Ш. Е. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата30.03.2022
өлшемі246,14 Kb.
#29240
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 

Ш.Е.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және 

Инжиниринг Университеті 

Мұнай және газ институты 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Махамбетова Р.Қ., Нұрбаева Ф.Қ. 



 

«Экология және тұрақты даму»  

пәні бойынша барлық мамандықтарға арналған реферат жазуға әдістемелік 

нұсқау  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ақтау, 2010 жыл 




УДК 502/504:378 (072) 

 

Құрастырған: доцент, а-ш.ғ.к. Махамбетова Р.К., аға оқытушы Нурбаева Ф.К. 



«Экология және тұрақты даму» пәні бойынша барлық мамандықтарға 

арналған реферат жазу әдістемесі.   Ақтау 2010 жыл, 17-  бет. 

 

Пікір жазған: а-ш.ғ.к. Түркменбаев Б.А. 



 

              «Экология  және  тұрақты  даму»  пәнін  жүргізу  кезінде  болашақ 

мамандардың  әлемдік  кӛзқарасын  қалыптастыру  мақсатында,  табиғатты 

танудың  әлеуметтік  маңызын  және  жаратылыстану  мен  гуманитарлық 

ғылымдардың ӛзара байланыстарының дамуын есепке алу кӛзделген. 

        «Экология  және  тұрақты  даму»  пәні  бойынша  студенттерге  реферат 

жазуға  арналған  кӛмекші  әдістемелік  құралы.  Мұнда  реферат  жазу  реті 

қарастырылған:  реферат  құрылымының  үлгісі,  рефератты  кӛркемдеу 

талаптары,  рефератты  бағалау  шарттары,  сыртқы  бет  үлгісі,  мазмұнның 

үлгісі  берілген.  Сондай-ақ  реферат  тақырыптары  мен  рефератта 

қолданылатын әдебиеттер келтірілген. 

       Бұл  әдістемелік  құрал  студенттерге  реферат  жазу  барысында  ӛзінің 

кӛмегін тигізеді. 

 

 



 

 

 



Баспаға Ш.Есенов атындағы КМТжИУ оқу–әдістемелік кеңесінің шешімімен 

ұсынылған.      

 

 

 



 

 

 



 

 

 



                                                                                    ©  КМТжИУ, 2010 

 

 



 

 

 



 

 

 




 

Түсініктеме 

 

Адамзат қоғамының табиғатпен қарым – қатынасы қазіргі заманның ең 



маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам жерде пайда болған кезден 

бастап  оның  биосфераға  тигізетін  әсері  үнемі  үдеп  отырды.  Бірақ  тек 

индустриалдық қоғам және демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам 

әрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта 

бұған  дейін  ешқашан  байқалмаған  қарқынмен  ластанып  жатыр. 

Энергетикалық  және  минералдық  ресурстардың  сарқылу  үрдісі  байқала 

бастады.  Антропогендік  әрекеттің  саналуан  түрлері  жануарлар  мен 

ӛсімдіктердің  кӛптеген  түрлерінің  тікелей  немесе  жанама  түрде  жойылуына 

әкеліп  соқты.  Табиғи  ортаның  химиялық  ластануы,  радиациялық  жағдай, 

азық  –түлік  пен  ауыз  судың  сапасының  нашарлауы  және  т.б.  халықтың 

денсаулығының нашарлауына әкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық 

проблемалар  пайда  болды:  жылыжай  эффекті,  озон  қабатының  жарыруы, 

әлемдік  мұхиттың  ластануы,  шӛлдену  және  т.б.  Экономиканың  экстенсивті 

дамуына  байланысты  экологиялық  жағдай  Қазақстанда  да  күрт  нашарлады: 

Арал  экожүйесінің  бұзылуы,  Каспий  маңында  және  Шығыс  Қазақстандағы 

қолайсыз  экологиялық  жағдай;  Семей  сынақ  алаңына  іргелес  жатқан  

территориялар, топырақтың құнарсыздануы және т.т.  

     Барлығы  жинала  келіп  қазіргі  биосфераның  жағдайының  нашарлауына, 

адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады.  

           Мәселені табиғи  тепе  – теңдікті қалпына келтіру нәтижесінде шешуге 

болар  еді,  бірақ  бұл  ӛте  күрделі,  әлемде  теңдесі  жоқ  қиын  мәселе,  ол  1992 

жылы  Рио-де-Жанейрода  күн  тәртібіне  қойылып,  сонда  «Тұрақты  даму 

тұжырымдамасына»  қол  қойылып,  бекітілді.  Ғаламдық  “қоғам  –  табиғат” 

жүйесіндегі  тұрақты  даму  –  әртүрлі  деңгейдегі  әлеуметтік–экологиялық 

жүйелерде  динамикалық  тепе-теңдікті  сақтау  болып  табылады.  Адамзат 

осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның жер бетінде тірі қалу 

мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы 

әрбір  жеке  тұлғаның  экологиялық  дүниетанымын  қалыптастыру  болып 

табылатын  экологиялық  сауаттылық  шешуші  рӛлге  ие  болады  және  оның 

негізін “Экология және тұрақты даму” пәні құрайды.  

Пәннің  мақсаты  студенттерде  қоршаған  ортаға  және  ӛз  денсаулығына 

ұқыптылықпен  қарау  сезімін  қалыптастыру.  Мұндай  кӛзқарас  болашақ 

жоғары  білімді  мамандардың  экологиялық  тұрқыдан  сауатты  шешімдер 

қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына кӛмектесуіне септігін 

тигізеді. 

          Сондықтан осы пәннен алатын білімнің ауқымды да берік болуына 

ғылыми еңбектер мен жүйелі жұмыс істеу дағдылары қалыптасу үшін 

рефераттық жұмыстар орындалады. Студент реферат жазу алгоритмін 

меңгеретін болса, оның уақыты үнемделіп, шығармашылық жұмысқа кӛңіл 

бӛледі. 


 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет