Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет110/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   125
Қызыл жебе
–  Да, – деді вице-губернатор креслода отырып. – Сұраңдаршы, 
бұл жарақатты қайдан алып жүр?
Тілмаш Осташкиннің сұрағын аударғанда, Рысқұл мырс етіп:
–  Е, дәу мырза, Рысқұл не көрмеген Рысқұл. Мына иықтағы 
тыртық  Ақсу-Жабағылының  аюымен  алысқанда  түскен.  Онда 
мен небары он тоғызда едім. Мұрнына самал түскен бір ағайынға 
аюдың өті керек болып, аңға шыққанда, абайсызда жарықтықпен 
бетпе-бет  кездесіп  қалып,  мылтығымды  кезеніп  үлгермей, 
алысқаным  бар.  Ал  мына  қара  сандағы  тыртық  Саймасай 
жұмсаған  бір  жортуылда  жылқы  алғанда  дойыр  қамшы  тіліп 
кеткен.  Бастағы  тыртықтар  көкпардың  додасында  дойыр  тиіп 
түскен,  барымтадан  қалғаны  да  бар.  Жотадағы  жараның  орны 
бәрінен жаңа. Қызыл Жебе деген жүйрікті Саймасай сойғызайын 
деп  жатқанда  мен  ара  түсіп,  сонда  соққыға  жығылдым.  Ал 
мына қолдағы тыртықтарды абақтыға атжалман жіберіп өздерің 
талатып түсірдіндер. Ал тыртықсыз соққылар қаншама? Бастағы 
шаштан да көп. Оның несі сөз, дәу мырза. Мына кәмесияң ең 
басты  белгімді  таба  алмады,  дәу  мырза.  Ол  менің  жүрегімдегі 
жара  ғой.  Зорлардан  зұлымдықты  көп  көрдім.  Жүрек  содан 
жаралы.  Менің  жүрегімде  түк  бар,  дәу  мырза.  Бірақ  сол  түкке 
қырау тұрып қалған. Пендеге пенде болып жүргенімде ол қырау 
жібімейді. Міне, мендегі ең басты белгі. Басқасы түк те емес.
–  Жақсы  белгілер  екен,  –  деді  еңгезердей  Осташкин.  – 
Айдаудан  қашып  кетсең,  ұстап  беретін  белгің  көп.  Көрдің  бе, 
бәрін қағазға түсіріп жатыр. Қан майданға қатысқан батырларда 
да  ондай  таңба  жоқ.
–  Е, дәу мырза, мен қашқанда қайда кетер дейсің? Аяқтағы 
кісен  мынау.
–  Кісенді  саған  жуанырақ  соқтыру  керек  сияқты.  Аюды 
жалаң қолмен буындырып өлтірген палуан ана кісенді қурайдай 
бырт  еткізіп  үзе  саларсың.
–  Кісенді саған салса ғой, көп темір кетер еді, ә, дәу мырза. 
Тілмаш мүдіріп қалып еді, вице-губернатор:
–  Что? Что он сказал? – деп қадалды. Рысқұлдың айтқанын 
естігенде,  басқалар  үрпиісіп  қалып  еді.  Осташкин  қарқылдап 
күліп  жіберді.


222
Қызыл жебе 
–  Сен ұнап бара жатырсың маған, – деді Осташкин ақ бәтес 
орамалмен көзін сүрте беріп. Мінезі ауыр, сирек езу тартатын, 
алып  тұлғалы,  жартастай  түнеріңкі  вице-губернатордың  неге 
көңілденіп кеткеніне түсіне алмаған бағыныштылар не күлерін, 
не  күлмесін  білмей  дағдарыңқырап  қалған.
–  Кісен көп, кісенге кеткен темір қаншама, құдай сақтасын, – 
деп Рысқұл айылын жияр емес. – Түлкібаста жүргенде егін салар 
едік. Қол басындай темір тапсақ, ат басындай алтын тапқандай 
қуанар едік. Омаш басына кигізетін темірге жұтаң болдық. Енді 
ойлаймын  ғой,  түрмедегі  кісеннің  бәрін  балқытып,  соқа  тіс 
жасаса егінші байғұс бір жарып қалар еді-ау деп.
–  Ол үшін сен сияқты қылмыстылар болмауы керек. Кісенді 
өкімет еріккеннен соғады дейсің бе? Амал жоқ. Сені кісендемесе 
қашып кетесің. Бір рет қашып кеттің ғой. Ал оның аяғы барып 
кісі  өліміне  әкеліп  соқты.  Қылмыс  құрыса,  кісен  де  құриды,  – 
вице-губернатор «білдің бе?» дегендей таңдайын тақ еткізді.
–  Е,  дәу  мырза,  қылмыс  құру  үшін  әділеттік  орнату  керек 
те.  Кесір-кесепат,  қиянат  болмаса,  кісі  өлтіруге  кімнің  қолы 
қышып  тұр  дейсің.  Ал  енді  менің  бір  арызым  бар  саған,  дәу 
мырза. Әне күні сотыңа да айтқам. Мені қатты айналдырып тыр 
жалаңаш  өлшеп-пішіп  жатқандарыңа  қарағанда,  сірә,  мені  көп 
кешіктірмей  айдайтын  шығарсыңдар  итжеккенге.  Болсын.  Ал 
енді  қатынымды,  екі  баламды  ала  кетемін.  Соған  рұқсат  бер. 
Осыған кеңшілік жаса. Менің орнымда сен болсаң қайтер едің? 
Қатын-балаң  бар  шығар?  Соны  ойла.
Вице-губернатор  шынында  ойланып  қалды.  Отбасымен  жер 
аударылғандар аз емес. Соның біріне жатқыза салуға болар еді... 
Бірақ  оның  әлек-шәлек,  қағаз  қатынасы  көп  шаруа.  Басты 
қатырып жатудың керегі де шамалы. Вице-губернатор шешімін 
тапты. Рысқұлдың өтінішін де қабылдайды, Бірақ отбасы онымен 
бірге ілеспейтін де болады. Солай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет