Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет68/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   125
Қызыл жебе 
дүниенің шырқын бұзып, өзінен әлсіз жүгірген аң, ұшқан құстың 
сорын  қайнатып,  жылы-жылы  қанын  қылғытып,  қу  тамақтың 
құлдығында жүреді. Ышқынған үкі, жаман жапалақ, қара тілеу 
байғыз мына шөгіп жатқан таудың тоғай-тоғай жынысына толып 
кететін  сияқты.
Рысқұл әу баста сұмдық дауыстардан шамалы сескенген. Қанша 
батыр болсаң да түн ішінде, айдалада, жападан-жалғыз тұрғанда 
байғыздың  сұңқылынан  тұла  бойың  аза  болар.  Қас  қылғандай 
Бердіқұл да тез орала қоймады. Құлақтағы су өлімсіреп, бір-ақ 
қасық  қалып,  үзіліп  бара  жатқан  соң  ағасы  Шәңке-бастаудың 
басына  барып  қайтпақ  болған.  Сірә,  Дауылбай  ауылы  суды 
бұрып  алса  керек.  Кеше  ғана  сол  ауылдың  ақсақалдарымен 
баталасып,  Шәңке-бастаудың  суын  кезек  ішпек  болып  келісіп 
еді,  Сәліктердің  ішінде  бүгінгі  түн  су  кезегі  Жылқайдардың 
балаларына тиген. Ағайынды Бердіқұл мен Рысқұл тары суаруға 
шыққан.  Ағайынды  үшеудің  кенжесі  Молдабек  кедей  ауылдың 
қой-ешкісін күн бойы бағып, діңкелеп келген соң түнгі суға алып 
шығуға  ағалары  обалсынды.
Рысқұлға  салса,  тары  егіп,  торғай  қорып  жүргісі  жоқ.  Есіл-
дерті  Дәу-Бабаның  ар  жағында  жатқан  Иірсуда.  Иірсу  –  Ақсу-
Жабағылының  қақпасы.  Ол  жерді  де  Дауылбай  жайлайды.
Иірсу  –  шұрат  жайлау.  Жан-жағы  тау.  Тауға  шығып  кетіп, 
тастан-тасқа  секіріп  кекілік  іздегеннің  өзі  не  ғанибет!
Жылқайдар  Дауылбайдың  жылқысын  бағар  еді.  Егер  әкесі 
жылқы бақпаса, Рысқұл атқа мұнша есі кетіп құмар болмас та ма 
еді, түнде түсінен, күндіз ойынан ат кетпейді.
–  Сенің түбіңе осы ат жетпесе неғылсын, – деп ренжуші еді 
әкесі кейде. Марқұмның сол айтқаны кейін келгендей де болды...
Еркіне салса, Рысқұл тас басып, тау асып, кең әлемнің аясында, 
Ақсу-Жабағылының саясында, ну орман мен жасыл жайлаудың 
төрінде жүруді армандай аңсайды. Иірсуға кетпекші болып, бір-
екі рет оқталып еді, ағасы Бердіқұл жібермей қойды.
Жылқайдар дүние салмағанда, Рысқұл бүйтіп кетпен арқалап, 
тары қорып, су суарып жүрмес те еді. Басында бостандығың бола 
тұрып, балақ түріп, балшық кешкеннен гөрі, байдың жылқысын 


137
Қызыл жебе
бағып,  күні-түні  ат  үстінде  жүрген  артық  сияқты  көрінеді  де 
тұрады.
Дүние  шіркін,  қилы-қилы.  Біреу  жарлы,  біреу  бай. 
Дауылбайдың жылқысы Алатаудың алқымын түгел алып жатыр, 
ал  Рысқұл  сияқты  ер-азаматта  аяқ  лау  боларлық  жаман  тай  да 
жоқ еді. Осы жақында ғана Корниловкадан өткен солдаттардың 
бракқа  шыққан  бір  атын  амалдап  қолға  түсірген.  Әскери  ат 
ақалтеке шалыс, мойны құрықтай, аяқтары сидаң жылқы еді. Аз 
күн  жем  беріп,  жоңышқаның  көрпесіне  арқандап  байлағаннан 
кейін ақалтеке атырылып шыға келді. Бісміллә деп оны Рысқұл 
көкпарға да салып көрді. Додаға жоқ, шабысқа шайтандай жүйрік 
екен.
Әке  байғұс  бала  қызығын  көрмей  ертерек  өтті-кетті. 
«Балаларым  Әлімбек  батыр  бабасындай  күштілерден 
қорықпайтын,  мықтылардан  ықпайтын  асау  болып  өссе»,  – 
деп  армандаушы  еді.  Жылқайдардың  әкесі  Әлімбек  Түлкібас 
дуанына аты жайылған айтулы батыр, шабандоз, палуан бопты. 
Бірақ  жалғыз  атты  кедей  екен.  Ал  Жылқайдар  можантомпай, 
момындау кісі еді. Батырдың баласымын деп шіреніп отырмай, 
ағайыны Дауылбайдың қызметіне кірген. Кісі есігінде жүрудің 
не  екенін  білген  соң  барып:
–  Екі  дүниеде  бір-ақ  тілегім  бар,  балаларым  кісі  есігін 
көрмесе екен, – деумен болды. Алғаны Айтолды бәйбіше төменгі 
Таластағы кедей Ойықтың қызы еді, сонан өзі енді тұра алмастай 
қатты  ауырып  жығылғанда:
–  Айтолды-ау,  саған  айтарым,  мына  үш  баланы  байдың 
босағасына  телміртпе.  Мен  олай-бұлай  боп  кетсем, 
Кемербастаудағы ағайындардың арасына барыңдар! Ахат  ініме 
сәлем  айт.  Ешкімге  күні  түспей  Қарақойынның  құнарынан 
несібесін теріп жеп жүр ғой. Менің артымда қалып бара жатқан 
үш  балама  бір  тоқымдай  жерді  бәсірелікке  берсін.  Ешкімге 
кіріптар болмай сол жерден бұйырғанын алып-жеп көріңдер, – 
деп  еді.
Ахат Жылқайдардың аманатын ада қылмай, адал орындады. 
Обалы  не  керек?!  Жылқайдардың  жесірі  мен  жетімдеріне 
Қарақойынның қара бұйра топырақты жерінен бәсіре бөліп берді.


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет