Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет21/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125
Қызыл жебе 
–  Енді не қалды, мырза? Аларыңды алған жоқсың ба? Қызыл 
Жебе  қолыңда.  Бірақ  қайтіп  сіңірер  екенсің  бойыңа.  Жай  қыл-
құйрықтың бірі емес. Атышулы ғой.
–  Сол  себепті  де  бұл  мақұлықтың  көзін  жою  керек.  Көзге 
сүйел  болып  біткен  дию  неме  Тұқымбайға  да  жоқ,  маған  да 
жоқ. Қуғыншы келіп қалуы әжеп емес. Тез аттан түс, батыр. Тез 
бауыздап жібер, жылқы бейнелі жынның баласын! – деп болыс 
Шолақ  Шабдардың  тізгінін  ұстады.
Рысқұл  тізгінді  тартып  қалды.  Шолақтың  басы  кегжең  етті. 
Қызыл  Жебе  осқырынып,  құлағын  тікшитті.  Болыс  жалма-жан 
Қызыл  Жебенің  ноқтасынан  шап  беріп  ұстап  алды.
–  Адам баласының аузынан шығатын сөз емес қой мынауың, 
болыс.  Ұйқысырап  айтқаның  болар.  Жылқының  төресін  дені 
дұрыс кісі союға көзі қия ма?! Одан да мені сой, қан тілесең! Не 
деп тұрсын өзің?!
Рысқұл  сенерін  де,  сенбесін  де  білмей  дағдарып  қалды. 
Дүниеге асыл сирек келер. Мына өңкиіп тұрған таудың бәрі тас. 
Алтыны бар болса – түйір ғана шығар. Қызыл Жебедей асыл енді 
бұл  елдің  маңдайына  біте  ме,  жоқ  па    белгісіз.  Қызғаныш  пен 
күншілдік  деген  ит  адамды  ақылынан  адастырады.  Қызғаныш 
пен күншілдіктің өзі арам пиғылдан туады. Адал адам ешкімнің 
бағын күндемейді. Бақталастардың басындағы ми уға айналады. 
Улы мидан түбінде ұрыс шығады.
–  Maқаш! – деп ақырып қалды болыс.
Көршi қараша үйден:
–  А!  а!  –  деп  аптыққан,  барқыраңқыраған  үн  шықты. 
Болыстың  қайта  шақыруын  күтпей-ақ,  Мақаштың  үйінің  есігі 
желп ете қалды. Көзін дәу жұдырығымен уқалай жеткен Мақаш 
Рысқұлға  сәлемдескен  жоқ.  Сірә,  киімімен  жатқан.
Рысқұлдың көзі енді жетті. Бір сұмдықтың болары хақ.
–  Айналайын  ағатай,  әруақ-құдайдан,  Қамбар  атадан 
қорықсайшы. Кісі баласы қолы бармас қылмыс қой мынау! – деп 
Рысқұл  жалынып  та  көрді.
Болыстың  қысық  көздері  айға  шағылысып,  ұстараның 
жүзіндей  жарқ  етіп,  ызғар  шашты.


43
Қызыл жебе
–  Оттама, – деді Рысқұлға, – Ақылыңды басыңа шайнап жақ. 
Одан да мына Мақашқа көмектес. Тез! Тез! Таң атып қалады.
–  Онда мен бұл масқараңды айдай әлемге жаямын. Бұл мен 
төзетін  іс  емес!  –  Рысқұл  атының  үстіне  ширағырақ  отырып, 
Қызыл Жебенің ноқтасына қол соза берді. Бірақ Мақаш қолын 
қағып  жіберді.
–  Жаярсың,  сорлы!  Жайып  көр!  Тісіңнен  шығарып  көр, 
аяғыңды  аспаннан  келтірейін.  Тұқымбайдың  жүйрігін  ұрлап 
әкелген мен бе, сен бе? Осыған да миың жетпеді ме, өлер жерін 
білмеген  ақымақ!
Mынa сөз Рысқұлдың қос өкпесін бірден тесіп өткен оқтан да 
жаман болды. Ашуланшақ, тар шеке Мақаш та дүңк етіп:
–  Шешеңді...  Қаңғыбас,  болысекеме  қарсы  келетін  сен  кім 
едің,  –  деп  Қызыл  Жебенің  мойнына  қыл  арқан  салып  үйдің 
сыртындағы  топ  шырғанақтың  ішіне  қарай  жетектей  жөнелді.
Рысқұл  уақытты  өткізіп  алғанына  өкінді.  Әлгіде  жүйріктің 
ноқтасын  сыпыра  салып,  қамшымен  осып-осып  жібергенде, 
жануар  құтылып  кететін  еді.
–  Уа! Саймасай, қайт райыңнан. Бүкіл тұқым-тұяғыңа кететін 
қатал қарғысқа қаласың. Жылқының сұлтанын сойғанша, мына 
менің қаныма той, – деп Рысқұл атынан аунап түсіп болыстың 
аяғына жығыларман болды. Дабыр-дүбірге қойшы қарауылдар да, 
қоржық сары Таубай да келіп қалды. Өз адамдары көбейгенінен 
дес  алған  болыс  Рысқұлды  иығынан  теуіп  жіберді.  Рысқұл 
орнынан тұра беріп, болыстың бетіне тіктеп қарап еді, бетінен 
оты лапылдап тұрғандай екен. Мейірімнен ноқаттай белгі жоқ. 
Кеудесі кеуек, көр сияқты көрінді. Сірә, жүрек жоқ болар.
–  Шамаңды  біл,  Рысқұл!  Өзіңді  түрмеде  шірітіп,  қалған 
Шілмембеттің  шаңын  шығарып,  күлін  суырып,  тентіретіп 
жіберемін.  Тіліңді  тістеп,  тісіңнің  арасынан  шығарма,  білдің 
бе? – Шақар болыстың шоқша сақалы секеңдеп кетті. Енді бұған 
қайырым  жоқ.
«Күніне  тоқсан  тоғыз  бәле  көрсең,  сонда  да  күдер  үзбе  бір 
Аллалап»,  –  деген  өлеңді  Рысқұл  құранның  аятындай  айтып 
жүрер.  Мына  болыстан  күдерін  әлі  де  үзбей,  ақырғы  амалын 
айтты:


44


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет