Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет74/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   125
Қызыл жебе 
шашырап от шығады. Көшеде келе жатқан адамдар қырғи тиген 
торғайдай  жан-жаққа  қашады.  Аркаша  одан  сайын  еліреді.
Наташа  үрейі  ұшып,  жүрегі  аузына  тығылып,  пәуескенің 
жақтауынан  қарыса  ұстап,  шыр-шыр  етеді.
Аттардың  басымен  алыса-алыса  Тұрардың  екі  қары  талып 
барады.  Осыдан  осы  екі  асау  алып  қашып,  пәуеске  төңкеріліп 
қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп жазым болар ма екен деген 
ойдан тамырына қан қатып қалған сияқты.
Оның  үстіне  Губернатор  көшесі  мен  Казарма  көшесінің 
бұрышында тұрған полицей Тұрарға қарап, тоқпақтай жұдырығын 
түйіп, әлдене деп ақырып қалды. Не дегенін түсіне алмады бала. 
Бірақ  жақсылық  емес  екенін  діттеді.  Губернатор  көшесімен 
бұлайша тасыраңдап өтуге тыйым салынған. Елден келген салт 
атты, арбалы қазақтар, есек арба жеккен қала саудагерлері бұл 
көшемен жүре алмайды. Білместік істеп жүре қалса, дүре жеп, 
айып  төлеп,  әбден  машақатқа  ұшырайды.
Екі оттың ортасында қалған Тұрардың тұла бойын қара тер 
селдеп  кетті.
Міне,  Губернатор  бағына  да  жетіп  қалды.  Тәкаппар  қаракөк 
емендер  қазір  қараң-құраң  етіп  қалып  жатыр.  Кресттері  жарқ-
жұрқ  етіп  кафедральды  собор  да  шалықтады.
«Құдай үйінің» тұсынан өткенде құлдық ұрып, шоқыныңдар,– 
деп  ескертер  еді  Приходько  мырза  балаларына.  Тасыраңбай 
Аркаша әкесінің әлгі ескертуін ұмытып кеткен. Наташа байғұс 
өлеусіреген көзін сәл-пәл ашып, ерні жыбырлап, шоқынған белгі 
танытты. Приходько мырза шоқынуды өз балаларына тәптіштеп 
тапсыра тұрып, Тұрарға да емеурін танытқан.
–  Тұрарка,  сен  де  шоқына  сал,  пайдасы  болмаса,  зияны 
жоқ. «Ия, құдай, әкемді дарға асылудан сақта», – десең, мүмкін 
құдайдың  құлағына  шалынар.
Қазір  «құдайдың  үйі  –  кафедральды  собор»  жарқ  еткенде 
Приходько  мырзаның  айтқаны  есіне  түсті.  Бірақ  ат  басымен 
алысқан қолдар бос емес еді. Әрі десе шоқынуға Тұрардың дәті 
бармады. Үш саусағыңды бүрістіріп, мандайың мен екі иығыңа 
тигізе  салу,  әрі-беріден  соң,  қиын  да  емес.  Бірақ  соған  қолың 
бармайтын  бір  құдірет  жүректе  тұр.  Оның  не  екенін  ешкім  де 


149
Қызыл жебе
білмейді.  Мұсылман  болып,  Аллаға  жалбарынуы  да  жоқ.  Ал 
Приходько осымен бір-екі рет шоқын деп емеурін танытты. Рас, 
әзір  қинаған  жоқ.  Қинаса  қайтпек?  Шоқынбасам  әкемді  дарға 
асатын  шығар.
Сөйтіп, дар мен ар арпалысқа түсті. Гимназияның еңселі екі 
қабат сарғыш үйі де көзге шалынып қалды. Енді болмаса пәуеске 
лағып кететін түрі бар. Аркаша арқасы ұстаған бақсыдай екіленіп 
алған. Екі жиреннің делебесін қоздырып, қиқулап келеді.
Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл 
есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ... Бір 
жағы қорқады. Бір жағы, баламысың деген, әйтеуір айтқандарын 
екі етпей орындай берсем, көкеме көмегім тие ме деп ойлайды, 
көкемді түрмеден босатар деп үміттенеді.
Аркаша тағы да айқайлай бергенде, Тұрар пәуескенің алдыңғы 
жақтауына  аяқтарын  тіреп  тұрып,  аттардың  басын  шалқалап, 
шірене  тартып,  шынтағымен  ұлық  баласын  итеріп  жіберді  де, 
алара бір қарады. Бұл қараста түпсіз, тұңғиық ызаның ізі жатыр 
еді. Анау мұны сезген болар, қайтып үндемей қалды. Оның үстіне 
қарындасы шырылдап етегіне жармасты.
Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынып, жай 
желіске түсіп, бірте-бірте мүлдем тоқтады. Бүйірлері солықтап, 
қара терге малынған жарау жирендер жас балаға бас бергенде, 
күшке  көнгендіктен  емес,  хайуан  да  болса,  келер  жері  осы 
мөлшер,  гимназия  алды  екенін  сезгендіктен  аялдаған  сияқты.
Наташа Тұрарға риза пішінмен, әдемі алақандай көздерін бір 
төңкеріп тастап:
–  Рақмет, Тұрар, мен енді жаяу-ақ жетемін, – деді пәуескеден 
түсіп жатып. – Кешке екеуміз сабаққа отыратынымызды ұмытпа.
Аркаша  бұртиыңқырап  түсті.  Болашақ  әкіреңдейтін  әкімнің 
пішінін  әлден  танытып:
–  Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма! – деп бұрқ етті.
Приходько  мырзаның  гимназия  баспалдағымен  өрлеп  бара 
жатқан баласының соңынан қарап біраз тұрды. Бір сәт өзі де сол 
тепкішекпен көтеріліп, гимназияға еніп бара жатқандай елестеді. 
Әттең, ондай атты күн қайда? Гимназияға мұны кім жолатады. 
Жан-жақтан  ағылып  келіп  жатқан  шәкірттердің  арасынан  ара-


150


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет