Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет93/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125
Қызыл жебе
–  Жоғары  мәртебелі  мырзам,  не  бұйырасыз,  атайық  па?  – 
деді.
–  Атпа!  –  деді  ояз.  Ол  әлгінде  Рысқұлдың  алты  аттыны 
тымақтарын  тұмсықтарына  қаптап  кеткенін  көріп  қызыққан.
– Мұндай қызықты еш жерден көре алмассың, – деп сүйсінді, 
– атуға болмайды. Егер өзі жамандық ойласа ғана атыңдар.
Шын ажалың жетпесе, қырық жыл қырғын болса да өлмейсің. 
Әйтпесе, әлгі кезде Рысқұлды ұрда-жық бір солдат көздеп тұрып 
басып  салса,  бітіп  жатыр.  Батыр  –  бір  оқтық.  Қой  боғындай 
қорғасын  әңгімені  тәмамдамақ.  Бірақ  Рысқұлдың  әлі  талқаны 
таусылмаған  шығар,  әлі  көретін  жарық  сәулесі,  тататын  дәм-
тұзы бар шығар, ояз әлгіндей «атпа!»  деді.
Дауылбай ішінен өкініп қалды. Кедей ауылдың бас көтерері 
де, басбұзары да, аз атаның баласы жалғыз қыран осы - Рысқұл.
Мұның көзін құртса, басқасы илеуге оңай. Илеуге келмейтін 
шелді  пұшпақ  осы.  Казак-орыстың  қолымен  қайтпас  сапарға 
аттандырып  жібергенде,  оңды  болар  еді.  Ертең  ел-жұртқа,  би 
мен сотқа: «Е, ол бұзық ұлыққа, ақ патшаның айтулы адамына 
қастандық ойлап, содан қаза тапты», – деуге жеңіл-ақ еді. Бірақ 
мылтық  атылмады.
Ояздың да өз есебі бар. Біріншіден, Рысқұлдың ерлігіне шын 
сүйсінді.  Ұлы  қолбасшылардың  шын  ерлікті  бағалап  жауы  да 
болса  жарылқағанын  ояз  талай  оқыған,  естіген.  Мәдениетті, 
зиялы қауымның өкілі ретінде ол мұндай жомарт мінез көрсетуді 
өзіне  мәртебе  санайды.
Екіншіден,  өзі  сыйлы  қонақ  болып  жатқан  жерде  кісі  өлімі 
кездесіп,  қан  төгілгені  қайбір  жақсылық  дейсің.  Күні  ертең 
Шымкентке аттанады. Аман болса, мына болыс Рысқұлға ақысын 
жібермес. Бұларды казак-орыстың қолымен атқаннан гөрі бірінің 
қолымен бірін бауыздатып, өздерімен өздерін қызыл шеке етіп 
қойып, қызығына қарап отыру әлдеқайда тиімді.
Бұл кезде Рысқұл оқ бойы жерге жетіп, атынан түсті. Қайың 
сойыл  мен  білтелі  мылтықты  ердің  қасына  ілулі  қалдырды. 
Торыны  жетектеген  бойы  ақ  ордаға  беттеді.
Әдетте  Дауылбайдың  ауылына  ұлықтан  өзге  ешкім  атпен 
кірмейді.  Ауыл  сыртынан  аулақта  көліктен  түсіп,  жаяу  келеді. 


188
Қызыл жебе 
Бұл  бұлжымас  қатал  тәртіп.  Оны  ешкім  бұзып  көрген  емес. 
Тұңғыш  бұзып  тұрған  Рысқұл.  Оның  өзі  де,  ауылға  көлікпен 
кіруін кіргенмен орда алдында аттан түсті. Әлі күнге дейін он 
алты  қанат  орданың  белдеуіне  ешкім  ат  байлап  көрген  емес. 
Рысқұл  мына  сиықсыз  торы  атын  анау  аулақтағы  мамағашқа 
байлап  қойып  келуі  керек  еді.  Оны  істемеді.  Жалсыз  торыны 
ыңғайлап, жетекке алды. Фаэтонға кілең жал-құйрығы төгілген 
сәнді  жылқы  жектіретін  ояз  мына  жал-құйрықсыз  сидиған, 
жираф  тәріздес  айуанға  көп  таң  қалды.
–  Аман, ояз мырза, – деді Рысқұл. – Ассалаумәлейкүм, болыс-
еке!
Болыс ләм деген жоқ. Ояз:
–  Здравствуй, батыр! – деп алтын сақиналы қолын ұсынды.
Рысқұл бұл құрметті күтпеп еді, шылбырды білегіне іле салып, 
ояздың қолын қос қолдап алды.
–  Мынау ат па, жираф па? – деп сұрады ояз. Тілмаш аударды.
–  Кедейдің аты ғой, ояз мырза. 
–  Кедейдің  бәрі  мұндай  ат  міне  берсе  жаман  емес,  –  деп 
мысқылдады  ояз.
«Менімен қашанғы тәжікелесе берер дейсің. Уақыт оздырмай, 
келген шаруамды айтып қалайын».
–  Ояз мырза, сізге, болыс-еке, сізге айтайын деген бір ауыз 
арызым  бар.
–  Не деп тұр? – деді ояз тілмашқа.
–  Арыз айтпақшы.
–  Айтсын.
–  Айт, – деді тілмаш.
–  Айтсам, ояз мырза, менің туған ағам Бердіқұлды болыстың 
адамдары ұрып өлтірді. Тары суғарып жүрген жерінде. Тепкілеп 
төрт  қабырғасын  сындырып,  өкпе-бауырын  езгілеп,  құлаққа 
шыммен бастырып кетіпті. Үйге жетті – жан тапсырды.
–  Менің адамдарым екенін қайдан білдің? – деп болыс шегір 
көзін  Рысқұлға  қадай  қалды.  Жалпақ  мұрнының  танауы  бір 
делдиіп,  бір  қусырылды.
–  Болыс-еке,  бөтен  жау  жоқ.  Суды  бұрып  алды  деп  істеген 
қиянаттарың.


189


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет