Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет92/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125
Қызыл жебе
шыны,  шымыр  болатын.  Соған  да  балқып  отырған  ұлық  мына 
сырды  түсіне  алмай  дал.  Кенет  бойын  қорқыныш  биледі.  Әлгі 
төменде топырлап көрінген тобыр кәдімгі көтерілісшілер болып 
жүрмесін.  Бұл  шетсіз-шексіз  жұмбақ  даладан  түрлі  құқайды 
күтуге  болады.  «Қой  аузынан  шөп  алмайтын  момын  халық» 
тарпаң мінез танытып жүрмесін. Және басқа уақытта емес, дәл 
өзінің мәртебелі мейман болып жатқан шағында шатақ шықса, 
ол  хабар  губернаторға  жетсе,  жайлы  тимес.  Губернатор  уезд 
бастығына  онсыз  да  тиісерге  желеу  таппай  жүрген  жан.  Оязға 
қарсы  бунт  шығыпты  деген  қаңқу  –  шаншудан  жаман.
Ояз  Богомолов  әуелі  қасқа  басын  түндіктен  түскен  күннен 
қорғалап,  сырғанақ,  сусыма  шәйі  көрпенің  үстінде  бөксесімен 
жылжып,  төменірек  сырғып  отырды.  Онан  соң,  жаман  айтпай 
жақсы  жоқ,  өзіне  қастандық  бола  қалса,  қорғанышы  бар  екені 
есіне  түсті.
–  Егорка! – деп дауыстады.
Сыртта: «Түрт, сайтан!» – деп сойқан тілеп тұрған казак-орыс:
–  Слушаюсь Ваше высокоблагородие! – деп үйге тұра жүріп 
еді, киіз үйдің орама есігін түртінектеп аша алмады. Шолақ ойына 
осы бас ұрмаңдар оязды әдейі қамап қойған жоқ па деген күдік 
кірді. Штыкпен киіз есікті бір-екі піскілеп те жіберді. Жыланның 
тіліндей болып жалаң-жалаң еткен штыкты көріп ояз одан бетер 
сезіктенді. Соғыс жүріп жатқандай көрінді. Тәлтіректеп орнынан 
тұрып  кереге  басында  ілулі  тұрған  револьверіне  жармасты. 
Сырттан  казак-орыс:
–  Ваше  высокоблагородие,  Сізді  мына  басурмандар  қамап 
қойса  керек,  есік  ашылмайды,  –  деді.
–  Ақымақ, управительді шақыр! – деп шаңқ етті ұлық.
Казак-орыс  болысты  іздеп  жөнелді.  Дауылбай  ауылдағы 
малшы-жалшыны жайдақ атқа қондырып, Алсай тобының алдын 
орап  жатыр  еді.  Казак-орыстың  сұсты  түрінен  шошып  қалды. 
Әдепсіз  солдат  штыкты  мылтығын  серпи  ұстап,  ояз  отырған 
жабық  орданы  нұсқап:
–  Айда, айда! – деп зекіді. Дауылбай өз адамдарына:


186
Қызыл жебе 
–  Ана  ақымақ  Алсайдың  алдынан  шығып,  ауылына 
қайтарыңдар.  Мені  ояз  шақырып  жатыр,  –  деп  жуан  қарагер 
аттың  басын  бұрды.
Атқа  мінсе  есіріп  кететін  қайран  қазақ  қиқулап  ылдиға 
шаба жөнелген. Ат таңдап лап қойған қолды көріп, Рысқұл қақ 
сойылын  оңтайлады.  Ағайындарына:
–  Атты  мен  жаяу  соғыса  алмас.  Шегіне  тұрыңдар.  Бұларға 
бейбіт сөйлесу мүмкін емес. Қараптан қарап тұрып қырылмайық, 
– деді.
– Шырағым, осы жанжалға кіріспей-ақ қойсаң қайтеді, – деді 
Ахат.
–  Е,  Аха-ай,  бұлар  бұқсаң  сұға  береді,  қайтесіз  мені  бөгеп. 
Мен бір қаны қарайған адаммын, – деді де Рысқұл биік торыны 
бір-ақ секіртіп, ордалы ауылдан шыққан түйдек шаңға жұлдыздай 
аға  жөнелді.  Олармен  жанасқанша  көк  ақ  қалпағын  ғана  баса 
киіп  үлгерді.
Дауылбай  аттандырған  қол  алты  сойыл  еді.  Малшылар, 
қызметшілер  болатын.  Рысқұл  бәрін  де  таниды.  Бәрі  туысқан. 
Бұлардың қанын төккеннен түсер пайда жоқ. «Қасқыр да қастық 
қылмас  жолдасына».  Ең  алдымен  ескі  шекпенінің  екі  етегі  екі 
шалғайға  кетіп,  далақ-далақ  шауып  келе  жатқан  жылқышы 
Кенже екен. Қолындағы құрықты дәл бір асауға салатындай күні 
бұрын созып ұстап алыпты. Рысқұл оның құрығын жұлып алып, 
жаман тымағын көзіне түсіріп, өте берді... Кенже: «О, әкеңді», 
– деп көзі түк көрмей, аттың басымен алысып әуре болып кетті. 
Тізгін  тартып,  тымағын  түзеп  киіп,  жан-жағына  қараса  өзінің 
қаруластары  түгел  сойыл-шоқпардан  айрылып,  тымақтары 
көздеріне түсіп қалған екен. Кенже тағы да: «О, әкеңді...» – деді. 
Кімді  боқтағанын  өзі  де  білмейді.
Рысқұл  бұл  кезде  жеке  шауып,  Дауылбайдың  ақ  ордасына 
жетіп  те  келген.  Жанға  шыдас  бермей  бұзып-жарып  басынған 
салт аттыны казак-орыстар қалай қарсы аларын білмей сасқан. 
Ату керек пе, болмаса мылтықты аспанға атып қорқыту керек пе?
Бұл кезде орданың есігі ашылып, Рысқұл ояз болыспен қатар 
табалдырықта тұрған. Бір казак-орыс:


187


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет