Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет31/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125
Қызыл жебе 
... Бұл бір мұңды ертекті Рысқұл ертеде, бала күнінде естіген. 
Қазір сол бейшара перизаттың халі өз басына түсіп тұрғанына таң 
қалды. Сол аяғын сүйрете басқан сайын істік темір бармағының 
қалың етіне қадала түсті...
Қайтар  жолда  айдауыл  Рысқұлдың  ізінде  баттиып-баттиып 
қара  дақ  қалып  бара  жатқанын  байқап:
–  Ей, тоқта! Аяғыңа не болды? – деді.
–  Әжетхана тақтайының жаңқасы жырып кетті. Түк те етпейді, 
–  деп  Рысқұл  елемеген  болды.  «Бойымды  тінтіп,  ышқырдағы 
темірді біліп қояр ма екен», – деп іштей қыпылдап та тұр. Бірақ 
оның жүзінен айдауыл секем алар ештеңе аңғарған жоқ.
Айдауыл  сеніп  қалған  сияқты.  Ал  сенбесе  ше?  Бассалып 
тінтсе ғой, ышқырындағы сабы жоқ, тот басқан пышақты тауып 
алады...
Артындағы  ақырған  айдауылға  бұрылып  қарағанда,  өзінің 
қанды ізіне көзі түсті. Дәл осындай, сорғалаған қан ізін ол бұрын 
қайдан  көріп  еді?  Тау-Шелектен  бе  еді,  Тау-Түргеннен  бе  еді? 
Әлде Талғардың арғы беті ме еді?
Таңның  арайы  ажарланып,  жаңа  күннің  шырайы  кіре 
бастаған екен. Ұйқысы шала, көзі кіртиген айдауыл мылтықтың 
ұштығымен  екі  жауырынның  ортасынан  нұқып  қалып:
–  Бас аяғыңды! – деді.
Рысқұл  қысқа  да  болса  қатерлі  жолда  келе  жатып,  қайдағы 
бір сорғалаған қанның ізін бұрын қайдан көргенін есіне түсіре 
алмай, әлек болып өзінің қазіргі халін ұмытып кеткеніне ренжіді. 
Әрине,  жылдам  басу  керек,  бір  шиі  шығып  қалмай  тұрғанда 
тезірек  абақтының  ішіне  кіру  керек.
Рысқұл  әйгілі  аңшының  жылдамдығымен  озып  кетіп  еді, 
айдауыл:
–  Ей, жайырақ! – деп қорқып қалды.
Бұйрықтың  аты  –  бұйрық.  Айтылды  –  орындау  керек.  Ол 
жүрісін  бәсеңдетті.  Айдауылға  таңғы  таза  ауа  ұнады  білем, 
басына  бір  шалдуар  ой  шап  етіп  түсе  кетті.  Түрменің  шұлғау 
сасыған  тымырсығынан  о  да  азар.
Асылы, тұтқыннан гөрі қарауылдың халі мүшкіл сияқты. Ол 
екі  жағынан  қамаулы.  Бірі  –  тәннің  қамалуы.  Тұтқын  отырған 


63
Қызыл жебе
түрмеде о да отырады. Айырмашылық тек тұтқын темір есіктің ар 
жағында, бұл бер жағында, алыс ұзап, артық адым аттай алмайды. 
Бірі – жанның қамалуы. Тұтқыннан айырылып қаламын ба деген 
үрей. Әрі тұтқынның оны жек көретінін сезіну.
Сонымен, қарауылдың да шекесі қызып жүргені шамалы. Әлгі 
екі қамаудың салдарынан о да тұтқынды мейлінше жек көреді. 
Мейлінше қорлап баққысы келетіні сондықтан.
Соның  бір  шалығын  сидиған  ұзын  сирақ  қазір  танытты. 
Мылтығын  оқыс  кезеніп,  Рысқұлға:
–  Кәне, кейін қайт! Дәретханаға жеткенше жүгір! Жете бере 
кері  жүгір!  Барыңды  салып,  құстай  ұшпасаң  –  саудаң  бітеді. 
Кәне,  санаймын:  бір,  екі,  үш!
Рысқұл:  «Шыны  ма,  қалжыңы  ма?»  –  деп  сеніңкіремей, 
сасқанынан  сәл  езу  тартқан.  Ұзын  сирақ  беті  жыбырлап:
–  Жүгір! – деп ышқынып қалды.
Тұтқын келген ізімен кері қарай бөрі бүлкілге салып, салмақпен 
желе жортып еді, қарауыл тағы ақырды:
–  Жылдам!
Шын қорлық осы болды. Тап-таза таңда қып-қызыл қиянаттың 
тасыраңдауы ақылға сыйымсыз-ақ. Бірақ не көрмеген Рысқұлдың 
басы. Жалаңаяқ, жалаңбас, жейде-дамбалы алакөбенде ағараңдап 
ағаш  үйшікке  қарай  жүгіре  жөнелді.  Қатты  жүгірген  сайын 
сапсыз  пышақтың  ұшы  енді  қарнына  тірелді.  «Түсіп  қалмаса 
екен»  деп  Рысқұлда  зәре  жоқ.  Қарныма  кіріп  бара  жатыр-ау 
деп  қайғырмады.  Түсіп  қалмаса  екен  деп  арғы-бергі  аруаққа 
жалбарынады.
–  Қайт! – қарауыл.
Түрменің есігіне ентігіп жете бергенде тағы келте бұйрық:
–  Қайт!
Аяғының  қаны  әлі  тыйылмаған  екен,  ары-бері  жүгірістен 
жолдың  үсті  қарашұбар  қанды  ізбен  шиырланды.
Өзінің  тұсынан  өте  бергенде  қарауылдың  көзі  Рысқұлдың 
көзімен  атысып  қалып  еді:  қорқынышты  екен,  көз  орнынан 
қанды қызыл екі жапырақ ет көргендей болды. – «Енді маған тап 
беруден тайынбас» деген оймен қарауыл қорлық қалжыңын тия 
қойды.  Рысқұлды  камераға  кіргізіп,  құлпын  кілттеді.


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет