Шахман нағЫМҰлы нағымов


ІІІ. Ерте орта ғасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,77 Mb.
#1097
1   2   3   4   5   6   7   8

ІІІ. Ерте орта ғасырлық Қазақстанның рухани мәдениеті 
 
 
Ислам  ықпалымен  рухани  жаңғыру  және  мәдени-өркениеттік 
мазмұны. Қазақстан халықтары бүкіл әлем халықтары сияқты өздерінің діни 
дамуында белгілі тарихи сатылардан өтті. Тарихқа дейінгі діндер тотемизм 
(кие),  магия  (дуа),  фетишизм  (қасиет),  анимизм  (рух)  деп  аталды.  Табиғи 
даму сатыларын бастан кешкен өзге де халықтар сияқты қазақтардың да көп 
құдайға табынушылық дәстүріне (синкретизм) соқпай өте алмағаны белгілі.  
Грек  халқының  ертедегі  сенім-нанымдарындағы  Гера  -үй-іші  тату 
тірлігінің жебеушісі, Гермес – қолөнер мен сауданың жебеушісі, Посейдон – 
Теңіз  әміршісі  т.с.болғаны  секілді,  қазақтарда  да  шаңырақ  құт-берекесінің 
қамқоры  Ұмай  ана,  от  анасы  болып  есептеліп,  төрт  түліктің  өз  иелері 
Қамбар  ата,  Зеңгі  баба,  Ойсылқара,  Шопан  ата,  Шекшек  ата  деп  саналған. 
Бұлар  қой-ешкінің,  жылқының,  түйенің,  сиырдың  «иелері»  ретінде 
қарастырылған.  «Ие»  ұғымы  ерте  орта  ғасырда  қалыптасып,  қазақтың 
Құдыретті  Күш  ұғымын    білдіретін  «Тәңірінен»  де  бұрын  қолданылған 
болуы керек.  
Қазақстанды  мекендеген  ерте  түркі  мемлекеттерінде  көкке  табыну, 
жерге  сиыну  т.б.  сенім-нанымдарымен  қатар  бірте-бірте  әлемдік  діндер 
буддизм,  манихейлік  дін,  христиан,  ислам  діндері  тарай  бастады.  Ерте 
ғасырларда  қазақстандық  түркілер  тайпалық  политеистік  табынудан 
арылып,  монотеистік  діни  жүйелерге,  олардың  ішінде  этикалық  дін  болып 
табылатын исламға көше бастады.  
ҮІ-ІХ  ғғ.  Қазақстан  тұрғындары  арасында  тараған ұлы  діндердің  бірі 
будда діні болды. Будда діні түркі қағандығының билеуші топтары арасында 
қолданыс тапты.  
Өзге  ұлы  діндер  тәрізді  б.э.д.  ІҮ  ғасырда  қалыптасқан  будда  дінінің 
өзіне  тән  құндылықтары  болды.  Бұл  дін  сол  кезеңде  халықтың  бір  бөлігі 
пайдаланған брахманизм және джайнизм діндерімен қатар дамыды.  

 
19 
Өзінің  ілімінде  Будда  брахманизмді  де,  джайнизмді  де  сынады.  Оған 
брахманизмнің шексіз  байлықты дәріптеуі,  джайнизмнің барлық жақсылық 
атаулыдан бас тартуға шақырған аскетизмді насихаттауы ұнамады. Ол тура 
жолды нұсқады. Бұл жол адамдардың көзін ашып, ақыл-ойын толықтырады, 
көкірегін тазартады. Ол жол сегіз мүшеден: дұрыс сенім, дұрыс сөз, дұрыс 
әрекет, дұрыс ұмтылыс, дұрыс естелік, дұрыс өзін-өзі танудан тұрады.  
Будда  діні  Үндістаннан  Қытай  арқылы  Орта  Азия  мен  Қазақстанға 
тарады.  Будда  дінінің  ескерткіштері  Ұлы  Жібек  жолының  бойында 
орналасқан қалалардан табылды. 
Будда  дінімен  қатар  Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  христиан  діні  тарады. 
ІХ-Х  ғасырлар  тоғысында  айрықша  Қарлұқ  Метрополиясы,  Тараз  бен 
Меркеде христиан шіркеулері құрылды.  
Христиан  діні  әуелі  Шығыс  Жерорта  теңізі  өңірінде  еврей  ұлты 
ортасында иудаизм дінінің сектасы ретінде құрылып, бірте-бірте ол дінмен 
кереғарлыққа  түсті.  Б.з.-дың  І  ғасырынан  бастап,  тез  арада  бүкіл  әлемнің 
түкпір-түкпіріне тарай бастады. 
Христиан  дінінің  негізгі  идеясы  –  Иусус  Христостың  кешірімшіл 
миссиясы,  Христостың  екінші  рет  оралуы,  аспанға  табыну,  көк  әлемі 
патшалығын орнату. Христиан діні құрбандық шалудан бас тартты.  
Христиан  дінінің  айрықша  түрлерінің  бірі  несториандық  дін  Шығыс 
Қазақстан мен Жетісу тұрғындарының арасында қолданыс тапты.  
Түркілерге  ислам  дінінің  таратылуы  арабтардың  жаугершілік 
жорықтарымен  бірге  ҮІІІ  ғасырдың  басында  басталды.  Араб  әскерлерінің 
басшыларын  тұңғыш  ислам  дінін  уағыздаушы  деуге  болады.  Оған  қоса 
мұсылман  дінін  уағыздаушы  мұсылман  саудагерлері  мен  қолөнершілері  
түркі елдеріне осы дінді таратқандар қатарында болды. 
Араб  билеушілері  жаулап  алған  жерлерінде  өздерінің  мемлекеттік 
тәртібін  орнатты,  жергілікті  халыққа  ислам  дінін  қабылдатты,  араб  тілін, 

 
20 
араб әліппесін үйретті, араб мәдениетін таратты. Оқу, білім, өнер, әдебиет – 
бәрі де араб тілі, араб мәдениетінің ықпалында болды, сол бағытта дамыды.  
Исламды  қабылдаған  Сатук  Богра  хан  бірінші  түркі  ханы  – 
Қашқардың билеушісі болып есептелді.  
Белгілі  ғалым  Бартольдтың  айтуынша  түркі  ханы  Сатук  Богра  хан 
исламды  өз  халқымен  бірге  955-956  жылы  қабылдады.  Мұсылмандықты 
бірінші Қарахандықтар династиясы қабылдады. Ол кезде, яғни, Х ғасырдың 
аяғына  дейін  Қарахандықтар  Қашқарды  билеп  тұрды.  Самархан  мен 
Бұхараны жаулап алды. Басқа түркі халықтарының көпшілігі исламды 1043 
жылы қабылдады.  
Қазақстан  тұрғындары  арасында  ерте  орта  ғасырларда  қолданыс 
тапқан будда, христиан, ислам діндерінің адамзат үшін ортақ құндылықтары 
мен  ұстанымдары  болды.  Ол  құндылықтар  халықты  имандылыққа, 
қайырымдылыққа, мейрімділікке тәрбиеледі.  
Будда ілімі аса иманды ілім. Оның тәлімдік сипаты төмендегідей: «бұл 
өмірде жек көруді жек көрумен жеңу мүмкін емес», «адам ашуды сабырмен, 
зұлымдықты қайырымдылықпен жеңсін», «ұрыста мың адамды жеңген адам 
жеңімпаз  емес,  жеңімпаз  болып,  өзін-өзі  жеңген  адам  саналады»,  «жеңіс 
жеккөрушілікті тудырады, себебі жеңілген адам - бақытсыз».  
Христиан  діні  біздің  эрамыздың  І  ғасырында  Шығыс  Рим 
империясындағы Палестинада пайда болды. Христиан дінін уағыздаушылар 
үшін  Ескі  Өсиет  кітабында  10  өсиеттен  тұратын  діни-мәдени  және 
адамгершілік-құқылық  қағидалар жазылып, насихатталды. 
Олар: 
1. Менен басқа сенде құдай болмайды;  
2. Ешкімді табыну үшін өзіңе таңдап алма, оған қызмет етуші болма; 
3. Жаратушы құдайдың атын әр жерде себепсіз айта берме; 
4.  Сенбі  күнін  қастерле,  алты  күн  жұмыс  істе,  жетінші  сенбі  күнін 
өзіңді жаратушы Құдайға жалбарынуға арна; 

 
21 
5. Өзінің әкеңді және шешеңді қастерле;  
6. Өлтірме; 
7. Жеңіл жүріске салынба; 
8. Ұрлама; 
9. Өзіңе жақын адамға жалған куә болма;  
10.  Өзіңе  жақын  адамның  үйіне,  дүние  мүлкіне,  құлына,  күңіне, 
есегіне т.б. қызығып, көзіңді салма. 
Ислам  біздің  заманымыздың  622  жылында  Арабстанда  пайда  болды. 
Ислам  «Алланың,  Мұхаммед  пайғамбардың  сеніп,  мойындалған,  Аллаға 
берілген,  тұжырымдалған,  іші-сырты  таза,  өзіне-өзі  сәйкес»  деген  ұғымды 
білдіреді. 
Ислам  діні  –  тек  бір  қауымға  немесе  ұлтқа  ғана  тән  дін  емес,  бір 
миллиардтан  астам  адам  мойындаған  дін.  Сондай-ақ  ең  соңғы  ақыл,  білім, 
мінез-құлық,  бейбітшілік  және  ереже  діні.  Жинақтап  айтқанда,  ол  сенім 
бойынша өмір сүру діні болып табылады.  
Мұсылмандықтың негізі бес парызға негізделген: 1. Иман. 2. Намаз. 3. 
Ораза.  4.  Зекет.  5.  Хаж.  Иманда  жеті  қағида  бар:  1.  Алланың  барлығына 
сену,  иман  келтіру,  Хазірет  Мұхаммед  Алланың    құлы,  әрі  пайғамбары 
болғанына көңілмен сеніп, мұны араб (Құран) тілінде айту; 2. Періштелерге 
сену;  3.  Кітаптарына  (Құранға)  сену;  4.  Пайғамбарларға  сену;  5.  Ахирет 
күніне  сену;    6.  Жақсылық,  жамандықтың  тағдырын  Алладан  деп  білу; 
7.Өлгеннен кейін қайта тірілуге сену. 
Исламда  мұсылмандар  өмірінің  әр  түрлі  жақтарын  реттеп  отыратын 
көптеген  тыйым-шарттар  бар.  Мұсылмандардың  алкогольді  ішімдіктер 
ішуіне,  шошқа  етін  жеуге,  құмар  ойынын  ойнауына  тыйым  салынған. 
Өмірде  және  ахиретте  шаттыққа,  бақытқа  жету  үшін  ахиреттік  міндеттер 
орындалуы  керек. Онда  Аллаға  және пайғамбарға,  өзімізге,  отбасымыз бен 
жақындарымызға,  мемлекет  пен  халқымызға,  адамгершілікке  қатысты 
бірнеше міндеттер көрсетілген.  

 
22 
Ислам  діні  екі  ірі  сенім  негізінде  құралған:  1.  Алладан  басқа 
құлшылық ететін тәңірдің жоқтығына сену; 2. Мұхаммедтің Алла тарапынан 
адамзат баласына жіберілгеніне (пайғамбар екеніне) сену. Сондықтан ислам 
діні  бұны  бір  дәстүр  түрінде:  «Лә  иләһә  илла-аллаһ  Мұхаммед-ур-Рәсул-
аллаһ» деген сөйлемде жинақтаған.Қасиетті саналатын бұл сөйлемді тілімен 
айтып,  жүрегіне  бекіткен  кісі  ислам  дініне  кірген  болады.  Бұл  сенімді  – 
иман, ал сенушіні – мүмін деп атайды.  
Қазақстанда  ерте  орта  ғасырларда  ислам  дінінің  сопылық  бағытын 
дамытуға түркі халықтарының ойшылы Хожа Ахмет Яссауи зор үлес қосты. 
Ол  ХІ  ғасырда  Исфиджаб  (Сайрам)  қаласында  туды.  Оның  рухани  атасы 
туыстығы Мұхамбет пайғамбардан тарайтын Арыстан баб еді. Қожа Ахмет 
Яссауйдің  сопылық  ілімі  өзі  өмір  сүрген  Түркістанға  ғана  емес, 
Мауренахрдың,  Хорасанның,  Поволжьенің,  Азербайжанның,  Анатольдің 
орасан  зор  территорияларына  тарады.  Ойшылдың  сопылық  ілімі  «Дивани 
хикмет» (Ақылдылық кітабы) деген еңбегінен көрініс тапты. Ахмет Яссауи 
және  оның  ілімін  жақтаушылар  исламның  діни  идеологиясымен  түркі 
халықтарының    санасына  қалыптасып  қалған  тәңіршілдік,  бақсылық 
көзқарастарын біріктіру мүмкіндігіне ие болды.  
Олар  насихаттаған  имандылық,  рухани  тазалану  идеялары  түркі 
халықтары арасында кең қолдау тапты.     
                   
 
 
 

 
23 
Негізгі ұғымдар мен терминдер 
 
 
Табиғи діндер  
Тотемизм, фетишизм, анимизм, магия  
Ұлы діндер. Будда, манихейлік, христиан, ислам діндер  
Исламның таралу кезеңдері  
Саманидтер мемлекетінің рөлі  
Ислам, будда, христиан діндерінің құндылықтары. Олардың ұқсастығы 
Қожа Ахмет Яссауи және оның ізбасарларының идеялары   
 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар  
 
1. Табиғи діндер дегеніміз не?  
2. Діни синкретизмнен монотеистік діни жүйелерге қалай өтті? 
3. Қазақстанға әлемдік діндер қандай жолмен келді?  
4. Будда дінінің қандай құндылықтары болды? 
5. Христиан діні Қазақстанның қандай аудандарына тарады?  
6. Ислам діні Қазақстанда нешінші ғасырдан бастап тарай бастады? 
 
 
 
 
 
 

 
24 
ІҮ. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани  
                  мәдениетінің гүлденуі 
 
 
Түркілердің  интелектуалды  элитасының  қалыптасуы  Қазақстан 
территориясында  X-XII  ғасырларда  қалыптасқан  тарихи  ахуал  Қазақстан 
халықтары  мен  тайпаларының  рухани  мәдениетінің  көтерілуіне  себеп 
болды.  Мемлекеттің  тууы  және  сауданың  дамуы  жазудың  қалыптасуына 
ықпал  жасады.  Осы  кезеңде  түрік  қағандарының  Византия  және  Иранмен 
дипломатиялық  хат  алмасуы  жақсара  бастады.  Жазу  орхон  және  ұйғыр 
әліпбилерінің негізінде дамып, Европа халықтарының сына жазуларын еске 
салды.  Қазақстан  мен  Орта  Азияның  территориясында  біздің  еліміздің 
халықтарының тарихы мен мәдениетін оқып-үйренуде үлкен маңызы бар аса 
бағалы  эпиграфиялық  ескерткіштер  табылды.  Жазу  материалы  үшін  тастан 
басқа,  түсті  металл,  сүйек,  тері  және  жібек  қолданылған.  Қазақстан 
халықтары  мен  тайпалары  орхон  және  ұйғыр  жазуларынан  басқа,  сирия 
әліпбиін, кейінірек араб жазуын пайдаланған. 
 
Орта ғасырларда Қазақстан жеріне ислам дінінің енуімен қатар, араб, 
парсы  тілінде жазу  мен  әдебиет  тарай бастады.  Бұрынғы ұйғыр  және  түркі 
тіліндегі  жазуды  араб  графикасы  ауыстырды.  Оңтүстік  Қазақстанның 
Сайрам,  Мерке,  Отырар,  Суяб,  Алмалы  және  басқа  қалаларында  білім 
мекемелері  мектептер  мен  медреселер  жұмыс  істеді.  Сабақ  араб,  парсы 
тілдерінде жүріп, негізінен діни ілім беру жолға қойылды. 
 
Оқу  мерзімі  4  жыл,  оқуға  балалар  7  жастан  қабылданған.  Оқушылар 
сауат  ашу  жолын  28  араб  әрпін  және оның  жазылуын  8 мағынасы  жоқ  сөз 
арқылы  жаттаудан  бастаған.  Сол  кездегі  мектептің  бірінші  оқу  құралы 
ретінде  «Шариат-ул-иман»  немесе  «Иман-шарт»  пайдаланыпты.  «Иман-
шартта» жоғарыда аталған 28 әріпті қамтитын ойдан шығарылған 8 сөз, діни 
ырымдарды  өткізу  кезінде  оқытылатын  әр  түрлі  дұғалар  мен  шарттар  араб 
тілінде  берілгендіктен,  олардың  мазмұнын  сауатты  молдалар  балаларға 

 
25 
қазақша  түсіндіріп  жаттатқан,  ал  арабша  білмейтін  молдалар  түсініксіз 
болса  да  оқушылардың  жатқа  оқуын  қадағалаған.  Молла  10-15  оқушының 
әрқайсысына  олардың  шамасына  қарай  сабақты  түсіндіріп  отырған, 
сондықтан  әрбір  шәкірт,  мәселен,  жарты  жыл  уақыт  мерзімінде  өз 
ынтасымен,  қабілетіне  қарай  алға  жылжып  отырған.  Екінші  оқу  жылы 
«Әптиекті»  өтеді  екен.  Әптиек  –  Құранның  жетіден  бір  бөлігі.  Әптиектен 
соң  Құран  оқытылған.  Құранмен  қатар  оқушы  түркі  және  араб  кітаптары 
бойынша  исламның  діни  шарттары  мен  ырым  ережелерін  оқып  үйренген. 
Мұсылман  мектептерінде  «Бадауам»,  «Ахир-заман»,  «Истуаки»,  «Қырық 
хадис»  атты  араб  және  түркі  тілдеріндегі  кітаптар  қолданылған.  Сонымен 
қатар,  шығыс  ойшылдары  Науаи  мен  Фзулидің  шығармалары  оқытылған. 
Жалпы  алғанда,  діни  мектептердің  пайдасы  сауат  ашумен  қатар  білім 
ғылымға  жетелеп,  кісілік,  имандылық  тәрбиені  арқау  ету  және  де  Шығыс 
ойшылдары  Фердауси,  Низами,  Науаи,  т.б.  шығармаларынан  оқушыларға 
сусындауға мүмкіндік берген.           
 
Жазба  деректер  куәлағандай,  VI-VIII  ғасырларда  түрік  тайпалары 
арасында  ауыз  әдебиеті  –  фольклор  кең  тараған.  Ауыз  әдебиеті  халықтың 
мұң-мұқтажын, туған өлкеге, бостандыққа  махаббатын, жауға өшпенділігін 
бейнелеген.  
Орта  ғасырлық  ойшылдардың  бірі  Қорқыт  болды.  Сырдария  өңірін 
мекендеген  оғыз-қыпшақ  тайпалары  арасында  оның  есімі  VIII  ғасырда  кең 
тараған.  Ол  жаужүрек  батыр,  атақты  ақын,  қобызда  шебер  ойнаған  күйші, 
көптеген  аңыздар  мен  әпсаналардың  кейіпкері  ретінде  халық  санасында 
берік  сақталды.  Деректер  Қорқыттың  тайпа  көсемі  болуымен  қатар,  үш 
ханның  кеңесшісі  болғанын  да  дәлелдейді.  Халық  арасында  осы  уақытқа 
дейін  Қорқыт  жайында  аңыздар  сақталған.  Жер  бетінде  «қой  үстінде 
бозторғай  жұмыртқалаған  заманды»  өмір  бақи  іздеумен  қатар,  өлімді 
мойындамаған  осынау  ғұлама,  ізгі  арманы  орындалмағасын,    өз  бақытын 
қобыз  сарынынан  іздеп,  көптеген  күйлер  шығарған.  Қорқыт  баба  күйлері 

 
26 
біздің  заманымызға  дейін  жеткені  өз  алдына,  оларды  музыкалық  оқу 
орындарының  оқу  бағдарламасына  енгізіп,  жастарға  білім  және  тәрбие 
беруге  кеңінен  қолданып  келеді.    Қорқыт  өз  артына  музыкалық 
шығармалармен қатар, «Китаби дедем Коркуд» («Қорқыт ата кітабы») атты 
кітабын  қалдырды.  Бұл  кітапта  IX-X  ғасырлардағы  Оғыз  мемлекеті 
халқының  өмірі,  дәстүрлері,  салттары,  түркі  халықтарының  тарихы  әңгіме 
болады. Бұл ортағасырлық тарихи-этикалық шығарма болып табылады. 
 
Орта  Азия  мен  Қазақстаннан  шыққан  түркі  тілдес  ғалымдардың, 
әдебиетшілердің  және  ақындардың  үлкен  бір  шоқжұлдызы  өз  еңбектерін 
халықаралық ғылыми тіл болған араб тілінде жазған еді.  
 
Қазақстаннан  шығып,  мұсылман  шығысында  «Екінші  мұғалім» 
атанған  энциклопедист-ғалым,  философ  Әбу  Насыр  Ибн  Мухаммед  Аль-
Фарабидің ғылыми шығармашылық еңбегі X ғасырға тұспа-тұс келді. Аль-
Фараби  870  жылы  түркі  жанұясында  Фараб  (Отырар)  қаласында  дүниеге 
келіп,  950  жылы  Дамаскіде  қайтыс  болған.  Қолөнер  және  ғылымның 
алғашқы  негіздерін  Отырардағы  медреседен  алған.  Бағдад  қаласында  Абу 
Насыр  ежелгі  грек  философиясы,  математика,  логика,  медицина,  музыка 
және  тіл  салаларынан  терең  білім  алады.  Әсіресе,  ол  грек  ойшылы 
Аристотель  еңбектерін  құныға  оқыған.  941  жылдан  бастап  Дамаскіде  және 
Халеб қалаларында тұрған ғалымға сол жердің әміршілері мейлінше қолдау 
көрсеткен.  ХХ  ғасырдың  80-ші  жылдары  Алматы  қаласында  жарық  көрген 
Аль-Фарабидің 
негізгі 
еңбектері 
философиялық, 
математикалық, 
әлеуметтік-этикалық,  логикалық  трактаттар,  сонымен  қатар  ғылым  және 
ақыл-ой  туралы  трактаттар  болып  табылады.  Осы  азғана  тізімнің  өзінен-ақ 
Аль-Фарабидің  ғылыми  ынтасының  қаншалықты  кең,  әрі  алуан  түрлі 
болғанын  аңғаруға  болады.  Философия  саласында  Аль-Фараби  идеалистік 
көзқараста бола  тұрып, бірқатар  материалистік  идеяларды  ұсынды,  жоғары 
әлемнің бар екенін, оны түйсік арқылы сезіну мүмкіндігін мойындады. Аль-
Фараби  ақыл-ой  туралы  ілімге,  ғылымның  әдіснамалық  проблемаларына, 

 
27 
жаратылыстық-математикалық 
зерттеулерге, 
музыканың 
физико-
математикалық  теориясына,  сондай-ақ  геодезия  мен  архитектураның 
математикалық негіздеріне ерекше мән берді. 
 
Аль-Фарабидің  адам  қоғамының  пайда  болуы,  мемлекеттік  құрылыс 
туралы, қоғамдағы имандылық факторлардың маңызы жайлы идеялары күні 
бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ.  
Фараби  -  философия,  тіл  білімі,  логика,  психология,  математика, 
география, этика, метафизика, музыка, т.б. ғылым салалары бойынша 150-ге 
жуық  трактаттар  жазған  ғұлама.  Қазіргі  қолда  бар  мәліметтерге  қарағанда, 
бұл еңбектердің 60-қа жуығы сақталған.  
Әбу  Насыр  Аристотельдің  (б.э.б.  384-322  ж.)  философиялық 
еңбектерін  аса  құштарлықпен  оқып  үйренді.  Оның  «Метафизика»,  «Жан 
туралы»,  «Аналитика»,  «Категориялар»  деген  кітаптарының  мәнін  ашып 
түсіндіріп,  Аристотель  мұраларының  кіршіксіз  тазалығы  жолында  күресті. 
Мұны Фарабидің Шығыс және Батыс үшін де, тарих және болашақ үшін де 
жасаған ғылыми ерліктерінің бірі деуге болады. Ол Аристотельдің болмыс, 
табиғат, барлық заттардың негізі алғашқы материя жөніндегі көзқарастарын 
онан  әрі  дамытты,  әрі  өз  тарапынан  «Кемеңгерлік  меруерті»,  «Ізгі  қала 
тұрғындарының  көзқарасы»,  «Ғылымдардың  шығуы»  дейтін  еңбектерін 
жазды.  Оның  философиялық  көзқарастары  «Логикаға  кіріспе»,  «Ақылмен 
түсінік»,  «Логика  жайлы  трактат»  деген  зерттеулерінде  онан  әрі  терең 
шешімін тапқан. 
Фарабидің  пікірінше,  адамзат  қоғамы  әр  алуан  «қалалардан»  тұрады. 
(Бұл  жерде  «қалаларды»  -  тап,  адамдар  тобының  түрлі  жіктері  деп  түсіну 
керек.)  Оларды  «Жақсылық  қаласы»,  «Надандар  қаласы»,  «Платон  мен 
Аристотель  көзқарастары  арасындағы  ұқсастық»,  «Қайырлы  қала 
адамдарының  көзқарастары»,  «Азғындар  қаласы»,  «Адасқандар  қаласы», 
«Опасыздар 
қаласы», 
«Пасықтық 
және 
бейшаралық 
қаласы», 
«Мәнсапқорлар қаласы» деп жіктейді. 

 
28 
Әл-Фарабидің 
атақты 
еңбектерінің 
бірі 
– 
«Ғылымдар 
энциклопедиясы».  Мұнда  ол  математикаға  үлкен  мән  берді.  Әл-Фарабидің 
аса  зор  талантын  паш  еткен  еңбектері  «Альмагеске  қосымша  кітабы»  мен 
«Альмагеске түсініктемесі» еді. Мұның алғашқысында автор «Птоломейдің 
«Альмогесінде»»  қамтылған  көп  мәселелерді  математика  тілімен  қайта 
баяндаған.  Кітаптың  14  тарауын  тригонометрияға  арнайды  да,  синус, 
косинус,  тангенс,  котангенстерді  дөңгелек  ішінде  қарастырады.  Зерттеудің 
қалған  46  тарауында  математикалық  астрономия  мен  математикалық 
географияның күрделі мәселелері талданады. 
Фараби  -  сонымен  бірге,  тіл  мен  әдебиеттің  теориялық,  практикалық 
мәселелеріне  де  көп  назар  аударған  ғалым.  Оның  «Сөз  бен  әріп  туралы», 
«Жазу өнері туралы», «Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы», «Өлең ырғағы 
хақында,  «Поэзия  негіздері»  деген  еңбектері  -  тілдің,  поэзияның  ішкі 
заңдылықтарын,  олардың 
өзара 
сәйкестік 
байланыстарын 
ашуға 
бағышталған  құнды  туындылар.  Фараби  бұл  еңбектерін  өзі  жетік  білетін 
араб,  парсы,  түрік,  көне  грек,  латын  тілдерінің  ерекшеліктері  негізінде 
жазды.  Оның  сонымен  бірге,  Аристотельдің  «Бірінші  аналитика»,  «Екінші 
аналитика»,  «Софистика»  деп  аталатын  логикалық  шығармаларының  мән-
мағынасына  түсініктемелер  жазумен  қатар,  «Логикаға  кіріспе»,  «Ақыл  мен 
түсінік»  «Жан  туралы»,  «Логика  жайлы  трактат»  сияқты  логика  ғылымын 
ілгері апарған еңбектері де болды. 
«Китаб әл – мусика әл - кабир» (Музыканың ұлы кітабы) кітабында ол 
музыканың  акустика  мәселелерін  барынша  кең  қарастырып,  дыбыстың 
табиғаты,  тегі,  таралуы,  т.б.  ерекшеліктері  хақында  алғаш  ғылыми  түсінік 
береді.  Музыканың  тәжірибелік  әрі  теориялық  негізін  қалады.  Оның 
физикалық, 
математикалық 
заңдылықтарын 
музыка 
аспаптарында 
пайдалану жолдары мен әдістерін көрсетіп берді. 
Ұлы  ғалымның  еңбектері  ғасырлар  бойы  зиялы  қауымдар  арасында 
кеңінен  мәлім  болған.  Шығыс  пен  Батыстың  көп  оқымыстылары  оның 

 
29 
мұраларынан  үйреніп,  тәлім-тәрбие  алып,  ғибрат,  өнеге  көрген,  өздерінің 
ғылыми  жұмыстарында  тірек  тұтқан.  Оның  энциклопедиясы  XV-XYI 
ғасырларға дейін білімпаздар мен шәкірттердің қолынан түспес кітап болды. 
Қорыта айтқанда, дүние жүзі білімі мен мәдениетінің «екінші ұстазы», 
асқан ұлы ойшыл, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фараби - артына мол 
мұра қалдырған оқымысты. 
  
1970  жылы  Қазақстанның  ғылыми  жұртшылығы  әл-Фарабидің 
туғанына 1110 жыл толуын атап өтті. Сөйтіп, мың жылдан кейін өз даңқын 
Шығыста  да,  Батыста  да  шығарған  ғылым  әкесінің  аты  туған  өлкесіне 
оралды.  Бұл  маңызды  мәселені  жүзеге  асыруда  әл-Фарабидің  ғылыми 
еңбектерін  ерінбей,  жалықпай,  асқан  жанқиярлықпен  жинаған,  зерттеген, 
бастырған,  сонымен  қатар  ұлы  ғалымның  есімін,  ғылыми  мұрасын 
дүниежүзілік  аумақтағы  ғылыми  конференцияларда,  баспасөз  бетінде, 
радио,  теледидарда  насихаттаған  Қазақстан  Ғылым  Академиясының  мүше-
корреспонденті Ақжан Жақсыбекұлы Машановтың еңбегі зор.  
1968  жылы  профессор  А.Машанов  араб  әлемі  елдеріне  саяхат  жасау 
кезінде  ірі  ғалымдармен  кездесті,  Дамаск  қаласындғы  әл-Фараби  қабірін 
іздеп тауып, оның фотосуретін алып келді.  
 
XI  ғасырдағы  түркі  тілдес  әдебиеттің  дамуы  белгілі  авторлар  Жүсіп 
Баласағұн  мен  Махмуд  Қашқаридің  есімдерімен байланысты  болды.  Жүсіп 
1015  жылы  Қарахандар  астанасы  Баласұғын  қаласында  туған.  Ол  ауқатты 
түркі  жанұясынан  шығып,  сол  кезеңге  қарағанда  сындарлы  білім  алған. 
Жүсіптің  есімі  оның  «Кутадгу  билиг»  («Құтты  білім»)  атты  поэмасынан 
кейін  кең  таныла  бастады.  «Құтты  білім»  85  тараудан,  6520  бәйіттерден 
және қосымшалардан (124 бәйіт) тұрады. 
 
Поэма  жәй  этикалық-моральдық  трактат  ғана  емес,  сонымен  қатар, 
адамдардың  күнделікті  өмірдегі,  қоғамдағы  адами  қарым-қатынастарын, 
әртүрлі  таптар,  басқарушылар  мен  бағыныштылардың  мемлекеттегі  орнын 
белгілеген  аса  терең  мағыналы  философиялық-дидактикалық  шығарма. 

 
30 
Поэма  1983-жылы  орыс  тілінде  аударылып,  «Құтты  білім»  атымен  жарық 
көрді. 13 мың жолдан тұратын түркі тіліндегі бұл дастанда саясат, мемлекет, 
басқару,  әскери  іс,  кемеңгерлік,  ақыл-парасат,  әділеттілік,  ар-ождан,  салт-
дәстүр, т.б. жөнінде философиялық пайымдаулар берілген. 
 
Махмуд  Қашқаридің  есімі  XI  ғасырда  белгілі  болған.  Әкесі  Хусеин-
Мавераннахрдың жаулап алушысы Боғра-ханның немересі, Махмуд дүниеге 
келместен бұрын Қашқарға қоныс аударған. Махмуд Қашқарда тамаша білім 
алып,  оқуын  Бұқарада  жалғастырған.  Ол  түркі  тілдеріне,  фольклорына,  
салт-дәстүрлеріне  алабөтен  ықылас  аударып,  сөздерді  және  олардың 
мағынасын,  түркілердің  әндерін,  жұмбақтарын,  аңыздарын,  салттарын 
қағазға  түсірді.  М.Қашғариды  ғылым  әлеміне  «Диван  лұғат  –  ат-түрік» 
(«Түрік тілінің сөздігі») кітабы танытты. 
 
Сөздікте  түркі  тілдес  халықтарының  әлеуметтік  өмірі,  жан  дүниесі, 
бастан  кешкен  тарихының  үзік-үзік  суреттері,  этнографиясы,  әдебиеті,  тіл 
ерекшелігі,  географиялық  орналасуы,  аспан  шырақтары  хақындағы 
ұғымдары,  шипалық-емдік  тәжірибесі,  мал  өсіру,  егін  салу,  қала  тұрғызу, 
сауда,  қолөнеріне  байланысты  тіл  қорының  аса  бай  інжу-маржандары 
шоғырландырылған.  Лұғатта  10  мыңнан  астам  төл  сөз,  жекелеген 
диалектілер  енген.  Бұлар  сөзбе-сөз,  не  топшылап  баяндау  жолымен  араб 
тіліне  аударылып,  ол  сөздерді  сипаттарлықтай  мысалдар  келтіріліп 
отырылады.  Мысалдар  ішінде,  300-дей  мақал-мәтел,  233  шамалы  өлең 
шумағы, жыл-мүшел аттары, астрономиялық, географиялық атаулар, 80-дей 
ру-тайпа есімдері (Қыпшақ, Яғма, Арғу, Бұлғар, Ұйғыр, т.б.), оларға түсінік 
анықтама,  100-дей  қала,  қыстақ  (Берехан,  Баласағұн,  Сауран,  Фараб,  т.б.) 
аттары бар. 
Мұндағы сөздер, мақал-мәтелдер, өлеңдер, сөйлемдер түркі тілдерінің 
сол кездегі деңгейін, одан арғы және бергі кездегі сөздерді, сөз тудыру, сөз 
тіркестіру, сөйлем құру жүйелерін анықтауға, сөйтіп, тарихи лексикология, 
тарихи  фонетика,  тарихи  грамматика  жасауға,  этимология,  фразеология 

 
31 
мәселелерін  зерттеуге  таяныш,  негіз  болады.  Махмуд  ибн  Хусаин  ибн 
Мухаммед  Әл-Қашғаридың  «Түркі  тілінің  сөздігі»  туралы  Түркістан 
Республикасының  органы,  Ташкент  қаласында  шығып  тұрған  «Шолпан» 
журналы  1923  жылғы  6-7-8  сандарында  таныстыру  мақаласын  жариялап, 
кітаптың ғылыми аса маңыздылығына назар аударылған. 
 
М.Қашқаридің  «Сөздігі»  XI  ғасырдағы  түркілердің  өмірі  туралы 
бірден-бір  хабардың  көзі  болуымен  құнды.  Орта  ғасырлық  мәдениет 
қайраткерінің  еңбегін  қазақ  тіліне  белгілі  қазақ  ақыны  Ф.Оңғарсынова 
аударып, 1985 жылы «Жалын» баспасынан бастырып шығарды. 
X-XII  ғасырларда  Қазақстан  халқының  арасында  әртүрлі  сенім-
нанымдар, діндер тарады. Көшпелі халықтың басым көпшілігі шамандықты 
қолдап,  қаһарлы  табиғат  күштеріне,  аруақтарға  сыйынды.  Дегенмен  бірте-
бірте ислам діні де ене бастады.  
X  ғасырда  Сырдарияның  төменгі  ағысын  мекендеген оғыздардың бір 
бөлігі ислам дінін қабылдағанмен, әлі де болса мұсылман діні көшпенділер 
арасында  көп  тарамады.  Ислам  дінінің  негізін  салушы,  бүкіл 
мұсылмандардың пайғамбарына айналған Мұхаммедтің (570-632 ж.ж.) Орта 
Азия  мен  Қазақстанда  қолдаушылары  аз  болған  жоқ.  Солардың  бірі 
Қазақстанның  оңтүстігінде  өмір  сүрген  Арыстан  Баб  және  оның  оқушысы 
Ахмет  Йассауи  болған.  Олар  Оңтүстік  Қазақстанның  түркі  жұртшылығы 
арасында ислам дінінің тарауына үлкен ықпал еткен. Аңыз бойынша Ахмет 
Йассауи  Сауран  қаласында  1094-жылы  туып,  1166-жылы  қайтыс  болған. 
Оның  қаламынан  «Дивани  хикмат»  («Ақылдылық  кітабы»)  атты  өлеңдер 
жинағы  туындаған.  Кітап  1901-жылы  Қазанда,  Стамбулда,  1902  және  1911 
жылдары  Ташкентте  басылып  шыққан.  Қожа  Ахмет  Йассауи  қайтыс 
болғаннан  кейін  әулиелер  санатына  қосылып,  оған  арнап  Түркістан 
қаласында  салынған  кесене  мұсылман  қауымының  көп  баратын  қасиетті 
орындарының біріне айналды. 
Осы  кезеңдегі  рухани  мұралардың  қатарына  Ахмет  Жүгінекидің 

 
32 
«Хибат  ул  Хакайк»  (ақиқат  силығы)  атты  еңбегі  жатады.  Ахмет  ХІІ 
ғасырдың  аяғында  Отырарға  жақын  жерде  орналасқан  Жуйнек  деген  елді 
мекенде    туған.  Бала  кезінен  діни  білімге  құштарлық  танытып,  араб  және 
парсы  тілдерін  үйренді.  Оның  кітабы  14  тараудан,  235  өлеңнен  тұрады. 
Кітаптың негізгі ойы білімнің пайдасы, моральдық, имандылық мәселелерді 
қамтиды. Адамдар тынымсыз еңбек етуі керек, өтірік, өсектен аулақ болып, 
бір рет ғана берілетін өмірді мәнді өткізуі керек дегенге саяды. 
Сайып  келгенде  орта  ғасырларда  түркілердің  рухани  мәдениеті 
жоғары деңгейде дамыды. 
   
Негізгі терминдер мен ұғымдар 
 
Түрік-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар, ақындар 
Қорқыт дана, әл-Фараби  «шығыс Аристотелі» 
М.Қашқаридің  «Диуани  лұғат-ат  түрік»  -  түркі  халықтарының  энциклопедия 
ретінде.  
Ж.Баласағұнның «Құтты білігі» 
Мұсылман мектептері және оларда оқылған қағидалар 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
 
 
1. Түркілердің рухани мәдениетінің дамуына қандай жағдайлар әсер етті? 
 
2. Қорқыт туралы не білесің? 
 
3. Әл-Фараби қандай ғылым салаларында еңбектер қалдырды? 
 
4. М.Қашқаридың «Түркі сөздігінің» қазақ тарихы үшін қандай маңызы бар. 
 
5. Ж.Баласағұнның «Құтты білігі» не туралы шығарма? 

 
33 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет