Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет26/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125
* * *
Сұрай-сұрай  Меккені  де  табады  дейді.  Сол  айтпақшы,  Ахат 
пен  Молдабек  сұрай-сұрай  Алматының  абақтысын  да  тапты. 


52
Қызыл жебе 
Басқаны  білмесе  де  жұрт  түрмені  біледі  екен.  Әуелі  Ахат  пен 
Молдабек базарға барды. Ал базар не сұрасаң да табылатын жер.
Тұрардың  қаланы,  базарды  тұңғыш  көруі  еді.  Молдабектің 
артына мінгескен бала жалтақтап жан-жағына қарай берді. Түрме 
дегеннің  не  екенін  білмейтін  сәби  абақты  осы  екен  деп  қалың 
жұрттың арасынан өзінің көкесін іздейді.
Тау-тау болып үйіліп жатқан асқабақ, қауын-қарбыз, қап-қап 
бидай,  арба-арба  пішен,  жағалай  толы  алма,  алқоры,  алмұрт, 
ағаш  аяқ  қораз  кәмпит...  Тәттіні  көргенде  бала  әкесін  де  бір 
сәт  ұмытып,  қызыл  қораз  кәмпитке  аңсары  ауды.  Молдабек 
тәтесіне  айтайын  десе  батпайды.  Молдабек  өзі  біліп,  алып 
бермес. Артында жәрбиіп мінгесіп отырған баланың кішкентай 
кеудесінде  не  армандар  жатқанынан  тәтесі  бейхабар.  Ол  үшін 
Тұрар  әзір  мұрынбоқ  көп  баланың  бірі  ғана.
Жалбырақ  қас  көзін  жауып  тұрса  да  әр  нәрсені  Ахат  қарт 
аңғарғыш.  Аттың  үстінде  тұрып,  қойынына  қолын  сұғып,  іш 
қалтасынан  ескірген  қоқан  әмиянын  алып,  кәмпит  сатушы 
дүнгенге:
–  Әй, шүршіт, ана тәттіңнің он шақтысын берші, – деді.
–  Е, ақсақал, мен мұсылманмын, неге шүршіт дейсіз? – деді 
сатушы  дүнген  кәмпиттерді  қағазға  орап  жатып.
–  Ал мұсылман болсаң, бізге жөн сілтеп жібер: Рысқұл жатқан 
абақты қайда? Қалай барамыз? – деді Ахат енді түсін жылытып. 
Оның  ойынша  қалада,  Рысқұлды  білмейтін  адам  жоқ  сияқты 
және Рысқұлдың түрмеде жатқаны бүкіл әлемге әйгілі сияқты.
Көзінің  алды  күлкілдеген  қара  дүнген  күннің  ыстығында 
үстіне мақталы шапан, басына тозығы жеткен сеңсең бөрік киген 
жалбыр  қас  қартқа  таңырқай  қарап:
–  Рысқұлыңызды қайдам, ал түрме Тәшкен көшесінде, – деп 
қолымен терістік тұсты нұсқап жөн сілтеп жіберді.
Базардан былай шыға бере, Ахат қоржынға қол созып, ораулы 
қағаздан  бір  қызыл  қораз  кәмпитті  алып,  Тұрарға  ұсынды. 
Баланың Ахат атасына деген ризалық сезімі сөзден емес, көзден 
көрінгені  сонша,  қартың  шыдай  алмай:
–  Мә, қызталақ, бәрінен сен олжалы болдың, – деп тағы бір 
кәмпит  берді.


53
Қызыл жебе
Түрменің биік дуалмен қоршалған дәу дарбазасының алдында 
бұлар  сәске  түстен  бесін  ауғанға  дейін  тұрсын.  Қарауыл  ішке 
кіргізбейді.
–  Айда,  начальникке  бар.  Рұқсат  қағаз  ал,  –  дейді. 
Начальниктің  қайда  екенін  қайуана  қазақ  білмейді.  Ақыры  бір 
қияқ мұртты, жас тілмаш қазақ, мың болғыр, бастықтан тілдей 
рұқсат қағаз алып беріп, ішке Ахат пен Тұрар енді де, Молдабек 
аттарды  қарауылдап  сыртта  қалды.
Тұрар ойлаған: «көкем мына дуал қорғанның ішінде жүрген 
шығар» деп. Сөйтсе, қорғанның ішінде тағы да үйлер, тағы да 
мылтық асынған қарауылдар бар екен. Жағалап жүріп, бір үйдің 
есігінің  алдына  тоқтады-ау.  Есіктің  алдында  тағы  қарауыл. 
Жақындатпайды.  Рысқұлды  бері  шығармады.  Қарауыл  тек 
темірмен қаптаған есіктің алақандай тесігінің қақпағын көтеріп:
–  Жылқайдаров! Бері жақында, саған кісілер келіп тұр,– деді.
Тесіктен Рысқұлдың бір көзі ғана сығалады. Кірпік қақпайтын 
суық көз жалт еткенде Тұрар шыдай алмай:
–  Көке!  –  деп  айқайлап  жіберді.  Суық  көз  жылиын  деді. 
Күлімсірегендей  болды.
–  Көке! Meн ғой, Тұрармын ғой. Ахат атам келді. Молдабек 
тәтем сыртта қалды, – деп шырылдады бала. – Көке, мә, – деп 
Тұрар  алақанына  жабысып  қалған  кәмпитті  тесіктен  сұға 
бергенде  бұлардан  көз  жазбай  тұрған  қарауыл:
–  Нельзя!  –  деп  зекіп  тастады.  Баланың  қолындағы  қызыл 
қораз  кәмпит  екенін  көрген  соң:
–  Ладно, – деп рақым танытты.
–  Өзің жей ғой, Тұрар, – деді әке үні үздік-үздік шығып. 
–  Беу,  шіркін  перзент-ай,  өзінің  өзегіңнен  шыққан  қайран 
бала!  –  деп  Ахат  елжіреді.  Өз  баласы  жоқ  екені  есіне  түсіп 
қамығып та қалды. – Ой, ақымақ, көкең тәтті жеуші ме еді. Міне, 
ауқат алып келдік қой оған ауылдан, – деп қоржынды көрсетті. 
Қоржындағы құрт, май, пісірген ет сияқты тағамдарды қотарып 
қарауылға берді. Елден келген сәлем-сауқатты тұтқынға қарауыл 
тапсырады.  Тәртіп  солай.  Тамақтың  арасында  пышақ,  егеу 
жасырып  салып  жіберген  жоқ  па  деп  тексереді.
Ахат арық қолын көлегейлеп, тесікке үңіліп:


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет