Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет33/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125
* * *
Қапырық күн қаза болып, қараңғы түсіп, ел ұйқыға кетті-ау 
дегенде,  Рысқұл  ата-бабасының,  Домалақ  анасының  әруағына 
сыйынып, қатерлі қимылға кірісті. Әуелі екі шұқып, бір қарап, 
есік  жаққа  алаңдаумен  болды.  Есіктің  көздей  тесігін  қарауыл 


66
Қызыл жебе 
сығалайтын әдеті бар. Сансыз пышақтың басын киіз қалпағымен 
орай ұстап, іргенің қам қышын үңгілей берді. Зәк тұтқан, өмірі 
күн  түспей  ыза  тартқан  қам  қыш  бөркемік  жіліктің  басындай 
үгітіліп  жүре  берді.
Борпылдақ,  топырақтан  ескі  ұраның  зәгіндей  ылғалды  иіс 
сезіледі.  Бір  кезде  Рысқұл  ыңқ-ыңқ  еткен  дыбыстан  шошып, 
тосын  тоқтады.Тың  тыңдады.  Ешкім  жоқ.  Сөйтсе,  өзінің  демі 
екен. Есікке қарайлауды ұмытып, үңгі ісіне жан-тәнімен беріліп 
кеткен.
Қазылған  топырақ  едәуір  үйіліп  қалыпты.  Қарауыл  түн 
ортасында  бір  қарап  өтетіні  бар.  Кейде  құлыпты  ашып,  ішке 
кіріп  келеді. Қолында сөлеңдеген шырағданы болады. Дәл қазір 
мына қызыл қырманның үстінен түссе, қуырдақтың көкесін түйе 
сойғанда  көргендей  боласың.
Ол  үйме  топырақты  еденге  жайып,  үстіне  қамыс  марданды 
төсеп  тастады.
Ну  қамыстың  арасында  сыбдыры  білінбейтін  жолбарыстың 
жұмсақ  жүрісімен  бір-бір  басып,  есікке  барып  тың  тыңдады. 
Құдайдың бір құдіреті: қарауылға да жан берген. Ол да қалжырап, 
қалғып  кететін  кезі  болады.  Дәлізде  дыбыс  жоқ.  Жым-жырт. 
Түрме  емес,  тылсым  тұтқан  көр  сияқты.  Тыныштық.
Рысқұл  іргеге  қайта  оралып,  қабырғаны  қары  талғанша 
қақырата  берді.  Бір  азабы  –  уақыттың  қай  мезгіл  екенін  тап 
басып тани алмады. Таң атпай тұрып үлгерсе. О, шіркін, далаға 
бір  шықса,  тағысын  тағы  көрер  еді  де.
Қолдан құйған жалпақ қыш бір кезде қатая бастады, топырақ 
ақ керіш тартты. Соған қарап, Рысқұл қабырғаның жұқарғанын 
аңғарды. Қыштың сыртқы жағы қатты, себебі күн өтеді, құрғақ.
Жүрегі  тарс  етіп  жарылып,  жаны  жаһаннамға  кеткендей 
болды.  Қарауыл  есіктің  құлпын  бұрап  ашып  тұр  екен.  Рысқұл 
дереу  үңірейген  тесікке  жотасын  беріп,  аяғын  мардан  қамысқа 
созып жіберіп, жаман шекпенін жамылып қорылдады да қалды.
Қарауыл  сықсима  шырағданын  сүйретіп  алдына  ұстап, 
асықпай, абайлап кірді. Шырағданды көтеріп, іргедегі Рысқұлды 
көрді.


67
Қызыл жебе
–  «Ә  бәлем,  жатырсың  ба!»  –  дегендей  жарықты  жоғары 
көтеріп  терезедегі  темір  торды  табалдырықта  тұрып,  көзбен 
тінткіледі.  Темір  тор  мызғымапты.  Енді  бұрылып  кете  берейін 
дегенде, әлденеден секем алған адамша, сәулені тұтқынға қайта 
түсірді.  Күйіктің  қансығын  сезгендей,  бір-екі  рет  танауын 
желпілдетіп  иіс  тартты.
–  Мынау  ненің  иісі,  ей?  –  қабырғаларды  айнала  тінткілеп 
тұрып.
Рысқұл ұйқысыраған кейіп танытып:
–  Иіс пе? Ненікі болушы ед, мырза. Күндіз-түні желдемейтін 
қапаста не иіс болушы еді? Белгілі ғой, – деді.
Қабырғада  көлеңкесі  ебедейсіз  сорайған  қарауыл  аңырып 
тұрып-тұрып,  ақыры  шығып  кетті.  Шығып  бара  жатып:
–  Шыда, енді бірер сағаттан кейін таза ауаға шығарамын, – 
деп  өзінше  рақым  білдірген  болды.
«Бірер сағат деді, ә?».
Қарауыл әдетінен жаңылмаса, енді қайтып сол «бірер сағатқа 
дейін мазаламас».
«Түу, дәйістің иісшілін-ай! Құдай бір сақтады-ау. Топырақтың 
зәгін сезіп қалғанын қарашы. Бірақ қарабасқыр ненің иісі екенін 
ажырата алмады. Менің де көрер сәулем бар шығар, бұйырса».
Қарауылдың  қарасы  батты-ау  деген  шамада,  Рысқұл 
көртышқанның тірлігіне қайта кірісті. Қары талып қалжырағанын 
елең  қылмай  ақ  керішті  үңги  берді,  үңги  берді.  Бір  кезде 
топырақтың жылуын сезіп, іші-бауыры да елжірей жылып сала 
берді.  Бұл  жылу  оның  қуатын  еселеп  жібергендей,  дүлей  қара 
күш  тұла  бойын  кернеп,  қабырғаны  енді  иығымен  итеріп-ақ 
құлататындай  екпін  алып  кетті.
Енді  бір  сүт  қайнатым  уақыт  болды-ау  деген  шақта  сапсыз 
пышақтың  ұшы  кедергі  кездеспей,  сопаң  етіп  әрі  өтіп  кетті... 
Иненің  көзіндей  тесіктен  бозала  бірдеңе  жылт  етті.
Бұл  жарық  дүниенің  елесі  еді.  Тұтқын  өзінің  қақпақтай 
жауырыны мен екі кісі мінгендей екі иығының кендігін бұрын 
медет  етсе,  енді  бұған  өкінді-ақ.  Тесіктен  сыймай  пұшайман 
болды.  Ақ  керіш  шықты  қайта-қайта  қашап  жатып,  иығының 
қанын сорғалатып, өз етін өзі жыртып, қақпанға түсіп өз аяғын 


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет