Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет48/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   125
Қызыл жебе 
тастағысы да келді. «Бір болыс о дүниеге кетер, одан бұл дүниеде 
не өзгереді? Баяғы зар заман сол заман қалпында қалар. Әттен 
дүниеде не көп, мен сияқты зорлық көргендер көп. Құлақ кесті 
құл болып жүре бермей, бәрі де үдере көтерілер күн болар ма? 
Әне, сонда әділетсіздік артын қысар еді. Менікі не? «Бөлінгенді 
бөрі жердің кері емес пе»?
«Жоқ! – деді ол пішендегі шашыратқының қураған көк гүліне 
қол соза беріп». – «Біреуге шұқыр қазсаң – алдыңнан ор шығады» 
деген қайда? Болыс маған деген шұқырды терең қазып, аямастан 
итеріп жіберді. Жазығым не? Бауыздарда лақ та бақырады. Лақ 
құрлы болмай, тұяқ серіппей кете беру керек пе? Жоқ! Саймасай 
алшаң басып, аранын ашқан дүниеде маған орын жоқ. Атасына 
нәлет!»
Жүресінен  отыра  берген  соң  аяғы  талды.  Аяғын  созып 
жіберіп, ақжұлық болған шоқай етігіне қарады. Қыс болса келіп 
қалды.  Аяқ  киімнің  сиқы  мынау.  Мая  болмаса,  үстіндегі  жұқа 
шекпеннен қазірдің өзінде суық өтетін түрі бар. Тұлабойындағы 
киім  атаулыдан  жанға  себі  –  тозығы  жеткен  киіз  қалпақ.
Көптен  бері  ыстық  ішпей,  шекесі  құрысқан.  Бас  аурудың 
үстіне мына меңіреу, бұлыңғыр тыныштық қосылып, миын шаға 
түскен.
«Балалардың да киімі тозық. Тұрар жалаң аяқ еді. Мына қарда 
тобанаяқ,  далаға  шыға  алмай,  мүсәпір  болып,  көзі  жаутаңдап 
отыр-ау...  Аяғы  күйген  тауықтай  азап  кешкен  қу  өмір.  Бүйтіп 
өмір  сүргенше,  алысып  өлген  жақсы.  Саймасай  әділ  болса,  біз 
аш-жалаңаш қалармыз ба? Жоқ! Оны аяудың керегі жоқ. Азды 
аяған,  көптен  құр  қалады.  Саймасай  жойылса,  бәлкім,  басқа 
болыстарға ақыл кірер, тәубасына келер, елге жеңілдік болар... 
Әй,  атасына  нәлет!».
Қақпанға  түскен  қасқырдай,  ызалы  көздері  қанталап  бара 
жатты. Тұрардың жалаң аяқ, жертөледен шыға алмай отырғаны 
тағы  елестеді.  Көзінен  шоқ  шашырағандай  болды.  Бірақ  оны 
мына  меңіреу  түкпірде  ешкім  көрген  жоқ,  көрсе  шошыр  еді.
Көңілінен Тұрар кетпей қойды. Оның ар жағынан Түйметай 
мен Ізбайша буалдыр көрінеді. Тұрар тура қарсы алдында бетпе-
бет  тұрғандай.  «Көке-ау,  мені  де  ала  кет»,  –  деген  үні  құлаққа 


97
Қызыл жебе
келді. Күні бойы міз бақпай отырған Рысқұл тықырши бастады. 
Құлыны  үйде  байлаулы  қалған,  желіні  сыздаған  биедей  бей-
жай. Көзге көрінбес арқаннан босаса-ақ, Тұрарына алып-ұшып 
жетпекшідей.
Қыршынның  жасындай  қысқа  күн  күңгірттене  берді.  Кенет 
долана ағаштың басында отырған сауысқан шық-шық ете қалды. 
Рысқұл  шошып  кетіп,  орнынан  атып  тұрды.  Сауысқан  қалбаң 
етіп,  ұша  жөнелді  де,  қарсы  беттегі  қарағайлы  бөктерге  қарай 
парылдап  бара  жатты.
Ақ  буалдыр  арасынан,  түкпірдегі  тұмсық  айналымнан  қара 
шұбартоп  бұлдырап  көрінді.  Рысқұлдың  жүрегі  дүрсілдей 
жөнелді.  Мылтық  ұстаған  қолының  селкілдегенін  сезіп:  «Ой, 
жігерсіз!» – деп өзіне-өзі кіжінді. Бұқпалай түсіп, сәл жүріңкіреп 
бір  шоқ  итмұрынның  түбіне  барып  паналады.  Қолының  дірілі 
басылды.  Жолаушы  топтың  жақындай  түсуін  тосты.
Маяның жылы қуысынан шыққан бетте жұқа шекпеннен суық 
өткен сияқты еді, енді тұла бойы ысып бара жатты. Қара шұбар 
топ шоғырланып таяп қалды. Мая тұсынан өткен соң жол шолтаң 
етіп,  келесі  тұмсықтың  тасасына  кіріп  кетеді.  Ол  тұмсықтағы 
қара  жартас  қазір  қаһарланған  адам  кейпіне  келгендей  екен. 
Бетіне қар жұқпай еріп кете берген соң, суланып, көзінен сорасы 
ағып,  әжімі  айғыздалып,  наладан  жаны  күйзелген,  әлденеге 
тас  түйілген  қалпы  бар.  Ол  да  зауал  заматын  тағатсыз  күтіп, 
қозғалсам жауымды шошытып аламын-ау деп, тапжылмай, қалт 
қарап  қалғандай.
–  «Бұл менің кием шығар, – Рысқұл. – Бұл менің кием, пірім, 
қаратас...»
Қара  шұбар  топ  жүріп  емес,  мұхитта  жүзіп  келе  жатқандай 
ырғатылады. Дүние шіркін дүлей мұхит. Адамды туа салысымен 
сол  мұхитқа  лақтырып  жібереді.  Батып  кетпейін  десең, 
тырбануың  керек.
Рысқұл айналасына барлап тұрып тағы бір қарады. Өкпеңді 
қысып,  тыныс  тарылтар  таулар  қазір  көрінбейді.  Дүние  бозала 
шексіз кеңістік. Адамдар сыйыспайтын жөні жоқ сияқты. Орын 
көп. Аспан асты кеуек. «Аяғыңды етік қысса, дүниенің кеңдігінен 
не пайда?» – деді Рысқұл мырс етіп.


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет