Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет11/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125
***
Әне содан бері тура бір жыл өтті. Рысқұл өз алқабына тағы келе 
жатыр.  «Рысқұл»  деп  атаған  соң  өзінің  жеке  меншік  жеріндей 


22
Қызыл жебе 
көретін сияқты. Сонан енді өзінің жеке меншік киігінің біреуін 
атып ап кері қайтатындай.
Бірақ  жолы  болмады.  Былтырғы  молшылық  биыл 
қайталанбады. Киік иісі сезілмейді. Суат басын торып күні бойы 
жатты,  киік  көрінбеді.  Келген-кеткен  іздері  де  ескілеу.  Жуық 
арада  суатқа  құламаған  сияқты.
Қона жатып жол торыса, бәлкім қолға бірдеңе ілігер ме еді, 
бірақ  Тұрарға  көңілі  алаң  бола  берді.  Құлыны  желіде  қалған 
биедей  шыдамы  кетіп,  өзінен-өзі  әлденеге  тықырши  бастады. 
«Атасына нәлет, Саймасайға киік атып алып барам деп айқайлап 
жүргенде, баламның халі не болады? Құрысын, кері қайтайын. 
Жолда  қара  қойдың  отарынан  біреуін  өңгере  қайтармын.  Азар 
болса  Итжеккенге  айдатар».
Сөйтіп, мылтығын сүйретіп, төменде тұсап қалдырған атына 
бет бұра бергенде, алақандай айуан ізіне көзі түсті. «Барыс!» – 
деді, ә дегенде сасып қалып, іле тұла бойы мұздап жүре берді. 
Лезде бойын жиып, әлгі жап-жаңа ізбен біраз жүрді. «Бұйырса, 
атып алсам, теңбіл барыс терісі болысқа нағыз тарту емес пе?».
Маңқиған тау, қарлы-мұзды шыңдар. Мелшиген тастар. Тірлік 
білінбейді.  «Е,  кетіп  қалған  қу  болды.  Киік  ізіне  түсіп,  қуалап 
кеткен-ау.  Бәсе,  киік  суға  құламай,  сескенген  екен  ғой.  Барыс 
үркіткен  ғой».
Тобылғы  тасасынан  бірдеңе  қылаң  еткендей  болды.  Көзін 
уқалап,  елес  шығар  деп  еді.  Қарсы  алдында  есік  пен  төрдей 
керілген  кербез  барыс  тұр  екен.  Айылын  жияр  емес,  «келсең-
кел!»  –  деп  тұр.
Аралары  тым  жақын.  Барыс  шындап  бір-ақ  қарғыса  жетіп 
жатыр. Бірақ ол шапшыған жоқ. Сірә, тоқ болар. Алтын түстес 
теңбіл  жүні  жылт-жылт  етеді.  Соған  қарағанда  қонды  болар. 
Оның үстіне жуырда ғана түлеген түрі бар. Тұрған бойы сұлтан 
шері,  нағыз  жайсаң.
Барыс  Рысқұлға  манаурап  біраз  қарап  тұрды.  Бірақ  аңшы 
мылтығын  көтерсе,  оқтан  бұрын  атылатын  шығар.
Аңшы  әуелгіде  жүрегі  су  ете  қалса  да,  сасқалақтаған  жоқ 
әбиір болғанда. Егер тұра қашса – құтылмас еді. Барыс адамның 
табанын көрсе болды – айбыны асады. Серті солай деседі.


23
Қызыл жебе
Рысқұл шерінің көзіне тіктей қарап, арбасып қалды. Енді көзі 
тайып кетсе де хауіп. Тау мен таста жалғыз жүргенде нелер қиын-
қыстау кезеңдер болған: аюмен де алысты, ұялас қасқырлардың 
қамауында да қалды. Бірақ соның бәрі мына қияметтің ширегінен 
де  келмес  еді.  Бұл  сын-сынақтың  көкесі  болар.  Бет-аузыңның 
бір  жері  жыбыр  етіп,  қорыққан  белгі  берсең  –  барыс  садақша 
атылып бас салғалы тұр. Қанша балуан болсаң да, бұл арланға 
шыдас  беру  оңай  болмас.  Бұ  шерің  бір  соққанда  атан  түйенің 
белін сындырып жүре береді.
Төменнен  ұлар  қақылықтады.  Барыстың  бір  құлағы  ғана 
сәл  тыпырлағандай  болды.  Әлгі  ұлар  тағы  қақылықтап  алып, 
аңғардың бергі бетінен арғы бетіне парылдап ұшып бара жатты. 
Төбеден  мұзарт  шың  төніп  тұр.  Көмекке  келер  жан  жоқ.  Егер 
осы жерде Рысқұл жазатайым болса, іздейтін кім бар? Әрі десе, 
Талғардың бұл биігіне одан басқа ешкім көтеріліп көрген емес. 
Дмитриев болса алыста. Азғана мезгіл ішінде Рысқұлдың басында 
неше қилы ойлар жөңкіліп өтті. Жазатайым кетсе, ит-құсқа жем 
болып, сүйегі шашылып көмусіз қалады. Былтырғы ғалым орыс 
алқапқа Рысқұлдың атын беріп еді-ау. Әлденеге көрінбесе нетті 
Рысқұлдың  алқабы  –  Рысқұлдың  қазусыз  моласына  айналмаса 
нетсін.
Бірін-бірі  арбасқан  ғаламат  секундтар  өтіп  жатты.  Бір  кез 
Рысқұл  шыдай  алмай:
– Әй Шері – деді жәй ғана. – Мен саған тимеймін. Бар, бара 
бер.
Барыс  Рысқұлдан  көзін  тайдырып  әкетті  де,  білдірмей, 
жапырақ,  шөп-шалам  да  сыбдырлатпай,  мамық  үстімен  бара 
жатқандай маң басып, аяқтарын сылаң тастап, сұлу мүсін кете 
барды.  Енді  бір  сәтте  ол  қарсыдағы  жарқабақты  қиғаштай 
тартып жоғары шыңға қарай көтеріле берді. Не бір тас, не бір 
қиыршық  домалатқан  жоқ.  Жарқабақпен  емес,  әуемен  қалқып 
бара  жатқандай.  Оқ  жетер  жер.
«Атып алсам ба екен?» – деген зәлім ой Рысқұлдың басын тағы 
бір  шалықтап  өтті.  Артынша  тәубаға  келді.  «Осыншама  сері, 
сертіне мәрт сұлтан шеріге ту сыртынан ұрланып оқ атқаным – 


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет