Шақ қатегориясы



бет1/3
Дата14.06.2022
өлшемі25,6 Kb.
#36827
  1   2   3

Шақ қатегориясы. Шақ категориясы ашық райға тән болып табылады. Етістіктің негізгі, басты категорияларының біріне жататын бұл категория тұлғаларының молдығымен және күрделілігімен ерекшеленеді. Әрбір шақ формасы (өткен шак, осы шақ, келер шақ) тарихи тұрғыда тұлғалық әрі семантикалық жағынан қалыптасудың жемісі.
Ашық райдың ішінде еткен шақ тұлғалары формаларының көптігімен айрықшаланады. -ды еткен шақ формасы — барлық түркі тілдерінде кездесетін әрі ең көне тұлғалардың бірі. Орхон-Енисеи
ескерткіштері тілінде -ды (ді, -ты, -ті) қосымшасының түбірге жалғануы дыбыс үндестігі заңына сәйкес те, қайшы да келіп отырған. Яғни, үнді дауыссыздарға аяқталған сөздерден соң қатаңнан да ұяңнан да басталуы ұшырасады: адырылды (адырылты), өлті (өлді). Сондай-ақ, қатаңға біткен түбірлерге де бірде -ды/-ді, бірде -ты/-ті форманттарының тіркесу жағдайлары кездеседі: (качды) качты, тоқытдым (тоқыттым). XI ғасыр ескерткіші «Диван луғат ат-түрікте» сирек те болса -ды/-ді аффиксінің қатаң түбірлі етістікке тіркесуі ұшырасып қалады (чокді, тоқды).
М.Қашқари -ды өткен шақ түлғасының қандай жағдайда қатаң немесе ұяң вариантта жалғанатындығын арнайы көрсетіп кетеді. Оның айтуынша, бұл формант қатаң дауыссыздарға біткен етістіктерге тіркескенде -ты тұлғасына айналады. Орхон-Енисей дәуіріне қарағанда орта ғасыр ескерткіштері тілінде (Құдатқу біліг», «Диван») дыбыс үндестігінің белгілі бір қалыптасу деңгейіне жеткендігі байқалады. -ды өткен шағының құрамындағы дауыстылардың өзгеріп кездесу құбылысы да назар аударар мәселе. Орта ғасыр жазбаларында еріндік -ду, -дү вариантты өткен шақ тұлғалары I және II жақта кездесіп отырады (көрдүм, болдүм); III жақтағы қолданысы өте сирек, негізінен «Қодекс команикуске» тән: түштү, кәрдү. Ибн Муханна, М.Қашқаридың пікірінше мүндай құбылыс диалектілік сипатқа ие. М.Қашқари аталған өткен шақ құрамындағы дауыстыға байланысты үш топты беліп керсетеді. Бұл топтау бойынша түріктер «бардым», оғыздар және басқалар «бардам», арғулар «бардум» дейді. Еріндік дауыстылы еткен шақ формасының колданылуы бір жағынан ерін үндестігінің көрінісі болса, екінші жағынан тайпалық тілдер ерекшелігімен байланысты.
-ды өткен шақ тұлғасының арғы негізі жайлы көзқарастарды негізінен үш топқа бөлуге болады. Түркологтардың басым көпшілігі -ды формасының шығу негізін қимыл есімімен байланыстырады.
Мұндай көзқарастың тууына тұңғыш түрткі болған О.Бетлинктің пікірінше -ды формантының қалыптасуы мынадай: алдық-ым> алдыг-ым>алды-ым, алды-м. Ал П.М.Мелиоранский бұл форманың негізі етістіктен жасалған -ды, -ты тұлғалы есім дей келіп, сығынды, ағынды сөздерін мысалға келтіреді. Осы көзқарасты жақтаушы К.Броккельман бойынша есім -ыт, -іт тұлғалы: алыт-ым>алт-ым>алд-ым. Зерттеушілер ішінде өзіндік пікірімен ерекшеленетіні — П.Кузнецов. Оның түйіндеуінше -ды өткен шақ тұлғасы -дық шақ формасынан келіп шыққан. Түркологтардың келесі бір тобы -ды формантын түрлі көмекші сөздермен және морфологиялық көрсеткіштермен байланыстыра қарайды. Мысалы, А.Қазем-Бек і(ідім, ідің, іді), В.Радлов тур кемекші етістіктеріне, С.Е.Малов -ты көсемшесіне, А.Н.Кононов тәуелдік жалғауының ежелгі формасына апарып тірейді.
Тілдік фактілер, жазба ескерткіштер материалдары алғашқы көзқарастағы ғалымдар пікірінің дұрыстығына айғақ бола алады.Ортағасырлық жазбаларда -да формалы етістіктердің атрибуттық қолданысы кездеседі. М.Қашқари еңбегінде: кесішді нең — кесілген нәрсе, көмілді нең — көмілген нәрсе, йумшады нең — жұмсарған, нәрсе: «Құдатқу білікте»: өтрүнді иегіл — таңдағаныңды же. Көне ескерткіштер мен қазіргі кейбір түркі тілдерінде (түрік, га-гауз) -ды өткен шағының көмекші етістіктермен тіркесу құбылысы да оның өзіндік ерекшелігін көрсетеді: йығлады эрди (Рабғузи) қачтылар ерди (Тефсир), көртүм ерти (Алтын йоруқ), тәрдим ерди («Құдатқу біліг»). Мұндай қолданыс XV ғасырғадейін актив сипатта болған.
Бұл айтылғандар -ды өткен шақ тұлғасының даму жолының күрделілігін әрі оның арғы негізінің қимыл есімі екендігін дәлелдейді.
Өткен шақ формасының -ған есімшелі түрінің шақтық мәнде өнімді қолданылуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. Қазіргі түркі тілдерінде (оғыз тобын есептемегенде) еткен шақ функциясындағы тұлға ретінде кеңінен кездеседі. Шақтық мағынасы дегенде сөйлеу кезеңінен бұрын болған іс-әрекетті бейнелеп, сөйлеушінің қимылдың нәтижесіне баса кеңіл бөлуі ұғынылады. Бүл ерекшелік көпшілік түркі тілдеріне тән. Орта ғасырлардан бергі кезеңде аталған форманың предикативтік те, атрибутивтік те қолданыстағы қызметі өсе түседі. Ал оғыз тілдерінде -мыш тұлғасының қолданысы актив деңгейде жалғаса береді.
Орта ғасыр жазбаларында -ған өткен шағының турур және оның қысқарған тур, дур тұлғаларымен тіркесіп жұмсалуы ұшырасады: Аңар көклер, йерлер өртүклүки йәме көрген турур, ешиткен турур (Тефсир). Улуғ аталарымыз Түркстандын келген турур (Шежіре — терекме»). Мұндай құбылыс негізінен III жаққа (кейде I жаққа) тән болып келеді. Тілдің тарихи дамуы барысында -ған өткен шағының көмекші етістік тіркесінсіз қолданылуы күшейе түседі. Болымсыз түрі -ма аффиксі мен ермес көмекші сөзі арқылы жасалады. Жоқ сөзі тіркесіп болымсыздық мән бергенде -ған тұлғалы етістік тәуелді жалғауларымен, түрленеді (алғаным йоқ). Қазақ тілінде (әдеби, ауызекі тіл) жоқ сөзімен берілетін болымсыздық мағынаның үш түрінің бірінде осы жолдың кездесуі (алғаным жоқ, алғам жоқ, алған жоқпын) бұл тұлғаның көнелілігінің белгісі болса керек. Ескерткіштер тілінде — ма-ған формасының жиі қолданылуы XV—XVI ғасырлардан басталады. Оған қарағанда -ған ермес тұлғасының кездесуі әрірекке XI—XII ғасырларға кетеді.
Қазақ тіліндегі -ып көсемшелі өткен шақ тұлғасын ретроспективті қарастыру оның даму жолының мына тұрғыда еткендігін көрсетеді: I -ып + турур + мен>ып + тур + мен>-ып + мен>-ып-пын;
II -ып + турур + сен>-ып + тур + сен>-ып + сен>ып + сың; III -ып + турур > -ып + тур ып + ту>-ып + ты.
Қазіргі түркі тілдерінің бірқатарында (азербайжан, ұйғыр, қырғыз, түрікмен) еткен шақтың бұл түрі жіктелу үлгісінің өзіндік қолданысымен айрықшаланады. -ыпты тұлғалы өткен шақ Орхон-Енисей жазбаларында кездеспейді. Ескерткіштер тілінде алғашқы -ып + турур + мен формасында ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан басталады. «Тефсир», «Оғызнамада», сонымен бірге XVII ғасыр шығармалары «Шежіре-и-терекме», «Шежіре-и-түркіде» қолданылған: «Заид Расулға айтыб турур» («Тефсир»), «Барчасының атларыны йуқарыда бир бир айтыб турурмиз (Ш.Тер.). Көне қыпшақ тілінің ескерткіші «Кодекс куманикусте» де кездеседі. «...дунйаға тириклик берип турур, Христос бизге тоғуп турур». XIV ғасыр жазбаларынан белгілі -ып + тур + мен формасы XV ғасырдан кейін өнімді қолданыла бастаған. «Кодексте», «Ат тухвада» -ып + тыр + мен түрінде езулік вариантымен берілген. Осы қолданыстың ізін қазіргі түркі тілдерінің ішінде хакас, шор, тува, қырғыз, алтай тілдерінен көруге болады. XV ғасырдан бергі ескерткіштерде актив қолданыста кездесе бастаған -ып + мен формасының алғашқы фиксациясы XIII—XIV ғасыр жазбаларынан көрінеді; «Тефсир», «Оғызнамада» бірен-саран ұшырасуы байқалады: «Балықны йах-шы сақлабсен» («Оғызнама»), «Ул, не ким сен келтүрүб — сен («Тефсир»). Белгілі бір дәуірлерде -ып көсемшелі өткен шақтың үш түрінің де қатар қолданылуы кездесіп отырған. Мұндай ерекшелік грамматикалық тұлғалардың саралана бастауының алғашқы сатысының көрінісі болса керек. Тілдің ішкі заңдылықтары негізінде әрқашан сұрыпталу процесінің жүріп жатуы бір функцияны атқаратын бірнеше вариантты формаларының ең ықшамдысын ғана таңдауға алып келеді. Қазіргі қазақ және туыстас түркі тілдеріндегі -ып көсемшелі өткен шақ формасы, сөйтіп о бастағы -ып + турур + мен тұлғасының ықшамдалуы нәтижесінде дамып қалыптасқан.
Назар аударар жайт — ескерткіштер тіліндегі -ып формантты өткен шақтың білдіретін мағыналық қырлары. Э.Наджиптің көрсетуінше «Гүлстанда» бұл тұлға екі түрлі мағына берген. Бір жағдайларда берген мағынасы қазіргі қазақ, өзбек, ұйғыр тілдеріндегідей болып келеді. Яғни, сөйлеуші куә болмаған, қатыспаған немесе оның еркінен тыс болған я басқа біреулерден естіген іс-әрекетті білдіруі ұғынылады: «Сорды кім мұңа не болып турур: айт-тылар, хемр ішіп, ұрұс етіп кісі өлтүрүп турур («Гүлстан»). Екінші бір жағдайларда жоғарыдағыдай модальдік реңк болмайды да, беретін мағынасы -ды, -ған тұлғалы еткен шақ формасымен сәйкес келеді.
Өткен шақ ішінде аналитикалық формалардың да езіндік қалыптасу жолын байқауға болады. Күрделі шақ тұлғаларының көмекші етістік тіркесі арқылы жасалатыны белгілі. Орхон-Енисей жазбаларында, «Диван луғат ат-түрік», «Құдатқу біліг», «Хибат-ул хақайық», «Тефсир», «Оғызнамада» көмекші етістік ерті, ерді түрінде келсе, XV ғасырдан бергі дәуірде бұл тұлғамен еді формасы да қатар қолданыла бастаған. Ал қазіргі кезеңде түркі тілдеріндегі аналитикалық шақ формасының сыңары ретінде еді көмекші етістігі қолданылады. Тарихи тұрғыда ең көне аналитикалық шақ формаларының біріне -мыш ерті тұлғасы жатады. Алғаш Орхон-Енисей ескерткіштерінен мәлім болып, XV ғасырға дейін актив қолданылған. «Алп ер бізіңе тегміш ерті» (Күлтегін); «мусылман болмыш ердиләр» («Тефсир»). Түркі тілдерінің дамуы барысында оғыз тобындағы тілдерде өнімді қолданылып, нәтижесінде осы топқа тән ерекшелікке айналған. Жазба ескерткіштерде XIII—XIV ғасырлардан бастап кездесетін күрделі өткен шақ түлғасы -ған. «Бабырнама», «Шежіре-й-терекме», «Шежіре-й-түркіде» жүмса-лып отырған: «Сизлер аңа ынанған ердіңіз» («Тефсир»).
Функциялық және семантикалық жағынан -мыш ерді формасымен ұқсас бұл тұлға өнімді қолданылу сипатына ие болып, келе-келе қыпшақ, қарлұқ тобындағы тілдердің ерекшелігіне айналып кеткен. «Қүдатқу білікте» ескі үйғыр ескерткіштерінде кездесетін аналитикалық өткен шақ формаларының бірі -ды ерті (ерді) тұлғасы: берді ерді (КБ.), көртүм ерті (Алтын ярук), алды ерті (Юр). Мағынасы -ған еді, -мыш ерді формаларымен сәйкес келетін бүл тұлға қазіргі гагауз, түрік тілдерінде сақталған. Көне түркі тілдеріне тән болған, кейін ығысу нәтижесінде қолданылудан шығып қалған күрделі өткен шақтың бір түрі -дуқ ерті формасы «Тефсирде», Рабғузи шығармасында кездеседі. «Мен бутларны хақиқат көрмедүк ердім, турдум, Маккага бардым, көрдүм. (Теф.); «Эй, ата, биз йабанда йылқы, қарамал, күзәйү, болуб, Иусуфны отағ да қойдуқ ерді (Рабғ.)» Қазіргі қазақ тілінде кеңінен қолданылатын -п еді аналитикалық өткен шақ формасының алғашқы ұшырасуы XIII—XIV ғасырлардан («Тефсир», «Оғызнама», «Қисса ал энбие») басталады: «Берке эмгек бирле ел күнни босып ерді» (он), «Тоқы мушриклар таба кетиб ердиләр (Теф.)». XV ғасырдан кейінгі кезеңдерде бұл қосымшаның өнімді жұмсалуы байқалады.
Жіктеу жалғауларын тікелей қабылдау арқылы қазақ тілінде нақ осы шақ (жай түрі) мәнін беретін төрт қалып етістігінің (отыр, тұр,.жатыр, жүр) қалыптасу жолын бақылау олардың XII—XIV ғасырлардан бергі кезеңде осы функцияда қолданыла бастағанын көрсетеді. Бұл төрт етістіктің жазбалар тілінде осы шақ мағынасын беруі -ур есімшесінің тіркесуіне байланысты болған. Тілдің даму процесінде ықшамдалу нәтижесінде қазіргі қалыпқа түскен. Олардың ескерткіштерде қолданылуы мынадай болып келеді: «Иүрүрмен йерде изни көрмек үчүн» (МН.). «Сулайман тахт үзе ол турур» (Рабғ.). «Иүгүрүб тышқары чықты ерсе көрді: Иав турур (Ш. Тер.). Нақ осы шақтың күрделі түрі жазба ескерткіштер тілінде XIV ғасырдан жұмсала бастайды да сирек кездесуімен ерекшеленеді; «Халқның тұзың йейүб йүрүрмен (Ш. Тер.).
Қазақ тіліндегі ашық рай тұлғаларының дамуын жалпы түркі тілдеріндегі шақ категориясының қалыптасу процесімен, ескерткіштер тілімен байланыста қарастыру белгілі бір қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Тілдің тарихи даму барысында шақ және рай тұлғаларының өзара жіктелісі болған. Шақ формаларының бірқатары функңионалды-семантикалық және құрылымдық өзгеріске түскен. Соның нәтижесінде кейбіреулері ығысып, қолданудан шығып қалып жатса, екінші бір тұлғалар дербес шақ формасына айналып отырған. Жеке ұлт тілдерінің түркі семьясынан бөлініп, қалыптасуына байланысты әрбір түркі тілдеріндегі шақ формалары өзіндік дыбысталу және семантикалык, даму сатысымен ерекшелене бастаған.
Етістіктердің жақ, сандық жалғауларды қабылдау мәселесі негізінен жіктік, тәуелдік және көптік жалғауларға байланысты әңгімеленеді. Айналып келгенде, етістік тұлғаларының жақ, сан жайлы ұғым туғызуы аталған грамматикалық формаларды қабылдауы болып табылады. Осыдан бұрынғы тақырыптар бойынша айтылғандарды қорыта келгенде, етістіктерге жалғанатын жақтық және сандық жалғаулар үш түрлі топқа бөлінеді. Бұндай әр түрлілік, бір жағынан, жекелеген етістік категорияларының тарихи ерекшелігін көрсетсе, екінші жағынан, белгілі бір дәрежеде сол қосымшалардың тарихи дамуы, өзгеру сатыларын да байқатады.
Келер шақ, осы шақ тұлғаларына, өткен шақ есімшелеріне, -п көсемшелеріне I, II жақтық мәнді туғызу үшін I, II жақ жіктеу есімдіктерінің толық түрі тіркесе айтылған немесе солардың фонетикалық езгеріске түскен тұлғалары жалғанған:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет