Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет116/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125
Қызыл жебе
–  Үйден шыға тұр! Біздің оңаша әңгімеміз бар, – деп зекіп 
айтты.  Бағанадан  бергі  сыпайылық  пердесін  біреу  сыпырып 
алғандай,  дөрекі.
–  Жеңеше, сен де шыға тұр, – деді Қырғызбайдың қатынына. 
Ол  байғұс  болысқа  ажырая  бір  қарады  да,  ернін  сылп  еткізіп, 
оқпақ  құстай  ордаңдай,  өз  есігін  өзі  тарс  еткізіп  қатты  жауып 
шығып  кетті.
Бектен болыс сонда барып Қырғызбайға шүйілді.
–  Ал, делдалым, қолыңа қағаз-қалам ал.
Қырғызбай  сандық  жаққа  қарап  қалбалақтап  қалып  еді, 
пристав  сөмкеден  бір  парақ  қағаз  бен  қалам  ұсына  берді.
–  Жаз, – деді болыс бұйыра сөйлеп. 
«Мен  Жылқайдаров  Рысқұлдың  әйелі  Ізбайша  Жетісу 
губернаторына мынаны мәлімдеймін. Рысқұлдың соңынан еріп, 
ссылкаға баруға келісім бермеймін! Қазір Әулие-Ата уезі, Аспара 
болысында Соқыров Қырғызбайдың қолында тұрып жатырмын.
Сауатсыз  Жылқайдарова  Ізбайша  үшін  қол  қойған  Соқыров 
Қырғызбай.  20-ақпан  1906  жыл».
–  Делдал  емес  молда  болуға  лайықты  адамсың-ау, 
Қырғызбай. Кәне енді қолыңды қой. Дұрыстап қой. Анау-мынау
жаман-жәутік емес, губернатордың өзі оқиды бұл хатты. Сенің 
арбашаңды  ол  түсіне  алмас,  әрине,  тілмашы  бар  ғой.  Бәлкім, 
Рысқұл  туысқаныңа  да  көрсетер.  Ол  сенің  қолыңды  танитын 
шығар.
«Рысқұлға көрсетер» дегенде Қырғызбай шошып кетті. Қолын 
қояйын деп ыңғайланып жатқанда қайтадан тартып алды.
–  Но-но!  –  деді  пристав  түсін  суытып.  –  Базарда  жүрген 
жеріңнен  ұстап  алып,  түрмеге  тығып  тастармын  бәлем.
–  Менің  қолым  жүре  ме,  әйелдің  өз  қолы  керек,  –  деді 
Қырғызбай  болыс  пен  приставқа  кезек-кезек  жалтақтап.
–  Ол сауатсыз, білдің бе? «Сауатсыздығы үшін» деп жаздың 
ғой жаңа, – деп пристав тағы тұқыртып тастады.
Пристав  тұрмақ,  Меркедегі  төрткүлдің  базарында  пиянкеш 
урядник бопсаласа, бір сөзге келмей бір сөлкебай беріп құтылатын 
Қырғызбай, мына төренің ызғарына көп төтеп бере алмай, жүрегі 
мұздап  отырып  хатқа  қолын  қойды.  «Кешір,  бауырым»,  –  деді 


234
Қызыл жебе 
ішінен Рысқұлмен тілдесіп. – «Кеш мен бейбақты. Баяғыда саған 
ілеспей, орта жолда Меркеде қалып қалғанымды қаламап едің. 
Енді тағы бір опасыздық болды. Оның есесіне сенің әйелің мен 
балаңды бағып-қағуға ант етейін, бауырым. Сенің алдыңда арым 
таза болсын».
–  Ну, Киргизбай, – деді пристав тілхатты ыждағаттап сөмкеге 
салып жатып. – Енді бұл әйелге әзір бол. Қашып кетіп жүрмесін. 
Айырылып қалсаң, ух! Рысқұлдың артынан ол емес, сен кетесің.
Төрелер үйден шықты. Жас төлдің кіндігі қатпаған ерте көктем 
еді. Күн едәуір кешкіріп қалыпты. Аспараның басындағы сәуле 
малған  майда  бұлт  қоянның  жон  арқасындай  жұмыр,  жұмсақ. 
Аспан кеуілім жай, мөлдір көк. Мықанның арғы бетінде бір салт 
атты қырғыз тауды бетке алып, әндетіп кетіп барады:
–  Ишь ты, қара-киргиз,– деді пристав әндеткен салт аттыға 
қарап:
Мықанның арғы беті – қырғыздар. Әулие-Ата оязына қарайтын 
Шалдуар болысы. Қазақты – «киргиз», қырғызды «қаракиргиз» 
дейтін әдетіне басып тұр пристав.
Алатауға  приставтың  көзімен  қарасаң,  қиқы-жиқы  үйілген 
тастар. Көктем алдында қуанышы кішкентай кеуделеріне сыймай 
шықылықтаған  шымшықтардың  қазіргі  беймаза  тіршілігінен, 
кешегі алтын күректен кейін жұмыртқа қабығын тесіп шыққан 
балапан құсап, тоңы жібіген топырақты түртінектеп шығып келе 
жатқан көктің сыбдырынан, бетіңді қыз алақаны сипағандай саф 
самалдың лебінен, осының бәріне шала мас болып бара жатқан 
анау қырғыздың сағынышты ән сазынан мына болыс пен пристав 
бейхабар.  Көкіректе  сезім  қылы  дың  етпеген  кәркеуделердің 
табиғаты  тасыр,  тілі  дөкір.  Верныйдың  түрмесінде  әкесімен 
бірге жатқан Тұрар Рысқұловпен енді он жылдан соң бетпе-бет 
кездесетіндерін бұл екеуі қазір білмейді. Аспара болысы Бектен 
Медеров  пен  Мерке  приставы  Афанасий  Сокольский.  Терек 
басында қураған жапырақ қалтырайды. Олар бұған назар салған 
жоқ.
–  Поехали, – деді пристав.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет