Сәулет, қала құрылысы және құрылыс


Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының құрамы мен мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата28.11.2022
өлшемі1.02 Mb.
#53286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
5 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының құрамы мен мазмұны
5.1 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобалары жӛндеу ӛткізу ұзақтығы жӛніндегі 
талаптарды, алдын ала жұмсалуды қамтамасыз етуді ескере отырып, ұйымдастыру-
технологиялық дайындықтың және күнтізбелік мерзімдер (тоқсандар, айлар) 
бойынша жӛндеу жүргізудің, жӛндеу-құрылыс жұмыстарына арналған шығындарды 
бӛлудің негізі болып табылады және ол жӛндеудің сметалық құны негізделгенде 
ескерілуі тиіс.
5.2 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасы күрделі жӛндеудің бекітілген 
жобалау-сметалық құжаттамаларының (күрделі жӛндеу бӛлімі) ажырамас бӛлігін 
құрауы тиіс және оны басқа бӛлімдермен қатар кӛлемді-жоспарлау, конструктивтік 
және технологиялық шешімдерді объектілерді жӛндеуді іске асыру талаптары мен 
әдістеріне ӛзара үйлестіру мақсатында әзірлеу керек. 
Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасы жобалау-сметалық құжаттамалар 
құрамында болмаған жағдайда, сапаны бағалау және жӛндеу-құрылыс 
жұмыстарының 
қауіпсіздік 
талаптарына 
сәйкестігі 
жӛніндегі 
бақылау 
процедураларының тізбесі мен тәртібі қолданыстағы заңды шеңберлік талаптармен 
анықталады және жӛндеу-құрылыс жұмыстарының қатысушылары арасында 
жасалған шартта белгіленеді. 
5.3 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасын жобалаушы қызметін орындайтын және 
қызметтің осы түріне арналған тиісті лицензиясы бар ұйым әзірлеуге тиіс.
Қосалқы мердігер жобалаушы ұйымдар жобалау-сметалық құжаттардың жеке бӛлімдерін 
әзірлегенде, қажет болғанда, осы ұйымдар ұйымның күрделі жӛндеуін ұйымдастыру жобасына 
оларды енгізу үшін тиісті шешімдер әзірлеуі керек.
5. Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасы немесе оның жеке шешімдері мамандырылған 
жобалаушы немесе жобалаушы-технологиялық ұйымдар, осы ұйымдарға жобалау-ізденуші 
жұмыстарын жүргізуге берілген қаражат есебінен әзірлеуі тиіс.
5.5 
Күрделі 
жӛндеу 
ұйымдастыру 
жобасының 
жобалау-сметалық 
құжаттамалары бекітілген сәттен бастап үш жыл ішінде әрекет етеді. 


Осы мерзім ӛткеннен кейін оған қолданыстағы нормалар мен ережелерге, жаңа 
техникалық талаптарға сәйкес жобалау-сметалық құжаттамалар үшін белгіленген 
тәртіпте кейін қайта қаралумен және қайта бекітілумен қажетті ӛзгертулер енгізіледі. 
5.6 Негізгі жӛндеу-құрылыс, монтаждау және арнайы жұмыстардың кӛлемі жобалау-
сметалық құжаттамаларда дайындау кезеңіндегі кӛлемдерді бӛлумен және қажет болғанда кезек 
(кешендер) бойынша белгіленеді.
5.7 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасы жобаға тапсырыс берушімен және қажет 
болғанда арнайы бақылау органдарымен келісілуі тиіс.
5.8 Жобаны әзірлегенде күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасын әзірлеу үшін негізгі 
материалдар ретінде мыналар пайдаланылады:
- күрделі жӛндеу ұйымдастыру жӛніндегі негізгі деректер қосымшасымен объекті 
кезектерге бӛлу жӛніндегі шешімді кӛрсетумен жобалау тапсырмасы және (немесе) ерекше 
жағдайда іске қосылатын кешендер (ғимарат немесе имарат жұмыс жүргізу мерзімінде 
пайдаланылады ма), А-қосымшасы;
- объектерді толық немесе ішінара техникалық бақылау материалдары;
- аудандық жайғастырудың, қалалар мен елді мекендердің бас жоспарларының 
схемаларының (жобаларының) материалдары;
- қажетті жобалау құжаттамалары;
- ғимараттардың, имараттардың және инженерлік коммуникациялардың кӛлемдік-
жоспарлау және конструктивтік шешімдері мен объектіні кезектерге бӛлу және (немесе) іске 
қосу кешендері туралы шешімдер (жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес) техникалық-
экономикалық кӛрсеткіштерімен (құрылыс кӛлемі, пәтерлердің жалпы кӛлемі, қабаттылығы 
және т.б.), Б-қосымшасы;
- жобалау ұйымы әзірлеген және белгіленген тәртіппен келісілген инженерлік 
коммуникациялардың жинақталған жоспары;
- жер массасының (қажет болғанда) картограммасымен құрылыс алаңының тіке 
жайғастырылуы;
- ландшафтық жоспар (кӛгалдандыру жоспары), (қажет болғанда);
- құрылыс аумағын табиғаттың қолайсыз жағдайларынан және геологиялық процестерден 
қорғау жӛніндегі шаралар және оның орындалу кезеңдері (аумақты инженерлік тұрғыда 
даярлау және с.с.);
- сметалық құжаттамалар;
-құрылыс материалдары мен конструкцияларды, жӛндеу-құрылыс жұмыстарының 
механикаландыру құралдарын қолдану жӛніндегі негізгі шешімдер;
-құрылысты тапсырыс беруші беретін электр энергиясымен және сумен уақытша 
қамтамасыз ету үшін техникалық жағдай;
- құрылыстың директивалық мерзімдерін белгілейтін нормативтік құқықтық актілер;
- күрделі және эксперименттік объектілерді салуда қойылатын арнайы талаптар;
- отандық энергия және ресурс үнемдеуші конструктивті элементтердің, материалдардың 
және энергия үнемдейтін инженерлік жүйелердің жобада қолданылуы туралы мәліметтер;
- тұрғын жайлардың тұрғындардан және жалға алушылардан (тұрғындарды кӛшіріп 
жӛндеу жүргізгенде) тұрғындарды босату мүмкіндігі мен мерзімдері туралы деректер.
Аталған негізгі құралдар күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасын әзірлейтін, оның 
әзірленуін уақытында қамтамасыз ететін жобалаушы ұйымның тапсырысы бойынша берілуі 
тиіс.
5.9 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының құрамы мен мазмұны күрделілігі есепке 
алынып, кӛлемді-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге, олардың сәйкестену дәрежесіне, 
арнайы қосымша имараттарға, тетіктер мен қондырғыларға, құрылым процестерінің әр 
түрлілігіне және жұмыстың арнайы түрлерін орындау қажеттілігіне, сондай-ақ объектіге 
материалдар мен бұйымдарды жеткізу жағдайына байланысты белгіленуі тиіс.
Күрделі жӛндеу күрделілігінің дәрежесі жобалауға арналған тапсырманы бекітетін 
ұйымның жобасы әзірленгенге дейін белгіленуі тиіс.


5.10 Техникалық жағынан күрделі емес объектілердің (ғимараттың барлық аумағы толық 
қамтылмағанда ғимараттың жеке элементтерін күрделі жӛндеу, санитарлық-техникалық, әрлеу 
жұмыстарының және с.с. басымдылығымен конструкциялар ауыстырылмай күрделі жӛндеу) 
жобалау-сметалық құжаттамаларының құрамына күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының 
орнына объекті (объект жанындағы құрылыс алаңының) құрылысының бас жоспары, жӛндеу-
құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру мен механизациялаудың негізгі сұрақтарының шешімімен 
және осы жұмыстарды орындау әдістері, оларды қысқы мерзімде орындау ерекшеліктері 
жӛніндегі нұсқаулар, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік жӛніндегі талаптар және түсіндірме 
жазбасы бар «Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жӛніндегі негізгі ережелер» бӛлімін енгізу керек.
5.11 Негізінен аса ірі емес құрылыспен байланысты бір кезеңдік жобалауда құрылыстың 
бас жоспары жобалау ұйымының шешімі бойынша құрастырылады.
5.12 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының құрамына келесілер енгізілуі тиіс:
мәтіндік бӛлімінде:
а) негізгі жӛндеу-құрылыс, монтаждау және арнайы жұмыстар тізімдемесі,
В-қосымшасы, 2-нысан;
б) құрылыс конструкцияларын, детальдерін, материалдар мен жабдықтарын қажетсіну 
тізімдемесі, В-қосымшасы, 3-нысан;
в) санаттар бойынша жұмысшы кадрларды қажетсіну кестесі, В-қосымшасы, 4-нысан;
г) жӛндеу объектісі бойынша тұтас алғанда негізгі құрылыс машиналары мен кӛлік 
құралдарын қажетсіну кестесі, В-қосымшасы, 5-нысан;
д) түсіндірме жазба, графикалық бӛлігінде;
е) күнтізбелік жоспар, В-қосымшасы, 1-нысан ;
ж) құрылыстың бас жоспары;
5.13 Күнтізбелік жоспарда:
жӛндеудің орындалу мерзімдері;
мерзімдер бойынша жӛндеуге және жӛндеу-құрылыс жұмыстарының кӛлемдеріне 
(дайындалу кезеңдеріндегі жұмыстарды қоса алғанда) арналған шығындарды кӛрсету;
жӛндеуді кезектерге (кешендерге) бӛлгенде – осы кезектердің немесе кешендердің 
орындалу мерзімдері белгіленуі тиіс.
5.14 Құрылыстың бас жоспарында:
жӛндеу объектісінің;
жӛндеу ӛткізуге жатқызылмаған бар және пайдаланылатын ғимараттардың, имараттар мен 
инженерлік жүйелердің;
бұзуға, бӛлшектеуге немесе қайта қалануға жатқызылған ғимараттардың, имараттардың 
және инженерлік жүйелердің;
материалдарды, конструкциялар мен бұйымдарды жеткізу үшін тұрақты және 
уақытша жүріп-тұратын жерлердің;
негізгі монтаждау крандары мен олардың орын алмасу жолдары, сондай-ақ басқа да 
құрылыс машиналары мен механикаландырылған қондырғылар және олардың әрекет ететін 
аймақтары орындарының;
инженерлік жүйелердің, құрылыс алаңын электр энергиясымен, сумен, жылумен 
қамтамасыз ететін кӛздердің және уақытша инженерлік жүйелердің жұмыс істейтін жүйелерге 
қосылу орындарының, жаңа жүйелердің бұрынғы жүйелерге жанасып жатқан жерлердің;
қойма алаңдарының орналасқан жерлерінің;
уақытша, сонымен қатар оңтайлы (түгендеу) ғимараттар мен имараттар орналасқан 
жерлердің, уақытша қойылған дуалдарды қоса алғанда;
құрылыс қалдықтары мен қоқыстары орналасқан жерлердің;
құрылысшылар мен ғимараттарда немесе тұрғындар мен жалға алушыларды кӛшірусіз 
жӛндеу ӛткізілетін ғимараттардың қауіпсіз ӛтетін жерлерінің орналасуы кӛрсетіледі.
5.15 Қажетті жағдайларда құрылыстың бас жоспарында жүктерді тасымалдау 
жолдарындағы арка арқылы ӛтетін жерлердің габариттері, жӛндеу объектісімен іргелес 
ғимараттардың биіктігі, жарықтандыру және байланысу жүйелерін тартуының орналасуы, 


жарықтандыру колонналарының, арнайы тіректердің, байланыс, электр беру әуе желілерінің, 
антенналық ғимараттардың, жарнамалық қондырғылардың, кӛшеттердің, сондай-ақ (жӛндеу 
ӛткізуге байланысты) кӛшірілуге жатқызылған дүңгіршектердің, дүкеншелердің, телефон 
будкаларының және ӛзгелердің орналасуы кӛрсетілуі тиіс.
Қойма алаңдарын орналастыру үшін объекті жанындағы аумақ жетіспеген жағдайда 
резервтік (аралық) объект жанындағы аумақтан тыс қойма алаңдары қарастырылуға 
тиіс. 5.16 Егер, ұйымдастыру және техникалық шешімдермен объект жанындағы алаң 
шегіндегі аумақ қамтылса, онда жобаның құрамына құрылыстың бас жоспарынан басқа 
жағдайға байланысты жоспар кіреберіс жолдарының, аралық қойма алаңдарының, кӛлік 
қозғалысы схемасының бұруы кӛрсетілуімен, электр беру жүйелерінің уақытша желілерінің 
кӛрсетілуімен енгізіледі.
5.17 Негізгі құрылыс конструкцияларын қажетсіну кестесі дайындау кезеңіндегі 
жұмыстарды және қажет болғанда, жеке кезектерге (кешендерге) арналған жұмыс кӛлемін қоса 
алғанда және қолданыстағы құрылыс материалдарына арналған шығындар нормаларын ескере 
отырып, объектіге тұтас жасалады,
5.18 Санаттар бойынша жұмысшы кадрларды қажетсіну кестесі күрделі жӛндеуге 
қатысатын негізгі ұйымдар бойынша жӛндеу-құрылыс жұмыстарының кӛлеміне және осы 
ұйымның бір жұмысшысына арналған жұмыстың жоспарлық нормаларына сәйкес жасалады.
5.19 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының түсіндірме жазбасында келесі ақпараттар 
болады:
күрделі жӛндеу объектісінің орналасқан жері және жӛндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу 
талаптары бойынша ауданның сипаттамасы;
кӛлік инфрақұрылымның дамуын бағалау;
құрылыс жүргізгенде жергілікті жұмыс күшін пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер;
құрылысты іске асыру, сонымен қатар жұмысты вахталық әдіспен орындау үшін білікті 
мамандарды тарту жӛніндегі шаралар тізбесі;
жерасты коммуникациялары, электр беру және байланыс орналасқан жерлерде, тар 
қалалық құрылыс жағдайында жұмыстар жүргізу ерекшеліктері;
тұрғын ғимараттарды күрделі жӛндеу ӛткізу реттілігін анықтайтын, күнтізбелік жоспарда 
белгіленген 
жӛндеу 
жұмыстарын 
аяқтау 
мерзімдерінің 
сақталуын 
қамтамасыз 
ететін қабылданған ұйымдастыру-технологиялық схеманың негіздемесі;
келесі жұмыстарды жүргізу және келесі конструкцияларды орнату алдында тиісті 
қабылдау актілерін жасаумен куәландыруға жатқызылған құрылыс және монтаждау жұмыстары 
түрлерінің, жауапты конструкцияларының, инженерлі-техникалық қамтамасыз ету жүйелері 
учаскелерінің тізбесі;
қосымша жалғастыра салынған жайларды тұрғызғандағы технологиялық реттілік;
жӛндеу-құрылыс 
жұмыстарында 
кадрларды, 
негізгі 
құрылыс 
машиналарын, 
механизмдерді, кӛлік құралдарын, отынды және жанар-жағар май материалдарын, сондай-ақ 
электр энергиясын, буды, уақытша ғимаратттар мен имараттарды қажетсінудің негіздемесі;
материалдарды, конструкцияларды, жабдықтарды, ірі модульдер мен оларды жинау үшін 
қолданылатын стендттер алаңдарының кӛлемі мен жабдықтарының негіздемесі. Ауыр 
габариттік емес құралдарды, ірі модульдер мен құрылыс конструкцияларын алмастыру 
жӛніндегі шешімдер;
жӛндеу-құрылыс және монтаждау жұмыстары, сондай-ақ алаңға әкелінетін және 
монтаждалатын құралдар, конструкциялар мен материалдар сапасын бақылауды қамтамасыз 
ету жӛніндегі ұсыныстар;
геодезия және зертханалық бақылау қызметін ұйымдастыру жӛніндегі ұсыныстар;
жобалау құжаттамалары негізінде әзірленетін, құрылыс конструкцияларын орнату және 
құралдарды монтаждау әдістерінің қабылдануына байланысты жұмыс құжаттарында ескерілуге 
тиісті талаптардың тізбесі;
күрделі жӛндеуге қатысатын (қажет болғанда) қызметкерлердің тұрғын үйді және 
әлеуметтік-тұрмыстық қызмет кӛрсетуді қажетсіну негіздемесі;


еңбекті қорғау нормативтік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін техникалық 
құралдар мен жұмыс әдістерін анықтау жӛніндегі шаралар мен нұсқаулық шешімдер тізбесі;
күрделі жұмыс жүргізу кезеңіндегі қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі нұсқаулық 
шешімдер мен шаралардың сипатталуы;
тұрғын ғимараттарға күрделі жӛндеу ұзақтығына қатысты қабылданған негіздеме;
жӛнделетін объектіге тікелей жақын орналасқан ғимараттар мен имараттардың ахуалына 
мониторинг ұйымдастыру жӛніндегі шаралар тізбесі, осындай ғимараттар мен имараттардың 
техникалық жағдайына әсер ете алатын жер, құрылыс, монтаждау және ӛзге де жұмыстар;
жӛндеу-құрылыс, монтаждау және арнайы, сонымен қатар қысқы мерзімде орындалатын 
жұмыстарды жүргізу және қоса жүргізу мүмкіндігі әдістерінің негіздемесі; 
жӛнделетін ғимараттар конструкцияларын ауыстыру және күшейту жӛніндегі техникалық 
күрделі процестерді орындау жӛніндегі шешімдер;
жабындарды тұтас ауыстырғанда қабырғалардың орнықтылығы мен ғимараттың кеңістік 
қаттылығын қамтамасыз ету жӛніндегі шаралар; 
тұрғындар кӛшірілмей жӛнделетін ғимараттардың және құрылыс алаңында орналасқан 
немесе оған іргелес орналасқан тұрғындары мен жалға алушыларының қауіпсіздігін, сондай-ақ 
іргелес магистральдардағы жаяу жүруші мен кӛліктің қауіпсіз қозғалуын қамтамасыз ету 
жӛніндегі шаралар;
қоршаған ортаны сақтау шарттары;
қабылданған типтіп жобалардың кӛрсетілуімен уақытша, сонымен қатар ұтқыр (түгендеу) 
ғимараттар мен имараттарды таңдау жӛніндегі ұсыныстар;
қосалық имараттардың, тетіктердің, құрылғылар мен қондырғылардың, сондай-ақ күрделі 
уақытша имараттар мен құрылғылардың тізбесі объектінің күрделі жӛндеуіне арналған жұмыс 
сызбалар құрамында жобалаушы ұйымдармен әзірленуге тиіс;
тар жерде орындалатын жұмыстардың, қымбаттау факторлары таратылатын материалдар 
мен конструкцияларды қайта тиеу жұмыстарының тізбесі мен кӛлемдері;
жӛнделетін ғимараттардағы тұрғындардың қалыпты тұру жағдайын бұзбай, (күрделі 
жӛндеу жұмыстарын тұрғындарды кӛшірмей) ӛткізілуін қамтамасыз ететін шаралар.
5.20 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасының құрамына техника-экономикалық 
кӛрсеткіштер енгізілуі тиіс, Г-қосымшасы.
5.21 Күрделі жӛндеу жұмыстарын тұрғындарды кӛшірмей ӛткізгенде, жӛндеу-құрылыс 
жұмыстарын қоса атқару кезегі мен тәртібін белгілеу қажет, жұмыс жүргізу уақытында 
қоректендіру жүйелері сӛндіріледі, тұрғындардың және (немесе) жалға алушылардың жүріп-
тұруына тыйым салынады
5.22 Егер, күрделі жӛндеу ӛткізу басында оны ұйымдастыру жобасының шешімдері 
ескірген болса, сондай-ақ жӛндеу-құрылыс жұмыстарының аса жетілдірілген құрылыс 
машиналары, жабдықтары мен прогрессивтік технологиялары қолданылса, онда белгіленген 
тәртіпте бекітілген жобалау-сметалық құжаттамалардың құрамында оны қайта жасау немесе 
түзету жүргізілуі тиіс.
5.23 Күрделі жұмыс ұйымдастыру жобасының нұсқаларын, сондай-ақ оның құрамындағы 
жеке шешімдер таңдау қажет болғанда, тиімділікті салыстыру есептері негізінде ӛткізілуі тиіс.
5.24 Күрделі жӛндеу ұйымдастыру жобасын әзірлегенде күрделі жӛндеу ұйымдастыру 
тиімді нұсқасын таңдау келтірілген шығындарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
Тұрғын ғимаратты күрделі жӛндегенде жӛндеу-құрылыс жүргізу бойынша келтірілген 
шығындарға:
- ұйымдастыру-техникалық шараларды жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар;
- күрделі жӛндеу ұйымдастыру қарастырылатын нұсқасы бойынша жұмыс жүргізу 
талаптары күрделенген жағдайда, құрылыс ұйымдарының жоғалтулары;
- күрделі жӛндеу кезеңдерінде ӛнеркәсіп ӛнімдерін шығару кӛлемінің азаюы 
нәтижесіндегі кәсіпорын жоғалтулары енгізіледі.
Кӛрсетілген шығындар сомасынан мыналар алынып тасталады:


- ұйымның салыстырмалы нұсқасы бойынша кәсіпорынның толық жобалық 
қуаттылыққа шығу мерзімдерінен асып түсу кезеңінде ӛнім шығару кӛлемдерін арттырудан 
пайда болған экономикалық әсер;
- құрылыс ұйымының жӛндеу жұмыстары ұзақтығын қысқарту нәтижесінде шартты–
тұрақты шығындар мӛлшерінің кемуінен пайда болатын экономикалық әсер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет