Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет105/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125
Қызыл жебе
–  Миың бар ма басыңда, мынамен қайтіп жүрем, тегіс жер 
емес!  –  деп  ақырып  жіберді.
Жүйелі  сөзге  айдауыл  да  амалы  құрып  ештеңе  дей  алмай 
қалды.  Соны  пайдаланып,  Рысқұл  Ахат  ағасына:
–  Менен тым күдеріңді үзбе, туысқан. Мен әлі су түбіне кеткен 
жоқпын. Елге бір жетсең, ата-бабаның басына барып құран оқы. 
Ақсу-Жабағылының бір тал адыраспанын түтет. Қорлықта өлген 
Бердіқұлдың бейітіне шырағдан жақ. Інің Рысқұл өмір бойы сенің 
кегіңді  жоқтап  кетті  де!  Тірі  жүрсем,  Дауылбай  Саймасайдың 
артынан кетер.
Бұл кезде бір айдауыл Рысқұлға мылтық кезеніп, бір айдауыл 
аяғындағы кісеннің құлпын ашып жатты.
–  Осыдан  елге  тірі  оралсам,  Дауылбай  болыстың  ажалы 
менен,  аға.  Ал,  хош...
Айдауыл  Рысқұлдың  жағасынан  тартып  қалғанда,  түрме 
кигізген  ала  бешпеттің  бір  түймесі  бырт  үзіліп,  баспалдаққа 
түсіп дөңгелеп барып, Ахаттың кебісті аяғының астына сүрініп 
тоқтады. Ахат еңкейіп, түймені алып, тәберіктеп көзін сүртті. Ақ 
орамалға  түйіп,  қойнына  тығып  жіберді.
XII
–  Тұрыңдар! Сот келеді! – деп біреу саңқ ете қалды. Залда 
жамырап көтерілетін қарақұрым халық жоқ. Сол жақта отырған 
прокурор,  оң  жақта  отырған  әрі  адвокат,  әрі  тілмаш  Боташ 
Шоқұлы. Қоршау ағаштың ішінде Рысқұл, оның екі жағында екі 
қарауыл.  Залдағы    куәгерлер  –  Саймасай  Нүкетайды  албаннан 
алып  келе  жатқанда  жанына  ерген  нөкерлер,  ауыл  қазақтары.
Бәрі де бас киімдерін алды. Рысқұл ескі киіз қалпағын басынан 
алмады.  Қасындағы  қарауыл  киіз  қалпақты  жұлып  тастап  еді, 
Рысқұл  шап  беріп,  қайтадан  баса  киіп  алды.  Киіз  қалпақтан 
айырылса,  киесінен,  туған  жердің  кіндігінен  айырылатындай.
Тор-столға  пенснелі  қасқабас,  семіз  судья  және  оның 
жолдастары келіп отырды. Жұрт орнына отырғанда, судья тұрып, 
пенснесін мұрнының үстіне қадай түсіп, бір парақ қағазды оқыды.
–  Азаматтар, бүгін біз Шығыс-Талғар болысының управителі 
Үшкемпіров  Саймасайды  атып  өлтірді  деген  айып  тағылған 
киргиз  Жылқайдаров  Рысқұлдың  ісін  қараймыз...


212
Қызыл жебе 
Сонымен сот басталды. Саймасайдың нөкер-куәлері көрген-
білгендерін  айтты.
–  Мүмкін, қаскүнем жасырынып жатып атқан шығар? Рысқұл 
ма, басқа ма? Қайдан білесіңдер? – деді судья.
–  Ойбай-ау, жардың басында түрегеп тұрып атты ғой. Жап-
жақын  жер,  Рысқұлды  танимыз  ғой.
–  Әуелі «Мен Рысқұлмын», – деп өзі дауыстады ғой.
Содан соң, судья Рысқұлға сұрақ берді. Жанындағы қарауылдар 
оны  иығынан  түртіп  отырып  тұрғызды.  Тілмаш  Шоқұлы  да 
орнынан  көтерілді.
–  Сотталушы  Жылқайдаров,  управитель  Саймасайды  атып 
өлтіргеніңді  мойындайсың  ба?
–  Жұрттың бәрін сұраққа алып, несіне әуре боласың, мырза. 
Атқан мен, – деді Рысқұл айылын жимай.
–  Управитель  Саймасай  өкімет  өкілі  екенін  білесің.  Біле 
тұрып  неге  аттың?
–  Атпасқа болмады, мырза. Адам түгіл итті де бүйтіп қорламас. 
Отымен кіріп, күлімен шықтым. Талай бейнетін көрдім. Еңбегім, 
табан ақы, маңдай терім қайтпады. Ақымды жеді болыс. Ақыры 
мені  жазықсыздан  жазықсыз  түрмеге  жаптырды.  Кеудемді  кек 
кернеді, көкірегіме запыран толды. Бүйтіп тірі жүргеннен өлген 
артық еді, мырза. Бірақ жастығымды ала жатайын дедім. Өкімет 
өкілі дейсің. Қолында билік, маңдайында мансабы бар адам әділ 
болар, халықты қанаған, жаудан жаман тонаған, үрерге итімізді, 
сығарға  битімізді  қалдырмай,  сан-сапалақ  салық  салып,  жоқ-
жұтаңымызды  сыпырып  алған  болыс  сонда  кім  үшін  болыс? 
Аттым, атасына нәлет.
–  Жоғары мәртебелі судья, менің сұрағым бар, – деп дауысы 
шәңкілдектеу,  шашы  тікірейген  прокурор  қолын  көтерді. 
Судьяның рұқсатынан соң қарама-қарсы жақтағы Рысқұлға бетін 
бұрып:
–  Айыпталушы,  айтыңызшы,  сізге  Саймасайды  өлтіру 
жөнінде ешкім кеңес берген жоқ па? Әлдекім жұмсаған жоқ па?
–  Жоқ! – деді Рысқұл шорт кесіп.
Сөз  кезегі  прокурорға  тигенде,  шағын  бойлы,  шақша  бас, 
тікенек  шашты,  шәушиген  беті  бір  уыс  адам  көзілдірігін  киіп 


213


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет