Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен «Сен өз мамандығыңды таңдадың ба?» тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралstrreplҚ т а м а



Дата19.01.2023
өлшемі11,77 Kb.
#61941

Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушыларымен «Сен өз мамандығыңды таңдадың ба?» тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы
А Н Ы Қ Т А М А

2022 жылдың 28 қазан күні директордың бейіндік жұмыстар жөніндегі орынбасары Е.Есмурзаевтың ұйымдастыруымен «Сен өз мамандығыңды таңдадың ба?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл шараға 2022 – 2023 оқу жылында мектепті бітіргелі отырған 11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері, педагог – психолог және ҰБТ бойынша техникалық хатшы қатысты.


Шара барысында Е.Есмурзаев арнайы таныстырылымдарды көрсете отырып, елімізде қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар, келешекте беделді болады деген мамандықтар жөнінде, ҰБТ барысындағы мамандықтарға сәйкес пәндердің комбинациясы туралы оқушыларға мәлімет беріп өтті. Содай – ақ оқушының мамандық таңдауы, қорытынды аттестаттау мен ҰБТ – ге дайындық барысында ата – ана тарапынан қолдау болуының маңыздылығын ескертті.
Мектеп бойынша техникалық хатшы, информатика пәнінің мұғалімі Е.Сайдалиев ҰБТ – 2023 енгізілуі мүмкін өзгерістер бойынша, жалпы ҰБТ – ге дайындық барысында онлайн бақылау сынақтарын қалай тапсыруға болатындығы жөнінде қажетті ақпараттарды жеткізді.
Педагог – психолог Ұ.Нысанбаева дөңгелек үстел барысында оқушылармен мамандық бойынша бірнеше психологиялық ойындар ұйымдастырды.
Шараға қатысқан оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Орындаған Е.Есмурзаев
ДБЖЖО

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет