол берілмейді, егер ол туралы 
типтік құжаттамалар, ресми ақпарат кӛздеріне енгізілген деректер болса.
4.10 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру және жұмыс жүргізу жӛніндегі жобалық 
материалдардың рәсімделуі құрылыстың жобалық құжаттамалар жүйесінің (ҚЖҚЖ) 
талаптарына сәйкес келуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет