Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет114/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125
Қызыл жебе
Сөйтіп шықпа жаным, шықпа деп жүргенде, бір күні Аспара 
болысы Бектен бастаған мықтылар мұның Мықандағы үйіне сау ете 
қалды. Ашық аспанда найзағай сартылдағандай, Қырғызбайдың 
зәресі зәр түбіне кеткен. Болыстың жанында Меркенің приставы, 
қасқабас  урядник  те  бар  еді.  Қару  асынғандардан  қорыққан 
Молдабек  Мықан  бойының  үкілі  қамысының  арасына  барып 
тығылды.
Бірақ  бұл  келіс  сұсты  болғанмен,  тасыр-тұсырсыз,  ашусыз 
сияқты.  Бектен  болыс  Қырғызбайға  қалжыңдап:
–  Ал, делдал, көп болса, бір базардың табысы шығын болар. 
Қонақтарды күтіп ал, – деді.
Қырғызбай  құрақ  ұшып,  тайдай  қызыл  қойды  табанда  атып 
ұрды. Ac үстіне Бектен Ізбайшаны шақырып алды. «Ізбайшаны 
іздегені  несі?»  –  деп  Қырғызбай  онан  бетер  безек  қақты.  Істің 
мән-жайын түсінген соң барып, жүрегі орнына түскендей болды.
Бектен  болыс  босаға  жақта  қырын  қарап,  кішкентай  қыз 
баланы  бауырына  басып  отырған  Ізбайшаға  тіл  қатты.
–  Сірә,  маған  жеңге  боларсың  немесе  замандас  құрбы 
шығарсың. Рысқұл біз құралпы ғой. Солай емес пе, Қырғызбай?
–  Иә, солай-солай, – деп Қырғызбай отырған орнынан желп-
желп етіп көтеріліп, көтеріліп қойды. – Қырықтың ішінде болар.
–  Қырық бес жаста, – деп тоқ етерін айтты пристав сөмкесінен 
бір қағазға қарап қойып.
Қырғызбай тағы селкілдеді: «Рысқұлдың туған жылына дейін 
Меркенің приставына белгілі болғанда, жан-жағымыздан мықтап 
шырмалған екенбіз де».
–  Ал  келген  шаруамызды  бітірейік,  –  деді  Бектен  болыс,  – 
Ізбайша  замандас,  сенің  Алматы  түрмесінде  жатқан  күйеуің 
Рысқұл Жетісудың губернаторына арыз айтыпты: Сібірге өзіммен 
бірге  қатын-баламды  ала  кетемін  деп.  Он  жылға  кесіліпті  ғой 
сабазың. Қалай? Итжеккенге бірге баруға ықтиярлысың ба? Сені 
іздеп өкіметтің шарламаған, іздеу салмаған жері жоқ. Жауабын 
жедел беру бізге жүктеліпті. Ойланып айт.
Ізбайша  ақ  жаулықтың  ұшымен  көзінен  тырс-тырс  тамған 
жасты  сүртіп  болып,  тізесіне  монтиып  қисайып  отырған 
Түйметайдың  басын  сипады.


230
Қызыл жебе 
–  Тағдыр  шығар,  болыс-еке,  ерімнің  айтқаны  болсын. 
Етегінен ұстап жүрсем Барсакелмеске кетуге де разымын, – деді 
Ізбайша  жас  жуған  бетін  бері  бұрып.
Үй іші тым-тырыс. Алдағы ас та желінбей қалды. Мына бетінің 
шырайы  таймаған,  тозаң  тұтқан  қызғалдақтай  ғана  тотыққан 
ажарлы әйелдің мұнша қажырына бәрі де қайран қалған сәт. Тек 
сәлден соң пристав шыдай алмай, Ресей империясы Бас түрме 
бастығының  1890  жылғы  №10  циркулярлы  ережесін  түсіндіре 
бастады.
–  Егер күйеуіңізбен бірге Сібірге айдауға ықтиярлы болсаңыз, 
қазына  сізге  және  балаларыңызға  жол  қаражат  қана  төлейді. 
Ал  айдалу  пунктіне  жеткен  соң  күйеуіңіз  түрме  жағдайында 
тұрады да, сізге және балаларыңызға қазына қаржы бермейді. Өз 
күніңізді  өзіңіз  көруге  мәжбүр  боласыз.  Түсіндіңіз  бе?
Үйдегілердің  бәрінің  көздері  Ізбайшаға  қадалған.  Бәрі  де 
демдерін  ішінен  алып  отырған  сияқты.  Ізбайша  Түйметайдың 
бетін өзіне қаратып, маңдайындағы кекілін кері қайырып отырып:
–  Мейлі, мырза. Бір күнімізді көрерміз. Біз қай бір байлыққа 
бөгіп  жүрген  жан  дейсіз.  Жоқтыққа  үйренгенбіз.  Рысқұлдың 
қалауы  болсын,  –  деді.  Өз  көзінен  Түйметайдың  бетіне  тырс 
етіп тамған жасты алақанымен сүртті. – Есіл ер, бізді ұмытпаған 
екен. Қимайды екен. Басына мың батпан іс түсіп жатса да, бізді 
ұмытпапты.  Жердің  түбіне,  тозақтың  отына  айдаса  да  бірге 
болайық.  Бізге  рұқсат  етіңіздер.
Қырғызбайдың қатыны көңілі босап, алдындағы сорпа құйған 
дәу шараны әрі итере салып:
–  Айналайын  мырзаға-оу,  ардағым-оу,  аһ!  –  деп  дауысы 
барқыраңқырап  шығып  кетті. 
Қырғызбай қызған көсеу тілін қарығандай баж ете қалды:
–  Жап  аузыңды!  Рысқұл  тірі  ғой,  малғұн!  Байғыз  құсаған 
тілеуің  құрғыр!
Қырғызбайдың қатыны Салиха салдырлап қалған, әрі ашушаң, 
әрі  ақкөңіл  аңқылдақ  кісі  еді.  Қазір  Рысқұлдың  жақындары 
қылпылдаған  ұстараның  жүзінде  шықпа  жаным,  шықпа  деп 
тұрған мына шақта, ойында арамдығы жоқ, адам, атамзаманнан 


231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет