Шақыруды қабыл алу – міндетіміз «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма»



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі0,51 Mb.
#9077

ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ НЕШЕ КҮН? 

  

 



 

Шақыруды қабыл алу – міндетіміз

 

«Шақырған  жерден  қалма,  шақырмаған  жерге  барма»  демекші,  қонақ 



шақырудың  да,  оны  қабыл  алудың  да  бекітілген  әдептері  бар  екен. 

Даналықтың бұлағы болған хадисте «Егер қайсы біріңді қонаққа шақырса, 

онда қабыл алсын, егер оның аузы ораза болса, онда дұға жасасын, ал егер 

ораза  болмаса,  онда  тамақ  жесін»  делінген  (Муслим). Ғалымдар  осыған 

байланысты «егер  әңгіме  үйлену  тойына  шақыру  жайлы  болса,  онда 

оған  бару  парыз,  ал  қалған  жағдайларда  барған  өз  қалауыңда,  бара 

алмаса  себебін  айту  керек,  дегенмен  барған  жақсырақ»  деген  екен. 

Өмірдің әрбір сәтіне қатысты әдептерді толық меңгерген Мұхаммед 

Пайғамбар  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын). «Бiреу  менi 

қойдың  сирағына  (яғни,  қонаққа)  шақырар  болса,  оның  шақыруын 

және  сыйға  қойдың  аяғын  бергеннiң  сыйын  қабыл  аламын»  деп 

нағыз кішіпейілдік үлгісін көрсетті.

 

Қонаққа шақыруда жарысқандар бар!

 

Қонаққа  бара  білген,  шақыра  да  білуі  керек.  Мұндайда  сыпайылық 



танытып,  оның  сіздің  өміріңіздегі  маңызын  қозғап,  дастархан 

төрінен  көргіңіз  келетініңізді  жұмсақ,  шын  пейілмен  жеткізесіз. 

Сонда  қонақ  сізге  қарай  асығады.  Ілгері  буынның  ізгілері  қонаққа 

шақыруда жарысқан.

 

Абдуллаһ  ибн  Рабах  (оған  Алла  разы  болсын)  айтады:  «(Бірде) 



Рамазан  (айында)  Муғауияға  өкілдер  келді.  Біз  бір-бірімізге  тамақ 

әзірлеп беретінбіз, Әбу Һурайра бізді үйіне жиі шақыратын. Мен (өз-

өзіме): «Тамақ әзірлеп, оларды үйіме шақырсам ба екен» деп ойлап, 

тамақ әзірлеуді бұйырдым. Содан кейін кешке қарай Әбу Һурайраны 

жолықтырып: «Бұл түні қонақасы – менің үйімде», – дедім. Ол: «Сен 

менің  алдымды  орап  кеттің»,  –  деді.  Мен:  «Иә»,  –  деп,  оларды 

(тамаққа) шақырдым. ...»  (Муслим).

 


Қонақты қанша күн күту керек?

 

Пайғамбар  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын):  «Кiм  Аллаға 



және Қиямет күнiне иман келтiрсе көршiсiн құрметтесiн. Кiм Аллаға 

және Қиямет күнiне иман келтiрген болса қонағын құрметтеп, оған 

тиiстi  қонақжайлылығын  көрсетсiн»  деген.  Сол  кезде  адамдар:  «Я, 

Алланың  Елшісі!  Қонақжайлықтың  мерзiмi  қанша  күн?»   деп 

сұрайды. Ол: «Бiр күн, бiр түн. Жалпы қонақжайлықтың мерзiмi үш 

күн.  Одан  артығы  садақа  болады.  Әрi,  Алла  Тағалаға  және  Қиямет 

күнiне иман келтiрген адам жақсы сөз айтсын немесе үндемесiн», – 

деп жауап бердi». (Бұхари, Муслим)

 

Хадиске түсiнiктеме: «Қонақжайлықтың мерзiмi қанша күн?» деген 



сауалдың  мағынасы  қонаққа  қанша  күн  ерекше  күтiм  көрсетiлу 

керек дегенді нұсқайды. Мысалы, арнайы ас әзiрлеу.

 

«Бiр күн, бiр түн» – яғни, қонақ келгеннiң бiрiншi күні мен түнiнде 



қонаққа ерекше күтiм көрсетiледi.

 

«Жалпы  қонақжайлықтың  мерзiмi  үш  күн»,  –  яғни,  үш  күн  бойы 



келген  мейманға  қонақжайлылық  көрсетiледi.  Бұл  жағдай  қазақтың 

салт-дәстүрiнде  де  бар.  Үйге  қонақ  келген  соң  үй  иесi  оны  үш  күн 

бойы күтiп, төртiншi күнi бұйымтайын сұрайтын болған.

 

«Одан артығы садақа болады» – үш күн өткен соң келген қонақтың 



алдына арнайы ас қою немесе өзi жегенмен тамақтандыру үй иесiнiң 

еркiнде (Бұхари, Муслим).

 

«Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ»

 

 



 

Хадистің тағы бір нұсқасында:



 «Меймандостық (жасау уақыты) үш күн, оған (мейманға) сыйлық 

– бір күн», ал одан артығының бәрі ол үшін – садақа»

делінеді (Муслим, Тирмизи).

 

Яғни,  келген  мейман  үй  иесінің  қысылуына  себеп  болмауы  тиіс. 



Мейманның ыңғайсыздық тудыруы – үш күннен артық қонақ болуы 

немесе үй иесінің оны күтіп алуға жағдай жоқ екенін біле тұра, ұзақ 

уақыт  жатып  алуы.  Алла  Елшісі  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі 

болсын):


 «Мұсылманға  өз  бауырының  (үйінде)  оны  күнәға  кіріптар  ететіндей  сонша  (ұзақ)  қалуға  рұқсат 

етілмейді» 

дегенде,  адамдар:  «Я,  Алланың  елшісі,  ол  қалай  оны  күнәға 

кіріптар  етеді?»  деп  сұрайды.  Сонда

 

Пайғамбарымыз  (ол  кісіге 



Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

 «Оған  беретін  ас-ауқаты  жоқ  адамның  (үйінде  ұзақ) 



жату  арқылы» 

деп  жауап  берген.  (Муслим). 

Көрші  халықтарда  «қонақ 

бірінші  алтын  болады,  екінші  күміске  айналады,  соңында  темір 

болып шығады» деген сөз де бар екен.

 

 



 

Қонақ үй иесінен өзіне тиістіні талап ете алады

 

Қадым заманнан-ақ, қазақ үйіне түскен әрбір жолаушыны 



«бөлінбеген еншім» деп таныса, келген қонақ үй иесінен қонақ асын 

талап етуге ерікті болған. Мұның қайнар көзі болған мына хадиске 

назар аударыңыз. Уқба ибн Амир (Алла оған разы болсын):

 «(Бір күні) біз 



(Алла Елшісіне): «Уа, Алла Елшісі, сен бізді жұмсайсың, ал біз меймандостық жасамайтын адамдардың үйлеріне тоқтаймыз. 

Бұл туралы сіз не айтасыз?» дедік. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): 

«Егер бір үйге 

тоқтасаңдар және олар сендерге мейманға тиістіні бұйырса

оны қабылдаңдар, егер олар бұлай етпесе, онда мейманға не 

лайық болса және олар (сендерге беруге тиісті нәрсені) өздерің 

олардан алыңдар»

 деді

» деп жеткізген. (Бұхари, Муслим).



 

  

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет