Ш. Уәлихановтың әлеуметтану жөніндегі тұжырымдамалары Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарастары



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата18.02.2022
өлшемі426,74 Kb.
#25865
  1   2


Ұлы Дала ойшылдарының әлеуметтік көзқарастары 

Кіріспе:  Әлеметтану жалпы түсінігі. 

1 Ш. Уәлихановтың  әлеуметтану  жөніндегі тұжырымдамалары 

2 Ыбырай Алтынсариннің  әлеуметтік көзқарастары 

Қорытынды: Адам ұғымының мәні 

 

 

 

Ең алдымен Әлеуметтану деген не? Осы ұғымды біліп алсақ. 



Әлеуметтану  - адамдардың белгілі саяси ,әлеуметтік , экономиқалық – жағдайларындағы тіршілік 

ету мінездері, ерекшеліктері, үрдістері. Әлеуметтанудың 2 салалары бар олар теориялық  және 

қолданбалы,  олардың айырмашылығы олардың зерттейтін объектісі мен  зерттеу әдісі арқылы 

емес, жалпы  әлеуметтанудың алдына қойған мақсаты  мен міндеті арқылы ғылыми немесе 

пратикалық мәселелерді шешуіне  байланысты ажыратылады. 

Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, «Қазақтардың өрісі мен қонысы 

туралы», «Сот реформасы жайлы жазбалар», «Баянауыл округі туралы», «Сахарадағы 

мұсылмандық туралы» және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік 

мәселелер зерттеледі. 

Қазақ қоғамында орын алған  жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам 

дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын  сынай отырып, қазақ елінің өркендеу 

болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны  қалай 

жүргізу қажеттігі жөнінде  аса құнды ой-пікірлір тұжырымдады, реформаны аяғынадейін жеткізуді 

маңызды процесс деп санайды. 

Реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болады. 

Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажетілігі қоғамның даму деңгейінен және халықтың өмір 

салтынан туындауы тиіс деп түйді. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның 

тұрмысын жақсартуға ықпал ететін реформағана пайдалы, ал бұл мақсатқа жетуге кедергі 

келтіретін реформа «зиянды».Сонымен ол бұл мақсатқа жете алмайтын кен келген 

реформаторлықты жоққа шығарды. Қазақ еліне қоғамдық өмірдің «экономиқалық және 

әлеуметтік » жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Ш Уәлихановтың тұжырымдауынша, 

қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және 

әлеуметтік рефорама. 

Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық 

прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде  халықтың материалдық 

халін жақсартуға қызмет етуі тиіс.  

  Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін 

практикалық маңызы зор . Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да 

соқтыруда.  

Шоқан қазақ  қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі  ретінде қарастыра отырып, оның 

әлеуметтік – таптық құрамының қоғам дамуына  үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. 

Оның тұжырымдамаларында қазақ  қоғамының ақ сүйек және қара сүйек  деп аталатын екі топқа 

бөлінуі  феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі 



әлеуметтік топқа  бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата –тегінен, мал- мүлкінен, билік  ету 

деңгейінен көтреді. 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет