Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет41/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   125
Қызыл жебе 
Омар тыжырынып, мыңқ етті. Бірақ ештеңе айтқан жоқ.
Құлан  иектеніп  таң  атып  келе  жатты.  Талғардың  шыңдары 
жарқырап, тағы бір таң атқанын әлемге айқайлап айтқысы келіп 
тұрғандай, алқымы кеуіп бара жатты. Алдағы күннің не боларын, 
Рысқұлдың  қайда  жасырынып  жүргенін  сол  заңғар  Талғар 
білетін  сияқты.  Ахат  көзі  жасаурап,  таңғы  салқыннан  жаурап, 
Талғардың  апайтөсіне  тесіле,  телміре  қарады.  Бірақ  Талғар 
дәмелендіргенмен,  тіл  қатпады.
* * *
Албандағы қызылбөрік еліне Саймасай «күйеу бала» болып, 
Алатаудың  інжу-маржаннан  таққан  алқасы  сияқты  әдемі 
Көлсайдың алқымында жатқан Саты ауылына келіп түскелі екі 
күн  болған.
* * *
Мезгіл қысқа қарай бет бұрған кез. Қыс түсіп, қар басып қалса 
Талғар  мен  Албан  арасындағы  Тау-Шелек  арқылы  асатын  жол 
қиындап қалады. Сол себепті де болыс қалыңдыққа қар түспей 
тұрып  барып,  нақсүйері  Нүкетай  сұлуды  алып  қайту  сапарына 
шыққан.
Албан  –  мейман  келсе  мелдектеп,  берекесі  кіре  түсетін 
қонақжай  ел.  Ал  мынадай  атақты  күйеу  келгенде  риза  қылып 
жіберейік  деп  барынша  шабылған.  Қарағай  мен  шыршаның 
ну  орманы  сыңсыған  Саты  шатқалының  іші  той-думаннан 
масаттанған.  Көлсайдан  құлайтын  күркіреуік  өзені  түйедей 
тастарға арс-арс соғып, содан сонау көк аспанға қарай уыс-уыс 
ақ  маржаннан  шашу  шашылып  жатқандай.
Нүкетай сұлу – дүниенің дүрия жамылған жәннаты Көлсайды 
жайлаған  Мұқыш  байдың  қызы.  Бай  мен  бай  құда  болса  – 
арасында  тайпалған  жорға  жүрер  дегендей,  Саймасай  күйеу 
болғанда,  Мұқыш  қайыната    қатынасы,  сөз  жүйесі  жарасқан. 
Әйтпесе,  «күйеу  бала»  мен  қайыната  жас  жағынан  шамалас. 
Екеуі  де  пайғамбар  жасын  игерген  жандар.
Албан, Суан, Дулат бір анадан – домалақ анадан тараған ел. 
Ертедегі  бір  аңыз  айтады:  ағайынды  үшеуі  енші  бөліскенде 
үлкен  үйге  ие  болып  қалған  Дулатқа  бір  тай  артық  кетіпті. 


83
Қызыл жебе
Соған  өкпелеген  ортаншысы  Суан  күншығысты  бетке  алып 
көше  жөнеліпті  дейді.  Суанды  көндіріп,  кері  қайтармақ  болып 
артынан ағасы Албан шығады. Суан көнбейді. Албан қиналады. 
Ата жұртында қалып бара жатқан кіші інісі Дулатты да қимайды, 
беймәлім  сапарға  кетіп  бара  жатқан  ортаншы  інісі  Суанды  да 
қимайды.  Екеуіне  де  жалтақ-жалтақ  қарайлайды.  Суан  Ілеге 
жетіп, енді суды жалдап өте бергенде, Албан айқай салды дейді:
–  Суан! Суан! Артыңа бір бұрылып қарашы. Анау Дулаттың 
үстіне нұр жауып тұр, қарашы!
Суан  артына  бұрылып  қарамай,  Іленің  арғы  бетіне  өте 
шыққан...
Содан сөйтіп, екі інінің арасында Албан қоныс тепкен. Арқасы 
–  Қырғыз,  алды  –  Арғын,  Найман,  шығысы  –  Қытай,  батысы 
–Шапырашты,  Дулатпен  тұйықталып,  Нарын,  Шарын  деген 
өзендері бар, көк аспанмен тілдескен заңғар-заңғар таулары бар, 
Мыңжылқы  мен  Қарқарадай  жайлауы  бар,  бидайығына  атты 
адам  жасырынған  асыл  мекенді  нелер  ұрпақтың  бесігі  еткен 
албандардың бір ауылы бүгін Дулаттың Жанысынан шыққан ақ 
патшаның адал ұлы – Саймасай болысты құрметтеп күтіп жатқан.
Қарашаның суық күзі. Бірақ мұнда шөп сарғаймас, көк қурамас. 
Сондықтан да әлі жаз сияқты сезімді әлдилейді. Саймасай қар 
жауып, жол бітеліп қалады-ау деген күдіктен арылғандай, қайтуға 
асығар емес. Жап-жасыл дүние. Қар басса да сол жасыл күйінде 
кетеді. Бұл жердің өсімдігі де Нүкетай тағдырлас. Қар астында 
жап-жас күйінде қалмақ.
Нүкетай  сұлу  құрбыларымен  қол  ұстасып,  Сатыны  өрлеп, 
Көлсайға көтеріліп, алмас алқалы ардақты бесігімен қоштасады. 
Көлсайдың бетінен көгілдір аспан, зүмірет шыршалар, зүбәржат 
есіл дүние түгел көрінеді – болмыстан болжаусыз көрікті көрінеді.
–  Қош, көріктім Көлсай! – дейді Нүкетай. – Енді сендей көл 
көре  алмаспын.
–  Қойшы, Нүкеш, – дейді құрбылары. – Не болды сонша?! Ол 
жақта да осындай Есік көл деген әдемі көл бар дейді ғой.
–  Көлсайдай  қайдан  болсын,  –  деп  күрсінеді.  Нүкетай  суға 
құлаған  қарағай  бөренесімен  қалт-құлт  етіп  жүріп  отырып, 
айдынға  қарап  ғажайып  айнадан  өз  суретін  көреді.  Су  түбінен 


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет