Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет36/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   125
Қызыл жебе 
пісігі өтіп кеткен бір шоқ бүлдірген тауып алды. Біртіндеп теріп, 
уыстап-уыстап  асағанмен  бүлдірген  ауқат  болмады.
Тас-тастың  қуысында  қақылықтап  жүгіріп  жүрген  кекілік 
көңілін алаңдатты. Баяғы Ақсу-Жабағылының қына қал басқан 
тастарынан қыл-тұзақ қойып, кекілікті талай ұстаған тау қыран 
қазір мына жабайы тауықты қалай қармарын білмей, айла ойлады.
Тастан-тасқа  жер  бауырлап,  өрмелеп  шығып,  бір  қияқтың 
тасасына тырп етпестен сұлқ түсіп жатып қалды. Бұл түлкінің 
амалы  еді.  Кекілікті  түлкі  сұм  көбінесе  осылай  ұстайтынын 
аңшы  біледі.
Кекілік қияқ тастың ұшына дейін жорғалап келіп, жоғарыдан 
төмен баспалап қарап, балапандарын іздеген. Төменде не тасқа 
ұқсамас,  не  адамға,  не  аңға  ұқсамас  бірдеңені  көріп,  кекілік 
қақылықтағанын қоя қойған. Тағы шіркін табиғи сезім күшімен 
бұл  жатқанның  қауіпті  екенін  өзінше  шамалаған.  Жуықтап 
жоламастан  бұғып  қана  көп  отырды.  Ақыры  құмарлық  сияқты 
бірдеңе  билеп,  жер  бауырлап  жылжып-жылжып  жанына  келді. 
Жем деп тек алды ма, сұлу мойнын қылқың-қылқың созып қарап 
қояды.
Рысқұл  мұны  байқап  жатқан,  қол  созым  жерге  жақындасын 
деп  жатқан.  Демі  үзілген,  сәл  тірлік  белгісін  білдірсең  –  бәрі 
бекер.
Аңқау құс құлдырыңдап, тағы бір жылжыды. Жаюлы жатқан 
күс-күс,  тас  түстес  алақанға  кекілік  көзі  қылиланып,  әсем 
мойнын созып-созып көп қарады. Алақанда екі-үш түйір қатқан 
шие бар еді. Жабайы шиені кекілік жанындай жақсы көретінін 
ежелгі аңшы аңдайды. Қу тамақ қиын, отқа да, суға да түсіретін 
сол. Кекілік бұл кезде аш та емес. Балық көздің майлы дәні пісіп, 
жатаған жабайы шие қатып, кекілік балапанын ұшырып, әбден 
мамырлаған кез. Бірақ құста да әуестік желігі бар. Алақандағы 
шиеден  қанша  сезіктенгенмен,  құмарлық  жеңіп,  дәнді  шоқуға 
мойнын  соза  бергенде,  сұлқ  жатқан  қолдың  аты  жоқ  саусағы 
жыбыр ете қалды. Бір қолда бес саусақ. Бесеуі жеке-дара бөлек-
бөлек  тұрғанда  тым  әлсіз,  жұдырық  жұмылғанда  ғана  әлуетті. 
Бес саусақтың ішінде де бір осалы, опасыздауы бар. Ол – аты жоқ 
саусақ. Ақыры сол сатқын шығып, сезік беріп қойды. Бас бармақ, 


73
Қызыл жебе
сұқ саусақ, ортан саусақ, тіпті кіп-кішкентай шынашаққа дейін 
бүлк етпегенде, аты жоқ саусақтың шыдамы жетпеді.
Ежелден келе жатқан ескі әңгіме. Баяғыда кемпірі бар үйдің 
балаларының бәрі естіген. Есті кемпір – мұғалім, ал бұл әңгімесі 
– әліппе тәрізді.
...Бір күні бас бармақ:
–  Ұрлық қылайық, – депті.
–  Қылсақ – қылайық, – депті сұқ саусақ.
–  Құдайды қайтесің? – дейді ортан қол.
–  Құдай не қылушы еді? – дейді аты жоқ саусақ.
–  Құдайдың  ала  тайын  сойып  жейік!  –  деп  шақ  етіпті 
шынашақ.
Осы бес саусақтың бір-бір ауыз сөзінде әрқайсысының мінезі 
жатыр. Бәрінің жауабының ішінде аты жоқ саусақтың сөзі жансыз 
және тайғақ.
Кекіліктен  айырылып  қалған  Рысқұлдың  есіне  Түлкібастың 
түкпірінде бала кезде естіген осы әңгіме түсті де, басын шайқады.
Кекілік  шошып  кетіп,  қанаттары  пар  ете  қалып,  келте 
құйрығының астынан бір түйір жылт етіп жерге түсіп, биіктемей 
жер  бауырлап  ұшып  барып,  сонада  көрінген  тарғыл  тастың 
тасасына  сіңіп  кетті.
–  Әй,  ит-ай,  тек  те  кетпей,  саңғып  кетті-ау,  –  деді  қашқын 
өлердей  өкініп.
Жолы болмады. Өзек талды. Бірақ, кекілік екеш кекілікке дейін 
оңай  жан  бермесін  көріп,  содан  қуат  алғандай,  қайраттанып, 
орнынан тұрды. Шыбынсайдың қырқасына шыққанда шығыстан 
Талғар шыңдары жарқ ете қалды. Тапа-тал түс екен.
Көп күн қаталап, құм кешіп жүріп, кенет мөп-мөлдір айдынға 
тап болғандай, яки баяғы батыр бабасы Әлімбек тіріліп алдынан 
шыға  келгендей  таңырқап  біраз  тұрды.  Ойына  былтырғы 
оқымысты  оралып,  екеуі  жүрген  мұзарт  жолдарын  алыстан-
ақ анық көргендей болды. Өйткені Талғардың шыңдарына тіке 
бет  алдынан  көтерілу  мүмкін  болмай,  осынау  батыс-түстігінен 
қиялап,  сонау  Жаңғырық  пен  Алпамса  шыңдарына  көтерілген.
Сонау қара жолақ – Қарақауырсын шыңы. Оның аржағынан 
Инетау  қылтияды.  Ине  десе  ине.  Шаншылып  тұр.  Ал  Қара 


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет