Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұНЫ, ТҮсінігі және өндірістік процесі



бет1/5
Дата04.05.2023
өлшемі1,52 Mb.
#89967
  1   2   3   4   5

ШАРУАШЫЛЫҚ АРАЛЫҚ ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСІ


Пәні: Шаруашылық аралық жерге орналастыру
Орындаған: Алдасугуров Дарын
Оқу тобы: ЗУ-20-1
Қабылдаған: а.ш.ғ.к Елеуова Э.Ш.
Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Инженерлі-техникалық институт
Су шаруашылығы жəне жерге орналастыру кафедрасы

Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • 2.1. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі;

    2.2. Шаруашылық аралық жерге орналастыру процесі;

    2.3. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың принциптері;

  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шаруашылық аралық жерге орналастыру арқалы жер иеліктер мен жер пайдалануларды құру және өзгерту, халық шаруашылық салаларының мұқтаждарына сай жерді бөлу жүзеге асырылады. Шаруашылық аралық жерге орналастырудың осы іс-қимылдарына жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері және осы арқылы жер пайдалану жөніндегі әлеуметтік-экономикалық қатынастары белгіленеді. Сонымен қатар шаруашылық жүргізу жағдайлары да өзгеріп отырады. Демек, шаруашылық аралық жерге орналастыру техникалық және құқықтық іс-қимылдар арқалы жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі.

Шаруашылық аралық жерге орналастырудың объектісі


Шаруашылық аралық жерге орналастыру объектісі деп – Қазақстан Республикасының халық шаруашылығының, әсіресе оның аграрлық саласының аудандардың, облыстардың, аймақтардың қоғамдық және экономикалық даму бағдарламалары бойынша салалар, жер иелері және жер пайдаланушылар арасында жер бөлу жұмыстары жүргізілетін территорияны атайды. Оған жерді тиімді пайдалану мен қорғау шаралары жүргізілетін өзара бір-бірімен кеңістіктің тығыз байланыстағы екі немесе одан да көп әртүрлі жерге меншік және шаруашылық жүргізу түрлеріндегі немесе заңды тұлғалардың жер пайдаланулары мен жер иеліктер жатады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарын әкімшілік-территориялық шекарасында жүргізу неғұрлым оптималды нұсқа болып келеді. Шаруашылық аралық жерге орналастыру дегеніміз – халық шаруашылығының салалары арасында салалар ішінде жер бөлу, әртүрлі шаруашылық құрылымдарының жер пайдаланулары мен жер иеліктерін құру және әкімшілік-территориялық құрылымдарын, ерекше режимдегі территориялардың және арнайы жер қорларының шекараларын белгілеу арқылы жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыруды есептейтін факторларға келесілер жатады:
Жаңа жер иеленулер мен жер пайдаланулардың пайда болуы
Жер иеленулер мен жер пайдаланулардың кемшіліктерінің бар болуы
Шаруашылық аралық корпорацияның дамуы
Жаңа шаруашылық формалардың, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының пайда болуы
Өндірістің көлемінің, шоғырлануының, мамандығының өзгеруі
Жер иеленулердің (жер пайдаланулардың) аудандары мен ауылшаруашылық алқаптар бойынша құрамдарының шаруашылықтың өндірістік мақсаттарына сай болмауы
Жерді және қоршаған ортаның басқа элементтерін қорғау қажеттілігі және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет