Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет53/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   125
Қызыл жебе 
төренің  рахымына  риза  болғандай,  приставтың  жүзіне  енді 
тіксінбей  қарады.  Пристав  та  мұны  сезіп:
–  Кәне,  балақай,  айта  ғой.  Қайда  әкең  сенің?  Айтсаң, 
мыналарды  босатамын,  –  деп  жұмсақ  сөйледі.
Тұрардың көзі алтыбақан жаққа бұрылып еді, жылыған бойы 
қайтадан мұздап қоя берді. Қорғанның аузынан бұрқырап қанды 
көбік шығып тұр екен. Мұны Тұрардан басқалар да байқап қалып 
азынауық айқай аңырақай дауылдай қайта қаптады.
–  О,  алла,  уа  тәңірі,  қуат  бере  гөр  біз  сияқты  ғаріпке!  Есіл 
ерлердің жанын салауат қыл! – деп Ахат інілерінің иманын үйіре 
бастады.
Қорғанның сақау қатыны басындағы шапанын жұлып тастап, 
омырауы жыртылған көйлекшең күйінде алтыбақан жаққа атыла 
қарғып, ақыл-естен адасқан адамша екі көзі шатынап, мылтықты 
солдаттарға  шапшыды.  Кеудесіне  мылтық  тіреген  солдаттың 
бетіне қолын салып жіберіп, мұрнының үстін сыдыра орып түсті. 
Солдаттың бетінен қан сау ете қалды. Екінші солдат есі кеткен 
әйелді  бұрымынан  тұтамдап  ұстап  алып,  шиіріп  лақтырғанда, 
ана байғұс лайсаң жерге етпетінен құлап түсті.
Тұрар шыдай алмай шыңғырып жіберді.
–  Көкем келеді, көп кешікпей келеді. Өзі келеді. Қазір келеді. 
Босатыңыз, мырза, босатыңыз! – деп шыр-шыр етті. – Әне, келді, 
қараңыз!
Пристав бала көрсеткен жаққа жалт бұрылып еді, Рысқұлдың 
жертөлесінің  алдында  тұрған  Шолақ  Шабдарды  көрді.  Қос 
тұлымшағы  сексиген  титтей  қыз  бала  есіктің  көзінде  ербиіп 
жылайды. Шолақ Шабдар сол сәбидің жылағанын үнсіз тыңдап, 
мойны  салбырап,  сұлқ  тұрып  қалыпты.
–  Өзі қайда? – Пристав еріксіз белінен қару іздегендей жалпақ 
қайыс белдігін сипалай берді. Қанша жан бар, соншасы Шолақ 
Шабдарға  сұқтана,  сұрана  қарап,  содан  бір  жәрдем  күткендей, 
күңіренген азалы үн де пышақ кескендей сап тыйылды.
–  Өзі қайда? Іздеңдер! – деп бұйырды пристав солдаттарға.
Шолақ  Шабдар  шаң-шұң  дауыс  шыққан  жаққа  құлағын 
тікшитіп,  баданадай  көздерін  қадап  бір  қарады  да,  қайтадан 


107
Қызыл жебе
мойнын салбыратып, тұлымшағы, сексиген кішкене қызға төніп, 
әлдене  ұққысы  келгендей,  мүлгіп  кетті.
***
Саймасайды  құлатқан  соң,  Рысқұл  түнделетіп  отырып, 
Талғарға  келіп  кірген.  Софийская  станицасының  шетінде,  жар 
судың  жағасына  тығылып  тұрған  Қара  Иван  үйінің  терезесін 
тықылдатқан. Түнгі суықта жылы төсектен жиіркене түрегелген 
Қара  Иван  терезеге  үңіліп,  ашулы  үнмен:
–  Бұл кім? – деді.
–  Рысқұлмын, тамыр. Шаруа бар, – деді Рысқұл.
Қара Иван шолақ тонын жамылып, аяғына пима сұғып, дудар 
басы жалаң күйі далаға шықты.
–  А-а, Рысқұл? Қайдан? Түн ғой қазір, – деді Қара Иван қол 
алысып  тұрып.
–  Мүйізі қарағайдай дәу арқар атып қайттым, тамыр. Жағдай 
мәз емес.
–  Е, неге? Арқарың қайда?
–  Арқарым  –  Саймасай  болыс.  Албаннан  тоқал  алып  келе 
жатқан  жерінен  атып  кеттім.
Қара Иван шошығандай, жан-жағына қарады. Станицаның қар 
жамылған үйлері үнсіз. Иттер де үрмейді. Бәрі бұйығып, қалың 
ұйқыға батқан шақ. Қар жауып, әлдилеген әдемі түн.
–  Сен түрмеден қашып кетті дегенді естігем. Енді бәле үстіне 
– бәле жамалды ғой. Енді қайтесің?
–  Соны  сенімен  ақылдасқалы  келдім,  тамыр.  Менде  сенен 
басқа  дос-ағайын  жоқ.  Жал-құйрықсыз  жалғызбын.
–  Есіктің алдынан былайырақ кетейік, – деді Қара Иван мал 
қора жақты кезеп. – Сен қашқын, қылмысты адам. Менің үйіме 
келгеніңді  білсе,  оңдырмайды.  Түсінеді?
–  Түсінемін,  Иван.  Саған  сеніп  келдім.  Мені  қазір  іздеп  те 
жатқан шығар. Қар жауып тұр. Саған келген ізді басып қалады, 
қорықпа.
–  Сен түрмеден бекер қашқан, Рысқұл. Сені осы станицадағы 
Софронның атын ұрлады деп айыптады ғой, рас па? Так вот, сол 
Софронның  аты  таяуда  табылған.  Цығандар  ұрлаған.  Базарда 
ұстаған.  Сені  әкімдер  түрмеден  былай  да  босататын  еді  ғой. 


108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет