Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет91/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125
Қызыл жебе
Сақан  қанша  палуан  болса  да  Рысқұл  аңшыдан  сескенеді. 
Қазір  не  айтарын  білмей  тұқшиып  қалды.  Бірақ  бетбақтыққа 
салып,  омыраумен  алмақ  болып,  барылдай  жөнелді:
–  Өлсе – құдайдың ісі. Ажалы жетсе – ешкім де қалмайды. 
Мен  ештеңе  білмеймін.  Болыс  қайтсын  деп  жатыр.  Қайтсын 
деген соң қайтыңдар! – деген Сақан аузынан түкірігі шашырап, 
өлер  ме  күйге  түсті.
Сұйық  жал  торы  аяғын  киік  билегендей  бір-бір  басып  қара 
айғырдың  қасына  таяна  бергені  сол  еді,  Рысқұлдың  оң  қолы 
сілтеген қылыштай сарт етіп, Сақан палуанның жағасына қона 
кетті.  Сұйық  жал  торыны  тебініп  кеп  қалғанда  жануар  тастан 
секірген елік құсап, есік пен төрдей жерге бір-ақ ырғыды. Мұндай 
нажағай  қимыл  күтпеген  Сақан  аттан,  борпылдақ  топырақтың 
үстіне  қалай  төңкеріліп  бұрқ  ете  түскенін  түсінбей  де  қалды. 
Есеңгіреп, бет-аузының топырағын да сүрте алмай біраз отырды. 
Сасқанынан:
–  Қызыңды... қызыңды, – дей берді.
–  Қыздан садаға кет, қыздан садаға кеткір, – деп Рысқұл оның 
бетіне  бір  түкірді.  Қара  ат  ойқастап,  тізгініне  шалынып,  ауыл 
сыртындағы  жылқыға  қарай,  үстіндегі  ер-тоқымымен  шауып 
кетіп  бара  жатты.
Өмірі жауырыны жерге тиіп көрмеген Сақан палуан топыраққа 
аунап аймандай болып түрегелді. Сақан баяғы Соқыр батырдың 
немере інісі еді, күштілігі тартқан, ақылдан құдай кемтар қылып 
қойған.  Өз  емшектестеріне  қарсы  қара  айғырға  міне  шауып, 
болыстың бұйрығын орындаймын деп, масқара болды.
–  Өңшең  сорлы,  –  деді  ол  түрегеліп  есін  жиған  соң  өз 
туыстарына кекесін зілмен көз тастап: – Ажалды қарға өңшең. 
Бүркітпен ажалды қарға ойнайды деуші еді. Ал, бар болысқа! Бара 
ғой. Бәріңді патшаның солдаттары атып өлтірсін. Менің жаным 
ашып, өзім деп, сендерді оқтан аман алып қалмақшы болғаныма 
сенбедіңдер.  Ал,  бара  ғой,  көрейін  қарық  болғаныңды.
Ахат ойланып қалды.
–  Осы Қодар біліп айтса да, білмей айтса да бір шындықты 
шығарып  тұр.  Ашу  үстінде  ағылып,  аз  ауыл  түгел  шығыппыз. 
Осымыз  әбес  емес  пе  екен.  Дауға  барсаң  –  бірің  бар.  Жауға 


184
Қызыл жебе 
барсаң  –  бәрің  бар  деген.  Басқаларың  тоса  тұр,  осы  мен-ақ 
барайын болысқа. Айтып көрейін. Тілім жетсе тыңдаса ұлыққа 
шағынайын.  Не  дейсіңдер,  ағайын?
Рысқұл әлгі бір айқастан кейін әлі өзін билей алмай, аяз қысқан 
адамдай қалшылдап тұр екен:
–  Өлген менің ағам, өлтірткен Дауылбай. Мен бармағанда кім 
барад?! Сізге мен ілеспей болмайды, Аха!
* * *
Осының бәрін олимптен көріп отырған ояз:
–  Бұл не? – деді.
–  Бұл қазақ ауылдарының арасындағы араз-құраз, үйреншікті 
дүние,  назар  салмай-ақ  қойыңыз,  жоғары  мәртебелі  мырза,  – 
деді Дауылбай шегір көзінің ашуын тұншықтырмаққа тырысып, 
күлімсіреп.
Әйтсе де өзі «иә, пірім» деп екі ұмтылып орнынан тұрды.
–  Айып  етпеңіз,  мырза,  мен  сәл  шаруамен  шығып  келейін, 
–  деп  оязға  қарап  бүгіліңкіреп  тұрып  қалған.  Ояз  «бара  бер» 
дегендей пішін танытқан соң атылып сыртқа шығып бәйбішеге:
–  Орданың орама есігін түсіріп, түндігін аш! – деп бұйырды. 
Ауылдағы  еркек  атаулы  атқа  қонсын  деп  жарлық  айтты.  Оязға 
ере келген екі солдатқа да ескертіп:
–  Қазір  қайыршы  қазақтар  келіп  мазаны  алса,  мылтық 
көрсетіп  қорқытып  жіберіңдер,  –  деп  қойды.
Мұрттарын  ширатқан  доғал  солдаттар  өздеріне  өтініш 
болғанына  далиып:
–  Мы им покажем кузькину мать, – деп қоқиланды.
Көгендегі  қозы-лақ  бұршағынан  босанып,  ауыл  сыртына 
беттеген.  Желідегі  құлындар  шіңгірлеп,  енелерін  шақырып, 
ноқтамен алысып, кейбіреуі қазыққа оралып қалып жатқан. Бие 
сауып,  желі  басында  жүрген  малшыларды  Дауылбай  қолына 
сойыл  беріп,  ұрысқа  дайындап  қойды.
Ақ  орданың  күндікке  ашық  тұрған  есігі  кенет  жабылып 
қалғаны,  түндік  ашылып,  онда  тұп-тура  өзінің  қасқа  басына 
шақшиып  күн  түскені,  үй  сыртында  дан-дұң,  айқай-ұйқай 
көбейгені  оязды  таң  қалдырды.  Қымыздың  ара-арасында 
араластырып алып отырған француз коньягі жіліктің майындай 


185


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет