Шағын жинақты бастауыш мектепте өзіндік жұмысты ұйымдастыру



Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11840

Шағын жинақты бастауыш мектепте өзіндік жұмысты ұйымдастыру

  • Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдары
  • Мақсаты: Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру жолдарымен таныстыру. Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керектігін ұғындыру.
  • 1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері
  • 2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар

1. Өзіндік жұмыс, оның түрлері

  • Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.
  • Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

  • 1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
  • 2. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;
  • 3. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;
  • 4. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.
  • 5. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
  • 6. Мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;
  • 7. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
  • 8. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;
  • 9. Оған әсер ететін мотивтер.
  • Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:
  • а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).
  • ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

2. Өздік жұмысқа қойылатын талаптар

  • 1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
  • 2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).
  • 3) Міндетті түрде тексерілуі керек.
  • 4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.
  • 5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.
  • 6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

Өздік жұмыстың түрлерін дайындау



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет