Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет4/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
* * *


8
Қызыл жебе 
Арыстанның  еміренуі  өзінше.  Тіпті  туған  баласына  мейірі 
түскеннің  өзінде  түрі  ашулы  сияқты  көрінеді.  Біреудің 
еркелеткенін  көтеретіні  де,  көтермейтіні  де  белгісіз.  Жалынан 
сипасаң  күдірейе  түседі.
Бронниковке  Рысқұлдың  іші  көпке  дейін  жылымай  қойған. 
Бірақ осы бір орысты баласы жақсы көріп кеткен соң, бірте-бірте 
мұздай жүрек жібиін деді.
Әбден  сыралғы  болып,  сенім  артқан  соң,  бір  күні  Рысқұл 
Бронниковке:
–  Әй,  Ескендір,  өстіп  жата  береміз  бе?  Қашсақ  қайтеді?  – 
деді.
Енді 
Бронников 
сезіктенетін 
сияқты. 
«Түрменің 
алпауыттарының  тұзағы  емес  пе  екен?  Мені  арандатпақшы-ау, 
сірә?!»
–  Қайтіп? – дейді бұ да сыр тартпақ болып.
–  Сен көп білетін бәлесің ғой. Айласын тап.
–  Айла-амал жоқ, – деді Бронников камераның ішін көзімен 
тінтіп шығып. Бір ауық темір құрсаулы терезеге қадалып қалды. – 
Мүмкін емес. Болат ара керек. Ол бізде жоқ: ана білектей темірді 
сындыра  алмайсың.  Мынау  болса  тас.  –  Бронников  жалпақ 
алақанымен суық сұр қабырғаны сипалап қойды.
Темір  есіктің  көздей  тесігінің  қақпағы  көтеріліп,  ар  жақтан 
надзирательдің  жалғыз  жанары  оқтаулы  мылтықтай  суық 
қадалды.
Надзирательдің жалғыз көзі сөніп қалғандай тайып кетті де, 
қақпақ  қайта  жабылды.
–  Иттің  иісшілі-ай,  –  деді  Рысқұл.  –  Дереу  сезе  қоюын 
қарашы. Біздің сөзімізді оған жеткізіп тұратын сайтаны бар ма, 
немене... Осы екеуміз өтірік төбелессек қайтеді, а? Сонда әлгі ит 
асығып есік ашады. Әй-шайға келтірмей аузын басып, дамбалын 
басына  кигізіп,  есіктен-ақ  шығып  кетпейміз  бе?
–  Мүмкін  емес,  –  деді  Бронников  басын  шайқап.  –  Бұлар 
ол айланы әлдеқашан есепке алып қойған. Біреу ішке кіргенде, 
екіншісі  сыртта  аңдып  тұрады.
–  Сен білмейсің ғой, мен бір рет бұл түрмеден қашып шыққам, 
–  деді  Рысқұл  тыртығы  көп  тақыр  басын  алақанымен  асықпай 


9
Қызыл жебе
сипалап.  –  Мына  бас  не  көрмеген  бас.  О,  сондағы  бостандық-
ай! Тура бес күн бостандықта болдым. Қашып жүрдім. Үйде бір 
күн де түнеген жоқпын. Белімді бір шешкен емеспін. Тарғыл тас 
төсек, қара тас жастық болды. Бірақ соның өзі құс мамықтай еді-
ау, қайран!..
–  Дәл осы түрмеде ме? Қашан? – деді Бронников таң қалып.
–  Дәл осы түрме. Бірақ камера басқа еді. Қыш там болатын. 
Былтыр  жаз  өтіп  бара  жатқан  шама  ғой.
–  Онда неге ұсталып жүрсің?
–  Е, Ескендір тамыр, ол көп әңгіме...
–  Түрме ішінде екеумізге әңгімеден басқа не ермек бар?
Рысқұл  ескі  қалпағын  басына  киеді.  Ескі  қалпақты  кимей 
тұрып,  ұзақ  әңгіме  бастамайды.  Содан  соң  темір  құрсаулы 
биік  терезеге  қарайды.  Терезеден  түк  көрінбейді.  Бірақ  жарық 
дүниенің  елесі  бар  терезе  Рысқұлдың  жазулы  тұрған  кітабы 
сияқты.  Алғашқы  рет  түрмеге  түсуінің  жайы  қалай  еді?
Рысқұл құрсаулы терезеден медет тілегендей ішінен әлденені 
күбірлеп барып, күмбірлеп сөз бастайды. Петерборлық Александр 
Бронников түрмеде жатып-ақ қазақ даласының тау-тасын кезіп 
кетеді...
II
Ахат  ата  баланың  тамырын  бір  сәт  ұстап,  үнсіз  қалған. 
Құныстана  жүресінен  отырып,  басын  ірге  жаққа  бұрып,  көзін 
шарт жұмып алған. Қартайғанда қас та ағарады екен, жалбыраған 
бурыл  қас  жұмулы  көзін  көлегейлеп  тұр.
Шағын  жер  үйдің  іші  тым-тырыс,  ала  көлеңке.  Тек  жалғыз 
терезенің құрақ көзін бір көк шыбын түрткілеп, шығарға тесік 
таппай, ызыңдап мазаны алып барады. Жайшылықта еленбес еді, 
мына сын сәтте көк шыбынның жанталаса ызыңдауы үйдегілерге 
жайсыз тиді.
Жер  кепенің  төбесін  көтеріп  тұрған  жалғыз  қары  –  жуан 
белағаш. Оның да ырсиған жарығы бар. Белағашқа екі бүйірінен 
бұталмаған шыбықтар салынған. Үйдің ішкі төбесі сыланбаған. 
Жертөленің ортасына жаққан оттың жалыны мен түтінінен үйдің 
төбесі әбден жылтырап ысталған. Төбедегі түтін тартар жалғыз 
қуырдың аузынан сүңгілер салбырайды. Белағашты ұстап тұрған 


10


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет