Шағын жинақты мектепте математиканы оқытудың қазіргі жағдайы. Шжм-те оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет1/10
Дата04.05.2023
өлшемі38,97 Kb.
#89981
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырып 1. Шағын жинақты мектепте математиканы оқыту процесін ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері

Шағын жинақты мектепте математиканы оқытудың қазіргі жағдайы.

ШЖМ-те оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

ШЖМ үшін оқу-әдістемелік және басқа оқу құралдарының сипаттамалары. ШЖМ жағдайында математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру. ШЖМ -да математиканы оқыту процесінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың ерекшеліктері.


Тақырып 2. Шағын жинақты мектептегі математика сабақтарының типтері, түрлері және ерекшеліктері

Сабақ кестесінің түрлері және оларды дайындау технологиясы.

Сабақтың ерекшеліктері. Бір пәндік, әр пәндік және бір тақырыптық сабақтар.

Математика сабағын басқа пәндер сабақтарымен үйлестіру нұсқалары.

Сабақтың жабдықталуының ерекшеліктері.

Оқушылардың сабақтағы өзіндік жұмысына басшылық жасау ерекшеліктері. Сабақты дайындау және өткізу.

Математика сабақтарындағы іс-әрекет түрлерін біріктіру түрлері:

1) жаңа материал барлық сыныптарда оқытылады;

2) сыныптардың бірінде жаңа материал оқылады, ал екіншісінде жаттығулар орындалады;

3) екі сыныпта да жаттығулар орындау сабағы;

4) екі сыныпта немесе олардың біреуінде сыныптан шығып жасайтын практикалық жұмыстар орындалады.


Тақырып 3. Математикадан жұмыстарды жоспарлау түрлері


Жоспарлау түрлері: күнтізбелік - материалды тақырыптар мен тақырыпшаларға бөлу (академиялық тоқсанға немесе жарты жылға), тақырыптық - әр тақырыпты жеке сабақтарға бөлу және сабақты жоспарлау. Бір күндік және бірнеше күндік жұмысты жоспарлау. Бірнеше күндік алдын-ала жоспарлау, өз кезегінде екі түрге ие: тақырыпты мұғаліммен жұмыс және оқушылардың өздік жұмысы үшін жаттығулар түрлерін көрсете отырып, сабақты қысқаша жоспарлау немесе қарапайым сабақ жоспарларын екі немесе үш күн бұрын құру.

Біріктірілген сыныптардағы сабақтарды әзірлеу (әр түрлі нұсқада).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет