Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет94/125
Дата07.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#20913
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125
Қызыл жебе
–  Атын ата сол адамның!
–  Мен  жеткенше  кетіп  қалыпты.  Құлаққа  бастырып  кеткен 
жерінен  өзім  суырып  алдым  ғой  ағамды.  Түн  қараңғысы  еді. 
Ауруды  тастап,  арттарынан  қуа  алмадым.  Бір  құдай  көріп  тұр 
ғой,  сіздің  төбеттерден  басқа  ешкім  талаған  жоқ  Бердіқұлды.
Дауылбай  кенет  оязға  бар  денесімен  бұрылып,  бүгіліңкіреп 
тұрып:
–  Мырза,  бұл  бұзықтың  сандырағын  тыңдап,  күнде  тұрып 
қалдыңыз-ау.  Үйге  кірсек  қайтеді?  –  деді.
Ояз  ойланды.  «Кісі  өлімінің  дауы  болса,  оған  араласып  бас 
қатырып жатудың керегі де шамалы. Бұл киргиздардың өздерінің 
билер соты бар. Сол шеше жатар...».
Болыс  ояздың  жауабын  күтіп  тұрмай,  орданың  оқалы  есігін 
бір шетінен түре берді. Ояз Рысқұлға қарап пақырсынып, менен 
кінә жоқ, міне, мынау болмай тұрған дегендей пішін танытып, 
болысқа қарады. Сөйтті де еңкейіп үйге кіре берді.
–  Ояз мырза, мен сізге арыздандым ғой! – деп Рысқұл ентелей 
беріп  еді,  алдын  Дауылбай,  екі  казак-орыс,  тілмаш,  бұл  кезде 
ауылға шойнаңдап жаяу жеткен Сақан бәрі кес-кестей қалды.
–  Жаның  барда  жоғал!  –  деді  Дауылбай  ысылдап.  – 
Жақсылықпен  кетпесең,  қазір  қаматып,  басыңды  итжеккенде 
шіріттіремін. Кімді басынып келдің мұнда? Оязбен тілдескішін 
мұның. Немене, ұлық сенің ермегің бе? Арыз айтсаң осы елдің 
биі  құрып  қалып  па?!
–  Оу, болыс, мен адамым өліп, құзым құлап, тауым жығылып 
келіп  тұрған  жоқпын  ба?!  Оу,  болыстығыңды  былай  қойғанда, 
бір  елдің,  бір  атаның  баласы  емес  пе  едік?  Сен  де  Сәлік,  сен 
өлтірткен  Бердіқұл  да  Сәлік.  Мен  қайғырсам,  сенін  де  қайғың 
емес пе? Не деп тұрсың!
–  Атама Сәліктің атын! – деді болыс шегір көзін ежірейтіп. 
–Сен Сәліктің шіріген жұмыртқасы. Сәліктің басқа баласының 
бәле-жаласы  сендермен  бірге  кетсін!
Рысқұл тізгінді тартып қалса керек, торы аттың басы кегжең-
кегжең етіп кетті.
–  Е,  білдім,  болыс.  Бұл  Алсайдың  балалары  малымды 
бақпады,  егінімді  екпеді,  отыммен  кіріп,  күліммен  шықпады, 


190
Қызыл жебе 
еркіме жүрмеді, – деп тұрсың ғой. Сенің дегенің болмаса – ол 
шіріген  жұмыртқа  екен  ғой.  Сол  үшін  де  Бердіқұлдың  қанын 
төктің, қапыда қалдырдың. Мұныңды екі дүниеде кеше алмаспын, 
Дауылбай! Қанға қан. Кек алмасам, ағамның шейіт кеткен жаны 
ана  дүниеде  жай  таба  алмас.  Ендігі  қалған  өмірім  сенен  кек 
алумен  болсын!
–  О,  найсап...  –  деп  Сақан  палуан  тұра  ұмтылған.  Бет-аузы 
топырақ,  ыза  буған.  –  Болысқа  тіл  тигізуін.
Рысқұл  оның  қолын  қағып  жіберді.  Көз  ілеспей  торы  атқа 
қарғып  мінді.
–  Е,  сорлы  малай,  –  деді  енді  аттың  үстінде  тұрып.  –  Сен 
өлгенде  мына  болыс  басыңа  көк  тас  қояр.  Асыранды  төбет. 
Әупілдетіп қойғаны-ай сені Дауылбайдың. Өз ұяласын өзі қапқан 
сорлы.  Көзің  бір  ашылмады  ғой!
Бұл кезде Ахат бастаған алсайлар келіп жеткен. Болыс олардың 
сәлемін алмады. Сақанға:
–  Аласта ауылдан! – деді де ордаға кіріп кетті.
Рысқұл  шыдай  алмай  қайың  сойылмен  ақ  орданың  маңдай 
тұсын құлаштап тұрып бір салып қалды. Құба талдан қиылған 
уықтар  сықырлап  барып  сынып  түсті.
Іште ояз санап отыр екен:
–  Бір  ұрғаннан  төртеуін  сындырды,  –  деді  сүйсінгендей 
болып.  –  Сірә,  ағасының  төрт  қабырғасы  үшін  шығар.
Казак-орыстар  мылтық  көтерді.  Аспанға  қарай  атып-атып 
жіберді.  Іштен  ояз  айқайлады:
–  Атпаңдар, оңбағандар!
–  Әшейін, қорықсын деп аспанға аттық, – деді солдаттар.
Айтса  айтқандай,  алсайлар  сескеніп,  шегіншектей  берді.  Ат 
үстінде Рысқұл білтелі мылтығын тақымынан суырды. «Әттең, 
ана  солдаттың  қолындағы  мылтық  менде  болар  ма  еді»,  –  деп 
армандады.  Қапелімде  ойында  бір  сотқар  от  лап  ете  қалды. 
Тәуекел деп торыны тебініп те жіберді. Торы сонда шегірткедей 
ыршып  түсті.  Рысқұл  солдаттардың  тұсынан  жұлдыздай  ағып 
өтіп,  мылтықтарын  жұлып-жұлып  алып,  жүре  берді.
Орданы үрей қалшылдатты. Дауылбай енді шындап қорықты. 
Зәресі зәр түбіне кетті. Съездің алдында дәл мынандай сойқанға 


191


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет